Инфоурок Другое КонспектыҚазақ тілі мен әдебиеті пәні аймақтану факторы ретінде

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні аймақтану факторы ретінде

Скачать материал

 

Облыстық С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ұйымдастыруымен өткізген ғылыми-практикалық конференция.

 

 

 

Әдебиет аймақтанумен бірдей фактор ретінде.

 

 

 

 

Саньязова Бекзат Қабдуалиқызы.

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі 

«Зырян қаласының №9 орта мектебі»КММ

 

 

 

 

2014, қараша.

 

 

 

 

 

 

 

 

Саньязова Бекзат Қабдуалиқызы.

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі 

«Зырян қаласының №9 орта мектебі»КММ

Әдебиет аймақтанумен бірдей фактор ретінде.

 

      Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни  әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдай жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Сол себепті қандай мектеп болсын инновациялық үрдіс сатысынан өтпей дамуы мүмкін емес. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда  көп нұсқалылық  қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үрдісті жаңартылған үлгімен, тіпті аймақтану бойынша авторлық үлгімен құруға мүмкіндік  береді.   

      Қазіргі білім жүйесінің стратегиялық мақсаты – жоғары білімді бәсекелестік қабілеті  мол шығармашыл тұлға қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.  Пәндерге аймақтық компоненттерді енгізу оқушыны тұлға етіп қалыптстыруға ықпал етеді. Қазіргі мектептерде балалар белгілі білім мен білік алып қана қоймай, алған үлгі-өнегені өмір бойы пайдалана білуі тиіс.  Балаларды ерте жастан ізденушілік-зерттеушілік қабілеттерге баулыған сайын, олардың таным белсенділіктерін кеңірек аша түсеміз. Біз осы оқушыларымыз арқылы Қазақстанның болашақ интеллектуалды шығармашылық әлеуетін қалыптастырамыз. Сондықтан әдебиет сабақтарында аймақтық компонентті қолданудың маңыздылығы зор.

Сонымен қатар, бұл мәселе тілдік коммуникацияның тікелей зерттеу объектісі бола келіп, қазіргі кезеңде өзекті мәселе болып отырған мемлекеттік тілді дамытудың  тиімді жолдарын табуға көмектеседі. Яғни,  оқушы тек тілді ғана үйреніп қоймай аймағымыздың ерекшеліктерін, қасиеттерін, тарихи ескерткіштерімен, ұлы адамдарымен, ақын-жазушыларымен, басылымдарымен таныс болып, рухани байлықтарды меңгереді. Туған өлкеміздегі,  яғни Кеңді Алтай өлкесінің зиялы қауымымен таныс болады.   Осы арада ескеретін дүние – тілдің қоғамда қатынас арқылы іске асатыны. Тілді үйретуде тілдің коммуникативті, эмоционалды, когнетивті, номинативті, эмотивті қызметтері орасан рөл атқарады.

    Бүгін біздің алдымызда тұрған мақсат - алдымызда отырған шәкірттердің Отанының қасиетін сезініп, оның алдындағы ұлт жауапкершілігін ұғынып, ол үшін басын бәйгеге тігер тәуекелге баруы болып саналады. Сол сияқты, барлық отандастардың рухани және материалдық тығыз байланыста болуы, өзі өсіп - өнген аймаққа деген сүйіспеншілігі патриотизмнің қайнар көзі. Отан – от басынан басталады десек, туған облысымыздың, қаламыздың көрнекі жері, тарихы, атаулы оқиғаларын, айтулы адамдардың өмір жолдарын білгізудің мәні зор.

   Аймақ – үлкен облыс, ортақ бір белгілеріне қарай біріккен көрші елдер немесе территориялар мен аудандар тобы.  Компонент - бір нерсенің құрамды бөлігі. Ал,  аймақтық – жергілікті, нақты бір облысқа, аймаққа қатысты. [С.И. Ожеговтың «Орыс тілі сөздігінен».56-бет. ]

   Еліміздің әлеуметтік, саяси және экономикалық өміріндегі болып жатқан өзгерістер, мектепте оқытылатын пәндердің мазмұнына да әсерін тигізуде. Қазақстан Республикасының жаңа білім беру саясатының негізінде аймақтық компонент білім мазмұнын құрамды бір бөлігі болып табылады. Не үшін әдебиет пәнінде өз өлкеңді, «кіші Отанды» біліп, оқу қажет?   Аймақтық компоненттің құндылығы, адамның  табиғат пен мәдени ортамен байланысы мен бір –біріне бағыштылығын көрсету, туған өлкеге деген азаматтың адамгершілік ұстанымын тәрбиелеу.

Жоғарғы мақсаттарға жету үшін және өз өлкесінің, өз Отанының патриоты болуға,оның болашағына немқұрайлы емес азамат етіп тәрбиелеу үшін, оқу- тәрбие үрдісінде келесі міндеттерді шешу қажет:

1.     Оқушыларға туған өлке туралы жан-жақты білім беру;

2.     Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру,туған өлкені аялау, оның мәдени мұрасын сақтау, арғы аталарына деген құрмет, туған өлке тағдырына деген қатысын түсіндіру;

3.  Оқушыларда адамгершілік көзқарас қалыптастыру, болашақ өмірге қажетті, өз тағдырын өзі шеше алатын «белсенді ұлт» өкілін қалыптастыру.

Мектептерде аймақтық білім беру мен тәрбие мазмұнының принциптері:

1.Аймақтық (бүкіл оқу-тәрбие үрдісінде аймақтың ерекшеліктерін есепке алу);

2. Гуманизациялық (аймақтық мазмұнда адамзат туралы білімді кеңінен қолдану, гуманистік көзқарасты қалыптастыру, өзін-өзі тануға, жеке тұлғаның өзіндік дамуына жағдай жасау);

3. Тарихилық (тарихи келісіп алынған құбылыстар мен үрдістерді шешу);

4. Кешенділік және біріккендік (мазмұнның әр түрлі аспектілерін біріктіру және қайтадан қалыптастыру).

Әдебиет сабақтарында аймақтық компонентті енгізудің маңыздылығы:

ü оқушылардың өз Отанының қасиетін сезініп, тарихын танып, Отан алдындағы жауапкершілігін ұғынып және өзі өсіп – өнген аймаққа деген сүйіспеншілігін арттыру, мақтаныш сермін тудыру арқылы өз елінің патриотын тәрбиелеу;

ü Ұлтжанды, ымырашыл, басқаның құқығы мен бостандығын сыйлатын адам тәрбиелеу.

ü Аймақты компоненті қолдана отырып тіл мәдениетін дамыту.
Әдебиет сабақтарында аймақтық  компоненттің  қолдану  ережелері:

1.     Тиімділік.

-         Материалды  меңгеруде  аймақтық  компонентті  қолдану

мемлекеттік  білім  беру  стандартына  қайшы  келмеуі.

2.     Органалдық.

-         Аймақтық  компонент  білім  берудің  базалық   мазмұнына  

зиянын  тигізуі.

3.     Шоғырландыру.

- Пәнаралық   байланысты  қолдану.

4. Оқушылардың  субъектілік  іс – тәжірибесіне  тірек  ету.

 – Оқушылардың    туған  өлке,   аймақ  туралы  білімдерін,  өз  бақылауларын,  зерттеулерін, әсерлерін  қолдануы.

  Әдебиет пәнінде аймақтануды енгізудің мақсаты  – оқушының белсенділігін жоғарылату, өз бетімен жұмыс істеп, ақпарат іздеуге машықтандыру, қызығушылығын ояту. Оқушы алдымен «аймақтық компонент дегеннің не екенін біледі». «Аймақ» - Ожеговтың сөздігінде белгілі бір жердің құрамы – деп берілген. Мектепте алған білім баланың шығармашылылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік беріп, оны өнімді, шығармашыл, өзіндік ойлауға үйретуіміз тиіс. Оқушылардың өздерінің туып-өскен жерлері туралы жан-жақты білуі, олардың қоршаған ортаға, туған жерге деген адами көзқарастарын қалыптастыру. Өйткені әр адамға өз туған жері ыстық көрінеді. «Өзге жерде сұлтан болғанша, өз жеріңде-ұлтан бол» дегендей өзі өскен ортаның табиғатын аялауға, күтуге, туған жерге деген сүйіспеншілік қасиетін бойға сіңіру арқылы Отанға деген махаббатын оята аламыз. Бұл нәзік сезім өте сезімталдықпен  бойға бірте-бірте сіңірілу қажет. Ендеше Абай сөзімен айтқанда оқушылардың бір нәрсе үйренсем, көрсем, білсем деген белсенділіктерін өшіріп алмай осы қасиеттеріне сүйеніп, өздері ойлап, қорытындылай алатындай, өз жұмысының жемісін көре алатындай танымы мол тапсырмаларды дұрыс беруіміз шарт. Ол тапсырмалар күнделікті бала көріп,  естіп жүрген мәліметтерді толықтыру, топтау, саралау, қорытындылаудан тұрады.

Әдебиет пәнінде аймақтануды енгізу кезеңдері:

Ø Бейімделу.

-         Жергілікті  арналардан ,баспасөз  беттерінен  қажетті  ақпараттарды  өз бетімен   іздеу, жинау.

Ø Практикалық  оқу.

-          Материалдарды   оқу,  іздену,  сұрыптау.

Ø Эвристикалық.

-         Әдістемелік  орталықтар   жиынтығын  қолдану, ғылыми  практикалық   конференцияларға  қатысу,  ғылымды  терең меңгеруі.

 Қазіргі оқыту оқушыға білім қорын берумен бірге оқытудың жаңа технологияларын қолданудың көмегімен оның зерттеушілік, ізденушілік, өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруды көздейді, сондықтан жергілікті компоненттерді сабақтарда дамыта оқытудың негізгі мақсаты -  оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, өздігінен  оқуға үйрету. Біз оқытып, тәрбиелеп отырған тұлға қоршаған әлеуметтік ортамен тікелей байланысы бар белсенді, әрекетшіл жан. Әрбір  адамда табиғат берген өзіне тән ерекшеліктері негізінде әлеуметтік орта туралы  көзқарастар, өзін танып білу, белгілі бір құбылысты бағалай алу эталондары, өзіндік ішкі позициясы, адамдарға деген қарым-қатынасы, құбылыстар мен әр түрлі өмірлік факторларға көзқарасы қалыптаса бастайды. Тұлғаның ішкі позициясының негізінде оның болып жақтан құбылыстарды қабылдауы немесе қабылдамауы сияқты әрекеттер қалыптасады. Сондықтан тұлғаның психикалық дамуын сыртқы орта жағдайлары мен факторларынан бөліп алып қарауға болмайды. Бұдан шығатын қорытынды: тәрбиеленуші ұрпақтың нәтижелі дамып, қалыптасуына тек ішкі-сыртқы жағдайлар ғана емес (мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, іскерлігі, оқу бағдарламасының құрылымы, оқулықтар, оқу құралдары, оқыту әдістері, техникалық құралдар және т.б) ішкі жағдайлар да (ақыл-ойының даму деңгейі, оқуға қарым-қатынасы, өз ойын ұйымдастыра алу ерекшелігі) тікелей әсер етеді.

Әдебиет пәнінде аймақтану енгізудің деңгейлері:

1.     Орташа  құрамдас  бөлігі. Күрделі  проблемалық  тапсырмалар  бойынша  жұмыс.

2.     Жоғарғы  құрамдас  бөлігі. Зерттеу  елементтерін  қолдану,  деректер  жинау,  мәліметтер  дайындау.

Аймақтану енгізудің бағыттары:

1.           Оқу  әрекеті:  Рефераттар,  шығармалар,  пікірлер, баяндамалар.

2.           Оқудан  тыс  әрекеттер: Сыныптан  тыс  зерттеулер, сынып  сағаттары, газет  шығару,  ғылыми  жобалар.

3.                 Мектептен  тыс  әрекеттері. Туған  өлкенің  белгілі  адамдарымен,  ақын – журналистермен  кездесу,   мәдени  және  өнер  орталықтарына   экскурциялар  жасау,  үйірме  студияларға  қатысу – интеллектуалды  марафон, олимпиадалар,  ғылыми -  практикалық   конференциялар  өткізу.

Әдебиет пәніне мұғалім аймақтану үрдісін кіргізу арқылы жиналған мәліметтерден түрлі альбомдар, рефераттар, буклеттер, бейне материалдаржинақтайды.  Бұл басқа сабақтарға көрнекі құрал бола алары сөзсіз. Бағдарламаның нәтижесіенде оқушылардың қызығушылығы артып, ұлттық тіл, салт-дәстүр, дүниетаным, атакәсіп, атамұралардың бай тәжірибесімен құмарланады.

   Шығыс  Қазақстан  өлкесі  ежелден  аймақтық  компонентке  бай  өлке. Ежелгі  адамдар  қоныстанған  Берел, Беғазы – Дәндібай, Бесшатырдан  басталатын  ежелгі  тарихи  бүгінгі  күнге  дейін  жалғасын  тауып  жатқан құнарлы,  қайнар, тың  бастаулар

  Әдебиеттегі аймақтану үрдісінде мұғалім келесідегідей бөлімдерге көңіл аудару қажет:

ü    Біріншіден, «Отан отбасынан басталады» деп отбасы, отбасының мүшелері туралы тақырыптарға көңіл аудару. Өз отбасы туралы дерек жинап, оны жүйелеу, отбасы ағашын құру әр оқушының қолынан келетін жұмыс.

ü    Екіншіден, шығыс Қазақстан облысы «аңыздар елі» болғандықтан аты әлемге әйгілі ақын – жазушылардың өмірімен таныстыру. Ол оқу жұмысы, сыныптан тыс жұмысы, мектептен тыс жұмысы ретінде жүргізіледі. Зерттеу, іздену жұмысы, кітапханамен тығыз байланысты жұмыс түрлері атқарылады.

ü    Үшіншіден   Шығыс Қазақстан өңірінің тарихын, дәстүрін зерттеу.
    Қазіргі қолданып жүрген технология - мұғалімнің сабақты жобалауда оқушының тіл меңгерудегі нәтижелі қарым қатынас жасауына мүмкіншілік туғызады. Мұғалім аз уақытта жаңа технология жәрдемімен үлкен жетістік терге жете алады. Оқудың дәстүрлі үрдісіне жаңа инновациялық технологияны енгізу - мұғалімге дәстүрлі формалар мен әдістерді оқушыға жеткізуге мүмкіндік береді. Ал осы технологияны аймақтық компонентті дамыту кезінде қолдану - оқушының ақыл - ой мәдениетін, білімін, сана сезімін көтеруіне көп әсер етеді. Бұл тіл оқыту үдерісін қарқындатып, оқушының белсенділігін арттырып, аз уақыт ішінде мол дыбыстық бейне, анимациялық тілдік материалды толықтыруға, оқушының тілді меңгеру дәрежесін бақылауға мүмкіндік туғызады. Мультимедиялық технологияларды қолдану - компьютерді, интернетті қолдану арқылы жүзеге асады. Сондықтан сабақтарға аймақтың компонентті қолдану алдында жүйелі жоспар құрып алған жөн. Берілген күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкестендіріп,
оқушылардың аймақтық компонент арқылы шығармашылықтарын дамытуға құрастырылған аймақтық компоненті қосылған қосымша жоспар құрылады.

   Әдебиет пәні аймақтық қомпонентті қолданып, ғылыми- зерттеу жобасын жасауға өте қолайлы. Әдебиет пәні бойынша келесідегідей тақырыпта ғылыми жоба жасауға болады: «Аймақтағы тұңғыш басылымдар тарихы», «Шығыс өлкесіндегі тұңғыш мақала тақырыптары», «Аймақтағы жер-су атауларының шығу тарихтары», «Менің өлкемдегі талантты жас айтыскер ақындар», «Шығыстан шыққан суырапсалма ақын» т.б. Жоба барысында оқушылардың ғылыми ізденіске деген қызығушылықтарын арттырып, жалпы оқу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Әдебиет пәндерінде Білім мазмұнының аймақтық үрдістері есепке алыну қажет:

- ғылымилық;

- аймақтылық;

- гуманизациялық;

      - тарихилық;

- кешенділік;

- қолайлылық;

- жүйелілік және бірізділік;

- көрнекілік;

- оқушылардың белсенділігі мен саналығы;

- білімнің тұрақтылығы;

- іс- тәжірибе мен теорияның байланысы;

- оқушылардың жеке бас және жас ерекшеліктерін ескеру.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Жексенбаева Ү. Б. Балалардың дарындылығын диагностикалау : Алматы қаласы – 2005.

2. Жексенбаева Ү.Б. Оқушының ғылыми – зерттеу жұмысын ұйымдастыру :  Алматы қаласы – 2005.

3. С.И. Ожеговтың «Орыс тілі сөздігі». №52 бет.

4. «Лингвистикалық түсіндірме сөздігі» А.Салқынбай, Е.Абақан, Алматы, «Баспагер»,1998.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілі мен әдебиеті пәні аймақтану факторы ретінде"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Портной

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінде аймақты компоненті қолдана отырып тіл мәдениетін дамыту түрлері ашып көрсетілген. Пәнге аймақтың компонентті енгізудің маңыздылығы мен оқушыны тұлға ретінде қалыптастырудағы тиімділгі ашылған. Аймақтық компонентті енгізу ережелеріне тоқталған. Мектептерде аймақтық білім беру мен тәрбие мазмұнының принциптері жазылған. Аймақтық компонент арқылы оқу-тәрбие үрдісінде шешетін міндеттер арқылы оқушының белсенділігін жоғарылату, өз бетімен жұмыс істеп, ақпарат іздеуге машықтандыру, қызығушылығын ояту жолдары қарастырылған.

 


Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 258 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.01.2015 1214
    • DOCX 80 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Саньязова Бекзат Кабдуалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Саньязова Бекзат Кабдуалиевна
    Саньязова Бекзат Кабдуалиевна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 453226
    • Всего материалов: 51

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Мини-курс

Основы классической механики

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эволюция и современное состояние искусства

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 23 регионов