Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Қазақша сөйлейік акциясы" сыныптан тыс сабақ
  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

«Қазақша сөйлейік»

акциясы




Интеллектуалды ойын

«Қазақ тілім – шамшырағым»

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:

Кенжина Гульмира Шорманқызы

7 сыныптар

Мақсаты:

1. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуына байланысты, тілді құрметтей білуге баулу.

2. Оқушының сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту, ой-өрісін кеңейту.

3. Жас ұрпақтың патриоттық, отаншылдық сезімін оята отырып, елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: интерактивті тақтада көрсетіледі.

(Құрманғазының«Сарыарқа» күйі ).

- Құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгін «Қазақша сөйлейік» акциясына арналған «Қазақ тілім – шамшырағым» атты интеллектуалды ойынын өткізбекпіз.

Оқушылар:

Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін!

Тіл заңының

Күшіне енген күн бүгін!

Қазақ тілі – Ата-анаң,

Қуат алар Отан да одан.

Дүниеде ешбір асыл

Тең келмейді қатар оған!

Жүргізуші: - Бұл интеллектуалды ойынға екі топ қатысады. Олар: «Жалын» және Білімпаз». Олардың ойындарын әділқазылар бағалайды. Ойын үш турдан тұрады.

1-тур. «Менің Отаным – Қазақстан».

Берілген сұрақтарға кезекпен жауап беру.

  1. Қай жылы Қазақстан тәуелсіз болып жарияланды? (16 желтоқсан 1991 жыл)

  2. Қай жылы тұңғыш президент сайланды? (1 желтоқсан 1991 жыл)

  3. Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана қаласы)

  4. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл қай тіл? (қазақ тілі)

  5. Қазақстанның қандай рәміздерін білесіңдер? (Ту, Елтаңба, Әнұран)

  6. Тудың ортасында не бейнеленген? (күн, қыран құс)

  7. Тудың түсі қандай? (көгілдір түсті)

  8. Елтаңбада нелер бейнеленген? (шаңырақ, уықтар, қанатты тұлпарлар, Қазақстан деген жазу, бес бұрышты жұлдыз)

  9. Қазақстан Республикасының әнұранының сөзін және әнін кімдер жазды? (Н. Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов, Шәмші Қалдаяқов)

  10. Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады? (түркі тілдер тобына)

2-тур. «Мақал-мәтел» ойыны.

Жүргізуші: - Қазақ халқының мақал-мәтелдерін қаншалықты білетіндерін тексеру үшін «Мақал-мәтел» сайысы өткізіледі.



Мақал-мәтелдердің орыс тіліндегі баламасын табу керек.

  1. Жаман жолдастан таяғым артық. (Крепкая палка лучше плохого попутчика)

  2. Күлме досыңа – келер басыңа. (Над бедой друга не смейся, то же может случиться и с тобой)

  3. Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас. (Дружи с тем, у кого много друзей, откровенничай с тем, у кого друзей мало)

  4. Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы. (Одежда хороша новая, а друг старый)

  5. Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа. Жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа. (С добрым человеком сдружишься – цели своей достигнешь, с дурным человеком сдружишься – в дураках останешься).

Мына мақал-мәтелдердің жалғасын табу керек.

  1. Оқу – білім бұлағы, Білім – (өмір шырағы).

  2. Отансыз адам – ормансыз (бұлбұл).

  3. Білім қымбат, білу (қиын).

  4. Бірлік болмай – (тірлік болмас)

  5. Жақсы сөз – (жарым ырыс)

3-тур. «Полиглот» ойыны.


Жүргізуші: Оқушылардың үш тілде білімдерін шыңдау. Қазақша берілген сөздерді орыс, ағылшын тілдеріне аудару.


Рәміздер – символы – symbols

Ту – флаг – flag

Тіл – язык – language

Отан – Родина – Motherland

Мемлекет – государство – state

Балалар – дети – children

Ел – страна – country

Аспан – небо – sky

Халық – народ – people

Достық – дружба – friendship





Жанкүйерлермен ойын. Жұмбақ шашу.


1.Айдалада ақ отау,

Аузы-мұрны жоқ отау. (жұмыртқа)

2.Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (қой)


3.Жерге қазық қақтым,

Басына айдар тақтым. (сәбіз)

4.Адам үшін қам жеген,

Тозаң жұтып, шаң жеген. (шаңсорғыш

Қорытындылау. Марапаттау



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 18.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров207
Номер материала ДВ-166926
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх