Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Қазақ тілі мен әдебиеті. «Мен- құстан туған құмаймын», «Жалғыздық» өлеңдері

Қазақ тілі мен әдебиеті. «Мен- құстан туған құмаймын», «Жалғыздық» өлеңдері



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы

«Мен- құстан туған құмаймын», «Жалғыздық» өлеңдері

Сілтеме

Күнтізбелік жоспар, орта мерзімдік жоспар, оқулық. Мұғалімге арналған нұсқаулық, СТО стратегиясы, 8- сынып оқулығы

Жалпы мақсаты

Махамбеттің бойындағы өршіл рух, асқақ арманы, өлеңдерде берілген философиялық ойлар туралы түсінік беру. Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі

Өлеңге толық сатылай кешенді талдау жасау.

Махамбеттің өз бейнесін өлеңдерінде көрсете білуі, мәтіннің мазмұнын түсініп талдайды,

сабақта алған білімдерін өмірімен байланыстырады.

Оқыту формасы

Жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу

Оқуда қолданылатын модульдер мен әдістер

Сұрақ- жауап (диалогтік оқыту), топтастыру, топпен белсенді әрекет, (сыни тұрғыдан ойлау), қадағалау, (оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау)

Құрал – жабдықтар

Махамбеттің өлеңдер жинағы, көрнекі құрал дар, оқулық, семантикалық карта

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1 кезең

Ұйымдастыру2 мин

Үй тапсырмасын тексеру 5мин

Қызығушылықты ояту

Әр топқа әр түрлі әріптер таратылып беріледі. «Бүгінгі көңіл-күйіміз қандай?» деген сұрақтарға жауап арқылы сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру



1.Топтастыру.

Махамбет Өтемісұлы

2. «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін жатқа айту


Сабақтың басын бір-біріне деген жылы лебізбен, бүгінгі сабақта бәріне күш-қуат беретін сөздермен бастау арқылы көңіл күйлерін көтеру.Үй жұмысын орындау. Қосымша сұрақтарға жауап береді

2 кезең

Қызығушылықты ояту

3 мин



Мағынаны тану 22мин (жаңа сабақ бойынша тапсырмалар)

1. «Ой қозғау» стратегиясы.

Махамбет өлеңін тыңдату.

Міне, балалар, ақын өлеңін тыңдап отырып, қандай әсер алдық? Махамбет поэзиясын оқығанда, көз алдымызға қандай тұлға елестеді? Қане, кім қалай суреттеп берер екен?

Блум таксаномиясы бойынша оқушыларға тапсырмалар беру.

Білу, түсіну

І топқа: Махамбет Өтемісұлы кім?

Ақын, мерген, добырашы, батыр, күйші, көтеріліс басшысы

ІІ топқа: Махамбет өмір сүрген тұстағы Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты жөнінде не айтасыңдар?

Махамбеттің асқар таудай аға тұтып, ерге тірек, халыққа көсем санаған, аруағын ардақтап өткен адамы – Исатай.
ІІІ топқа: Махамбет Өтемісұлының жырлары. Махамбеттің Исатайға арналған өлеңдерін атау
1. Тайманның ұлы Исатай
2. Исатай деген ағам бар
3. Тарланым
4. Мінкен ер
5. Мұнар күн
6. Ұлы арман
7. Біртіндеп садақ асынбай
8. Ереуіл атқа ер салмай, т.б.

Түртіп алу стратегиясы

Қолдану.

5 – 7- сыныптарда өткен ақын өлеңдерінен үзінділер айту.

Талдау

«Сатылай кешенді талдау» әдісі

І топ. «Мұнар күн» өлеңін мәнерлеп оқы.Өлеңде ақын не туралы айтқан? 
2) Ақын өлеңдерінде жиі кездесетін сөздерді тап. 
Жауабы. 1. Мәнерлеп оқиды.Ақынның Исатай өліміне арнаған мұң мен өкінішке толы элегиясы 
2.Жиі кездесетін сөздер: мырза, ер, оқ, қылыш, дұшпан т.б 
2.
Ақын тілінің сөздігін құрастыру

Мұнар-күн ашық кездегі ауаның күңгірттігі, бұлыңғырлығы

Мейманасы тасқанға-көңілі өскенге

Түйінді сөздер” стратегиясы


Өлеңнің шумақтарын мазмұнына қарай

қысқаша түйіндеп, қорытындылау.

Мұнар да мұнар күн, Бұлттан шыққан шұбар күн


Біздің ер Исатай өлген күн,

Он сан байтақ бүлген күн


Арқауылдың бойынан Теріскей дауыл соққан күн

Сағағы болат қылыштың Балдағынан сынған күн


Хас бәйтерек жығылып, Жығылғаны естіліп, Алыстағы дұшпанның, Жақындағы "достының" Қуанып көңілі тынған күн


ІІ топ. «Мен- құстан туған құмаймын» өлеңі
Өлеңінің идеясын ұғындыру 
Метафора............
 Эпитет..............
 Теңеулер.......

Сатылай кешенді талдау

1.Авторы – Махамбет Өтемісұлы

2.Тақырыбы – елі үшін еңіреген ер Исатайдың қаһармандық тұлғасы. Автордың бұл өлеңдегі негізгі тақырыбы – қазақ қамы үшін қан майданға тайсалмай қатысқан батырдың ерліктері мен жауынгерлік тұлғасы.

3. Жанр түрі – Поэзия (өлең)

4. Идеясы – батырдың көзсіз ерлігін, көркем сымбатын, сабырлы, әрі ойлы, парасатты жан екенін және серілігін дәріптей отырып, оған деген сағынышын білдіру.

5. Тармақ - өлеңнің әр жолы. 35 тармақты.

Бунақ – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі. 2-3 бунақты.

8.Буын саны – сөз құрамындағы дауысты дыбысқа байланысты. 7,8,9 буынды.

9.Ұйқас түрі. Ұйқас дегеніміз - өлеңнің бітім, мазмұнымен тамырлас келіп, оған ерекше саз, әуен беретін өлең тармақтарындағы сөздер үндестігі. Қара өлең ұйқасы

10.Өлеңнің тәрбиелік мәні аса жоғары. Ел үшін ерлік істеуге шақырады.

3. Осы өлеңнің мазмұны өздеріңе қалай әсер етті?
ІІІ топ. «Жалғыздық» өлеңі

1.Өлеңді мәнерлеп оқиды.

2.Өлеңнің идеясы не?

3.Өлеңдегі көркемдегіш құралдарды табыңдар.

Өлеңде кездесетін әдеби-теориялық ұғымдар:

Теңеу –

Эпитет –

Ауыспалы мағыналы (эпитет, теңеу) сөздерді теріп жазу.

ІІІ топ. Өлең құрылысына қарай талдау

Жинақтау.

Өлеңдерінің тәрбиелік мәні қандай?

Оқушылар жұптасып, топқа бөлінеді. Бір- біріне сұрақтар қою арқылы және әр түрлі тапсырмалар арқылы жаңа тақырыпты меңгеріп отырады.

3 кезең

Сабақты бекіту 5 мин

Ой толғаныс Не білдік?

Видеоролик тамашалату, ақын арманы жайлы сұхбат жүргізу, бүгінгі күнмен байланыстыра отырып қорытынды жасату.

Синквейн

  1. Батыр

  2. Күшті, мықты.

  3. Күресті, шайқасты, жеңді.

  4. Махамбет  ел  үшін  күресті.

  5. Ер

Белсенділік таныту. Жинаған білімдерін қолдану

Бағалау3 мин

Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Бақылаушылар формативтік баға қояды.

Үйге тапсырма 2 мин

Қалаған бір өлеңін жаттау

«Туады ерлер ел үшін» тақырыбында ойтолғау жазу



Рефлексия 3 мин

















57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

Жалпы мақсаты:Махамбеттің бойындағы өршіл рух, асқақ арманы, өлеңдерде берілген философиялық ойлар туралы түсінік беру.  Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу. 

 Оқыту нәтижесі:Өлеңге толық сатылай кешенді талдау жасау.

 

Махамбеттің өз бейнесін өлеңдерінде көрсете білуі, мәтіннің мазмұнын түсініп талдайды,

сабақта алған білімдерін өмірімен байланыстырады. 

Оқыту формасы:Жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу

Оқуда қолданылатын модульдер мен әдістер:Сұрақ- жауап (диалогтік оқыту),  топтастыру, топпен белсенді әрекет, (сыни тұрғыдан ойлау), қадағалау,  (оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау)   

  

Автор
Дата добавления 27.02.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров2202
Номер материала 413751
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх