Инфоурок Другое Другие методич. материалыҚазақ тілінен баяндама мәтіні

Қазақ тілінен баяндама мәтіні

Скачать материал

Қосбаева Күнзия Қабидоллақызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

жоғары санатты оқытушысы

Батыс Қазақстан облысы

Ж.Досмұхамедов атындағы

педагогикалық колледж

 

 

СТУДЕНТТЕРДІҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ

 

      «Тіл дамытудың жоғары сатысы – тіл мәдениеті, мәдениетті сөйлеу. Өнер-білімге қанық адамдардың екпінді еңбегі нәтижелі болу үшін, тіл жұмсау дағдысы да соған сәйкес болу керек, өйткені ол ғасырлар бойы жетілу тарихында ескілік пен жаңалық ұласқан... байлықтар, тек оның асылын таңдап қолдана білу керек»,- деп санайды тіл мәдениетін арнайы зерттеген ғалым  М.Балақаев. Ол үшін тіл өнеріне жастайынан әуестік, ынта қалыптасуы қажет.

      Студенттердің тілін жетілдіруде, олардың қандай да болмасын ортада именбей сөйлей білуге машықтандыруда сөздік қорларының бай, тіліміздің айшықты да бедерлі мүмкіндіктерін пайдалана білуге дағдыландыруға көңіл бөлінуі тиіс. Бұл жұмыстың іске асырылуы студенттерді тілді жете, шын көңілден сезіне білуге тәрбиелеуге байланысты. Сондықтан тілден теориялық білімді меңгерте отырып, практикалық, зертханалық сабақтарда және сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстарда да тіліміздің көркемдегіш құралдарына мән беру, оларды мәтіннен тауып, ажырата білу және сөйлегенде өз сөздерінде қолдана білуге машықтандыруда тілдік сезімге сүйену және оны дамыту ұстанымын басшылыққа алып жүргізу тиімді болады. Нақтылап айтқанда, студент тілін жетілдіруге бағытталған жұмыстар олардың ана тілінің байлығын сезіне отырып, өздерінің қатысымдық дағдыларының дамуына ізденетіндей үлгіде болуы ескерілді.

      Тіл дамыту жұмысын: 1) сөз қорын молайту; 2) сөйлем құрау; 3) кітап оқуға байланысты жұмыстар деп үшке бөліп қарастырады.

Студенттер тілін дамыту, ең алдымен, олардың өздерінің белсенділіктеріне байланысты. Өйткені әр студент өзінің сөйлеу мәдениетін арттыруға, болашақ кәсіби шеберлігін жетілдіруге талпынбаса, белсенділік танытпаса, сөздік қорын толықтырып, жүйелі, мазмұнды сөйлеуге үйрене алмайды. 

Ондай қызығушылықты туғызуда сабақ кезінде тіл дамыту мақсатына сәйкес ұйымдастырылған жұмыстардың жүйелілігі, тартымдылығы басты рөл атқарады. Оқытушының студентті көркем де шешен сөйлеуге ынталандыратын түрлі әдістерді орынды пайдалана білуінің ықпалы күшті. Жоғары оқу орнында студенттерге теориялық білім берумен қатар олардың сөйлеу тілінің сапасын арттыру кешенді жүргізілген жұмыстар арқылы іске асады. Сондықтан тіл дамыту бағыттары кешенді жұмыстар бойынша жүргізілуі қажет. Ондай жұмыстар морфологиялық жаттығулар, іскерлік ойындар, ойталқы, ойбөліс, шығармашылық т.б. тапсырмалар. Мұндай тапсырмалар студенттің өзінің сөйлеген сөзіне мән беріп, сөзінің мазмұндылығы, баяндауының жүйелілігі, мәнерлілігі, сөздік қорының байлығы, бейнелі сөздерді пайдалануы секілді шеберліктерді игеруіне ықпал етеді. Сөйтіп, студент тілдік қатынас кезінде тілдік құралдарды таңдап, жүйелі сөйлеуге төселеді. Студенттің жеке тұлға ретіндегі мәдениеті, ой-өрісі, дүниетанымы әдеби тілде сауатты сөйлей білуі – болашақта жақсы маман болуының кепілі. Ол өз ойын жүйелі де сенімді түрде жеткізе білуге, пікірін дәлелдей білуге дағдылануы қажет.

Естіген, ұғынған жаңа сөздерді қатыстыра отырып, сөйлемді дұрыс құрап дағдылану, өз ойын жүйелеп, дәлелдеп айта білумен, онда да тек қана айта білу емес, эпитет, теңеулермен көркемдеп сөйлей білгенде ғана жүзеге асады.

 Сөзді білгенмен, ойды білдіруде сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөйлем құрай алмаса, ойды басқаға жеткізу қиын.

   Студенттердің сөйлеу әрекетінде қиялдың орны ерекше. Олар өзіне, студенттік өмірге, қоғамға қатысты мәселелер бойынша әңгіме ғана емес, пікірталас, ойбөліске қатысып, өздерінше тұжырым жасап, талқылауға белсене қатысады. Бұл ретте студенттің оқыған шығармаларындағы оқиғаларды одан әрі дамытып, мәтін құрастыруы, сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрастырып, бейнеленген заттар, оқиғаларды ойша жалғастырып әңгімелеуі, мақал-мәтелдердің мазмұнына қарай мәтін құрастыруы т.б. жұмыстар тіл дамытуды жетілдіру мүмкіндігін кеңейтеді.

  Тіл дамыту ісінде студенттердің байқау қабілетінің де маңызы зор. Студенттер заттардың, құбылыстардың ерекшеліктерін түсініп, ажырату үшін оларды байқауға, байқағыштыққа үйрету керек. Психологтардың пікірінше, байқау дегеніміз – белгілі мақсат пен объектіні әдейілеп қабылдау. Байқағыштық студенттерді өздері бақылаған құбылыстар мен заттардың ерекшеліктерін ажыратуға, түсінуге, олардың арасындағы айырмашылықтар мен байланысты таба білуге жетелейді. Бақылау жұмыстары арқылы студенттер зейін қойып, зерттеп түсінген құбылыстары жайында өз ойларын жазбаша да, ауызша да жеткізе алады.

  Сөз бен көрнекілік – тіл дамытудың күшті құралы. Көрнекілік сабақты түрлендіреді, студенттің назарын өзіне тез аударады, ынтасын арттырады, есте сақтауына, сезіміне әсер етеді, сөйлеуге тілдік жағдаят жасайды. Сызба, кесте, картина, суреттер т.б. көрнекіліктерді орынды пайдалана білу оларды байқағыштыққа, оймен топшылауға, сөйлеу шеберлігіне төселуге, мәтін құрастыруға дағдылануға игі әсері бар.

Студент тілін дамытуда көрнекіліктің мына түрлері қолданылды:

1) графикалық көрнекіліктер: сызба, кесте, карточкалар;

2) иллюстрациялық көрнекіліктер: фотосуреттер, открыткалар, сюжетті суреттер;

3) өлкетануға байланысты көрнекіліктер. 

Сюжетті суреттер – студенттер тілін дамытуда үлкен қызмет атқаратын көрнекілік. Сурет мазмұнын ауызша әңгімелеу, оны өңдеп, жазбаша әңгіме жазу – тіл дамытудың ең ұтымды жолы. Жұмыстың бұл түріне мынадай қорытынды жасауға болады: сюжетті суретті тіл дамытуда қолдану – өте пайдалы әдіс; студенттердің осы жұмыс түрлеріне белсенді қатысуы – жаңаша жаңғыртып оқыту технологиясын қолданудың нәтижесі; сурет туралы студенттердің өз пікірлерін ашық, дәлелді айта білулері олардың өздерін субъект, жеке тұлға ретінде сезінулеріне байланысты; суретті әр студенттің дұрыс түсініп, дәл талдауы тіл дамытумен бірге ойды дамыту жұмысының жүргізілуімен байланысты; бұл жұмыста тақырыпқа қызығу, тақырыптың студентке таныстығы да үлкен қызмет атқарады. Сурет студенттің жан дүниесіне, сезіміне әсер етіп, оның көңілінің ауытқуына мүмкіндік бермейді.

    Тәжірибе барысында студенттердің сөздерді дұрыс, орынды қолданып, сөйлеу шеберлігіне дағдыландыруда шешендік сөз үлгілерін, бейнелі сөздерді, мақал-мәтелдерді пайдалану басты назарда болды.

Билердің шешен сөздері жаттығуларда екі түрлі мақсатта қолданылды:
Билердің шешен сөздері морфология жаттығуларында мәтін қызметін атқарды. Тәжірибе кезінде оқу құралындағы жаттығулардың ең кем дегенде екеу-үшеуінің орнына билердің сөздері мәтін ретінде пайдаланылды. Мақсат – билер сөзінің студент есінде сақталуын қамтамасыз ету, өйткені грамматикалық тапсырманы орындау үшін, студент жаттығу ретінде алынған билер сөзін бірнеше рет оқиды. Осылайша мәтінді қайталап оқудың есте сақтауға мүмкіндігі мол және әр мәтін бойынша жүргізілетін жұмыс соңында студент мәтін туралы өзінің пікірін білдіруі тиіс. Ол сөйлеу дағдысын қалыптастырады.

Сондықтан шешендік сөздерді мәтін ретінде қолдану ұтымды саналды.
Мақал-мәтелдің студенттерге тәрбие берерлік жағы да, сөздік қорды толықтыру үшін теңдесі жоқ қазына екендігін ұғындыру мақсатында тәжірибеде мақал-мәтелдер арқылы бірнеше жұмыс түрлері қолданылды: антоним сөздерден жасалған мақалдарды тауып жазу, антонимдердің қай сөз табынан жасалғанын айту, қатыстық сын есімдері бар мақалдарды жазу, құрамында көмекші есім кездесетін мақалдарды тауып жазу, тәуелдік жалғаулы сөзі бар мақалдарды жазу, берілген мақалдардағы есімшелерді тауып және мақалдардың мазмұнын ашу, мақал-мәтелдің қалған бөлігін тауып жазу және сөздерге морфологиялық талдау жасау, мақал құрамындағы бір сөзді ғана атап, сол сөзі бар мақалды табу секілді тапсырмалар жүргізілді. 

Мұражайларға саяхат – сабақтан тыс өткізілетін жұмыс. Олардың нәтижелерінде де тіл дамыту мақсаты көзделді. Осы мақсатқа студенттердің қалай жеткені семинар сабақтарында студенттер баяндамасын талқылау, ойбөліс кештерінде студенттердің пікірлесімін ұйымдастыру, конференцияларда талқылау, өздік жұмыс ретінде қабылдап, бағалау түрінде жүргізілді. 

Студенттердің ауызша сөйлеу тілі мазмұнға бай және мәнерлі, көркем болуы үшін мәтін арқылы жаттықтыруды салалы жүргізу керек.

Мәтінмен жұмыс жасаудың маңызы үлкен.Яғни, шығарма мәтінін оқыту, мәтінмен дербес жұмыс жүргізу, әңгімелесу, салалы жаттықтыру жұмыстарын жүргізу, тәжірибелік дағдыларға үйрету, жаңа сабақта сұрақтар арқылы әңгімеге араластыру, оқулықпен, қосымшалармен өздігінен жұмыс істеу.

Студент алдымен мәтінде берілген жаңа сөздермен танысып, ұғып, үйреніп, сөз тіркесін құрып, түрлі жұмыстар жасап, есте сақтайды. Жаңа сөзбен жұмыс үстінде бұрынғы білетін сөзін қайталап отырады. Сонымен 6ipгe мәтін оқылып, талданып, оның мазмұн белгілерін таниды.

Негізгі белгілері:

1) тақырыптың тұтас мазмұны;

2) мәтіндегі негізгі ой-тұжырым;

3) ойдың өрістей отырып, байланасуы;

Әр жұмыста сөз, сөз тіркесі, оның байланысы, студенттердің өздері құрастырған сөйлемдері, басқа түрлі жұмыстар жасалып, есте сақталып отырады.

Сонымен, мәтінмен жұмыс студенттің тілдік іскерлігімен қатар, оның жалпы дүниені танып білуін қалыптастырады.Мұндай мәтінмен жұмыс студенттің қазақша ойлау қабілетін және тілін дамыту мақсатында үлкен нәтиже береді.

Мұңдай жағдайда студенттерге төл сөздерімізді дұрыс айтуға дағдыландыру, сөздік қорын дамыту, сөздікпен жұмыс арқылы есте сақтау қабілетін дамыту, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ауызекі сұрақ - жауап жұмыстары арқылы тілін дамыту, мәнерлеп оқытуды үйрету, т.б көптеген мәселелерді қамтимыз.

  Тілдің сөздік қоры байлығының бір көрсеткіші – синоним сөздер. Синоним сөздерді көп білу жеке адамның да сөздік қорының бір ұтымды көрсеткіші болып табылады. Сондықтан студент тілін дамыту үшін морфологияны оқыту үдерісінде синонимдерді тақырыппен байланыстыра отырып, сөздік қорды жетілдіруге назар аудару керек. Ол үшін синонимдердің ерекшеліктерін морфологиялық тұлғалармен байланыстыра қарастыру қажет. Синонимдердің ең басты ерекшелігі – олар қанша сөзден тұрса да бір ұғымды білдіріп, бір ғана сөз табына қатысты болады.Синонимнің осы ерекшелігіне сәйкес оларды өздері қатысты сөз таптарына қарай пайдалану қажет.

   Тек грамматиканы оқыту арқылы, тек сөздік қорды байыту арқылы шебер сөйлеуді қалыптастыру мүмкін емес. Бай сөздік қорды грамматикалық заңдылықтар бойынша қолдана білуге үйрету арқылы әсерлі, әдемі сөйлеуді қалыптастыруға болады. 

Студенттердің қазақ тілінде сөйлеу кабілеттерін жетілдіру білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады. Қазақ тілі арқылы студенттер еліміздің мәдениетін, салт - дәстүрін меңгереді, еліміздің қазіргі ахуалымен, тыныс - тіршілігімен танысады. Қазақ тілінде студенттер дұрыс қарым - қатынас жасай алу үшін, олар ауызша айтылған сөзді тыңдап түсінулері тиіс.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Ж.Қ.Балтабаева  «Жоғары оқу орнында студенттер тілін дамытудың

                                       ғылыми-әдістемелік негіздері»

2.Ғ.Бегалиев  «Қазақ тілі әдістемесі»

3.А.Қыдыршаев  «Шешендіктануды оқытудың ғылыми-әдістемелік

                                       негіздері»

4.Ырғызбаева Қ.Б   «Мәтін арқылы тілді дамыту»  

 

 

                  

Түйіндеме

Бұл баяндамада студенттердің сөйлеу тілін жетілдіруде, олардың қандай да болмасын ортада тіл мәдениетін, мәдениетті сөйлеуін қалыптастыруда  тіл дамыту жұмыс түрлері және оларды қалай жүргізу керектігі туралы айтылады.  

Аннотация

         В данной статье говорится о видах  работы развития  разговорной речи и  соблюдения культуры  языка студентов в любой среде  общества и о том, как нужно вести виды работ для развития речи студентов.

 

Resume

         In this article it is said about the ways of work in developing students’ speech levels and compliance of language culture in any society and about the ways of how to work in developing students’ speech levels.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілінен баяндама мәтіні"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бухгалтер

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

      «Тіл дамытудың жоғары сатысы – тіл мәдениеті, мәдениетті сөйлеу. Өнер-білімге қанық адамдардың екпінді еңбегі нәтижелі болу үшін, тіл жұмсау дағдысы да соған сәйкес болу керек, өйткені ол ғасырлар бойы жетілу тарихында ескілік пен жаңалық ұласқан... байлықтар, тек оның асылын таңдап қолдана білу керек»,- деп санайды тіл мәдениетін арнайы зерттеген ғалым  М.Балақаев. Студенттердің тілін жетілдіруде, олардың қандай да болмасын ортада именбей сөйлей білуге машықтандыруда сөздік қорларының бай, тіліміздің айшықты да бедерлі мүмкіндіктерін пайдалана білуге дағдыландыруға көңіл бөлінуі тиіс. 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 833 материала в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.01.2015 2390
    • DOCX 20.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қосбаева Кунзия Кабидуллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Қосбаева Кунзия Кабидуллаевна
    Қосбаева Кунзия Кабидуллаевна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14895
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Мини-курс

Эмоциональная связь между родителями и детьми

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Детские и взрослые эмоции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное создание и продвижение школьной газеты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе