Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жаңа технологияны қолданудың тиімділігі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жаңа технологияны қолданудың тиімділігі

библиотека
материалов

Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жаңа технологияны қолданудың тиімділігі

Елбасымыз жолдауында «Білім беру саласының басты міндеті- білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту»- деген болатын. Бұл білім беру мекемелерінің қазіргі құрылымы мен оқытудың жаңа мазмұнын мұғалімдер қауымына жаңаша іскерлік пен ізденудің жаңа технологиясын ендіру міндеттерін шешуге жетелейді.

Еңбексіз, ізденіссіз тәжірибе немесе әдістеме пайда болмайды. Еңбектің жемісті болуы мұғалімнің жеке басына оның шеберлігіне, іскерлігіне байланысты. Ол үшін мұғалім тер төгіп, ізденіс жасау қажет. Соңғы кездерде «Педагогикалық технология» жөнінде жиі сөз қозғалып жүр.

Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі озық тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек. «Педагогикалық технология» дегеніміз не? Педагог ғалым Беспалько өзінің «Слагаемые педагогической технология» деген еңбегінде былай дейді: «Оқу процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асуы белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы». Педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Білім беру құрылысында жаңа технологиялар кеңінен пайдаланыла бастады.

Жаңа технологияларды енгізу арқылы, оқу процесінің деңгейі көтеріледі, қазіргі заман талабына сай дамыған тұлға тәрбиеленеді. Жылдан- жылға білім беру ісі ерекше қолға алынып отыр. Мектептерде жаңа бағдарламалар, технологиялар пайдаланылып жүр. Педагогика теориясында елеулі өзгерістер еніп, жаңа көзқарастар пайда болды.

Есту қабілеті бұзылған балаларға білім беруде жаңа технологияны сабақтарда қолдану өте тиімді. Оқытудың жаңа технологияларын басшылыққа ала отырып, баланың өз бетімен ойлана білуіне, шығармашылықпен айналысуына көмектесуге болады. Есту мүмкіндігі шектелген оқушылардың сөздік қоры жеткіліксіз, олар өз ойларын жеткізуі қиынға соғады. Кластағы оқушылардың диагноздары да әр түрлі. Соған байланысты әр оқушының ерекшелігіне сай жұмыс түрлері ұйымдастырылады.

Мектептерде өтетін қазақ тілі мен әдебиет сабақтарының мақсаты- оқушылардың есту , сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, оқу техникасын қалыптастыру, анық сөйлеуге, сауатты жазуға, сөйлем құрылысын меңгерту, дыбыстарды сөз ішінде анық, ажыратып айтуға үйрету. Есту мүмкіндігі шектелген балаларға арнайы мектепте басты міндет- оқушылардың есту қабілетін дамыта отырып, сөз бен сөзді байланыстырып сөйлеуге, дыбысты дұрыс және анық айтылуын қадағалауды, ойлау және байқағыштық қасиеттерін дамыту, арттыру ең маңызды жұмыстардың бірі деп есептелінеді. Сондықтан бұл мектепте жұмыс жасайтын мұғалімдер естімейтін балалардың сөйлеу тілдерінің, ойлау қабілеттерінің дамуына бірден-бір ықпал етіп, түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып сабақ береді.

Мұғалім баланы оқытуда оқушыға өлең жаттатып, ережелерді оқытып, түрлі жаттығулар жазғызады.Оған талап қойылады, бала кітап оқып, өз тарапынан пікір қоса алмайды. Сондықтан оқушылардың жеке басының белсенділігі мен іскерлігін арттырып, шығармашылыққа ұмтылуына көмектесу мұғалімнің өзінің шеберлігіне қарай оқыту барысында әдіс-тәсілдерді қолдана білуі керек.

Жеке тұлғанының өзіндік айқындалуына кешенді ықпал жасау үшін мұғалім көп ізденіп, баланың ашылмаған қабілетін ашу, белсенділігін арттыру,өзіне деген сенімін күшейту, іздендіру, пәнге деген қызығушылығын арттыра түсу керек. Үздіксіз іздену-бүгінде мұғалімдерге қойылып отырған басты талаптардың бірі.Есту мүмкіндігі шектелген балалардың топтық және жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып, сабақ үстінде жекелеген тапсырмалар мен көмек түрлерін пайдалануда класта шығармашылық жағдай жасауға мүмкіндік туғызады. Өйткені, әрбір оқушы өз мүмкіндігіне қарай нақтылы және қызықты жұмыс орындайды.Оқу процесінде оқытудың озық технлолгиясын қолдану- бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Мектептерде оқу үрдісінде жаңа технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны жеңілдетіліп, жеке тұлғамен жұмыс істей отырып, саралап оқытуға мүмкіндік туады.Жаңа технология оқушының өзіндік жұмыс атқаруына және ең бастысы-оқушының білім жетістіктерін жақсартуға ықпал етеді.Қазақ тілі пәні бойынша оқу жетістіктерінің өлшеуіштер тәсілдері ретіндегі деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға болады. Оқушының дайындық деңгейін саралау, оқушының жеке танымдық мүмкіндігін ескерудің басты тәсілі ретінде қарастырылады. Тапсырмаларды білімді қабылдауға бағдарлаған іс-әрекеттік модель ретінде қарастыруға болады.

Жаңа технологияларды пайдаланудың ерекшелігі – тек стандартта берілген білімді меңгерту ғана емес, сонымен қатар есту мүмкіндігі шектелген балалардың ерекшелігін ескере отырып тұлғаның танымдық қабілеттерін танымдық жағдайлар арқылы қалыптастыруға, шығармашылық қажеттіліктерін толықтыруға, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы.

Өз іс-тәжібибемде есту қабілеті бұзылған балаларды оқытуда жан-жақты ізденіспен тиімді жағын қарастыра отырып, жүргізген сабақтарым оқушының өз мүмкіндігінше білім алуына мүмкіндік туғызудағы негізгі мақсатым.

Жаңа ғасыр толқыны әкелген жаңалықтарға сәйкес қазіргі заманда адамның тұлғалық дамуына баса назар аударылып, жас жеткіншектерге берілетін білім негіздері олардың жеке даралық қабілеттерін жетілдіруге қызмет етеді (заман талабына сай қолданылатын жаңа технологиялар, компьютер, интернет, интерактивті тақта т.б). Жаңа технология мен оқытуда оқыту үрдісіндегі ұтымдылық көрсететін оңтайлы әдіс-тәсілдерді пайдалану білім сапасының қажетті деңгейіне жетуіне негіз болады.

Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдерімен, қол жеткізер мақсаттарымен ерекшеленеді.Айталық сатылай кешенді талдау грамматикалық материалды терең меңгертіп, лексканың мол байлығын, сөз өрнектерінің сан қилы сырын әр сөздің астарын ашып көрсете отырып, өмірдегі әр алуан мәселелерге барлай, бағдарлай қарап, өз бетімен шешуге тәрбиелесе, деңгейлеп- саралап оқыту технологиясында мықтылар өз қабілеті мен икемін бекіте түссе, әлсіздер өзіне сын көзбен қарауға дағдыланып, сенімсіздіктен арылып белсенділігі арта түседі.

Өзім сабақ беретін кластарда қазақ тілі мен әдебиет, тіл дамыту пәндерінде «Деңгейлеп-саралап оқыту» көбіне «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын қолданамын. Бұл жүйеде қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлануды қажет етеді. Жаңа материалдарды талдауға үйретеді. Бұл технологияның мақсаты – барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, өзіндік пікір айтуға, шешім қабылдауға үйретеді.

«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын тәжірибеде жүйеге келтірген Чарльз Темпл, Джинни Л.Стил. Бағдарлама үш деңгейден тұрады.

1.Қызығушылықты ояту – жаңа сабақты түсіндіру кезіндегі үйрену процесі. Бұрынғы білім мен жаңа сабақты ұштастыру. Осы кезде «Болжау», «Топтастыру», және т.б. стртегиялар қолданылады.

2. Мағынаны тану – жаңа сабақты бекіту. Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. «Топтастыру» стратегиялары арқылы топтарға тапсырмалар беріледі. Онда әр топ, сол тапсырманы қалай түсінді, соны сурет түрінде немесе әңгіме түрінде, топтың басшысы әңгімелеп береді.

3. Ой-толғаныс – сабақты қорытындылау кезеңі. Осы кезеңде оқушылар не үйренгендерін саралайды. "Еркін жазу", «Венн диаграммасы», "Семантикалық карта" сияқты стратегияларды қолданамыз. Еркін жазу әдісі сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді.Оқушылар сабақ барысында қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайында пікірлерін жазады. Венн диаграммасы сабақтың ерекшелігіне қарай лайықтала қолданылды. Бір-бірімен айқасқан шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін нысандардың сипаттамалары жазылады. Ал, оқушылар айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттарды жазады.

«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясымен жұмыс істегенде оқушылардың белсенділігі артады. Өз бетінше білім алуға талпынады, шығармашылыққа қызығушылықтары оянады.

Мұғалім бағыт беруші, оқушы ізденуші. Оқушылар бір-бірінің сабақ барысында қателіктерін айтады немесе жақсы қасиеттерін үйренеді, сабақ естерінде сақталады. Ол баланың еркін ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы», «Егемен Қазақстан» газеті, 2008 жыл

  2. Ә.Қабдешова «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» Алматы-2006

  3. Ж.Қараев «Оқытудың педагогикалық технологиясы»

  4. А.Ғұмарова «Сын тұрғысынан ойлау тәсілі» Қазақ тілі мен әдебиеті журналы №5,2001 жыл

  5. Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте №6,2012 жыл

Ақтөбе облыстық арнайы ( түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар

мектеп-интернат-колледжі

Баяндама

Тақырыбы: Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жаңа технологияны қолданудың тиімділігі

Оқыған:Таласқалиева С.А

Ақтөбе-2015

Краткое описание документа:

2. Мағынаны тану – жаңа сабақты бекіту.Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. «Топтастыру» стратегиялары  арқылы топтарға тапсырмалар беріледі. Онда әр топ, сол тапсырманы қалай түсінді, соны сурет түрінде немесе әңгіме түрінде, топтың басшысы әңгімелеп береді.

3. Ой-толғаныс – сабақты қорытындылау кезеңі. Осы кезеңде оқушылар не үйренгендерін саралайды. "Еркін жазу", «Венн диаграммасы», "Семантикалық карта" сияқты стратегияларды қолданамыз. Еркін жазу әдісі сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді.Оқушылар сабақ барысында қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайында пікірлерін жазады. Венн диаграммасы сабақтың ерекшелігіне қарай лайықтала қолданылды. Бір-бірімен айқасқан шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін нысандардың сипаттамалары жазылады. Ал, оқушылар айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттарды жазады.

 «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясымен жұмыс істегенде оқушылардың белсенділігі артады. Өз бетінше білім алуға талпынады, шығармашылыққа қызығушылықтары оянады.

Мұғалім бағыт беруші, оқушы ізденуші. Оқушылар бір-бірінің сабақ барысында қателіктерін айтады немесе жақсы қасиеттерін үйренеді, сабақ естерінде сақталады. Ол баланың еркін ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады.

                          Пайдаланған әдебиеттер:

1.                                                                                    «Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы», «Егемен Қазақстан» газеті, 2008 жыл

2.                                                                                    Ә.Қабдешова  «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту»  Алматы-2006

3.                                                                                    Ж.Қараев  «Оқытудың педагогикалық технологиясы»

4.                                                                                    А.Ғұмарова   «Сын тұрғысынан ойлау тәсілі» Қазақ тілі мен әдебиеті журналы №5,2001 жыл

5.                                                                                    Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте №6,2012 жыл

Автор
Дата добавления 15.01.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров399
Номер материала 305466
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх