«Қазақшаң қалай, балақай?» байқауы

Предпросмотр материала:

                                                       Олжалы Виктория

 

    Елбасымыз Н.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты қазақстандықтарға арнаған Жолдауында қазақ тілінің Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болатындығын баса айтты. Бүгінде өзге ұлт пен ұлыс өкілдерінің балаларын қазақ балабақшасы мен мектебіне  беруі жаңа заманның игі дәс-түріне айналып барады. Біз бұған қуанамыз.

    «Арай» балабақшасының «Аққу» тобында ұйымдастырылатын ертеңгіліктерде ақ сары, көзі көк орыстың кішкентай қызы Виктория Мокроусова таңдайы тақылдап қазақша тақпақ айтып, әңгімелесе жөнелетініне риза болып: «Өркенің өссін. Мая, Оксана, Ирина әпкелерің сияқты халқымыздың аяулы қызы бол», - деп ақ тілегіңді еріксіз  ақтарып қаласың.  Виканың анасы - Старкова Марина аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет атқарады, полиция капитаны. Ол мұндағы тәрбиешілерге: «Мен қазақша түсінгеніммен, адамдармен тілдесе алмаймын. Жұмыс барысында осы жағынан көп қиналамын. Мемлекеттік тілді білу- әр қазақстандықтың  парызы  дегенге толық қосыламын. Әрі біз қазақ жерінде тұрып, бақытты ғұмыр кешіп жатқандықтан да қазақ тілін білуге, құрметтеуге тиіспіз. Қызымның болашағы үшін оны ойланбастан осында бердім. Викамның қазақ тілін үйренуіне өзінің сүйікті «Балапан» теле-арнасының көп көмегі тиюде»,- деген еді. Әрине, ана жүрегі өз перзентінің тек жақсы болғанын қалайды емес пе?

   Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен  жылда  өзге ұлт өкілдері  бөбектердің арасында «Қазақшаң  қалай, балақай?» - атты байқау өткізіледі. Балабақшамыз аталған додаға  өзге ұлттың 3 талапты бүлдіршінін қатыстырып, қарсыластарын шаң қаптырып, бас жүлдені еншілеген едік. Осы жолы Викторияның бағын сынап көрдік. Балабақша меңгерушісі Анар Жақыпбекова, тәрбиешісі Жанаргүл Молдахан, музыка жетекшісі Айгүл Тасболатовалар  үлкен   сынға барынша дайындады. Бірінші кезеңде Вика Алакөлдің бүлдіршіні екендігін, анасы мен әкесі, тобы, байқауға қатысудағы мақсаты, болашағы жайлы  жырдан шашу шашып, өзін  таныстырады. Өнер сайысында «Балдырған» әнін шырқайды. Үшінші айналымда тәрбиешісі Жанаргүл Молдаханмен бірге орыстың «Қолғап» ертегісін сахналады. Бірнеше образды кезек-кезегімен ойнаған кішкентай арудың талабы кімді болса да сүйсіндіргені анық. Ауданы мен қаласының намысын қорғай келген 19 баланың арасында біздің қызымыз ынталандыру сыйлығына тігілген ақшалай жүлде мен аталған басқарманың алғыс хатын еншілеп қайтты.    

     Жалпы Виктория - латын сөзі, «жеңіс» деген мағынаны береді. Олай болса, кішкентай  Викамыздың  өмір жолы тек жеңіске толы болсын. Қазақ жерін мекен еткен ұлттар мен ұлыстардың  ұйытқы-сына  айналған  мемлекеттік тілді үйренуге деген талабына нұр жаусын деймін.

 

Айнаш Қожахметова,

Алакөл ауданы,

№ 1 «Арай» балабақшасының әдіскері.

 

Краткое описание материала

«Қазақшаң қалай, балақай?» байқауы

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Кожахметова Айнаш Тулеумуратовна

методист

  • На сайте: 11 лет и 2 месяца
  • Всего просмотров: 8941
  • Подписчики: 1
  • Всего материалов: 7
  • 8941
    просмотров
  • 7
    материалов
  • 1
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Кожахметова Айнаш Тулеумуратовна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~100

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Сейчас в эфире

От летней свободы – к осознанной учёбе: как в сентябре заново научить детей общаться, держать фокус и сидеть за партой

Перейти к трансляции