Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Қазақ тілін оқытуда білім берудің жаңа тәсілдері"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

"Қазақ тілін оқытуда білім берудің жаңа тәсілдері"

библиотека
материалов

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ


Н.Н. Иманбекова – Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

В статье расматривается внедрение семи моделей программы Кембриджского университета в преподавании казахского языка и литературы. Современные подходы в преподавании и обучении рассматриваются во взаимосвязи с действующей практикой учителя и профессионально-педагогическим контекстом.

This article is devoted to the introduction of seven modules of Cambridge University program in teaching Kazak language and literature. Modern approaches in teaching and educating are presented in interconnection with existing teacher's practice and professional-pedagogical context.

Қазақ халқының тарихында баланы ана тілінде оқыту және оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлынан басталды. Қазақ тілі проблемалары мен оларды оқыту үлгілеріне ерекше мән беріп, көп еңбек сіңірген тілші-ғалымдардың ең көрнектісі - Ахмет Байтұрсынов. Тіл білімінің әр саласына қатысты нақтылы мәселелерді сөз еткен Кез келген әдіскер-мұғалім А. Байтұрсыновтың еңбектерін оқу арқылы тілдік материалдармен танысып қана қоймайды, сонымен қатар оқулықтарда берілген тақырыптарды оқытудың әдістемелерін де үйренеді. Ғалымның "Қай әдіс жақсы", "Нұсқаушы", "Баяншы", "Әліппе астары" тәрізді еңбектер қалай оқыту қажеттігін, оқытудың әдістемелері мен тәсілдерін баяндайды. Жалпы бұл зерттеулердің қай-қайсысы да әдістеме-тәжірибелер туралы кең мағлұмат береді.

1928 ж. А.Байтұрсынов. “Жаңа мектеп” журналының 8-санында жарияланған “Қай әдiс жақсы?” деген көлемдi мақаласында ұлы педагог Л.Н.Толстойдың “Үйрету әдiстерi туралы”  деген еңбегiне талдау жасай отырып, “әдiс деген қатып-семiп қалған догма емес… Жақсы дерлiкте, жаман дерлiк те бiр әдiс жоқ. Олқылықтың белгiсi – бiр ғана әдiспен болу. Шеберлiктiң белгiсi – түрлi әдiстi болу” деп ойын тұжырымдайды.

Сапалы оқытудың кілті - іздену, тиімді әдістерді тауып, пайдалана білу, сабақ барысында үнемі түрлі әдістерге сүйеніп отыру керек деген ой-пікірі кез келген әдіскерге кажет. Бұл әділетті тұжырымды бүгінгі өмірдің өзі дәлелдеп отыр.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» -дейді дарынды мұғалім, талантты ғалым В.А.Сухомлинский.

Бұл туралы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс», - деп айтылды. Үздіксіз білім беру басымдылыққа айналып отыр. Табысты және қоғамға қажет болғысы келген адам өмір бойы оқып, білімін жетілдіріп отыруы тиіс.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында білім беру ісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілді. Сонымен бірге тиімді адами капиталды құру, инновациялық жобаларды іске асыру үшін жоғары білікті кадрларды тәрбиелеу және жаңа технологияларды құруға ерекше назар аударылды. Болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді. Бүгінгі заман талабына сай білім беру жүйесін әлі де халықаралық талаптарға сай дамыту міндеті тұр. Бұл міндетті жүзеге асырудың бірден-бір жолы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесін жаңашаландыру, яғни өмір бойы үздіксіз білім алуға көшу болып табылады.

Мұғалімдердің өз білімдерін жүйелі көтеріп отырулары – олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ететін негізгі фактор. Еліміздің білім беру саясатындағы көкейкесті мәселелердің бірі де осы мұғалімдердің біліктіліктерін жүйелі арттыру болып табылады.

Заман талабына сай педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың әдіс-тәсілдері де өзгеруде. Солардың бірі – Кембридж тәсілдеріне негізделген шығармашылықты, астарлы ойларды талап ететін деңгейлік бағдарламалар курстары жүргізілуде.

Кембридж оқыту тәсілдері мақсаттарының бірі баланы оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру болып табылады. Яғни, мұндағы оқушы өзі ізденуші, бір-біріне үйретуші, ал мұғалім бағыт беруші, нұсқаушы. Бұл тәсілдің ерекшелігі де осында. Яғни, Альберт Эйнштейннің «Мен еш уақытта өз оқушыларыма ешнәрсе үйретпеймін тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын» деген пікірімен сійкес келеді..

Кембридж оқыту тәсілі 7 модуль арқылы іске асады:

1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер. Білім беру – жекелеген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған. Бағдарлама жалпы алғанда әлемдік дәрежеге жету мақсатын көздей отырып, жаңаша қырда қолданылатын технологияларды тиімді пайдалану.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту. Ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға үйрету.

3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Мұғалімдер мен оқушылар өздерінің қандай мақсатқа жететіндерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады.

4. Оқытуда ақпараттық–коммуникациялық технологияларды АКТ пайдалану. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Талантты және дарынды оқушыларды анықтау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі.

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу. Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Сол себепті бастауыш сынып оқушыларына сергіту сәтін жүргізуде жас ерекшеліктерді ескеріп отырып орындату қажет.

7. Білім беруді басқару және көшбасшылық. Білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алу керек деген тұжырымға саяды. Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді.

Жеті модулді сабақтарда тиімді қолдану бойынша қосымша ресурстарды пайдаландым. Оқу процесінің сапасын арттыру үшін қолданылатын әртүрлі тәсілдер бойынша әріптестермен тәжірибе алмастым. Мінсіз оқушы, мінсіз мұғалім, адамдардың қалай оқитыны туралы теориялық экспедициялар, оқудың ынталандырушы және аффективті теориялары, өзіндік «Мен» тұжырымдамасы, топқа бөлу әдістері туралы білімімді жетілдірдім. Балалардың қалай оқитындықтары туралы білім саласындағы заманауи жетістіктерге күмәнмен қарай отырып, өзіндік ой тұжырым жасауға үйрендім. Оқудың ынталандырушы-аффективті, әлеуметтік-мәдени теорияларының ішінде Авраам Маслоудың қажеттіліктер иерахиясына сүйеніп, оқушының өзін-өзі таныта білуіне баспалдақ жасап, әрбір мақсатты іс-әрекет арқылы тұлға қалыптастыру негізгі міндетіміз екеніне көз жеткіздім. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулі бойынша қалай оқу керектігін үйрету, сыныпта «оқуды үйрететін» білім ортасын құру, балалардың қалай оқитынын назарда ұстау бойынша білімімді жетілдірдім. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі бойынша сыни және рефлексивтік оқытудың маңызы зор екендігін түсіндім. Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінен табуды қажет ететін негізгі ерекшеліктер: ұтқырлық, сыңаржақтылықтың болмауы, пайым, тәртіп, өзіндік сана-сезім екендігін біліп, осы ерекшеліктерді әрдайым ескеріп отыруды үйрендім. Менің түсінгенім, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі бойынша бағалаудың мақсатын (оқытудың қиындықтарын анықтау, кері байланыс, уәж, болжау және сұрыптау, стандарттарды бақылау және орындау, оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау) дұрыс қоя білу. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану модулі бойынша сандық технологияларды қолдану арқылы сабақ тиімділігін арттыруға көз жеткіздім. Талантты және дарынды балаларды оқыту модулі бойынша Фриманның ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдеріне (есте сақтау және білім, өз білімін жетілдіру, ойлау қабілетінің жылдамдығы, мәселені шешу, икемділік, күрделілікке деген сүйіспеншілік, шоғырлану, ерте символдық белсенділік) сүйене білуді үйрендім. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу модулі бойынша, жас ерекшеліктеріне байланысты оқудың жекелеген теорияларын (бихевиористикалық , танымдық , гуманистік , әлеуметтік-жағдаяттық тәсілдерді) сыни көзбен салыстыруды үйрендім. Оқытудағы басқару және көшбасшылық модулі бойынша мұғалім іс-әрекеті (құндылықтарды анықтау, кәсіби міндеттерді анықтау, дамыту бағдарламасын құруға арналған келісім мен кеңестер, атқарылатын жұмыстардың жоспарын құру, атқарылатын жұмыстардың жоспарын құруға арналған келісім мен кеңестер, зерттеуге негiзделген көшбасшылықты дамыту бойынша жұмыс, кәсiби бiлiмдердiң дамуына жәрдемдесуге ықпал ететін желілік қоғамдастықтағы жұмыс) дұрыс әрі мақсатты жүргізу керек.

Мен үйренгенімді тәжірибеде қалай қолдана алдым және неліктен қолдандым? «Неліктен өзгеру қажет? Сіздің өзгеруіңіз қажет, себебі әлемдегі барлық адамдардың ішінен – мұғалімдер ғана үзіліссіз оқудың бағасын түсінеді. Оқу бір жерде тұрмайтынын, өзгерістің болмауы өсудің тоқтағанын білдіретінін түсінгендіктен сіз өзгересіз»-деп С Бич айтқандай, тәжірибеме біршама өзгерістер енгіздім. Себебі, дидакт - ғалымдардың айтуынша, дәстүрлі дидактикада жеті кемшілік бар:

1. Бала басқаруға қатыспайды, тек мұғалімге тәуелді.

2. Бала білім қажеттілігіне сенбейді, амалсыз айтқанды істейді.

3. Даму жан-жақты емес, сыңар жақ бағытта жүргізіледі.

4. Тапсырма жалпы беріледі, жеке ерекшеліктер ескерілмейді.

5. Іс ұжымдасып атқарылмайды, біріккен әрекет қана бар.

6. Өзара шынайы сұхбат жоқ, тек мәлімет алмасу жүреді.

7. Басты мақсат- адам тәрбиелеу емес, жоспар орындау ғана. Осы жеті кемшілікті жою біздің негізгі мақсатымыз болып табылады.

Сонымен, қорыта айтқанда алдағы уақытта келесі ғалымдардың пікірін басшылыққа алуымыз керек:

  • Біз танып білетіндеріміздің көбісін басқалардан аламыз (Л.Выготский).

  • Қарастырылып отырған мәселе сұхбатқа қатысушылардың барлығын қызықтыруы керек. Сұхбатқа қатысушылар қарама-қайшы пікірлерге түсіністікпен қарау керек.

  • Сондай-ақ физикалық және ментальды қажеттіліктері барларға құрметпен және түсіністікпен қарау керек.

  • Әлеуметтің барлық мүшелері талқылауға қатысу үшін мадақтау қажет (М.Жұмабаев).

Кез келген оқыту тәсілдері мұғалімнен, оқытушыдан терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, студенттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Сондықтан оқушының, студенттің рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана педагог қалыптастыра алады.

«Кембридж оқыту тәсілдері» оқу және оқыту үдерісіне тың серпіліс әкелгені белгілі. Оқыту тәсілдерінің өзектілігі мен өміршеңділігі іс жүзінде өз дәлелін табуда. Кембридж тәсілін басшылыққа алып ұйымдастыратын ұстаздар мен оқытушылар оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеріп, өз тәжірибесін жаңаша ұйымдастырып, жаңа форматты мұғалім санатында табысты жұмыстар атқаруда.

«Жаңа формация мұғалімі - бұл рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып дамыту үшін жауапты»- деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев айтқандай, біз мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орнының оқытушылары жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып дамыту үшін жауаптымыз.

Әдебиеттер тізімі:

1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – 1990. – 448 б.

2. Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жыл 17 қаңтар

4. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. ІІІ (негізгі) деңгей. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ. – Астана, 2012

5. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. –Алматы, 2001
6. Артықова Т.М., Қыстаубаева Ж. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі. -Алматы, 2005




Тіркелу үлгісі


1. Тегі, аты-жөні: Иманбекова Назира Нұрхалиқызы

2. Ғылыми дәрежесі, атағы: -

3. Ұйым, лауазымы: Тараз мемлекеттік педагогикалық институты Қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы

4. Мекенжай: Тараз қаласы, «Астана» мөлтекауданы 20-үй, 28-пәтер

5. Телефон: 87017534523,87009707182

6. Баяндама: Білім беруде Кембридж оқыту тәсілдерін қолданудың ерекшеліктері

7. Секция: Қазіргі кезеңдегі білім беруді дамытудың өзекті мәселелерінің психологиялық-педагогикалық аспектілері

8. Шақыру қажеттілігі: қажет емес

9. Электронды пошта: nazikosha_84@mail.ru


Краткое описание документа:

В работе расматривается внедрение семи моделей программы Кембриджского университета в преподавании казахского языка и литературы. Современные подходы в преподавании и обучении рассматриваются во взаимосвязи с действующей практикой учителя и профессионально-педагогическим контекстом.

 

This work is devoted to the introduction of seven modules of Cambridge University program in teaching Kazak language and literature. Modern approaches in teaching and educating are presented in interconnection with existing teacher's practice and professional-pedagogical context.

Автор
Дата добавления 19.11.2014
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров505
Номер материала 137282
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх