Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары. тақырыбы: Үстеу туралы түсінік
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары. тақырыбы: Үстеу туралы түсінік

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Үстеу туралы түсінік

Білімділік мақсаты: Үстеу білдіретін ұғымды өз беттерімен жинақтауға талпындыру, әрекеттендіру, іздендіру, ой қорытуға жеткізу;

Тәрбиелік мақсаты: Сөздің мағынасына мән беруге тәрбиелеу, ұлттық қасиетке баулу;

Дамытушылық мақсаты: Теориялық материалды жүйелі, тиянақты баяндай білуге, өз бетінше жұмыс істеуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, сөзжұмбақ, деңгейлік тапсырмалар, тест жұмысы.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, бейнелеу

Пәнішілік байланыс: Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу

Сабақтың көрнекілігі: Сөзжұмбақ, слайдтар, венн диаграммасы, кесте.

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру (сәлемдесу);

II.Үй тапсырмасын тексеру (1 сұраққа 1 жетон беріп отыру)

Оқушылар, өткен сабақта қандай тапсырма берілді?

Өткенді еске түсіру мақсатында мына сұрақтарға жауап берейік (сөзжұмбақ шешу)

Оқушылар, қазақ тілінде неше сөз табы бар?

Ретімен атаңыздар  (кесте пайдалану)

Осы сөз таптарының қайсыларымен таныссыздар, қайсылары таныс емес? (таныс еместерінің астын сызу,кесте мен сөзжұмбақтан шыққан үстеу сөзіне назар аударту)

III.Жаңа сабақ.

Балалар, олай болса, біздің бүгінгі күні өтетін тақырыбымыз - үстеу сөз табы.

Мақсатымыз - үстеу туралы жалпы түсінік алу. Дәптерлеріңізді ашып, күннің жадын, тақырыпты жазыңыздар (жаңа сабаққа қатысты слайдтарды ашу; жаңа сабақ бойынша оқушыларға ескерту; жаңа сабақты баяндамас бұрын, мына мысал сөйлемдерге қараңыздар. Кімнің, қандай шығармасынан алынған деп ойлайсыздар? Жақында ғана әдебиет пәнінен өттіңіздер, көркем фильмінде көріп жүрсіздер.

(Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа») Қожаның қай сәтінен мысал сөйлемдер жазылған? (Сөмкеге бақа салып жатырған кезі) Енді мысал сөйлемдерге назар аударамыз.(сөз табына талдату,таныс емес сөз табын табу)

1.Қожа сөмкеге бақаны лезде салды.  (сын-бейне)

2.Қожа сөмкеге бақаны қасақана салды. (не мақсатпен? мақсат үстеуі)

3. Қожа сөмкеге бақаны құр босқа салды. (неге?себеп-салдар үстеуі)

4. Қожа сөмкеге бақаны салып,кейін кетті. (қайда?мекен үстеуі)

5. Қожа сөмкеге бақаны таңертең салды. (қашан?мезгіл үстеуі)

6. Қожа сөмкеге бақаны онша қорықпай салды. (қаншалықты?мөлшер үстеуі)

7. Қожа сөмкеге бақаны аса сақтықпен салды. (қандай?күшейткіш үстеуі)

Не байқадыңыздар, оқушылар?

1.Үстеулер қандай сөз табымен тіркесіп келіп тұр? (етістік)

2.Үстеулер дегеніміз не? Етістіктің,яғни қимылдың,іс-әрекеттің әр түрлі белгілерін,сипатын,жай-күйін білдіретін,өзгертуге,грамматикалық тұлғалармен түрлендіруге келе бермейтін сөздер.

3.Түрленбейтіндігін мысалдағы лезде үстеуімен дәлелдеу.(жалғаудың түрлерін сұрау)

Деңгейлік тапсырмамен жұмыс жасай отырып, жаңа тақырыпты өз бетінше меңгерту.(жетон арқылы бағалап отыру)

I деңгей. Кітаппен жұмыс (269,271-жаттығу)

Сұрақ қою арқылы үстеулерді табу;

269-жаттығу

Биыл - қашан алғаны? (мезгіл)

Жартылай - қалай көшіп? (мөлшер)

Айқара - қалай асып? (сын-қимыл)

Жорғадайын - қалай шайқала? (сын-қимыл)   жылқының  4 аяғын тең басып, ырғатыла, тайпала басқан жылқы жүрісі

Арагідік - ара арасында

271-жаттығу

Бүгін - қашан аттанған? (мезгіл үстеуі)

Таңертең - қашан аттанған? (мезгіл үстеуі)

Әдеттегіден - қашанғыдан жым - жырт екен аңғарыпты? (мезгіл үстеуі)

Қазір - қашан ойлап отырса? (мезгіл үстеуі)

дәл сол мезетте - қашан сілейіп қатып қалса керек (күшейткіш)

II деңгей.  Мақал-мәтелдерден үстеулерді табу.Үстеулі жұмбақтарды шешу.

1.Қамшы жарасы тез бітер,

Сөз жарасы бітпес.

2.Еріншекке бүгінінен, ертеңі оңай.

3.Ерте тұрған жігіттің ырысы артық,

Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық.

4. Қатты жауған күн

Тым тез ашылады.

Жұмбақтар шешу.

1.Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

2. Күндіз қашады,

Түнде аспанды басады. (Жұлдыз)

Бекіту мақсатында

III деңгей   Тест жұмысы (5 сұрақ)

IV.Бағалау: (жетон санын, тест ұпайын ескеру арқылы)

V.Үйге тапсырма: Үстеулер туралы оқып келуге 270- жаттығу  (түсіндіру)





Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Үстеу туралы түсінік

Білімділік мақсаты: Үстеу білдіретін ұғымды өз беттерімен жинақтауға талпындыру,әрекеттендіру,іздендіру,ой қорытуға жеткізу;

Тәрбиелік мақсаты: Сөздің мағынасына мән беруге тәрбиелеу,ұлттық қасиетке баулу;

Дамытушылық мақсаты: Теориялық материалды жүйелі,тиянақты баяндай білуге,өз бетінше жұмыс істеуге,шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету.

Автор
Дата добавления 14.02.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров3898
Номер материала 386717
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх