1064657
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 1.410 руб.;
- курсы повышения квалификации от 430 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 90%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до конца апреля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

ИнфоурокКлассному руководителюРабочие программы«Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Сабақ тақырыбы

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»





Сілтеме

Сайт материалдары

Жалпы мақсаты

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XX мерейтойлық сессиясы туралы , Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы туралы оқушылардың ойлауын шыңдау.

Оқыту нәтижесі

Оқушылар Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауы туралы ,Қазақстанның болашағы туралы өз білімдерін толықтырады.

Негізгі идеялар

Туған елдің рәміздерін білу.Ел президентінің жолдауына қолдау көрсету.

Дереккөз

Ғаламтор

Газет-журналдар

Кембридждік оқытудың әдіс – тәсілдері

Тапсырмалар

1.Топпен жұмыс

2.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

3.АКТ мен жұмыс

4.Сыни ойлануға тапсырмалар.

5.Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс

6, Рефлексия .

5 минут

























8 минут







































































6 минут























6 минут
































































3 минут









10 минут





2 минут










5 минут

Сәлемдесу.

Әнұран орындау.

Мұғалім сөзі:

2013 жылдың 24 сәуірінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XX мерейтойлық сессиясы жұмысына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі.

Құрметті отандастар!

Біздің сессиямыздың күн тәртібіне маңызды мәселе енгізіліп отыр. Ол: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр».

Неге біз бұлай айта аламыз?

Өйткені, «бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер.

«Бір ел» – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан.

«Бір тағдыр» – бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!

Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан!

Осының барлығын қоса алғанда, Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет дегенді білдіреді.


Топқа бөлу.(Қағаз қиындылары арқылы)Оқушылар өз тобымен келісіп, құрастырған сөзі туралы өз білімін көрсетеді.

Еңселі Елтаңба.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеті елтаңбасының негiзi — шаңырақ. Ол — гербтiң жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi.

Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi.

Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi.

Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол – өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары — Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов.

ІІ топ

Тұғырлы туымыз.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi гимннің бiрi. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков.

Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi.

ІІІ топ

Асқақтаған Гимн.

Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Гимн. Гимн мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Гимнді түрегеліп ,жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.

1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының ресми гимні болған еді.

2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Гимннің музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Гимннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Мұғалім сөзі:

2013 жылдың 24 сәуірінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XX мерейтойлық сессиясы жұмысына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі.

Құрметті отандастар!

Біздің сессиямыздың күн тәртібіне маңызды мәселе енгізіліп отыр. Ол: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр».

Неге біз бұлай айта аламыз?

Өйткені, «бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер.

«Бір ел» – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан.

«Бір тағдыр» – бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!

Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан!

Осының барлығын қоса алғанда, Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет дегенді білдіреді.

«Жорға» ойыны.

Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтады, оқушылар қай белгі туралы екенін анықтайды.

1.Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген. (Елтаңба)

2.Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. (Ту)

3.Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. (Гимн)


Оқушылармен диалогтық әңгіме

Оқушылар пікірлері:

Мұғалім:

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі жолдауын тәуелсіздік күні қарсаңында жария етті. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталды.Елбасымыздың биылғы жолдауында алдымен мемлекетіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы сөз болды.


Осы аталған жолдау бойынша кім қаншалықты ақпарат біледі? Ойларымызды ортаға салайық.
1 – топ

Еліміздің 22 жылда айтарлықтай жеткен жетістіктеріміз сараланып, әлем алдындағы беделіміздің асқақтағаны айқындалды. Қуатты да табысты мемлекетіміздің демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі, түрлі әлеуметтік этностық және діни топтардың келісімі мен татулығы, халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің роліміз, қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ететін күшті әлеуметтік саясат ұстанған әлемдік қоғамдастық таныған ел екеніміз, ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді рөліміз бен 1997 жылғы жолданған «Қазақстан  2030» стратегиясының 16 жыл ішінде мақсат міндеттерінің орындалуы қорытындыланды.
2 - топ

Сонымен қатар алдағы ХХІ ғасырдың жаһандық он - сын қатері деп: – тарихи уақыттың жеделдеуі, жаһандық демографиялық теңгерімсіздік, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер, судың тым тапшылығы, жаһандық энергетикалық қауіпсіздік, табиғи ресурстардың сарқылуы, үшінші индустриялық революция, үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық, өркениетіміз құндылықтарымыздың дағдарысы, жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупін атап өтті.
3 - топ
Президент
 Қазақстанның қазіргі заманғы осы аталған сын-қатерлерге жауап ретінде дамудың 2050жылға дейінгі кезеңіне арналған Стратегияны қабылдады.
Жаһандық экономиканың кіндігі Азия-Тынық мұхиты өңіріне жедел ауысып барады, деп жалғастырды өзінің сөзін Президент. Бүгінде біз «
Қазақстан -2030» Стратегиясын қабылдаған сәттен мүлдем басқа жағдай мен мүмкіндіктерде өмір сүріп отырмыз. 2050 – бұл қазіргі кезде әлемдік қоғамдастық бағыт ұстанып отырған нақты мерзім. Біздің нақты мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемнің аса дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылу, деп атап өтті Қазақстан басшысы.
Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер: ресурстар, білімді адамдар, жұдырықтай жұмылған ұлт бар, деді
Елбасымыз.
1 – топ
Елбасымыздың сөзіне қарағанда, осыдан 15 жыл бұрын қабылданған 2030 Стратегиясы кеңестік кезеңнен кейінгі ретсіздік түпкілікті ескерілмеген, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері мен кейбір өзге де рыноктарды дағдарыс қалтыратып тұрған шақта қабылданған болатын. Соған қарамастан, Қазақстан2012 жылы ІЖӨ көлемі бойынша планетамыздағы дамыған 50 елдің қатарына кіреді.
2 - топ

Ел басшысы өз сөзін «Біз бәріміз бір атаның - Қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу - қасиетті Қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік Ел» боламыз» деп қорытындылады. 


Жалғастыр ойыны ұсынылады: Мақал (Отан, туған жер, ел туралы).

Отан – елдің анасы, (Ел – ердің анасы).

Отан қадіріне жетпеген, (Өз қадіріне жетпес).

Туған жер тұғырың, (Туған ел қыдырың).

Отанға опасыздық еткенің, (Өз түбіне өзің жеткенің).

Бөтен жердің гүлінен, (Туған жердің тікені артық).

Елдің айнасы – елі, (Жердің айнасы – көлі).

Ел іші – береке, (Көп ісі – мереке).

Сыни ойлануға тапсырма.Ментальді картамен жұмыс.Қазақстанды 2050 - жылдан кейін қалай елестетесің?

Топтарға 5 минут уақыт беріледі және содан кейін әр топтың қорғайтын жұмысы тыңдалады.

Сұраққа жауап алу кезеңі:

1. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қашан қабылданды?

2. Жалпы халықтық сайлауда Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып қашан сайланды?

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы-Теңге айналымға қай жылы енді?

4.Ата Заңымыз қашан қабылданды?

5. Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы, Елтаңбасы, Гимні қашан қабылданды?

6. Жаңа Гимн қашан қабылданды

«Көк тудың желбірегені» әні орындатылады.

Қорытынды:

Мұғалім сөзі:- Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеп, Елбасы жолдауына қолдау көрсету тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы деп білгеніміз абзал.















Краткое описание документа:

Сабақ  тақырыбы

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»

 

 

 

 

Сілтеме

       Сайт    материалдары

Жалпы мақсаты

     «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының  XX мерейтойлық сессиясы  туралы , Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың   халыққа  жолдауы  туралы   оқушылардың  ойлауын шыңдау.

Оқыту  нәтижесі

       Оқушылар  Елбасы  Н. Ә. Назарбаевтың халыққа  жолдауы  туралы  ,Қазақстанның  болашағы  туралы  өз  білімдерін  толықтырады.

Негізгі  идеялар

       Туған  елдің  рәміздерін білу.Ел президентінің  жолдауына  қолдау  көрсету.

Дереккөз

 Ғаламтор

 Газет-журналдар

 Кембридждік  оқытудың  әдіс – тәсілдері

Тапсырмалар

1.Топпен  жұмыс

2.Оқыту мен  оқудағы  жаңа  тәсілдер

3.АКТ мен  жұмыс

4.Сыни  ойлануға  тапсырмалар.

5.Дарынды  және  талантты  оқушылармен  жұмыс

6, Рефлексия .

Общая информация

Номер материала: 524130

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС»
Курс повышения квалификации «Использование мини-проектов в школьном: начальном, основном и среднем общем и среднем профессиональном естественнонаучном образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс повышения квалификации «Использование игр в развитии и обучении»
Курс повышения квалификации «Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организационно-педагогическая деятельность в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Средства педагогического оценивания и мониторинга в работе учителя в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Мотивация учебной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Экзаменационный стресс как частая проблема педагогов и учащихся и пути ее решения»
Курс повышения квалификации «Профориентация школьников: психология и выбор профессии»
Курс повышения квалификации «Методы интерактивного обучения»
Курс повышения квалификации «Современные тенденции цифровизации образования»
Курс повышения квалификации «Инструменты и методы воспитания российской гражданской идентичности согласно ФГОС»
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.