Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Қазақ тілі. Тақырыбы: Өткенді қайталау. 2-сынып

Қазақ тілі. Тақырыбы: Өткенді қайталау. 2-сынып


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Оқушылардың көркем жазу дағдыларын қалыптастыру


Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі мақсаты – балаға хат таныту, яғни оған оқу мен жазуды үйрету. Сауат ашу – аса жауапты да күрделі жұмыс. Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге (фонетика-графикалық жазуға) үйретіліп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс. Демек, сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса, солай жазбай, оңға қарай біркелкі көлбеу, таза, анық жазуға машықтандыру міндеті де тұр. Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы (каллиграфия) қалыптасады.

Әдемі жазу – өнер. Таза, анық, әдемі жазуды оқу да жеңіл, ондай жазумен берілген ойды түсіну де оңай. Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойыеда жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы бар. Мектепке алғаш келгеннен бастап баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне салдыр-салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуіне әкеп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез-құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке, тыңғылықтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді.

Оқушыларды көркем жазуға үйретуде үш нәрсені басшылыққа алу керек: біріншісі – әріптерді мәнерлі жазуға және жеке әріптерді өзара құрастыра білу, екіншісі – әріп элементін дұрыс жазуға дағдыландыру, үшінші – жазу жұмысына өте ұқыпты, мұқият болуды қалыптастыру. Жас жеткіншектің көркем жазу дағдысы біртіндеп қалыптасады. Мұғалім бұл үшін жұмыстың әр түрлерін, оқыту әдіс-тәсілдерін тиімді пайдаланары сөзсіз. Түрлендірілген жұмыстар оқушыларды қызықтырып қана қоймайды, логикалық ойлауын арттырады. Сауат ашудың дайындық кезеңінде оқушының қол икемділігі мен көз мөлшерлеу қабілетін жетілдіру, графикалық дағдыларды қалыптастыру үшін суретті және сызықты жаттығуларды орындатады. Сонымен бірге бұл кезде штрихтау жаттығуларын орындатудың мәні зор. Мектепке алғаш келген баланың жетекші әрекеті – ойын, ал штрихтау ойын түрінде жүргізіледі. Әртүрлі зат бейнесін, геометриялық фигураларды штрихтау баланың қолын жаттықтырмайды, оның сөйлеуі мен ойлауын активтендіреді. Штрихтар арқылы сурет салу жаттығуларын сурет альбомына орындатқан жөн. Сурет альбомы беттеріне жазу сызықтары сызылады да, жаттығулар жазу дәптеріндегі үлгідей орындалады. Оқушылар үшін геометриялық фигуралар мен әртүрлі зат бейнесінің трафареты дайындалады немесе олардың өздері дайын геометриялық фигуралар трафаретынан зат бейнесін құрастырады. Мұғалім альбомға салынған бейнелерді штрихтарды талап етеді. Штрихтарды өзара қосып сурет салу кезінде балалар заттардың пішінін, құрылысын жазықтықта орналасу қалпын еркін қабылдап, «оң», «сол», «шеті», «жоғары», «төмен», «түзу», «қисық», «дөңгелек» т.б. ұғымдарды меңгереді.

Ал, сауат ашудың әліппе кезеңінде әріптерді жазып үйренеді. Әріптің толық таңбасы оның элементтерін ретімен жазу арқылы орындалады. Демек, әрбір әріпті жазып шығу дегеніміз – көп қырлы талдау процесін атқару деген сөз. Ал, мұның өзі мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала үшін аса күрделі іс-әрекет. Әріп элементтерін ретімен жазып үйрену ең алдымен, оның неше элементтен тұратынын, екіншіден, ол әріпті қай жерден қалай бағыттап жазуды меңгеруіне септігін тигізеді. Жазуға үйретудің алғашқы күнінен бастап балаларды үзбей жазуға дағдыландыру қажет. Тұтас әріпті үзбей жазғанда оның әр элементін жазудағы қимылдың аяқталуы келесі элементтің басталатын жерінде бітіп, әрі қарай келесі элементке жалғастырылады. «Үзбей жазуға жаттықтыру жұмыстары балаға қызықты тапсырма ретінде берілуі тиіс» деп бағдарламада көрсетілгендей, қызығушылықты оятатын түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу мұғалімнен ізденушілікті талап етеді. Тәжірибеде қолданылып жүрген әртүрлі жаттығулар, айталық, әріптің тұтас бейнесін көрсететіндей суреттер салғызу, штрихтау, зат бейнесін әшекейлеу т.б. тапсырмалар оқушылардың көркем жазу дағдыларының сапасын арттырады. Әрбір сабақ алдында саусақты жаттықтыру үшін түрліше жаттығулар орындатылады.

«Орнын белгіле»жаттығуы. Дәптерге алдын ала сөздер жазылады. Оқушылар әріп элементтерінің және әріптердің байланысу орнын белгілейді.

«Әріпті тап» жаттығуы. Әріптің бір немесе екі элементі жазылады да, оқушылар қалған элементін тауып жазып көрсетеді.

«Ғажайып алаң» ойыны. Тақтаға сөз жасырылады. Мұғалім жасырылған сөздің әрпін элементтері бойынша сипаттап айтады да, ал оқушылар қандай әріп екенін айтады.

Баланың әлемі – бұл нақты заттың әлемі, егер баламен жақын болам десең оның жасы мен психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріңіз. Ойын түріндегі бұндай жаттығулар жас жеткіншектің ойлауын дамытып, қызығушылығын арттырады. Олай болса, баланы ойын арқылы көркем жазуға жаттықтыратын жаттығу түрлерін қолдана білу – мұғалімнің төл ісі.

Баланың көркем жазу дағдысын қалыптастыру мақсатында өз сыныбымда «Көркем жазу» факультативтік сабағын жүргізіп келемін. Мектепке алғаш келген күннен бастап балалардың жазуына көңіл бөліп, таза, әдемі жазуларын талап етіп, әсемдік сезімін оятып, ұқыптылыққа үйретудемін.



Муканова Салима Ханатовна

Бастауыш сынып мұғалімі

БҚО, Тасқала ауданы

ЖОББ Шипов мектебі




Краткое описание документа:

Тақырыбы: Өткенді қайталау.

Мақсаты:  Білімдерін тереңдету, қайталау, пысықтау. Топпен, жұппен жұмыс істеу арқылы өз пікірін еркін айтуға, өздері ізденіп, сұраққа жауап беруге жол ашу, сөздік қорларын, тіл байлықтарын арттыру, ой-өрісін кеңейту, жан-жақты ойлау қабілетін дамыту.

Т/м.: Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызбалар, жұмбақтар,сөзжұмбақ, қима қағаздар, перфокарта.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ.

Сабақтың типі: қайталау.

Сабақтың әдісі: қызығушылықты  ояту.

Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру.

А) Сәлемдесу:  Үлкенге де сіз,

                           Кішіге де сіз,

                           Сәлем бердік сіздерге

                            Құрметпенен біз.

Б) Психологиялық дайындық:

Қазақ тілім -  өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген  дана тілім

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым, қазақ тілім.

 

-          Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама, ақын-жазушыларымыздың тілі – қазақ тілі сабағы. Бәріміз түзу отырып зейінімізді тақтаға аударып, мына мақалды оқиық.

 

ІІ. Ой қозғау.

«Бірлік болмай, тірлік болмас»

-          Мағынасын қалай түсінеміз? (балалар жауап береді)

-          Осы мақалды басшылыққа ала отырып, қайталауға берілген тапсырмаларды татуласа, достаса, бірлесе отырып, бір-бірімізге көмектесіп орындаймыз.

-          Екі топқа бөлініп, бүгінгі сабағымызды жарыс түрінде өткіземіз.

І-топтың ұраны: Қазақ тілін мақтаймыз

                               Ереженің барлығын

                               Есімізге сақтаймыз.

ІІ-топтың ұраны: Бұл сайыста болма бос,

                                 Біліміңе білім қос.

Екі топ бірге:   Тілейміз сәттілік,

                            Жеңіп шықсын бірлік.

ІІІ. Қызығушылықты ояту. Сөзжұмбақ.

  1. Дүниедегі ең асыл да қымбатты адам кім?
  2. Ананың аяулысы кім?
  3. Елордамыз қай қала?
  4. Түнді жарық ететін не?

-          Абай деген сөз шықты. Абай кім? Оның қандай өлеңдерін білесіңдер?

  (балалар жауап береді)

-          Қазір қыс мезгілінің бірінші айы. Соған орай Абай атамыздың «Қыс» атты өлеңін тыңдайық:

   Ак киімді, денелі, ақ сақалды,

   Соқыр-мылқау танымас тірі жанды.

   Үсті басы ақ қырау, түсі суық

    Басқан жері сықырлап келіп қалды.

 

ІҮ. «Аққала соғу» ойыны арқылы өткен тақырыпты еске түсіру.

  1. Қазақ әліпбиінде неше дыбыс, неше әріп бар?
  2. Дыбыстардың екі тобын ата.
  3. Дауысты дыбыс  қалай айтылады?
  4. Дауыссыз дыбыстарды неше  топқа бөлеміз?
  5. Қай дыбыс екі топқа да ортақ?
  6. Я, Ю қандай дыбыстар?
  7. Заттың атын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап береді?
  8. Қандай сөздер бас әріппен жазылады?
  9. Ауызекі тіл және жазбаша тіл дегеніміз не?
  10. Жұп дауысты дыбыстар ата.
  11. Сөйлем дегеніміз не?
  12. Мәтін дегеніміз не?
  13.  Заттың санын, ретін білдіретін сөздер қандай сұраққа жауап береді?
  14.  Мәтін түрлерін  ата.
  15.  Дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не?

Ү. Оқулықпен жұмыс.

2-жаттығу. Аймақ құрастыру арқылы орындау.

Әр топ мүшесі үстел үстіндегі қима қағаздың бірін таңдап алып, осы сөздерге қатысты не білетіндерін топтастыру.

 

ҮІ. Дәптермен жұмыс.

                   Дәптерімізді ашайық,

                   Қолға қалам алайық,

                   Түп-түзу боп отырып

                    Көркем етіп жазайық.

Көркем жазу.

Ққ                             Кк

Құрақ жапырақ көлік  терек күз

3-жаттығу. Төмендегі сөздердің аяғына  ы,і  әріптерінің тиістісін қосып жаз. І-топ  добы, мектеп.  ІІ-топ қолғап, есеп  сөздеріне сөйлем құрап жазады.

 

ҮІІ. Сергіту минуты:

           Аспанға қарап ай көрдік,

           Төменге қарап жер көрдік.

            Оңға, солға бұрылып,

            Егеменді ел көрдік.

-          Балалар, алдымызда қандай үлкен мейрам келе жатыр?

-          16-желтоқсан – Тәуелсіздік күні.

-          Жақсы, осы мерекеге арнап кім өлең оқып береді?

1-оқушы: Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

                   Жұртым менің не қиындық көрмеді?!

                   Жылап тұрып аналарым бұл жолда,

                   Сан перзентін қара жерге жерледі.

 

2-оқушы:  Бақтың құсы әр адамға қонып бір

                    О, тәңірім, бізді баққа жолықтыр.

                    Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,

                    Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр.

 

ҮІІІ.  Шығармашылық тапсырмалар.

1)      «Жұлдызды сағат» ойыны.(Сөзден сөз ойлау)

        І-топ                              ІІ-топ

Қазақстан                            Астана

2)      Мына сөздерге дыбыстық талдау жаса:

І-топ: қоян, дәптер            ІІ-топ: кітап, шаңғы

3) Бесжолды өлең құрастыру:

    І-топ: торғай               ІІ-топ:  гүл

4) «Шырша безендіру» ойыны.(Шыршадағы нөмірленген шарларды алып, сол нөмірдің сұрағына жауап беріп,шарды айналдырып іледі, шарларда әріптер жазылған)

«Жарайсыңдар» деген сөз шығады.

 

ІХ.Бағалау. Әр топқа дұрыс жауаптары үшін берілген жұлдызшаларын санап, жеңіске жеткен топты анықтап, бағалау.

Х. Үйге тапсырма. Ережелерді қайталау. 6-жаттығуды орындау.

- Балалар, біз «Бірлік болмай, тірлік болмас» мақалын басшылыққа ала отырып, өзіміздің қазақ тілі пәнінен алғыр, жүйрік екенімізді көрсеттік.

                 

                  Қазақ тілден өтті білім сынағы,

                  Қазақ тілің ережеден тұрады.

                  Әр белгіні білдік бәрін айырып,

                  Сауатты да озат болдық қырағы.

Автор
Дата добавления 15.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров504
Номер материала 533468
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх