Инфоурок Другое Другие методич. материалыҚазалы аудандық балалар музыка мектебінде өткізілген "Ең үздік кәсіби маман-2014" байқауының жүргізілу жоспары

Қазалы аудандық балалар музыка мектебінде өткізілген "Ең үздік кәсіби маман-2014" байқауының жүргізілу жоспары

Скачать материал

Қазалы аудандық балалар әуез мектебі

 

 

                                                                                    

 

 

байқауының жүргізілу жоспары"Үздік кәсіби маман-2014"

 

 

 

 

Жоспарын дайындаған және жүргізген: 

                                                                   Директордың оқу ісі жөніндегі           

                                                                   орынбасары  Келжанов Досан

              

          

             

 

 

 

 

 

 

 

 

Әйтеке би кенті

15 ақпан,2014 жыл

Аудандық балалар әуез мектебі педагогикалық қызметкерлерінің арасында өткізілетін «Үздік  кәсіби маман - 2014» байқауының жоспары.

  

Байқаудың мақсаты:

Мектебіміздің 50 жылдық (1964-2014) мерейтойы аясында шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, ой өрісі биік, парасатты өзіндік авторлық жаңашыл идеясы бар, әдістемелік  шеберлігі мен  педагогикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған, мұғалім мәртебесіне лайықты тұлғаны анықтау.

Байқаудың міндеттері:

§  Үздік кәсіби мамандардың беделді тұлғасын қалыптастыру, аудан көлемінде көпшілікке таныту, мадақтау және қолдау көрсету;

§  Мектеп оқытушыларының шығармашылық әлеуетін дамыту және кәсіби мәртебесін көтеру;

§  Озық педагогикалық іс-тәжірибелерді насихаттау және тарату.

 

Қайырлы күн! Құрметті бүгінгі сайысымыздың қонақтары, ұстаздар!

Мұғалім мектептің жүрегі десек, бүгінгі күні білімнің қандай саласы болмасын мұғалімнің арқалар жүгі ауыр екені анық. Өз шәкіртінің жанын білімнің шапағатымен аймалап, санасын сол білім мен өнердің құдіретті нәрімен толтыра білген мектебіміздің ұстаздар қауымы қашанда қоғамның белді мүшесі екені сөзсіз. Мұғалімнің шығармашылығы арқылы оның кәсіби шеберлігі айқындалады.

Оқушыларға сапалы білім мен тәрбие беруді жүзеге асыру үшін ұжымның әрбір мүшесі,мектептің жаны болып саналатын ұстаздар қауымы үнемі шығармашылық ізденісте, жаңа педагогикалық технологиялардың жетістіктерін пайдалана отырып, өздерінің кәсіби шеберлігін дамытуды кезек күттірмес мақсаты деп есептеуі керек. Бүгін біздің өнердің алтын ордасына айналған мектебіміздің 50 жылдық мерейтойы аясында «Үздік кәсіби маман» байқауы өткелі отыр. Сондықтан да мектебімізде ұйымдастырылып отырған бұл байқаудың маңызы да осында.Бұл кеште бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына өнер мен ұлттық құндылықтарымыздың асыл қазынасын құя білетін,  әрқашан да ұстаз деген атқа лайықты мектебіміздің оқытушылары сайысқа түскелі отыр. Сонымен біздің бүгінгі сайысқа 4 бөлімнен 12 оқытушы қатысқалы отыр. Құрмет пен қошемет көрсетіп, оқытушыларымызды  ортаға шақырайық.

1.     Байсеңгір Әділбек Абылайұлы- «баян» класының оқытушысы

2.     Момбек Нәбира Жандарқызы- «баян» класының оқытушысы

3.     Рысмахан Гүлнәр - «домбыра» класының оқытушысы

4.     Мұстафа Алтынгүл Қанафияқызы- «домбыра» класының оқытушысы

5.     Құрманбаева Күлсін Романқұлқызы - «сольфеджио» пәнінің оқытушысы

6.     Алпысбай Баян - «фортепиано» класының оқытушысы

7.     Тұяқ Айгүл Айболатқызы-  «домбыра» класының оқытушысы

8.     Дарибаева Айгүл Таласқызы- «фортепиано» класының оқытушысы

9.     Досжанова Айнұр  - «баян» класының оқытушысы

10. Жөлекеш Гүлфайруз -«домбыра» класының оқытушысы

11. Әбілтаев Рақымжан Жарасұлы -«домбыра» класының оқытушысы

12. Байдаулетова Мейрамгүл - «домбыра» класының оқытушысы

Олай болса сайысқа қатысушаларға сәттілік тілеп құттықтау үшін ортаға мектеп директоры Сәукен ағайды,Білім және ғылым қызметкерлері аудандық комитетінің төрайымы Ермек апайымызды және білім бөлімінің әдіскері Рүстем мырзаны шақырамыз.

 

  Бүгінгі сайыстың үздіктерін таңдап,әділ бағалайтын әділқазы мүшелерімен    

  таныстырып  өтейін:

 

1.     Әуез мектебінің директоры,қазылар алқасының төрағасы: - Әліш Сәукен

2.     Аудандық білім бөлімінің әдіскері,

      қазылар алқасы төрағасының орынбасары: - Үмбетов Рүстем

3.     Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің төрайымы,

қазылар алқасының мүшесі: - Сағымбаева Ермек апай

4.     Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары,

                                            қазылар алқасының мүшесі: -Келжанов Досан

5.      Домбыра класының оқытушысы, қазылар алқасының мүшесі: - Жүсіп Ерпазыл                                   

6.      Баян  класының оқытушысы,қазылар алқасының мүшесі: - Оразалы Қонысбек

 

Бүгінгі сайысымыз 5 –кезеңнен тұрады.

І-кезең: «Мамандығым-мақтанышым» панорамалық сабақ.

             (Бұл кезеңде сайыскерлер өзінің жұмыс қызметіндегі бір сабақтан үзінді

              көрсетеді,сабақ көрсетілімі 15 минут)

ІІ-кезең: «Менің педагогикалық қызметім» Презентация

              (Бұл кезеңде сайысқа қатысушылар өзінің педагогикалық қызметін           

              қорғайды,презентацияны қорғау уақыты 6 минут)

 ІІІ-кезең: «Талантты педагог- дарынды балаларға»

               (Мамандығына сәйкес кез-келген характердегі шығарма  арнайы

                электронды  тақтадан көрсетіледі.Бұл кезеңде сайысқа қатысушылар

                шығарманы оқушыға жеткізудің,талдаудың заманауи түрлерін,

                инновациялық  жаңалығы мен тәсілдерін көрсетуі қажет)

     ІV-кезең: «Педагог тәжірбиесі» Ситуациялық сұрақтар

                (Сайысқа қатысушылар  арнайы сұрақты таңдайды. Таңдаған  сұрақта    

                 педагогикалық- психологиялық жағдаятты шешу  ұсынылады.

                 Ойлануға   2 минут.)

     V-кезең: «Менің  шығармашылығым»- шығарма орындау шеберлігі.

                   (Сайысқа қатысушылардың өзі таңдап дайындалған  бір шығарманы

                   орындау шеберлігі)

   

     Енді бүгінгі сайысты бағалау туралы мәлімет бере кетсем.

Қазылар алқасы мүшелері сайыстың барлық кезеңін бағалау парағында толтырады. 

Жеңімпаздарды анықтау сайыстың соңында қазылар алқасының шешімімен анықталады.
Сайыстың шығу реті жеребе бойынша анықтап алсақ. Олай болса сайысты бастаймыз.
                

 

      Әр кезеңді өзім хабарлап жүргізіп отырамын.

    

  Қортынды:

Бүгінгі «Үздік кәсіби маман-2014»байқауы да өз мәресіне келіп жетті. Сайыс қортындысын жариялап, жеңмпаздарға сыйлықтарды табыстау үшін қазылар алқасының  құрамын ортаға шақырамыз. Сөз кезегін білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы аудандық комитетінің төрайымы Сағымбаева Ермек апайға және мектеп директоры Әліш Сәукен ағайға береміз.
Келесі сайыста кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Марапаттар: Аудандық  білім бөлімінің мақтау қағаздары және дипломдары

     Сыйлықтар: «Бас жүлде»- Түрлі-түсті шағын теледидар

                            І-орын- Шаңсорғыш

                        ІІ-орын- Картина

                        ІІІ-орын- DVD ойнатқыш

                        Номинациялар-  түрлі сыйлықтар (үтік, сағат т.т)

       

      Марапаттар: Мектеп әкімшілігінің мақтау қағаздары және дипломдары

 

 Сыйлықтар: «Бас жүлде»-Планшет

                        І-орын- цифрлы фотоаппарат

                        ІІ-орын- «Панасоник» радиотелефоны

                        ІІІ-орын- Картина «Табиғат көрінісі»

                        Номинациялар- «Әдеби кітаптар»

Жүлде қорын дайындаған аудандық білім бөлімі және аудандық білім

және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитеті мен  Қазалы аудандық балалар әуез мектебінің әкімшілігіне алғысымызды білдіреміз.

Жүлделі орындарды және номианция аталымдары бойынша марапат иелері төмендеігдей:

     Әбілтаев Рақымжан- «домбыра» класының оқытушысы «Бас» жүлде;

     Тұяқ Айгүл- «домбыра» класының оқытушысы І-орын;

     Дарибаева Айгүл-«фортепиано» класының оқытушысы ІІ-орын;

     Момбек Нәбира- «баян» класының оқытушысы ІІІ-орын;

                                    Номинация иегерлері:

    Құрманбаева Күлсін- «сольфеджио» пәнінің оқытушысы «Жаңашыл ұстаз»

    Мұстафа Алтынгүл - «домбыра» класының оқытушысы «Әдіскер ұстаз»

    Байдаулетова Мирамгүл- «домбыра» класының оқытушысы «Өз ісінің шебері»

    Алпысбай Баян - «фортепиано» класының оқытушысы «Зерек ұстаз»

    БайсеңгірӘділбек- «баян» класының оқытушысы «Шығармашыл ұстаз»

    Рысмахан Гүлнәр- «домбыра» класының оқытушысы «Зертеуші ұстаз»

    Жөлекеш Гүлфайруз- «домбыра» класының оқытушысы «Ізденімпаз ұстаз»

    Досжанова Айнұр- «баян» класының оқытушысы «Талантты ұстаз»  

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазалы аудандық балалар музыка мектебінде өткізілген "Ең үздік кәсіби маман-2014" байқауының жүргізілу жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инструктор по туризму

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 436 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.02.2017 598
    • DOCX 27.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Келжанов Досан Базарбаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Келжанов Досан Базарбаевич
    Келжанов Досан Базарбаевич
    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1417
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой