Уразгалиева
Асемгуль Танатаровна
қазақ
тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Класс:
2«Б»
Сабақтың
тақырыбы:
Күзде (слайд №1)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды жаңа сөздермен таныстырып, олармен үлгі бойынша сөз
тіркестерін, сөйлем құруға үйрету.Алған білімдерін диалог, сөзжұмбақ,
тірек-схема,жұмбақ,сурет салу тапсырмалар арқылы бекіту.
2.
Тәрбиелік: Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылыққа,әдептілікке,
әсемдікке, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу. Қоршаған ортаны қадірлеуге
баулу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту. Анықтау, ажырату,
ойлау қабілеттерін арттыру. Ауызша және жазбаша тілдерін әр түрлі тапсырмалар
арқылы дамыту.Сауатты жазуға, дұрыс сөйлеуге үйрету.
Сабақтың жабдықталуы: Суреттер,оқулық, жаңа
сөздер, сөзжұмбақ , ойын «Дұрыс айт», «Таныстыру», «Кім тапқыр» , үнтаспа,
интерактивті тақта.
Сабақтың
әдіс-тәсілі:
түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттықтыру, бекіту, әңгімелеу, сөйлесу,
ойландыру, әңгімелеу, т.б.
Сабақтың
түрі: Жаңа
білім беру сабағы
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру бөлімі
а) Амандасу
ә) Кезекшімен сұхбаттасу
-Бүгін класта кім
кезекші? Класта кім жоқ? Бүгін нешесі? (Слайд № 2)
б) Сенің атың кім?
в) Сен нешедесің?
-Балалар, қазір біз бір-бірімізге
«Сенің атың кім?», «Сен нешедесің?»сұрақтары арқылы өз білімдеріңізді тексеріп жіберейік.
2. Үй жұмысын тексеру
(жұмбақтар шешу) ( Слайд №3 )
1.Ұшымен қазық, 3.Жұқа
тастай бөлшегі,
Тор көзді жазық, Ұзындықтың
өлшемі. (Сызғыш)
Үстінен өттім,
Асыл сөз жазып.
(Дәптер) 4.Қабы отау,
2.Қабат-қабат қаттама, Діні
бояу. (Қарындаш)
Ақылын болса аттама. (Кітап)
5. Тілі жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде.(Қалам)
3. Сабақтың тақырыбы мен мақсатың хабарлау. ( слайд № 4)
-Балалар,қане бәріміз интерактивті тақтаға назар
аударайық.
-
-Нені тамашалап отырмыз, қандай жыл мезгілі?
-Күз
-Дұрыс.Ал күз қандай жыл мезгілі?
-Суық болады, жаңбыр жауады.
-Құстар қай жаққа ұшады?
-Құстар жылы жаққа ұшады.
-Дұрыс.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Күзде» деп
аталады. Бұл сабақта біз жаңа сөздермен танысамыз. Олармен сөзтіркесін, сөйлем
құрастырамыз.Алған білімдерімізді сөзжұмбақ шешу, сөйлесу , әр түрлі
тапсырмалар арқылы бекітеміз.
-Бүгінгі сауат ашу кезеңіміздің әрпі К к дыбысы,
дәптерлеріңізді ашыңыз күнің жадын жазыңыз. ( слайд № 5)
Қарашаның
жырма төрті
Класс жұмысы
Күз
Кк Кк Кк Кк Кк
Күз
күз Күз күз
-Жарайсыңдар!
3.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
а) Сөздік жұмыс ( слайд № 6)
- Енді, балалар, осы
сабағымыздың жаңа сөздермен танысайық.
Күзгі-осенний (-яя,-ее,-ие)
Қыркүйек-сентябрь
Қазан-октябрь
Қараша-ноябрь
Ұшып кетеді-улетают
-Мен оқимын,сіздер
қайталайсыздар.
ә) Ойын « Дұрыс айт»
-Балалар, енді жаңа сөздерді «Дұрыс
айт» ойыны арқылы бекітеміз.
( Мұғалім жаңа сөздерді
арластырып, оқушыға айтып, доп лақтырады.Ал оқушылар жауап береді).
в) Сөз тіркесін ,сөйлем құрастыру. ( слайд № 7)
-Енді
осы жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырайық.( Мұғалім әр сөздің суретін
көрсетеді).
-Мынау
не?
-Мынау
... алма,
жүзім,
ағаш,
анар,пияз
-Мынау
қандай ...?
-
Мынау ... ...
-(Мысалы:
үлкен алма, жасыл алма т.б.)
-Енді
үш сөйлемдерді дәптерлерімізге жазайық.
Ботагөз- Мынау қызыл алма.
4. Сергіту сәті ( слайд № 8)
- Шаршап қалған шығарсыңдар?
Сергіту сәтін өткізіп жіберейік.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Су құйғанда өседі.
5. Жаңа тақырыпты бекіту.
а) мәтінмен жұмыс ( слайд № 9)
1) кітаппан оқу
-Оқулығымыздың 45 бетін ашып
мәтінге назар аударыңыз.
2) мұғалім оқу.
-Ал енді мен мәтінді дауыстап
оқимын, ал сіздер кітаптан тексеріп отырыңыздар.
Күз
Күз айлары-қыркүйек,қазан,қараша.Қыркүйек-айында балалар мектепке барады.Құстар
жылы жаққа ұшып кетеді.Күзде жемістер, жидектер, көкөністер көп.
3)
орыс тіліне аудару
Осенье
месеца-сентябрь,октябрь,ноябрь.Сентябре месеца дети идут в школу.Птицы улетают
в теплые края.Осенью фрукты,ягоды,овощи много.
4) тізбектеп оқу
- Ал енді мәтінді тізбектеу
арқылы оқиық. (оқушылар бір-бір сөйлемнен оқиды)
5) топпен оқу
-Ал енді бәріміз бірге оқиық.
( Балалар, адам табиғаттың
бір бөлігі , сол себептен біз оны үнемі қорғауымыз, аялауымыз, қамқорлық
жасауымыз керек.
-Табиғатты қорғау кімнің
парызы?
- Менің. Сенің, оның, біздің
парызымыз.)
ә) Сөзжұмбақ шешу ( слайд № 10)
-Қазір сөзжұмбақ шешеміз.
а ғ а ш
А л м а
А л м ұ р т
Ж а п ы р а қ
А н А Р
Ө р і к
Ж ү з і м
П и я з
8. Шығармашылық жұмыс. ( слайд № 11)
-
Алдарыңыздағы ақ бет қағазға топпен күз мезгілі суретін салыңыз. (3 топ
қорғап шығады, ал мұғалім барлығын мақтайды, тек бір топтың жұмысына ерекше
назар аударады.) - Жарайсыңдар.
9. Сабақтың
қорытындысы.
- Балалар, бүгін не істедік?
Қандай жаңа сөздермен таныстық? Қандай ойындар ойнадық? Қандай тапсырмалар
орындадық?Тағы не істедік?
10.
Бағалау.
11. Үйге тапсырма беру. ( слайд №12)
4- тапсырма 46 бет, жаңа сөздерді жаттау
-Сабақ аяқталды. Сау болыңыз! Сау болыңыз.
Қосымша
тапсырма (
слайд № 13)
1.
Ойын «Кім тапқыр».
2.
3-тапсырма 45 бет топпен
ойын ретінде ойнау.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.