Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Рабочие программы / "Қазақстан қалалары" атты ашық сабақ

"Қазақстан қалалары" атты ашық сабақ

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

11.12.2012 Қазақстан тарихы 5 класс

Сабақтың тақырыбы: Ортағасырлық Қазақстан қалалары.

Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушыларға қазақ жеріндегі қалалардың қалыптасуы тарихи орны мен маңыздылығы туралы түсіндіру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды туған халқына, Отанын сүюге және елжандылыққа, тарихи ескерткіштерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Сабақ барысында оқушының ойына қозғау салып, ғасырлар тоғысына тарихи көзқарасын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Әдісі:сұрақ-жауап, оқулықпен, картамен, тақтамен, тестпен, тірек сызбаларымен жұмыс.

Көрнекілігі: Карта, тірек сызбалар, тест, кесте, кітаптар, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа қатысуларын, оқу құралдарын тексеру. Сабаққа дайындықтарын сұрау.Оқушылар бүгін біздер ортағасырлық Қазақстан қалаларына саяхат жасаймыз. Сабақтың әр бөлімінде керуенге ілесіп әр қалаға саяхатқа шығамыз.

ІІ. «Сарайшық қаласына саяхат», онда үй тапсырмасын сұрау. §24 . Әл-Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы.

ІІІ. «Сығанақ қаласына саяхат», үй тапсырмасын мына сұрақтарға жауап беру арқылы қорыту. 1) Әл-Фараби қай қалада дүниеге келген ? (Отырар) 2 )Қандай ғылымдарды меңгерген? (Философия, математика, физика, астрономия, география, медицина, музыка) 3)Әл-Фараби араб және түрік тілдерінен басқа тағы қандай тілдерді меңгерген?(грек) 4) Әл-Фарабимен қарайлас шыққан қандай ғалымдарды білесіңдер? (Әл Хорезм, Омар Хаям) 5) Қай елдерде болған? (Сирия, Египет) 6) Әл-Фараби өмірінің соңын қай қалаларда өткізді? (Дамаск, Халеб)

ІV. «Сауран қаласына саяхат», жаңа сабақты түсіндіру. §25. Ортағасырлық Қазақстан қалалары. Археологиялық зерттеулер 6-10 ғасырларда Қазақстан аумағында қала мәдениеті жақсы дамып, өркендегенін көрсетеді. Қазақстан аумағындағы ең алғашқы қалалар бұдан 2,5 мың жыл бұрын салынған екен. Олардың бәрі түрлі себептермен қирап топырақ астында қалған. Ортағасырлық Қазақстан қалалары үш бөліктен тұрған. Қаланың негізгі орталық бөлігі цитадель деп аталады. Цитадельде патша сарайы және әкімшілік басқару орындары орналасады. Ал осы цитадельді қоршап жатқан қаланың екінші бөлігі шахристан деп аталды. Шахристанды қызметкерлер мекендеді, түрлі кәсіп иелері тұрды. Қаланың екі бөлігін сыртынан үлкен дуалдар қоршап жатты. Ал қала дуалын сыртында орналасқан рабатта қарапайым еңбекші халық тұрды.Ортағасырлық қалалардың ішінде Ясы, Сығанақ, Баласағұн, Сауран, Сарайшық, Тараз т.б. қалаларды атауға болады. Түркістан қаласында атақты Орта азия билеушісі Әмір Темірдің бұйрығымен қасиетті Қожа Ахмет Яссауи кесенесі салынған. Атақты қазақ ханы Есім ханның кезінде Түркістан қазақ хандығының астанасына айналды. Сығанақ Оңтүстік Қазақстан жерінде Сырдария өзенінің бойында орналасқан қала.Ол Қыпшақ мемлекетінің саяси және мәдени орталығы болған.

V. «Түркістан қаласына саяхат», бұл турда тест шешеміз.

  1. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қай қалада? а/Отырар в/Түркістан+ с/Тараз д/Алматы

  2. Қожа Ахмет Яссауи кесенесін салдырған ұлы билеуші? а/Әмір Темір + в/Шыңғыс хан с/Еділ патша д/Жошы хан

  3. Ұлы кітапхана қай қалада болды? а /Тараз в/ Сығанақ с/ Түркістан д/ Отырар+

  4. Қазақстанда алғашқы қалалар бұдан қанша мың жыл бұрын салынды? а/1,5 мың в/2 мың с/2,5 мың+ д/3 мың

  5. Қаланың орталық бөлігі не деп аталады? а/цитадель + в/шахристан с/рабат д/дуал

  6. Сығанақ қаласы қай өзеннің бойында орналасқан? а/Талас в/Сырдария+ с/Жайық д/Ертіс

  7. Отырар қаласының тез өсуіне қолайлы жағдай жасаған не? а/кітапхана в/медресе с/Ұлы Жібек жолы+ д/ұстахана

  8. Отырар қаласының билеушісі кім? а/Шыңғыс хан в/Хорезм шахы с/Қараша д/Қайырхан+

VІ. «Тараз қаласына саяхат», бұл турымызда «Кім жылдам?» атты сәйкестендіру тапсырмасын орындаймыз.

Шыңғыс

билеуші

Әмір Темір

хан

Отырар

Өзен

Сырдария

Қала

Әл-Фараби

Қожа Ахмет Яссауи

Түркістан

Ұлы ойшыл



VІІ. «Отырар қаласына саяхат», жаңа сабақтан алған білімдерін қорыту.

1)Қаланың қолөнершілер мен егіншілер тұратын бөлігі қалай аталды? (шахристан) 2)Қай қала қыпшақтардың басты саяси және мәдени орталығы саналды?(Сығанақ) 3)Отырар қаласы қанша дуалмен қоршалған? (2) 4)Отырар қаласы маңғолдарға қанша ай қарсылық көрсетті? (6 ай)

VІ. Үйге тапсырма: §25,26. Ортағасырлық Қазақстан қалалары. Кестені дәптерлеріңе сызып, толтырып келу.

VІІ. Оқушыларды бағалау.



Автор
Дата добавления 20.11.2015
Раздел История
Подраздел Рабочие программы
Просмотров357
Номер материала ДВ-172942
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх