Инфоурок Иностранные языки Рабочие программыҚазақ тілінен дидактикалық сызбалар

Қазақ тілінен дидактикалық сызбалар

Скачать материал

Тасымал

   Тасымал – сөзді жазған кездегі оның жолға сыймай қалған бөлігін келесі жолға көшіру.

   Тасымал буынға негізделеді. Яғни, сөздер тек буын жігімен тасымалданады. Мысалы:«Кереге» сөзін екі жолмен тасымалдауға болады: ке-реге, кере-ге;

 

Тасымалдауға болмайтын жағдайлар:

1.    Тек бір дауысты дыбыстан тұрған ашық буынды тасымалдауға немесе жолда қалдырып кетуге болмайды. (а-та, ә-ке, арми-я.)

2.    Бір буыннан тұратын сөзді тасымалдауға болмайды. (қант, төрт, бұлт.)

3.     Қысқарған сөздерді тасымалдауға болмайды. (ТМД, КазҰУ, КазМУ, ҚР)

Ескерту: сөздердің бірінші буындарынан қысқарған сөз (кеңшар) бен бірінші сөздің бірінші буыны мен екінші сөзі толық күйінде қысқарған сөз (педколледж) тасымалданады.

 4. Адам атының қысқартылып алынған әрпін фамилиясынан айырып бірінші жолда қалдыруға болмайды. (А.Қ.Жабаев, М.О.Әуезов, Қ.С.Мусин)

 5. Қысқарған өлшем бірліктерін сандардан айырып тасымалдауға болмайды.   (15 см, 20 кг, 100 г)

 

Екпін

   Екпін – сөздің айтылған кездегі белгілі бір буынның ерекше көтеріңкі дауыспен айтылуы.

   Қазақ тілінде екпін тұрақты, көбінесе сөздің соңғы буынына түседі. Сөзге қосымша жалғанғанда, екпін қосымшаға,яғни соңғы буынға ауысып отырады. Мысалы: Еңбек, Еңбекші, Еңбекшілер, Еңбекшілерді.

Екпін түспейтін сөздер мен қосымшалар:

1.                 Жіктік жалғауына екпін түспейді: оқушымын, барамыз т.б.

2.                 Болымсыз етістіктің жұрнағына

(-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) екпін түспейді: айтпа, барма, келме

3.                 Көмекші сөздерге екпін түспейді: ғой, шейін, соң, арқылы т.б.

 

 

Диалект сөз

   Диалект сөз – белгілі бір аймақта ғана тек ауызекі  тілде қолданылатын сөздер. Мысалы, «сым» сөзі Оңт.Қазақстанда ғана қолданылады.

   Диалект сөздер көбіне кәсіби сөздер болып келеді.

   Қазақ тілінде диалект сөздерге арналған арнайы диалектологиялық сөздік бар.

Диалект сөз

Әдеби баламасы

сым

Шалбар

азанда

Таңертең

бәдірен

Қияр

оттық

Сіріңке

көпшік

Жастық

Кірме сөз

   Кірме сөз – ана тілімізге шет тілінен енген сөздер. Мысалы:

Араб тілі: қалам, ғылым, отан, мұғалім, т.б.

Парсы тілі: тақта, дос, нан, апта, т.б.

Орыс тілі: парта, кино, цирк, т.б.

   Кірме сөздердің көпшілігінде буын үндестігі сақталмай, дауысты дыбыстары жуан-жіңішке болып араласып келе береді.

    Кірме сөздер – тілдің сөздік құрамын байытатын тәсілдердің бірі.

 

Кәсіби сөз

Кәсіби сөз – белгілі бір кәсіпке, шаруашылыққа, өнерге байланысты қолданылатын және негізінен сол кәсіппен айналысатындарға ғана түсінікті сөздер.

Мысалы: көнек, қауға, жылым, күнжара, ау, атыз, шиіт, сүзекі тоспай, торша, т.б.

 

 

 

Табу сөз

     Табу сөз (бұрмалау) – қазақ дәстүрі бойынша тура айтуға тыйым салынғандықтан, бұрмалап аталған сөздер.

     Табу – индонезия тіліндегі «тыйым салу»деген мағынадағы сөзден шыққан. Бұл ұғым қазақ салт-дәстүрінде жиі қолданылады. Мәселен, жаңа түскен келіннің күйеуінің туыстарын өз атымен атамай, оларға лайықтап ат қоюы: шырайлым, айдарлым, төре жігіт, мырза жігіт.

     Табу сөздің көпшілігі әр түрлі наным-сенімнен, ырымдардан туындаған.  

Себеп

Табу сөз

Негізгі сөз

Табиғаттың дүлей күші

жасыл түсті

жай түсті

Ауру түрі

жаман ауру

қылтамақ

Аң аттары

Ұлыма

қасқыр

 

 

Мақал

    Мақал - өмір құбылысын жинақтай отырып, түйінді пікір айтатын ықшам сөз өрнегі.

    Оның мәтелден ерекшелігі:

1.                       Құрылысы жағынан екі, үш бөлімді болады.

2.                       Ой нақты айтылады.

3.                       Ақыл-кеңес, үлгі-өнеге түрінде айтылады.

Жақсы бала ата-анасын төрге сүйрейді,

Жаман бала ата-анасын көрге сүйрейді.

Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.

Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан болған артық.

 

Мәтел

Мәтел – белгілі бір ойға, ұғымға ишара жасайтын, астарлап, жұмбақтап айту мәні басымдау болатын халық мұрасы.

Оның мақалдан ерекшелігі:

1.                       Көбіне бір бөлімді болады.

2.                       Ой ишара, тұспал түрінде айтылады.

3.                       Көбіне эмоциялық мағына басым болады.

 

Көппен көрген- ұлы той.

Әлін білмеген әлек.

Ел құлағы – елу.

Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарар.

Нақыл сөз

Нақыл сөз (афоризм) – мағынасы терең, ойды қысқаша бейнелейтін,

мақал-мәтелге ұқсас, айтуға оңай көркем сөз тіркесі.  Яғни қысқа әрі ойлы, авторы белгілі, тұжырымды ереже-қағидалар. Мысалы:

Еккенің тіккен болса, орғаның балауса болмас. (М.Әуезов)

 

Омоним

Омоним - дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары әр түрлі сөздер.

Мысалы: «Жақ» сөзінің омонимдік мағыналары:

Адамның жағы

От жақ

Оң жақ

Маған жақ бол

Қара бояу жақ

Омонимдердің жасалу жолдары:

1.         жұрнақ арқылы: шығыс (шық+ыс),

жастық (жас+тық);

2.         Кірме сөз арқылы: бақ (парсышы – бақт), сап (арабша – саф);

3.         сөздің дыбыстық өзгеріске ұшырауы: біз (бігіз);

Қосымша:

Көп мағыналы сөз бен омоним сөздің айырмашылығы:

а) Омоним сөз жеке тұрып, бірнеше мағынаны білдіреді, ал көп мағыналы сөз екінші сөзбен тіркескенде ғана бірнеше мағынаны білдіре алады.

ә) Омоним сөздің мағыналарының арасында ешқандай мағыналық ұқсастық болмайды. Мысалы, адамның жағы, отты жақ дегендегі «жақ» сөзі бірінде есім сөз болып, дене мүшені білдіріп тұр, бірінде етістік ретінде қимылды білдіріп тұр. Ал көп мағыналы сөздің мағыналарының арасында ұқсастық болады. Мысалы, судық басы (бұлақ), таудың басы (шың) сөздің басы (сәлем) дегендегі «бас» сөзі бірінде «бұлақ», бірінде «шың», бірінде «сәлем» деген мағыналарды білдірсе де, бәрінде де бір нәрсенің басталу орны, басталар жері деген мағынаны білдіріп тұр.

            

 

 

 

Антоним

    Антоним – мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер.

    Аласа – биік

    Ұзын – қысқа

    Суық – ыстық

    Ақ – қараша  

    Жақын – алыс

    Су жүрек – жүрек жұтқан

 

 

 

 

Синоним

     Синоним – айтылуы әр түрлі, бірақ мағыналары бір-біріне жақын сөздер. Мысалы:

а) сабырлы, байсалды, төзімді, ұстамды, салмақты, байыпты.

ә) бет, жүз, дидар, әлпет, келбет, ажар.

Синонимдерді қолданудың мынадай тәсілдері бар:

1. Алдыңғы сөйлемде немесе қатар тұрған тексте бір рет пайдаланылған сөзді қайталамас үшін оны басқасымен алмастырады. Мысалы: Ерегісте ер өлер, батыр егессе, екеуінің бірі өлер (Мақал). Айнала шабытты еңбек, қызу жұмыс.

2. Белгілі бір ұғымды түрлі белгілерімен жан-жақты сипаттап көрсету үшін синонимдер бір-біріне қарсы қойылып та тұра береді. Мысалы: Бет көрсе, жүз ұялады (Мақал). Қауіп бар жерде қатер бар (Мақал). Ақтамақ жымиса, ол ыржияды. Ақтамақ мырс етсе, ол жарқылдап күледі. (Ғ.Мұстафин). Ата дұшпан сен едің, ата жауың мен едім (Махамбет).

3. Белгілі бір ұғымды әр жақтан толық сипаттап беру үшін 2 немесе 3-4 синоним сөз қатарынан қолданылады. Мысалы: Балташ жолдасқа опашыл, уәдешіл болатын (Ж.Аймауытов). Жылатушы көп болса, уатушысы, жұбатушысы да мол болған ел сорлы бола ма ? (М.Әуезов). Дәл қасымызда үш бастау, қайнар, бұлақ бар (Ә.Тәжібаев). Жақып езіліп, еріп, балқып кеткен сияқты болады. (Ғ.Мұстафин). Ибалы, инабатты, ізетті жандар қазақта баршылық («Жас алаш»).

4. Тілдегі синонимдерді жекелеп те, кезектестіріп те, жұптап та, топтап та қолданғанымыз сияқты бұларды қосарлап та пайдалануға болады. Мысалы: күш-куат, құрбы-құрдас, ар-ұят, аман-сау, өсіп-өну т.б. Екі синоним сөз қосарланып қолданғанда бұлардың бұрынғы жеке мағыналары абстракцияланып ( яғни жалпыға айналып), білдіретін ұғымның көлемі кеңейеді. Мұндағы күрделі ұғым екі сөздің дара мағыналарының жиынтығынан шығады.

5. Қазақ тілінде мағыналас екі сөз қатар келіп, алдыңғысы соңғысын анықтап, мағынасын күшейтеді. Мысалы: кең байтақ ел, айдын шалқар көл, қырмызы қызыл жібек, заңғар биік тау, зәулім биік үй т.б.

6. Синоним тек жеке сөздерден ғана емес, фразалық тіркестерден де кездеседі. Көңілдегі көрікті ойды сөзбен кестелеп айтып беру үшін фразалық тіркестер де тілде орасан зор қызмет атқарады. Мәселен, Кеңес армиясы 1945 жылы неміс басқыншыларын талқандады деген сөздің орнына жермен - жексен етті, күлін көкке ұшырды десек, сөзіміз әлдеқайда  күшті шыққан болар еді. Сондай-ақ екі синоним сөздің қатар қолданылғаны тәрізді мағына жағынан өте жақын екі фразалық тіркестер де қаз-қатар жұмсала береді. Мысалы: Қатерлі қауіп төнген күндер де өтті, итжығыс, бірде олай, бірде бұлай (Қ.Айнабекұлы). Бармақ шайнап, сан соғып, құсамен өткен өмір ғой – бұл да бір (Қ.Жұмаділов).

7. Синонимдерді жеке сөз бен жеке сөз, қос сөз бен қос сөз, фраза мен фраза күйінде ғана емес, араластырып та жұмсай беруге болады. Мысалы: Ақсақал абдырды, састы, қысылды, жан терге түсті (Ж.Аймауытов). Гүлнаш апай ақтарылмады, шешіліп сыр жармады (Т.Әлімқұлов).

8. Синонимдерді қолданудың тағы бір тәсілі – парафраза. Бұл сөздің мәнісі жеке сөздің орнында оның түсінігін сипаттап беру болып шығады. Мәселен, Алматы дегеннің орнына Қазақстанның астанасы, М.Әуезов деудің орнына «Абай жолы» романының авторы, Күләш деудің орнына қазақтың бұлбұл әншісі деп қолдануға болады. Парафраза бір заттың белгілі бір қасиетінайрықша атап өткісі келгенде, немесе соған ерекше назар аудартып, ден қойғызу мақсатында қолданылады. Кейде бір сөзді қайталамай, ойды түрлендіріп баяндау үшін де жұмсалады.

9. Мағынасы жағымсыз сөздердің мәнін тыңдаушыларға жеңілдетіп, жұмсартып айту тәсілін тіл білімінде эвфемизм деп айтады. Бұл да тіл мәдениетінің бір тәсілі болып саналады. Мәселен, өсек-аяң дегеннің орнына жаяу почта, ұзын құлақ, сымсыз телефон деп, өтірік сөз дегеннің орнына  қоспа деп, өсекші дегеннің орнына жеңіл ауыз деп, пара дегеннің орнына ауыз бастырық деп, ұрлық дегеннің орнына жиендік деп, қартаю дегеннің орнына жасы ұлғаю деп жұмсартып қолдана беруге болады. Мәселен, М.Әуезов «Абай жолы» атты романында Абайдың өлімін мынадай эвфемизмдер арқылы бейнелеген: «Осылайша айналасы айықпаған сұр тұман, суық заман ішінде ұлы жан дүниеден көшті. Мағаштың қырқын беріп болған күннің ертеңінде Абай және қаза тапты. Ұлы кеуденің демі тоқталды. Шел даланы жарып аққан дариядай игілік өмір үзілді. Сонау бір шақта тасты тақыр, жалтыр биік басына жалғыз шығып, зәулім өскен алып шынар құлады. Өмірден Абай кетті». Мұнда жазушы Абай деудің орнына бірде ұлы жан, бірде ұлы кеуде, бірде игілік өмір, бірде зәулім өскен алып шынар деп парафраза тәсілімен ерекше назар аудартқызып отырған болса, өлді деген жағымсыз сөздің орнына дүниеден көшті, қаза тапты, демі тоқталды, үзілді, құлады, кетті сияқтанған эвфемизмдер қолданған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Дара сөз          Күрделі сөз

1. түбір сөз   1. қос сөз

2. туынды     2. біріккен сөз

    сөз             3. қысқарған  

                         сөз

                      4. тіркескен сөз

 

1. зат есім

2. сын есім

3. сан есім

4. есімдік

5. етістік

6. үстеу

7. шылау

8. еліктеу сөз

9. одағай

 

1. Жалғау         2. Жұрнақ

1. көптік      1. сөз

2.  септік       тудырушы

3. жіктік      2. сөз

4. тәуелдік    түрлендіруші

 
 

 

 

 

 

 

 


                                                         

 

 

                                                                                

                                                                       

 

 

 

 

А) Біріккен сөздің сыңарлары тұлғасын өзгертіп біріксе, оны кіріккен сөз деп айтады. Мысалы: Биыл (бұл жыл), бүгін (бұл күн), әкел (алып кел), апар (алып бар), ендігәрі (ендігіден әрі), жаздыгүні (жаздың күні) білезік (білек жүзік), қарлығаш (қара ала құс), ағайын (аға іні), қол

 

ғанат (қол қанат), сексен (сегіз он), сәресі (сахар асы) т.б.

 

Ә) Қайталама қос сөздің 4 түрлі жасалу жолы бар:

1. Қосымшасыз бір түбірдің қайталануынан жасалады. Мысалы, үлкен-үлкен, су-су, тікен-тікен, қора-қора, қарқ-қарқ, ұсақ-ұсақ т.б.

2. Қосымшалы бір түбірдің қайталануынан жасалады. Мысалы: бара-бара, айтып-айтып, үйдей-үйдей, сөйлей-сөйлей, бір-біріне, көзбе-көз, келер-келмесін, орынды-орынсыз, қолды-қолына, он-ондап т.б.

3. Түбірдің бір сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап жасалады. Мысалы, кісі-місі, қағаз-мағаз, кітап-мітап, шай-пай, қалт-құлт, жалт-жұлт, тас-мас, тіс-міс, мәре-сәре, кемпір-семпір, нан-пан, сатыр-сұтыр, салдыр-гүлдір т.б.

4. Бір сыңары ықшамдалып жасалады.  Мысалы, теп-тегіс, жап-жасыл, ап-ащы, сұп-сұр т.б.

 

Б) Қосарлама қос сөздің 5 түрлі жасалу жолы бар:

1. Сыңарлары синонимдес болып келеді. Мысалы, зәре-құт, ашу-ыза, дос-жар, тәлім-тәрбие, ыдыс-аяқ, етек-жең, өнер-білім т.б.

2. Сыңарлары антонимдес болып келеді. Мысалы, оңды-солды, әрі-бері, ірілі-ұсақты, үлкенді-кішілі, ілгері-кейін т.б.

3. Бір сыңарлары мағынасыз болып келеді. Мысалы, арық-тұрық, бала-шаға, емін- еркін, жүн-жұрқа, көйлек-көншік, киім-кешек, көрші-қолаң, кедей-кепшік, жоқ-жітік т.б.

4. Екі сыңары да мағынасыз болып келеді. Мысалы, анда-санда, ығы-жығы, қым-қуыт, әңкі-тәңкі, ту-талақай, алба-жұлба, тым-тырақай т.б.

5. Сыңарлары әр түрлі сөздер болып келеді. Мысалы, ғылыми-көпшілік, саяси-әлеуметтік, этно-мәдени, үнді-еуропа т.б.

 

В) Қысқарған сөздің жасалуының 4 жолы бар:

1. Күрделі атау сөздердің құрамындағы әрбір сөздің тек басқы дыбыстарынан ғана қысқарып бірігеді. Мысалы, ТМД, БҰҰ, АҚШ т.б.

2. Күрделі атау сөздердің құрамындағы бірінші сөздің басқы буынынан және соңғы сөздердің басқы дыбыстарынан қысқарып бірігеді. Мысалы, ҚазҰПУ, ҚазМҰУ т.б.

3. Күрделі атау сөздердің құрамындағы әрбір сөздің басқы буындарынан қысқарып бірігеді. Мысалы, кеңшар (кеңестік шаруашылық), ұжымшар (ұжымдық шаруашылық), физмат (физика-математика) т.б.

4. Күрделі атау сөздердің құрамындағы бірінші сөздің басқы буынынан және соңғы сөздің түбір күйінде айтылуынан құралады. Мысалы, пединститут, медколледж, медпункт т.б.

      Сондай-ақ қысқарған сөздерге шартты таңбалар да жатады. Мысалы, см (сантиметр), га (гектар), кв (киловатт), т.б. (тағы басқалар), т.с.с. (тағы сол сияқтылар)

      Қысқарған сөздердің 1, 2-түріне және шартты таңбаларға қосымшалар сызықша арқылы жалғанады. Мысалы, ТМД-ға, АҚШ-қа, см-ге т.б.

 

Г) Тіркескен сөздің екі түрі бар: еркін тіркес және тұрақты тіркес.

      Еркін тіркестің құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе басқа сөзбен алмастыруға болады. Мысалы, ұзақ ауыл, шалғай ауыл, ауылдың ең ұзағы т.б.

      Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе басқа сөзбен алмастыруға келмейді. Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздер бірігіп бір ғана мағына береді. Мысалы, қас пен көздің арасында (тез) деген тіркесті кірпік пен көздің арасында десек «тез» деген мағынаны бермейді.

 


Тәуелдік жалғауы

 

Жақ

Жекеше түрі

 

Көпше түрі

І жақ

 

-м, -ым, -ім

-мыз, -ымыз, -міз, -іміз

ІІ жақ

 

-ң, -ың, -ің

-тарың, -терің, -дарың, -дерің, -ларың, -лерің

 

 

-ыңыз, іңіз, -ңыз, -ңіз

-тарыңыз, -теріңіз, -дарыңыз, -деріңіз, -ларыңыз, -леріңіз

ІІІ жақ

-сы, -сі, -ы, -і

-сы, -сі, -ы, -і

 

 

Жақ

Жекеше түрі

 

Көпше түрі

І жақ

 

Менің үйім, қаламым

Біздің үйіміз, маламымыз

ІІ жақ

 

Сенің үйің, қаламың

Сендердің үйлерің,

 қаламдарың

 

 

Сіздің үйіңіз,

 Қаламыңыз

Сіздердің үйлеріңіз,

қаламдарыңыз

ІІІ жақ

Оның үйі, қаламы

Олардың үйі, қаламы

 

 

 

 

 

Септік жалғауы

Атау                     

Кім? Не?

 

Ілік

Кімнің? Ненің?                         

-ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің

Барыс 

Кімге? Неге? Қайда?             

-а, -е, -қа, -ке, -ға, -ге, -на, -не

Табыс

Кімді? Нені?                             

-ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н

Жатыс

Кімде? Неде? Қайда ?              

-да, -де, -та, -те, -нда, -нде

Шығыс

Кімнен? Неден?                       

-дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен

Көмектес

Кіммен? Немен?     

 

                

-мен, -бен, -пен, -менен, -бенен, пенен

 

 

 

 

 

                                                      

                                                   

 

 

 

 

 

      

Жай септеу

Тәуелді септеу

А. Үй

А. Үйім

І. Үй-дің

І. Үй-ім-нің

Б. Үй-ге

Б. Үй-ім-е

Т. Үй-ді

Т. Үй-ім-ді

Ж. Үй-де

Ж. Үй-ім-де

Ш. Үй-ден

Ш. Үй-ім-нен

К. Үй-мен

К. Үй-ім-мен

 

 

 

 

 

 

 

 

Жіктік жалғауы

 

Жақ

Жекеше

Көпше

І

Мен дәрігермін, оқушымын

Біз дәрігерміз, оқушымыз

ІІ

Сен дәрігерсің, оқушысың

Сіз дәрігерсіз, оқушысыз

Сендер дәрігерсіңдер, оқушысыңдар Сіздер дәрігерсіздер, оқушысыздар

ІІІ

Ол дәрігер, оқушы

Олар дәрігерлер, оқушылар

 

 

 

 

 

 

Жақ

Жекеше

Көпше

І

Мен келемін, барамын, іштім

Біз келеміз,

 барамыз, іштік

ІІ

Сен келесің, барасың, іштің

Сіз келесіз,

 барасыз, іштіңіз

Сендер келесіңдер, барасыңдар, іштіңдер

Сіздер келесіздер, барасыздар, іштіңіздер

ІІІ

Ол келеді, барады, ішті

Олар келді, барды, ішті

 

 

 

 

 

 

Сын есім

 

Заттың түрін, түсін, сапасын, салмағын, көлемін білдіретін сөз табы.

Сұрақтары: қандай? қай?

 


Құрамына қарай:

 

Дара сын есім

Күрделі сын есім

Бір ғана сөзден тұрып, заттың сындық белгісін білдіреді.

Кемінде екі сөздің тіркесуінен және қосарлануынан болып, заттың сындық белгісін білдіреді.

ақ, бойшақ, малды, баласыз.

ақ киімді, қара торы, тап-таза, көп балалы,өте жақсы.

 

Тұлғасына қарай:

 

 


                                                              

Негізгі сын есім

Туынды сын есім

Ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйіндегі сын есім.

Сөзге жұрнақ жалғануы арқылы жасалған сын есім.

сары, таза, тәтті, терең, жұқа, нашар.

көш-пелі, кеше-гі, оқы-мысты, әл-сіз, сөз-шең

 

 

 

Мағынасына қарай:

 

 


                                                              

Сапалық

Қатыстық

Заттың сын-сипатын анықтайтын төл сын есімдер.

Сын есімнен басқа сөз таптарынан жасалған туынды сын есім.

сұр, қызылдау, жақсы, үлкен, көкпеңбек.

бой-шаң адам, өнер-лі бала, ас-палы шам, аш-ық есік.

 

 

Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар

 

Есім сөздерден сын есім жасайтын

Жұрнақтар

мысалдар

1. –лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті:

2. –сыз, -сіз:

3. –ғы, -гі, -қы, -кі

4. –лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік:

5. –шыл, -шіл:

6. –шаң, -шең:

7. –дай, -дей, -тай, -тей:

8. –қой, -қор, -паз, -кер, -гер:

9. –и, -ы, -і:

1. далалы, орманды;

2. баласыз, үйсіз;

3. жазғы, ішкі;

4. жастық (шақ), жылдық;

 

5. ұйқышыл, кекшіл;

6. сөзшең, бойшаң;

7. тастай, судай;

8. сәнқой, әуесқой;

 

9. тарихи, қазақы;

 

Етістіктен сын есім жасайтын

Жұрнақтар

мысалдар

1. –ғақ, -гек, -қақ, -кек, -ақ, -ек:

2. –ық, -ік, -қ, -к:

3. –ғыш, -гіш, -қыш, -кіш:

4. –ғыр, гір, -қыр, -кір:

5. –шақ, -шек:

6. –ынды, -інді, -нды, -нді:

7. –малы, -мелі, -балы, -белі, -палы, -пелі:

8. –ымды, -імді, -мды, -мді:

9. –аған, -еген:

10. –улы, -улі:

11. –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе:

12. –ыңқы, -іңкі, -ңқы, -ңкі:

1. жабысқақ, үркек;

 

2. ашық, ақсақ;

3. білгіш, айтқыш;

4. тапқыр, алғыр;

5. ұялшақ, сүріншек;

6. асыранды, үйінді;

7. созбалы, аспалы;

 

8. шыдамды;

9. сүзеген, қабаған;

10. ілулі, асулы;

11. қызба, бөспе;

 

12. басыңқы, көтеріңкі;

 

 

 

Үстеуден сын есім жасайтын

Жұрнақ

мысал

 - қы

 - кі

 - ғы

 - гі

кешегі

бұрынғы

 


Есімдіктің септелуі

 

Атау

мен

сен

ол

бұл

ешкім

Бәрі

Ілік

менің

сенің

оның

бұның

ешкімнің

Бәрінің

Барыс

маған

саған

оған

бұған

ешкімге

Бәріне

Табыс

мені

сені

оны

бұны

ешкімді

Бәрін

Жатыс

менде

сенде

онда

бұда

ешкімде

Бәрінде

Шығыс

менен

сенен

одан (онан)

бұдан

ешкімнен

Бәрінен

Көмектес

менімен

сенімен

онымен

бұнымен

ешкіммен

Бәрімен

 

 

 

 

 

 

 

Есімдіктердің тәуелденуі

 

ол

бұл

мынау

кім

өз

Менің

оным

бұным

мынауым

кімім

өзім

Сенің

оның

бұның

мынауың

кімің

өзің

Сіздің

оныңыз

бұныңыз

мынауыңыз

кіміңіз

өзіңіз

Оның

онысы

бұнысы

мынауы

кімі

өзі

Біздің

онымыз

бұнымыз

мынауымыз

кіміміз

өзіміз

Сендердің

оларың

бұларың

мынауларың

кімдерің

өздерің

Сіздердің

оларыңыз

бұларыңыз

мынауларыңыз

кімдеріңіз

өздеріңіз

Олардың

Олары (онысы)

бұнысы

мынауы

кімдері

өздері


Қосымша:

А) Есімдерден туынды етістік жасайтын жұрнақтар:

1. –ла, -ле, -да, -де, -та, -те: аяқта, өкпеле, қолда, арала, балтала, ноқтала, көгенде, шегеле, үтікте, жоғарыла, тұрақта, майла, алтында, жазала, жаманда, жаңала, ұсақта, екеуле, үшеуле, төменде, ілгеріле, жымыңда, күлімде, сүйрелеңде, аухаула, байбайла, ойбайла, үһле, құраула, т.б.

2. –лан, -лен, -дан, -ден, -тан, -тен:  ой-лан, таза-лан, әдет-тен, жалқау-лан, рух-тан, рақат-тан, үй-лен, күдік-тен, ашу-лан т.б.

3. –лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес: көмек-тес, бәс-тес, бір-лес, пікір-лес, сыр-лас, ақыл-дас т.б.

4. –лат, -лет, -дат, -дет: ән-дет, тез-дет, дауыл-дат, түнде-лет т.б.

5. –а, -е: ата, дем-е, жи(ы)н-а, сын-а, мін-е, салдыр-а, тең-е т.б.

6. –ай, -ей, -й: күш-ей, мұң-ай, көр(і)к-ей, зор-ай, ұл(ы)ғ-ай, т.б.

7. –қар, -кер, -ғар, -гер: бас-қар, ес-кер, аң-ғар, су-ғар, тең-гер т.б.

8. –ар, -ер, -р: жаңа-р, ескі-р, өзге-р, жақс-ар, қысқа-р, бұлт-ар, қалт-ар, қыз-ар, ұз-ар т.б.

9. –ал, -ел, -ыл, -іл, -л: жоғ-ал, оң-ал, су-ал, сұй-ыл, тар-ыл, тең-ел т.б.

10. –ық, -ік: бір-ік, дән-ік, ор(ы)н-ық, тын-ық т.б.

11. –сы, -сі, -ымсы, -імсі: батыр-сы, пысық-сы, көлгір-сі, үлкен-сі, білген-сі, оқығаным-сы т.б.

12. –сын, -сін: жат-сын, адам-сын, жақын-сын, пысық-сын, көп-сін, аз-сын т.б.

13. –сыра, -сіре: әл-сіре, қан-сыра, жетім-сіре, ой-сыра т.б.

14. –ра, -ре, -ыра, -іре: бұрқ-ыра, күрк-іре, дүрк-іре, жарқ-ыра, сарқ-ыра т.б.

15. –ырай, -ірей: кіші-рей, тік-ірей, тас-ы-рай, бақ-ырай, баж-ырай т.б.

 

 

Ә) Күрделі етістік негізгі етістік пен көмекші етістіктің тіркесуінен жасалады. Мысалы, бара (негізгі етістік) жатыр (көмекші етістік). Ал егер күрделі етістіктің негізгі сыңары есім сөзден болса, ал етістік құранды етістік деп аталады. Мысалы, жәрдем ет, үлгі қыл, дем ал, жақсы көр, қабыл ал, бас и, естен тан, еңбек сіңір т.б.

 

Б) Сөйлемде бір етістік бірде негізгі етістік болып, бірде көмекші етістік болып ауысып келе береді. Мысалы: Ол орындықта отыр екен. Ол орындықта кітап оқып отыр деген екі сөйлемдегі «отыр» етістігі бірінші сөйлемде негізгі етістік қызметінде болса, екінші сөйлемде көмекші етістік қызметінде жұмсалып тұр.

 

 

 

Есімше мен көсемше

Етістіктің мағыналық ерекше түрлері

 

         Есімше                               Көсемше

 

Есімше

Ереже

Бірде есім сөздердің, бірде етістіктің қызметін атқаратын етістіктің түрі

Қызметі

Есімше есімдерше түрленіп (септеліп, тәуелденіп, көптеліп) есім қызметін атқарады.

Есімше жіктеліп етістік қызметін атқарады.

 

Жұрнақтары

1. –ған, -ген, -қан, -кен: ал-ған, кел-ген;

2. –ар, -ер, -р:бар-ар, жүр-ер;

3. –атын, -етін, -йтын, -йтін: жаз-атын, өр-етін;

4. –мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек: бар-мақ

 

Көсемше

Бірде үстеудің, бірде етістіктің қызметін атқаратын етістіктің түрі

Іс-әрекеттің жай-күйін білдіріп, үстеудің қызметін атқарады.

Жіктеліп немесе көмекші етістікпен тіркесіп, қимылды білдіріп, етістік қызметін атқарады.

1. –а, -е, -й: бар-а-ды, кел-е-ді;

2. –ып, -іп, -п: шығ-ып, ез-іп;

3. –ғалы, -гелі, -қалы, -келі: ал-ғалы, бер-гелі, бас-қалы;


Есімшенің есімдерше тәуелденіп есім сөздің қызметін атқаруы

Жекеше

І

айт-қан-ым

айт-ар-ым

айт-атын-ым

айт-пағ-ым

ІІ

айт-қан-ың

айт-қан-ыңыз

айт-ар-ың

айт-ар-ыңыз

 

айт-атын-ың

айт-атын-ыңыз

 

айт-пағ-ың

айт-пағ-ыңыз

ІІІ

айт-қан-ы

айт-ар-ы

айт-атын-ы

айт-пағ-ы

Көпше

І

айт-қан-ымыз

айт-ар-ымыз

айт-атын-ымыз

айт-пағ-ымыз

ІІ

 

айт-қан-дарың

айт-қан-дарыңыз

айт-ар-ларың

айт-ар-ларыңыз

айт-атын-дарың

айт-атын-дарыңыз

 

ІІІ

айт-қан-дары

айт-ар-лары

айт-атын-дары

 

 

Есімшенің есімдерше септеліп есім сөздің қызметін атқаруы

Атау

айт-қан

айт-ар

айт-атын

айт-па-с

Ілік

айт-қан-ының

айт-ар-ының

айт-атын-ының

айт-па-с-ының

Барыс

айт-қан-ға

айт-ар-ға

айт-атын-ға

айт-па-с-қа

Табыс

айт-қан-ды

айт-ар-ды

айт-атын-ды

айт-па-с-ты

Жатыс

айт-қан-да

айт-ар-да

айт-атын-да

айт-па-с-та

Шығыс

айт-қан-нан

айт-ар-дан

айт-атын-нан

айт-па-с-тан

Көмектес

айт-қан-мен

айт-ар-мен

айт-атын-мен

септелмейді

 

 

Есімшенің жіктеліп етістіктің қызметін атқаруы

Жекеше

І

айт-қан-мын

айт-ар-мын

айт-атын-мын

айт-пақ-пын

ІІ

айт-қан-сың

айт-қан-сыз

айт-ар-сың

айт-ар-сыз

айт-атын-сың

айт-атын-сыз

айт-пақ-сың

айт-пақ-сыз

ІІІ

айт-қан

айт-ар

айт-атын

айт-пақ

 

Көпше

І

айт-қан-быз

айт-ар-мыз

айт-атын-быз

айт-пақ-пыз

ІІ

айт-қан-сыңдар

айт-қан-сыздар

айт-ар-сыңдар

айт-ар-сыздар

айт-атын-сыңдар

айт-атын-сыздар

айт-пақ-сыңдар

айт-пақ-сыздар

ІІІ

айт-қан

айт-ар

айт-атын

айт-пақ

Есімдерше түрленеді

Көптеледі

Тәуелденеді

Септеледі

жүгірулер,

жарысулар,

тексерулер

І) айту-ым, айту-ымыз

ІІ) айту-ың, айту-ларың

ІІ) айту-ыңыз, айту-ларыңыз

ІІІ) айту-ы, айту-лары

Ілік: білу-дің

Барыс: білу-ге

Табыс: білу-ді Жатыс: білу-де

Шығыс: білу-ден

Көмектес: білу-мен

 

 

 

 

 

 


Тұйық етістік

Шақпен, жақпен байланысы болмай, қимылдың атауын ғана білдіретін етістіктің түрі.

 

Тұйық етістік –у жұрнағы арқылы жасалады.

Негізгі етістік

Туынды етістік

Болымсыз етістік

Етіс

у

қара-у

ойна-у

алма-у

оқыт-у

 

 

Тұйық етістіктің емлесі

й+у=ю

 

и+у=ю

 

ы+у=у

і+у=у

 

 

йы+у=ю

йі+у=ю

 

у+у=уу

 

қ+у=ғу

к+у=гу

 

 

п+у=бу

 

жай+у=жаю

қой+у=қою

жи+у=жию

қи+у=қию

 

оқы+у=оқу

жекі+у=жеку

байы+у=баю

кейі+у=кею

 

жу+у=жуу

қу+у=қуу

 

 

жақ+у=жағу

төк+у=төгу

 

жап+у=жабу

кеп+у=кебу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілінен дидактикалық сызбалар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по студенческому спорту

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тасымал

   Тасымал – сөзді жазған кездегі оның жолға сыймай қалған бөлігін келесі жолға көшіру.

   Тасымал буынға негізделеді. Яғни, сөздер тек буын жігімен тасымалданады. Мысалы:«Кереге» сөзін екі жолмен тасымалдауға болады: ке-реге, кере-ге;

 

Тасымалдауға болмайтын жағдайлар:

1.    Тек бір дауысты дыбыстан тұрған ашық буынды тасымалдауға немесе жолда қалдырып кетуге болмайды. (а-та, ә-ке, арми-я.)

2.    Бір буыннан тұратын сөзді тасымалдауға болмайды. (қант, төрт, бұлт.)

3.     Қысқарған сөздерді тасымалдауға болмайды. (ТМД, КазҰУ, КазМУ, ҚР)

Ескерту: сөздердің бірінші буындарынан қысқарған сөз (кеңшар) бен бірінші сөздің бірінші буыны мен екінші сөзі толық күйінде қысқарған сөз (педколледж) тасымалданады.

 4. Адам атының қысқартылып алынған әрпін фамилиясынан айырып бірінші жолда қалдыруға болмайды. (А.Қ.Жабаев, М.О.Әуезов, Қ.С.Мусин)

 5. Қысқарған өлшем бірліктерін сандардан айырып тасымалдауға болмайды.   (15 см, 20 кг, 100 г)

 

Екпін

   Екпін – сөздің айтылған кездегі белгілі бір буынның ерекше көтеріңкі дауыспен айтылуы.

   Қазақ тілінде екпін тұрақты, көбінесе сөздің соңғы буынына түседі. Сөзге қосымша жалғанғанда, екпін қосымшаға,яғни соңғы буынға ауысып отырады. Мысалы: Еңбек, Еңбекші, Еңбекшілер, Еңбекшілерді.

Екпін түспейтін сөздер мен қосымшалар:

1.                 Жіктік жалғауына екпін түспейді: оқушымын, барамыз т.б.

2.                 Болымсыз етістіктің жұрнағына

(-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) екпін түспейді: айтпа, барма, келме

3.                 Көмекші сөздерге екпін түспейді: ғой, шейін, соң, арқылы т.б.

 

 

Диалект сөз

   Диалект сөз – белгілі бір аймақта ғана тек ауызекі  тілде қолданылатын сөздер. Мысалы, «сым» сөзі Оңт.Қазақстанда ғана қолданылады.

   Диалект сөздер көбіне кәсіби сөздер болып келеді.

   Қазақ тілінде диалект сөздерге арналған арнайы диалектологиялық сөздік бар.

Диалект сөз

Әдеби баламасы

сым

Шалбар

азанда

Таңертең

бәдірен

Қияр

оттық

Сіріңке

көпшік

Жастық

Кірме сөз

   Кірме сөз – ана тілімізге шет тілінен енген сөздер. Мысалы:

Араб тілі: қалам, ғылым, отан, мұғалім, т.б.

Парсы тілі: тақта, дос, нан, апта, т.б.

Орыс тілі: парта, кино, цирк, т.б.

   Кірме сөздердің көпшілігінде буын үндестігі сақталмай, дауысты дыбыстары жуан-жіңішке болып араласып келе береді.

    Кірме сөздер – тілдің сөздік құрамын байытатын тәсілдердің бірі.

 

Кәсіби сөз

Кәсіби сөз – белгілі бір кәсіпке, шаруашылыққа, өнерге байланысты қолданылатын және негізінен сол кәсіппен айналысатындарға ғана түсінікті сөздер.

Мысалы: көнек, қауға, жылым, күнжара, ау, атыз, шиіт, сүзекі тоспай, торша, т.б.

 

 

 

Табу сөз

     Табу сөз (бұрмалау) – қазақ дәстүрі бойынша тура айтуға тыйым салынғандықтан, бұрмалап аталған сөздер.

     Табу – индонезия тіліндегі «тыйым салу»деген мағынадағы сөзден шыққан. Бұл ұғым қазақ салт-дәстүрінде жиі қолданылады. Мәселен, жаңа түскен келіннің күйеуінің туыстарын өз атымен атамай, оларға лайықтап ат қоюы: шырайлым, айдарлым, төре жігіт, мырза жігіт.

     Табу сөздің көпшілігі әр түрлі наным-сенімнен, ырымдардан туындаған.  

Себеп

Табу сөз

Негізгі сөз

Табиғаттың дүлей күші

жасыл түсті

жай түсті

Ауру түрі

жаман ауру

қылтамақ

Аң аттары

Ұлыма

қасқыр

 

 

Мақал

    Мақал - өмір құбылысын жинақтай отырып, түйінді пікір айтатын ықшам сөз өрнегі.

    Оның мәтелден ерекшелігі:

1.                       Құрылысы жағынан екі, үш бөлімді болады.

2.                       Ой нақты айтылады.

3.                       Ақыл-кеңес, үлгі-өнеге түрінде айтылады.

Жақсы бала ата-анасын төрге сүйрейді,

Жаман бала ата-анасын көрге сүйрейді.

Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.

Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан болған артық.

 

Мәтел

Мәтел – белгілі бір ойға, ұғымға ишара жасайтын, астарлап, жұмбақтап айту мәні басымдау болатын халық мұрасы.

Оның мақалдан ерекшелігі:

1.                       Көбіне бір бөлімді болады.

2.                       Ой ишара, тұспал түрінде айтылады.

3.                       Көбіне эмоциялық мағына басым болады.

 

Көппен көрген- ұлы той.

Әлін білмеген әлек.

Ел құлағы – елу.

Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарар.

Нақыл сөз

Нақыл сөз (афоризм) – мағынасы терең, ойды қысқаша бейнелейтін,

мақал-мәтелге ұқсас, айтуға оңай көркем сөз тіркесі.  Яғни қысқа әрі ойлы, авторы белгілі, тұжырымды ереже-қағидалар. Мысалы:

Еккенің тіккен болса, орғаның балауса болмас. (М.Әуезов)

 

Омоним

Омоним - дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары әр түрлі сөздер.

Мысалы: «Жақ» сөзінің омонимдік мағыналары:

Адамның жағы

От жақ

Оң жақ

Маған жақ бол

Қара бояу жақ

Омонимдердің жасалу жолдары:

1.         жұрнақ арқылы: шығыс (шық+ыс),

жастық (жас+тық);

2.         Кірме сөз арқылы: бақ (парсышы – бақт), сап (арабша – саф);

3.         сөздің дыбыстық өзгеріске ұшырауы: біз (бігіз);

Қосымша:

Көп мағыналы сөз бен омоним сөздің айырмашылығы:

а) Омоним сөз жеке тұрып, бірнеше мағынаны білдіреді, ал көп мағыналы сөз екінші сөзбен тіркескенде ғана бірнеше мағынаны білдіре алады.

ә) Омоним сөздің мағыналарының арасында ешқандай мағыналық ұқсастық болмайды. Мысалы, адамның жағы, отты жақ дегендегі «жақ» сөзі бірінде есім сөз болып, дене мүшені білдіріп тұр, бірінде етістік ретінде қимылды білдіріп тұр. Ал көп мағыналы сөздің мағыналарының арасында ұқсастық болады. Мысалы, судық басы (бұлақ), таудың басы (шың) сөздің басы (сәлем) дегендегі «бас» сөзі бірінде «бұлақ», бірінде «шың», бірінде «сәлем» деген мағыналарды білдірсе де, бәрінде де бір нәрсенің басталу орны, басталар жері деген мағынаны білдіріп тұр.

            

 

 

 

Антоним

    Антоним – мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер.

    Аласа – биік

    Ұзын – қысқа

    Суық – ыстық

    Ақ – қараша  

    Жақын – алыс

    Су жүрек – жүрек жұтқан

 

 

 

 

Синоним

     Синоним – айтылуы әр түрлі, бірақ мағыналары бір-біріне жақын сөздер. Мысалы:

а) сабырлы, байсалды, төзімді, ұстамды, салмақты, байыпты.

ә) бет, жүз, дидар, әлпет, келбет, ажар.

Синонимдерді қолданудың мынадай тәсілдері бар:

1. Алдыңғы сөйлемде немесе қатар тұрған тексте бір рет пайдаланылған сөзді қайталамас үшін оны басқасымен алмастырады. Мысалы: Ерегісте ер өлер, батыр егессе, екеуінің бірі өлер (Мақал). Айнала шабытты еңбек, қызу жұмыс.

2. Белгілі бір ұғымды түрлі белгілерімен жан-жақты сипаттап көрсету үшін синонимдер бір-біріне қарсы қойылып та тұра береді. Мысалы: Бет көрсе, жүз ұялады (Мақал). Қауіп бар жерде қатер бар (Мақал). Ақтамақ жымиса, ол ыржияды. Ақтамақ мырс етсе, ол жарқылдап күледі. (Ғ.Мұстафин). Ата дұшпан сен едің, ата жауың мен едім (Махамбет).

3. Белгілі бір ұғымды әр жақтан толық сипаттап беру үшін 2 немесе 3-4 синоним сөз қатарынан қолданылады. Мысалы: Балташ жолдасқа опашыл, уәдешіл болатын (Ж.Аймауытов). Жылатушы көп болса, уатушысы, жұбатушысы да мол болған ел сорлы бола ма ? (М.Әуезов). Дәл қасымызда үш бастау, қайнар, бұлақ бар (Ә.Тәжібаев). Жақып езіліп, еріп, балқып кеткен сияқты болады. (Ғ.Мұстафин). Ибалы, инабатты, ізетті жандар қазақта баршылық («Жас алаш»).

4. Тілдегі синонимдерді жекелеп те, кезектестіріп те, жұптап та, топтап та қолданғанымыз сияқты бұларды қосарлап та пайдалануға болады. Мысалы: күш-куат, құрбы-құрдас, ар-ұят, аман-сау, өсіп-өну т.б. Екі синоним сөз қосарланып қолданғанда бұлардың бұрынғы жеке мағыналары абстракцияланып ( яғни жалпыға айналып), білдіретін ұғымның көлемі кеңейеді. Мұндағы күрделі ұғым екі сөздің дара мағыналарының жиынтығынан шығады.

5. Қазақ тілінде мағыналас екі сөз қатар келіп, алдыңғысы соңғысын анықтап, мағынасын күшейтеді. Мысалы: кең байтақ ел, айдын шалқар көл, қырмызы қызыл жібек, заңғар биік тау, зәулім биік үй т.б.

6. Синоним тек жеке сөздерден ғана емес, фразалық тіркестерден де кездеседі. Көңілдегі көрікті ойды сөзбен кестелеп айтып беру үшін фразалық тіркестер де тілде орасан зор қызмет атқарады. Мәселен, Кеңес армиясы 1945 жылы неміс басқыншыларын талқандады деген сөздің орнына жермен - жексен етті, күлін көкке ұшырды десек, сөзіміз әлдеқайда  күшті шыққан болар еді. Сондай-ақ екі синоним сөздің қатар қолданылғаны тәрізді мағына жағынан өте жақын екі фразалық тіркестер де қаз-қатар жұмсала береді. Мысалы: Қатерлі қауіп төнген күндер де өтті, итжығыс, бірде олай, бірде бұлай (Қ.Айнабекұлы). Бармақ шайнап, сан соғып, құсамен өткен өмір ғой – бұл да бір (Қ.Жұмаділов).

7. Синонимдерді жеке сөз бен жеке сөз, қос сөз бен қос сөз, фраза мен фраза күйінде ғана емес, араластырып та жұмсай беруге болады. Мысалы: Ақсақал абдырды, састы, қысылды, жан терге түсті (Ж.Аймауытов). Гүлнаш апай ақтарылмады, шешіліп сыр жармады (Т.Әлімқұлов).

8. Синонимдерді қолданудың тағы бір тәсілі – парафраза. Бұл сөздің мәнісі жеке сөздің орнында оның түсінігін сипаттап беру болып шығады. Мәселен, Алматы дегеннің орнына Қазақстанның астанасы, М.Әуезов деудің орнына «Абай жолы» романының авторы, Күләш деудің орнына қазақтың бұлбұл әншісі деп қолдануға болады. Парафраза бір заттың белгілі бір қасиетінайрықша атап өткісі келгенде, немесе соған ерекше назар аудартып, ден қойғызу мақсатында қолданылады. Кейде бір сөзді қайталамай, ойды түрлендіріп баяндау үшін де жұмсалады.

9. Мағынасы жағымсыз сөздердің мәнін тыңдаушыларға жеңілдетіп, жұмсартып айту тәсілін тіл білімінде эвфемизм деп айтады. Бұл да тіл мәдениетінің бір тәсілі болып саналады. Мәселен, өсек-аяң дегеннің орнына жаяу почта, ұзын құлақ, сымсыз телефон деп, өтірік сөз дегеннің орнына  қоспа деп, өсекші дегеннің орнына жеңіл ауыз деп, пара дегеннің орнына ауыз бастырық деп, ұрлық дегеннің орнына жиендік деп, қартаю дегеннің орнына жасы ұлғаю деп жұмсартып қолдана беруге болады. Мәселен, М.Әуезов «Абай жолы» атты романында Абайдың өлімін мынадай эвфемизмдер арқылы бейнелеген: «Осылайша айналасы айықпаған сұр тұман, суық заман ішінде ұлы жан дүниеден көшті. Мағаштың қырқын беріп болған күннің ертеңінде Абай және қаза тапты. Ұлы кеуденің демі тоқталды. Шел даланы жарып аққан дариядай игілік өмір үзілді. Сонау бір шақта тасты тақыр, жалтыр биік басына жалғыз шығып, зәулім өскен алып шынар құлады. Өмірден Абай кетті». Мұнда жазушы Абай деудің орнына бірде ұлы жан, бірде ұлы кеуде, бірде игілік өмір, бірде зәулім өскен алып шынар деп парафраза тәсілімен ерекше назар аудартқызып отырған болса, өлді деген жағымсыз сөздің орнына дүниеден көшті, қаза тапты, демі тоқталды, үзілді, құлады, кетті сияқтанған эвфемизмдер қолданған.

 

 

 

 

 
 
 

 

 

 

 

 

 


 

 

           
 

Дара сөз          Күрделі сөз

1. түбір сөз   1. қос сөз

2. туынды     2. біріккен сөз

    сөз             3. қысқарған  

                         сөз

                      4. тіркескен сөз

 
 

1. зат есім

2. сын есім

3. сан есім

4. есімдік

5. етістік

6. үстеу

7. шылау

8. еліктеу сөз

9. одағай

 
 

1. Жалғау         2. Жұрнақ

1. көптік      1. сөз

2.  септік       тудырушы

3. жіктік      2. сөз

4. тәуелдік    түрлендіруші

 
 
 
 

 

 

 

 

 

 


                                                         

 

 

                                                                                

                                                                       

 

 

 

 

А) Біріккен сөздің сыңарлары тұлғасын өзгертіп біріксе, оны кіріккен сөз деп айтады. Мысалы: Биыл (бұл жыл), бүгін (бұл күн), әкел (алып кел), апар (алып бар), ендігәрі (ендігіден әрі), жаздыгүні (жаздың күні) білезік (білек жүзік), қарлығаш (қара ала құс), ағайын (аға іні), қол

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 356 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.11.2014 7830
    • DOCX 205.5 кбайт
    • 16 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурмуханова Алма Хамитовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нурмуханова Алма Хамитовна
    Нурмуханова Алма Хамитовна
    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 5
    • Всего просмотров: 25565
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Немецкий язык: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель немецкого языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания русского языка как иностранного

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по английскому языку в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 207 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 241 человек

Мини-курс

Успешные деловые сделки: от встреч до заключения контракта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление личной продуктивностью менеджера

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление стрессом и психологическими состояниями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 79 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 53 человека