Инфоурок Другое Другие методич. материалыҚазалы аудандық балалар музыка мектебінде өткізілген "Ең үздік жас маман-2015" байқауының жүргізілу жоспары

Қазалы аудандық балалар музыка мектебінде өткізілген "Ең үздік жас маман-2015" байқауының жүргізілу жоспары

Скачать материал

Қазалы аудандық балалар әуез мектебі

 

 

                                                                                   

 

 

"Ең үздік жас маман-2015"

 

 

байқауының жүргізілу жоспары

 

 

 

 

             Жоспарын дайындаған және жүргізген: 

                                                                   Директордың оқу ісі жөніндегі           

                                                                   орынбасары  Келжанов Досан

          

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       

                                                       Әйтеке би кенті

10 қаңтар,2015 жыл

Аудандық балалар әуез мектебі педагогикалық қызметкерлерінің арасында өткізілетін «Ең үздік  жас маман - 2015» байқауының жоспары.

  

Байқаудың негізгі мақсаты:

   Мектебіміздің 50 жылдық мерейтойы аясында шығармашылықпен жұмыс    

   істейтін, талантты, жан-жақты дамыған, ой өрісі биік, жаңашыл идеясы бар,  

   педагогикалық мәдениеті қалыптасқан, мұғалім мәртебесіне лайықты жас

   тұлғаны анықтау.

   Байқаудың міндеттері:

w Үздік жас мамандардың абыройлы тұлғасын қалыптастыру, аудан көлемінде    

    көпшілікке таныту, мадақтау және қолдау көрсету;

w Мектептегі жас оқытушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту және кәсіби    

   мәртебесін көтеру;

 

Қайырлы күн, әріптестер! Құрметті бүгінгі сайысымыздың қонақтары, ұстаздар!

 “Мұғалім-тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына өнер, білім мен ізгілік нұрын себуші- ұстаздардың қолында.

Мұғалім мектептің жүрегі десек, бүгінгі күні білімнің қандай саласы болмасын мұғалімнің арқалар жүгі ауыр екені анық. Өз шәкіртінің жанын білімнің шапағатымен аймалап, санасын сол білім мен өнердің құдіретті нәрімен толтыра білген мектебіміздің ұстаздар қауымы қашанда қоғамның белді мүшесі екені сөзсіз. Мұғалімнің шығармашылығы арқылы оның кәсіби шеберлігі айқындалады.

Оқушыларға сапалы білім мен тәрбие беруді жүзеге асыру үшін ұжымның әрбір мүшесі,мектептің жаны болып саналатын ұстаздар қауымы үнемі шығармашылық ізденісте, жаңа педагогикалық технологиялардың жетістіктерін пайдалана отырып, өздерінің кәсіби шеберлігін дамытуды кезек күттірмес мақсаты деп есептеуі керек. Бүгін біздің өнердің алтын ордасына айналған мектебімізде, мектептің 50 жылдық мерейтойы аясында  «Ең үздік жас маман-2015» байқауы өткелі отыр. Сондықтан да мектебімізде ұйымдастырылып отырған бұл байқаудың маңызы да осында.Бұл кеште бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына өнер мен ұлттық құндылықтарымыздың асыл қазынасын құюды өзіне мақсат еткен,ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары және арнаулы музыкалық оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан, жас та болса ұстаз деген атқа лайықты мектебіміздің жас маман оқытушылары сайысқа түскелі отыр.Осы орайда жас мамандарға қадамдарыңыз құтты, еңбек жолындағы алғашқы сынақтарыңыз  сәтті болсын деген тілек білдіреміз.

Сонымен біздің бүгінгі сайысқа 11 жас оқытушы қатысқалы отыр. Құрмет пен қошемет көрсетіп, оқытушыларымызды  ортаға шақырайық.

1.     Қосуақов Ақылбек- домбыра класының оқытушысы

2.     Панабеков Хамит-  баян класының оқытушысы

3.     Әуез Асылбек - скрипка класының оқытушысы

4.     Отаралиев Серік- баян класының оқытушысы

5.     Серімбетов Нариман - домбыра класының оқытушысы

6.     Жұмажан Жадыра - домбыра класының оқытушысы

7.     Жауынбаева Ақмарал-  хореография класының оқытушысы

8.     Утаралиева Ақбота- қобыз класының оқытушысы

9.     Рсалиева Аругүл  - баян класының оқытушысы

10. Әбдіразаққызы Назерке -қобыз класының оқытушысы

11. Күдебаев Бақжан - домбыра класының оқытушысы

Олай болса сайысқа қатысушаларға сәттілік тілеп құттықтау үшін ортаға мектеп директоры Сәукен ағайды,Білім және ғылым қызметкерлері аудандық комитетінің төрағасы Әбілқасым ағайымызды және білім бөлімінің әдіскері Рүстем мырзаны шақырамыз.

 

  Бүгінгі сайыстың үздіктерін таңдап,әділ бағалайтын әділқазы мүшелерімен таныстырып    

  өтейін:

1.     Әуез мектебінің директоры,қазылар алқасының төрағасы: - Әліш Сәукен

2.     Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің төрағасы,

қазылар алқасы төрағасының орынбасары: - Раман Әбілқасым

3.     Аудандық білім бөлімінің әдіскері,

      қазылар алқасының мүшесі: - Үмбетов Рүстем

4.     Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары,

                                            қазылар алқасының мүшесі: -Келжанов Досан

5.     “Ең үздік кәсіби маман-2014” байқауының жүлдегері, баян класының оқытушысы,

                          қазылар алқасының мүшесі:- Момбек Нәбира

6.     “Ең үздік кәсіби маман-2014” байқауының жүлдегері, домбыра класының          

                         оқытушысы, қазылар алқасының мүшесі: - Тұяқ Айгүл                                   

                                      Бүгінгі сайысымыз 4 –кезеңнен тұрады.

І-кезең: «Мен мұғалім…» және «Мұғалім портфолиосы»       

                 (Бұл кезеңде сайысқа қатысушылар әңгіме түрінде, музыка, сахналық

                  қойылым  немесе поэзия элементтерімен өздерін таныстырады және

                  педагогикалық қызметінен электронды портфолиосын  қорғайды. Барлық

                  уақыты 8 минут)

ІІ-кезең: «Талантты педагог- дарынды балаларға»

             (Мамандығына сәйкес кез-келген характердегі шығарма  арнайы электронды  

              тақтадан көрсетіледі.Бұл кезеңде сайысқа қатысушылар шығарманы           

              оқушыға жеткізудің,талдаудың заманауи түрлерін, инновациялық  жаңалығы   

              мен тәсілдерін көрсетуі қажет)

ІІІ-кезең: «Білгенге маржан» сұраққа жауап және жағдаяттар.

                (Бұл кезеңде әр маманға 1 сұрақ ,1 жағдаят шешуге беріледі. Олар таңдаған

                сұрақ  пен тосын жағдайларды (жағдаят) шешу  шеберлігін және

                педагогикалық-психологиялық сауаттылығын көрсете білуі қажет.

                Ойлануға  1 минут.)

    ІV-кезең: «Менің  шеберлігім»- шығарма орындау шеберлігі.

                  (Сайысқа қатысушылардың өзі таңдап дайындалған  бір шығарманы орындау

                  шеберлігі)

    Енді бүгінгі сайысты бағалау туралы мәлімет бере кетсем.

Қазылар алқасы мүшелері сайыстың барлық кезеңін бағалау парағында толтырады. 
Жеңімпаздарды анықтау сайыстың соңында қазылар алқасының шешімімен анықталады.
Сайыстың шығу реті жеребе бойынша анықтап алсақ. Олай болса сайысты бастаймыз.
                

 

      Әр кезеңді өзім хабарлап жүргізіп отырамын.

    

ІІ-кезең бойынша қатысушыларға жеребе бойынша (талдауға берілген) келген шығармалар:

 

  1.Әбдіразаққызы Назерке-«В темпе менуэте» Н.Соколовский

  2. Күдебаев Бақжан- «Жолаушы» Бәзғаламның күйі

  3. Отаралиев Серік- «Экспромт» Е.Дербенко

  4.Жауынбаева Ақмарал- арнайы сұрақтар

  5.Қосуақов Ақылбек- «Ақжарма» Есірдің күйі

  6.Әуез Асылбек- «Сицилиана» Дж.Перголези

  7.Панабеков Хамит- «Карусель» Б.Тихонов

  8.Серімбетов Нариман –«Қайран әкем» Қасен Әбуғазы

  9.Жұмажан Жадыра- «Тамшы науайы» халық күйі

  10. Утаралиева Ақбота- «Мазурка»П.Чайковский

  11. Рсалиева Аругүл- «Концертная полька» Б.Тихонов

 

ІV-кезең бойынша қатысушылардың сахнада орындау үшін өздері таңдаған

шығармаларының атауы:

 

  1.Әбдіразаққызы Назерке-«Күзгі әуен» Е.Үсенов

  2. Күдебаев Бақжан- «Жұмыр қылыш» Махамбет

  3. Отаралиев Серік- «Виртуоз» В.Корнев

  4.Жауынбаева Ақмарал- «Алтынай» Е.Брусиловский

  5.Қосуақов Ақылбек- «Науай» Дина

  6.Әуез Асылбек- «Көктем» А.Жұбанов

  7.Панабеков Хамит- «Фуга» ре минор  И.С.Бах

  8.Серімбетов Нариман –«Терісқақпай» Құрманғазы

  9.Жұмажан Жадыра- «Бөгелек» Есбай

  10. Утаралиева Ақбота- «Бақсы» Тілеп

  11. Рсалиева Аругүл- «Алқызыл тас» өңд: С.Барибаев

 

Қортынды:

Бүгінгі «Ең үздік жас маман-2015»байқауы да өз мәресіне келіп жетті. Сайыс қортындысын жариялап, жеңмпаздарға сыйлықтарды табыстау үшін қазылар алқасының  құрамын ортаға шақырамыз. Сөз кезегін білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы аудандық комитетінің төрағасы Раман Әбілқасым мырзаға және мектеп директоры Әліш Сәукен ағайға береміз.
Келесі сайыста кездескенше сау саламатта болыңыздар!


 

 

 Марапаттар: Аудандық  білім бөлімінің мақтау қағаздары және дипломдары

                       Жүлде қорын дайындаған аудандық білім бөлімі және аудандық білім

                        және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетіне алғысымызды

                        білдіреміз.

 Сыйлықтар: «Бас жүлде»- «Принтер»бағасы: 23.000 м.тг

                        І-орын- Картина «Табиғат көрінісі»-бағасы: 11.000 м.тг

                        ІІ-орын- Шаңсорғыш- бағасы: 8.000 м.тг

                        ІІІ-орын- Шаңсорғыш- бағасы: 8.000 м.тг

                        7 –номинация иегерлеріне картина- бағасы: 4,500 тг.

       

Жүлделі орындарды және номианция аталымдары бойынша марапат иелері төмендеігдей:

     Утаралиева Ақбота- қобыз класының оқытушысы «Бас» жүлде;

     Жұмажан Жадыра- домбыра класының оқытушысы І-орын;

     Рсалиева Аругүл-баян класының оқытушысы ІІ-орын;

     Күдебаев Бақжан- домбыра класының оқытушысы ІІІ-орын;

                                    Номинация иегерлері:

    Әбдіразаққызы Назерке- қобыз класының оқытушысы «Өз ісінің шебері»

    Қосуақов Ақылбек - домбыра класының оқытушысы «Талғампаз ұстаз»

    Отаралиев Серік- баян класының оқытушысы «Шығармашыл ұстаз»

    Жауынбаева Ақмарал - хореография класының оқытушысы «Инабатты ұстаз»

    Әуез Асылбек- скрипка класының оқытушысы «Жаңашыл ұстаз»

    Панабеков Хамит- баян класының оқытушысы «Зерек ұстаз»

    Серімбетов Нариман- домбыра класының оқытушысы «Ізденімпаз ұстаз»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

   

 

 

 

 

 

   

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазалы аудандық балалар музыка мектебінде өткізілген "Ең үздік жас маман-2015" байқауының жүргізілу жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный архитектор

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 986 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.02.2017 686
    • DOCX 30.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Келжанов Досан Базарбаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Келжанов Досан Базарбаевич
    Келжанов Досан Базарбаевич
    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1412
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой