Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / Қазанғап күйлерінің орындаушылық ерекшеліктері. (Ашық сабақ)

Қазанғап күйлерінің орындаушылық ерекшеліктері. (Ашық сабақ)

  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Қазанғап күйлерінің орындаушылық ерекшеліктері»

Мақсаты: Күйшінің өмірі мен шығармашылығы, күйлерінің шығу тарихы, орындау тәсілдері, шәкірттері, зерттелуі, мерейтойлары туралы түсінік беру.


Дамытушылық: Күй құдіретін түсініп, түйсіне алу дағдысын жетілдіру; әсерлену, шабыттану сезімдерін ояту.


Тәрбиелік: Күйші өнерінің стильдік ерекшеліктерін,орындаушылық тәсілдерін игеріп, күй өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.


Көрнекілігі: проектор, компьютер, әдеби кітаптар, домбыра аспабы, пульт.

Негізгі әдебиеттер: А. Райымбергенов «Қазанғап күйлері», К. Сахарбаева «Домбыра үйрету әдістері», Б. Басығараев «Қазанғап ізімен», А. Сейдімбек «Қазақтың күй өнері», А.Тоқтаған «Күй тәңірдің күмбірі».

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі:

(амандасу, аспаптың құлақ күйін келтіру, нота , кітаптарды әзірлеу, пульт дайындау)

II. Техникалық жаттығу кезеңі:

Y - dur гаммасын «Қара қағыс», «Біркелкі қағыс», «Алма - кезек қағыс», «Орама қағыс», «Ілме қағыс», «Адай қағыс» қағыстармен ойнау.

III. Үй тапсырмасын тексеру. Құрманғазы «Қайран шешем» (оқушы күйді орындап береді)

- Оқытушы: Күйдің композиторы және күйдің шығу тарихын білесің бе?

- Оқушы: Сағырбайұлы Құрманғазы Орал облысының Жаңақала ауданы, Жиделі деген жерде дүниеге (1823 - 1896) келген. Құрманғазы күрескер - күйші. Оның күйлері өз кезенінің, өз ортасының, өз заманының көріністерін

тілге тиек етіп, дәуірлік өзгерістерді толғайды.

Орал түрмесінде шешесіне арнап шығарған күйі. Күйде өмірдің ауыр халі суреттелгенмен, алдағы күннен уміт сәулесі елес береді.

- Оқытушы: Біздің ұлы күйшілеріміз қазақ халқының өнерін көкке өрлетіп, өлместей мұра қалдырып кетті. Заман зобаланына қарамай, кедейліктің азабын тарта жүрседе, өз басының қамын ойламай, халқының болашағын, азаттығын ойлады. Абай, Шәкәрім тілмен жырласа, күймен өрнектеген Құрманғазымен қатарлас Қазанғап та халқына күй байлығын сыйлап кетті. (слайд)

  • Тілепбергенұлы Қазанғап қазақтың әйгілі күйші - композиторы.

  • Туып - өскен жері – Арал көлінің жағасы, Құланды түбегінің Ақбауыр деген жері. Топырақ бұйырған жері – сол Ақбауыр маңы, Айшуақ ауылының іргесі.

  • Шыққан тегі – Ұлы жүз құрамындағы байырғы тайпалардың бірі - Шанышқылы. Шежіре дерегі бойынша, Ұлы жүз Ақарыстан тараған ұрпақтың бірі Кейкі би, одан Төбей туған. Төбейден Майқы, Қоғам, Мекіре, Құйылдар деген төрт ұл туады. Осылардың Қоғамынан Қаңлы мен Шанышқылы туған. Шанышқылыдан Қорбақа, Дархан, Қырықсадақ, Бектау деген төрт ұл туады. Осылардың ішіндегі Қырықсадақтан Қазанғаптың аталары өрбіген.

  • Академик А. Жұбанов: «Қазақ домбыра өнеріндегі жеті мектептің бірі - Қазанғап дәстүрі» - деген болатын.

  • Зерттеуші А. Райымбергенов: “Әрбір музыкалық ойды түбіне дейін жеткізе, музыкалық материалды асықпай, философиялық терендікпен аша білу Қазанғап күйлерінің стильдік ерекшеліәктеріне тән” (слайд)


Қазанғаптың күйшілік шығармашылығы өзіндік даралығымен ерекше. Оның күйлерінің болмыс - бітімі бөлек, адам жанын тебірентетін

назға құрылған, қуаныш пен махаббат лирикасына толы, терең мағыналы,күй түрлері құбылып тұрады. Домбыра өнерінде өз дәстүрін, өз қолтаңбасын, мектебін қалыптастырған күйші. Қазанғап домбырада өте шебер орындаған. Домбыраны оңқай да, солақай да тартқан. Ол домбырадағы сүйретпе қағыс пен ілме қағысты астастыра отырып, өзінің орындау дәстүрін қалыптастырады. Нотаға қарап «Күй басы» күйін талқылайық. Күй тебірене орындалады, өлшемі өзгеріп отырады. Алуан қағысты эпикалық тарихи күйлер тарапына жатады. Техникасы - сұңғыла, суыртпақ күреп тарту, шерту, ұзақ қайырма әуен, бас - аяғы жоқ шексіз, құлама ағыс.

Қазанғап «Ақжелең» деп аталатын күйлердің негізін салушылардың бірі және дамытушы. Ақжеленнің алпыс екі түріншығарған, әрқайсысының атына, мазмүнына сәйкес екпіні, өлшемі, әуені өзгеріп отырады. Өз күйлерінің жиынтығы ретінде «Күй басы Ақжелең» күйін шығарған, қауымға домбыра тартарда осы «Күй басымен» бастайды екен.

Қазанғап күйлерінің ерекшеліктері:

  1. Оң қол, сол қолдың бірден қозғалуы.

  2. Екі ем, үш ем болып, бірнеше буынан құрылуы.

  3. Қағыс түрлерінің құбылып ырғағы мен тыныстарын ұдайы өзгертуі.

  4. Бір күйдің өн бойында қағып тарту, шертіп тарту, іліп тарту түрлерінің кездесуі.

  5. Саз сарын тілінің ерекшелігі.


  • Оң кол қағыстарының ойналу тәсілдері:

  • 1. “Қара қағыс” пен “Ілме қағысты” сипай әдемі үн шығару.

  • 2. “Теріс қағыстарды” сұқ саусақпен, бас бармақ көмегімен алу (батыс өңірінің әншілерінде кездеседі), нүктелі нотаны тірек ету.

  • 3. Буындарды жалғастыратын арпеджиатоны тиімді пайдалану.

  • 4. Оң колдың төрт саусағымен тырнай алу тәсілі.

  • Сол қолдың басу техникасы:

  • 1. Қос форшлаг – Соққы алдында негізгі дыбыстан бұрын жазылып, соның есебінде орындалатын өрнек.

  • 2. Қысқа форшлаг нотаның белінен сызылған форшлаг.

  • 3. Қысқа қос форшлаг белгілі нотаның жанынан екі рет алынады.

  • 4. Лиганы тиімді пайдалана білу.

  • 5. Перненің асты – үстімен алынып ойналатын тәсіл.


Қазанғап творчествосында орын алатын туындылардың бірі «Жыр» атты күйлері. Оған «Ноғайлының жыр күйі», «Балжанның жыр күйі», патша үкіметіне қарсы шыққан ағайынды Ерназар, Бекет туралы шығарған «Қос қыран», «Зар күйі», «Шырылдатпа», «Жіберсейші». Жеке адамдарға «18 жасар Балжан қыз», «Үлкен қаратөс», «Кіші Қаратөс», жан - жануарларға «Ақсұңқар құс», «Көкіл», «Торы аттың кекіл қақпайы», «Майда қоңыр», «Бөгелек», әзіл - сықақ «Бұраңдама келіншек», «Бұраңбел Ақжелең», көңіл - күй лирикасына «Қап – әттегең - ай», «Дүркін - дүркін дүние», «Домалатпай Ақжелең», философиялық терең ойға «Өттің дүние», «Жұртта қалған» күйлері жатады.

Қазанғаптың шәкірттері: Қуантайұлы Матай, Өмірзақов Құрманғали, Ержанов Кәдірәлі, Қосуақұлы Нұрқат, Бақтыбергенұлы Медеубай, Сайым келіні Күнжан, Жалекеш Айпақов, Тайпан Балмағамбетов, Б. Басығараев, С. Балмағамбетов, Шүрен Сартов т.б. (Слайд)

1983 жылы С. Балмағанбетовтің орындауында «Қазанғаптың күйлері» атты пластинка шықты. Пластинка сыртында - Қазанғаптың бюстісі. Бюстісін жасаған СССР суретшілер одағының мүшесі Ш. Мұхамеджанов. Суретті түсірген – А. Қошқарбаев. 1994 жылы Ақтөбе қаласында Қазанғап Тілепбергенұлының 140 жылдық тойы өтті. Тойды ұйымдастырған белгілі ғалым - Мұхтар Арынов. Той төрағасы - С. Балмағамбетов.

2005 жылы Ақтөбеде Республика көлемінде 150 жылдық тойы өтті.

2005 жылы Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасы «Күйдің пірі - Қазанғап» компакт - диск шығарды. Күйді орындағандар: Бақыт Басығараев, Жайлау Асылханов, Нұрболат Жанаманов Барлығы 20 күй.

2010 жылы Қазанғаптың 155 жылдығы республика көлемінде аталып өтті. «Қазақтың дәстүрлі 1000 күй» жобасы СД дискілеріне жазылып шығарылды. Жинақтағы Қазанғап күйлері күйші дәстүрін жалғастыран ізбасарлары Жәлекеш Айпақов пен Кәдірәлі Ержановтың, елге танытып, насихаттауға көп еңбек сіңірген майталман домбырашы С. Балмағамбетовпен қатар, Б. Басығараев, Ж. Әлбетов, Қ. Жармағанбетов, І. Ілиясов, А. Райымбергенов, Р. Омаров, Н. Жанаманов, Ж. Асылхановтың орындауларында беріліп отыр.

Республика көлеміне Қазанғап күйлерін алғаш насихаттаушы Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген артисі Жалекеш Айпақов болды.Қазанғаптың есімімен екі оркестр аталды: Қызылорда облысы Арал ауданындағы және Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы халық аспаптар оркестрлері. Екі оркестірдің «Халық оркестрі» атағын алуына республикалық халық шығармашылық үйінің, оның бастығы Т. Серікбаева еңбек сіңірді. Ол 1967 - 1968 жылдары еді. 1978 жылы июнь айында Қазақ ССР Ғалым Академиясының комплексті экспедициясы Шалқар ауданында болып, көптеген құнды деректер жинады. Экспедицияны басқарған - Қазақ ССР Ғылым Академиясының корреспондент - мүшесі тарих ғылымдарының докторы, профессор Бек Сүлейменов, экспедицияның мүшесі М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері - Мардан Байділдаев.

Қазанғап талантының бастауы мен жетіліп, толысуы: Доңызтаудағы Төреш күйшінің алдын көруі, Бесқаладағы Орынбай күйшіні іздеп баруы, Жем бойындағы Құрманияз күйшіге жолығу.

Қазанғаптың өнеріне разы болған Орынбай күйші: «Екі қолының ниеті дәйім бір жерден шығады екен. Саусақтарың да пернеге дәл түсіп, нық басады, шыққан дыбыста мін жоқ. Күйді айдаулатып бірыңғай тартпай, қажетті жерінде жігер үстеп, жандандырып тартасың».

Оқушы жаңа материалды аса зейінмен тыңдап белсенділік танытты. Сабақ соныңда студентке «өте жақсы» деген баға қойылды

Үй тапсырмасы: Құрманғазы «Қайран шешем» күйін дыбыс шығару әдістерімен жұмыстану.

Қазанғап шығармашылығына көңіл бөлу. «Күй басы Ақжелең»күйінің мәтінін жаттап, оң қол қағыстарына, дыбыс үндестігіне, дыбыс жұмсақтығын шығару. Басқа күйшілермен салыстыру.



Қорытындылау:

- Қазанғап күйлері әлдеде зерттелуде , «Күйдің пірі» атанған Қазанғап күйлері болашақ домбырашыларымыздың репертуарынан ерекше орын алып, ұлттық рухын көтереді. Қазанғап дәуір перзенті . Ол өзінің өлмес өнерімен замана болмысын бейнелеп, халқының мұң - зарын, арман - аңсарын күй тіліне түсіріп кетті.
















Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 12.02.2016
Раздел Музыка
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров191
Номер материала ДВ-448032
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх