Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуы, мамандарды даярлаудың мақсатымен міндеттері.

Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуы, мамандарды даярлаудың мақсатымен міндеттері.

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

2-сабақ

11-сынып 11.09.2014ж


  1. Сабақтың тақырып; Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуы, мамандарды даярлаудың

мақсатымен міндеттері.


2. Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға ҚР ҚК-нің құрылуы туралы түсінік беру;

2. ҚР ҚҚ-нің құрылуы зандылығы тұралы оқушыларға толық

мәлімет беру арқылы білімдерін жетілдіру;

3 Болашақ Отан қорғаушы болуға оқушыларды тәрбиелеу;


3. Уақыты: 45 минут.


4. Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі.


5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, ҚР Конституциясы, заңдары мен

қаулылары.


6. Сабақтың барысы:


а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 8 мин.

  1. Оқушылардың әскери дайындығының мақсаты не?

  2. Оқушыларға алғашқы әскери дайындық сабағы қандай заңдар мен қаулыларға сүйеніп жүргізіледі?

  3. 11 сыныпта өтілетін алғашқы әскери дайындық пәні қандай тараулардан тұрады?


б) Негізгі бөлім – 25 мин. Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның әскери саясатының ерекшеліктері. Қазақстан Қарулы Күштерінің тағайындалуы.

Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуы.

Соғыстан сақтану – адамзаттың ең бірінші мақсаты. Қазіргі кездегі қасіретті болмыстардан – соғыс, қақтығыс, әскери қауіптен және әскери қатер көздерінен арылу армияға арқа сүйемей өтуі мүмкін емес. ҚК мемлекеттің аумақтық тұтастығын сыртқы қауіп-қатерден қорғауды қамтамасыз етуде күш көрсету әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, агрессияға қарсы тұруға міндетті.

Аймақта қалыптасқан әскери-саяси жағдайға байланысты және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) аумағында орын алып отырған саяси және экономикалық процестерді талдай келе, ҚР өз ҚК-ін құруды қолға алды.

Кеңестер Одағы тарағаннан кейін қысқа мерзімде 1992жылдың 7мамырында ҚР ҚК құрылды..

ҚРП Н. Ә. Назарбаевтың «ҚР ҚК-ін құру туралы» Жарлығына сәйкес, ҚК-ді тиімді басқаруды шешу үшін Республиканың Қорғаныс министрлігі құрылды. ҚК-ді басқару органдары қалыптастырылды, армияның құрылымы мен саны анықталды, ҚК—дің қызметі мен құрылуы туралы негізгі құқықтық құжаттар даярланды. Оның юрисдикциясына Қазақстан аумағында орналасқан барлық әскерлер кірді. Олар құрлық әскерлері, әскери-әуе күштері, әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері, әскери-теңіз күштері, сондай-ақ ұрыстық, арнайы, тылмен қамтамасыз ету және АҚ-тың әскери құрамалары.

Республиканың ҚК мынадай қағидаларды үйлестіре құрылды: жалпы әскери міндеттілік пен демократиялық басқару, орталықтандыру мен келісім-шарт жүйесі, дарабасшылық, мемлекеттік билік органдарының есеп беруі мен бақылауға алынуы. Бұл қағидалар ҚР Конституциясы мен әскери мәселелер бойынша: «ҚР ҚК және қорғанысы жайында», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебелері және оларды әлеуметтік қорғау туралы» заңдарында және т.б. заңнамалық актілерде қарастырылған.

ҚР Конституциясында ҚР-ның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғауға негізделген ҚК–дің міндеттері белгіленген. Осы басты міндеттерден негізгі тапсырмалар анықталады: жоғарғы жауынгерлік әзірлік жағдайында тұру арқылы соғыстың алдын алу; мемлекет шекарасына қол сүғылмаушылықты сақтау; мемлекеттік мекемелер мен әскери нысандарды қорғау және күзету; қарсыластың басып кіруші топтарын құрту және агрессияға тойтарыс беру; агрессия зардаптарын жою және шекарадағы жағдайды қалпына келтіру.

Қазақстанның сыртқы саясаты тең құқықтық және өзара тиімділік қағидалары, басқа елдердің ішкі істеріне қол сұқпаушылық негізінде құрылады. Республика халықаралық аренада бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту үшін, қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеу үшін күреседі. Республика басшылығы стратегиялық жою қаруларын қысқарту туралы келісімдерге, басқа да жаппай жою қару түрлеріне тиым салуға қол жеткізді. Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімге қол қойылды. 1993жылы 31 наурызда ТМД-ның Жарғысы бекітілді, оның үшінші тарауында ұжымдық қауіпсіздік, ынтымақтас мемлекеттердің әскери-саяси бірлестігі туралы мәселелер қарастырылған.

Біздің республика өз қорғаныс мүмкіндіктерін бағалай және әскери қауіптің сипаты мен масштабын болжай отырып, әскери құрылысты ТМД-ға мүше елдер мен қорғаныс одағына кіруді қалайтын басқа мемлекеттермен бірге дамытуды жүргізеді.

Мемлекет саясатының бір бөлігі болып табылатын әскери саясат ҚК-дің құрылуы мен міндеттері, мемлекетті қорғау мүддесінде оның әскери қуатын пайдалануға байланыста мәселелер кешенін қарастырады. Оның мәні – армияның әскери қуатын нығайту үшін оны барлық қажетті материалдармен қамтамасыз етуге, әскери істің барлық саласын үйлесімді дамытуға бағытталған мемлекеттік органдардың өзара байланысты шаралар жүйесі. Ол кең ауқымды мәселелер шешуге бағытталған: әскери құрылыстың теориялық негіздерін даярлау; ҚК техникамен жабдықтау; әскери кадрларды даярлау, орналастыру; әскери бөлімдерде тәрбие жұмыстарын өткізу; әскери өнер және әскери ғылым дамуына басшылық жасау; әскерлерді жауынгерлік және оперативтік дайындау қағидалары; мемлекеттің жұмылдыру мүмкіндіктерін ұлғайту; әскери–үйретілген резервтерді дайындау және т,б.

Дербес қорғаныс құрылысын жүзеге асыра отырып, ҚР өз қауіпсіздігін, сондай-ақ ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім-шартқа қол қойған ТМД мемлекеттерінің мүддесін де басшылыққа алады.

Аймақта және Достастық мемлекеттерде қалыптасқан жағдай Қазақстанның дербес ҚК құру туралы шешімді дер кезінде қабылдағанын көрсетіп отыр. Бірақ оның қалыптасуы күрделі экономикалық және әлеуметтік саяси жағдайда өтіп жатыр. Сондықтан ұрысқа дайындық, ұрыстық әзірлік деңгейін төмендетпей, ұйымшылдықты, әскери тәртіптілікті барынша нығайту керек. Республика ҚК шынайы халықтық сипатын сақтап, ТМД ҚК-мен тығыз байланысты агрессорды тежеудің, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың сенімді факторы болуы тиіс.

Қазақстанда әскери мамандарды даярлау.

Алматы жалпы әскери училищесі КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысының негізінде 1970жылы құрылып, 1997жылдың 11 ақпанында ҚРП жарлығымен ҚР ҚК Әскери Академиясына айналды. Осы академияда күндізгі және сырттай бөлімдерде «Құрлық әскерлерін оперативті-тактикалық командалық-штабтық дайындау» мамандығы бойынша оқыту жүргізіледі.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институты мынадай мамандықтар бойынша офицерлер дайындайды:

  • командалық саласы – Бөлімшелердің қызметтік-ұрыстық әрекетін басқару;

  • кинологтар - Бөлімшелердің қызметтік-ұрыстық әрекетін басқару;

  • шекаралық бақылау мамандары (қыздар);

  • ішкі әскер офицерлері - Бөлімшелердің қызметтік-ұрыстық әрекетін басқару.

ҚР Ішкі істер министрлігі Петропавловск Жоғары Ішкі әскерлер әскери училищесі мына мамандықтар бойынша офицерлер дайындайды:

  • байланыс әскерін тактикалық-командалық дайындау;

  • автомобиль әскерін командалық-тактикалық дайындау;

  • ішкі әскерді инженерлік-техникалық қамтамасыз ету;

  • мүлікпен қамтамасыз етуді командалық-тактикалық дайындау;

  • азқпен қамтамасыз етуді командалық-тактикалық дайындау;

  • артиллериялық қару-жарақ.

Екі мәрте Кеңестер Одағының батыры Т. Бигелдинов атындағы Ақтөбе жоғары авиациялық училищесі мынадай мамандықтар бойынша офицерлер дайындайды:

  • ұшу аппараттарын басқару;

  • әуе навигациясы;

  • авияцияны ұрыстық басқару;

  • ұшақтар мен қозғалтқыштарды техникалық пайдалану;

  • радиоэлектрондық жабдықтарды техникалық пайдалану;

  • авияциялық жабдықтарды техникалық пайдалану;

  • авияциялық қаруларды техникалық пайдалану.

ҚР қорғаныс министрлігі Алматы жоғары әскери училищесі мынадай мамандықтар бойынша офицерлер дайындайды:

  • мотоатқыштар әскерін тактикалық-командалық дайындау;

  • танк әскерін командалық-тактикалық дайындау;

  • артиллерия әскерін командалық-тактикалық дайындау;

  • байланыс әскерін командалық-тактикалық дайындау;

  • автомобиль әскерін командалық-тактикалық дайындау;

  • әуе – десант әскерін командалық-тактикалық дайындау;

  • тәрбиелеу құрылымы офицерлері;

  • ракета – артиллериялық қару-жарақ қызметі офицерлері;

  • азық-түлікпен қамтамасыз етуді командалық-тактикалық дайындау;

  • киім-кешекпен қамтамасыз етуді командалық-тактикалық дайындау;

  • сұйық отынмен қамтамасыз етуді командалық-тактикалық даярлау;

  • сауытты қару-жарақ.

ҚР қорғаныс министрлігі Радиоэлектроника мен байланыс әскери-инженерлік институты мынадай мамандықтар бойынша офицерлер дайындайды:

  • авиация ұшуын қамтамасыз ететін радиотехникалық құралдарды пайдалану және жөндеу мамандығы бойынша: «Авиация ұшуын қамтамасыз ететін радиолокациялық құралдарды пайдалану мен жөндау»;

  • әуе шабуылына қарсы қорғаныстың радиотехникалық әскер бөлімшелерін ұрыстық және күнделікті басқару мамандығы бойынша: «Радиотехникалық әскерлердің радиолокациялық құралдарды пайдалануы мен жөндеуі»;

  • әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлімшелерін ұрыстық және күнделікті басқару мамандығы бойынша: «Кіші қашықтықтағы зенитті ракета жүйесімен қаруланған бөлімшелерді қолдану»

ҚР Жоғары әскери оқу орындарына қабылдау тәртібі.

Жоғары әскери оқу орындарына оқуға тілек білдіруші жас азаматтарды оқуға қабылдау мынадай тәртіппен жүргізіледі.

Үміткер тұрғылықты жеріндегі қорғаныс істері жөніндегі бөлімге оқуға түсетін жылының 1сәуіріне дейін аты-жөнін, тегін, туған жылын, күнін, мекен-жайын, түскісі келетін әскери оқу орнының атауын көрсете отырып, өтініш жазады.

Өтінішке қосымша:

  • орта білімі туралы құжаттың көшірмесін;

  • өлшемі 4,5х6см үш фотосуретін (бас киімсіз);

  • өмірбаяны мен жұмыс немесе оқу орнынан мінездеме тапсырады.

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім үміткерді зерттеп, оны оқуға жіберу не жібермеу туралы шешім қабылдайды. Жоғары оқу орнына лайықты және дәрігерлік комиссия алғашқы медициналық куәләндіру кезінде таңдалған әскери оқу орнына лайықты деп тапқан үміткерге белгіленген нысандағы тиісті медициналық құжаттар ресімделеді.

Үміткерлердің жалпы білім дайындығы тест әдісімен төрт пән бойынша тексеріледі: қазақ (орыс)тілі, Қазақстан тарихы, математика, (төртінші пән таңдаған мамандығына байланысты). Әр пән бойынша тест сұрақтарының саны-30.

Дене дайындығы жаттығуларды орындау нәтижелері бойынша анықталады: 3 км-ге және 100м-ге жүгіру,көлденең белтемірге тартылу.

Оқуға қабылданған немесе қабылданбаған үміткерге оқуға қабылданбау себептері көрсетілген жеке іс-құжаттары мен басқа да құжаттары, сондай-ақ әскери оқу орнына түскені туралы анықтама үміткердің қолына қолхатпен беріледі, ол туралы тұрғылықты жеріндегі қорғаныс істері жөніндегі бөлімге хабарланады.

Қабылдау шарттары.

Жоғары әскери оқу орындарына біздің еліміздің 17-ден 21 жасқа дейінгі, орта жалпы білім беру мекемелерін бітірген, сондай-ақ 23 жасқа дейінгі әскери қызметін өткерген немесе өтеп жатқан азаматтар қабылданады.

Әскери оқу орындарына қабылдау үшін кәсіби іріктеуді жоғары әскери оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді.

Жоғары әскери оқу орындарына кәсіби іріктеу мен түсу эмтихандары шілдеде жүргізіледі.



в) Қорытынды бөлім – 9 мин.


Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Қазіргі қоғамдағы Қарулы Күштердің рөлі туралы айтып беріңдер.

  2. ҚР ҚК қандай міндеттерді шешуге арналған?

  3. Қазіргі кездегі Қазақстанның әскери саясатының ерекшеліктері неде?



г) Үй тапсырмасы: / 5 бет п. 1 оқу.









Автор
Дата добавления 29.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров74
Номер материала ДВ-494264
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх