449124
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 5.520 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.200 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 70%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокКлассному руководителюКонспектыҚазақстан Ассемблеясына 20 жыл толуына орай тәрбие сағатының жоспары

Қазақстан Ассемблеясына 20 жыл толуына орай тәрбие сағатының жоспары

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Жамбыл орта мектебі













Тәрбие сағаттың тақырыбы:

«Ынтымақ-достық кепілі»



7»Л»-сыныбы







Сынып жетекшісі: Атаханова Т.Б.







2015-2016 оқу жылы

Ынтымақ-достық кепілі.

Мақсаты:1. халықтар арасындағы достықты нығайту, оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату.

2. оқушыларды әсемдікке, әдемілікке, қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу;

3. мақал-мәтелдер, сөздік қорын молайту, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру;

Көрнекілігі: Қазақстан Ассамблеясының логотипі, достық тақырыбына арналған нақыл сөздер,

Барысы:

- Сәлеметсіздер ме, оқушы достар! Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз «Ынтымақ-достық кепілі» деп аталады.

 

Ағайын туған бар адам,

Адалдық үшін жаралған.

Бар қымбат туыстық,

Баянды болсын тыныштық.

- Жалпы қазақ халқының көсіліп жатқан кең байтақ даласы бар. Осындай байлықтың қызығын көру үшін бізге тыныштық ауадай қажет. Қазыбек би «Біз қазақ достықты жақтаған елміз, дәм тұзды ақтаған елміз» деген. Біздің елімізде 130 дан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дұнған, өзбек, қырғыз, әзербайжан, түрік және тағы да басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір-бірімізбен қоян-қолтық аралас өмір сүрудеміз. Осы орайда биыл мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен және жетекшілік етуімен 1995-жылы құрылған Қазақстан Халқы Ассамблеясын құру туралы идеяның алғаш көтерілгеніне 20 жыл толды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің мемлекет құру ісінде ұлтаралық келісім мәселесіне ең басты назарын аударып келеді. Қазақстан Халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында сөйлеген сөзінде ол «Мені еліміздің әрбір аймағын мекен еткен, ұлы, нәсілі кім екеніне қарамастан мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін жастардың күн өткен сайын көбейіп келе жатқаны қуантады» деген болатын. Сөйте тұра, Қазақстанда барлық ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің өз тілдерін, мәдениеттері мен діндерін сақтап, дамытуына толыққанды жағдай жасалған.

- Ассамблеяның ең басты міндеті – еліміздегі қоғамдық келісім. Қазақстандағы қоғамдық келісім – ең алдымен қазақтың келісімі екенін мықтап есте ұстаған абзал. Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес.

- Қай жағынан айтсақ та бүгінгі біз өмір сүрген заманның ағымы басқа, халқымыз жаппай сауатты. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді. Тәуелсіз көп ұлтты халықтың арасында «Ши» шығармай бірлікпен ынтымақтың ұйытқысы болып дер кезінде республикадағы ұлттардың ассамблеясының жұмысын жандандырып олардың тілін, әдет ғұрпын насихаттауға мүмкіндік жасалуын қадағалап келеді. Мемлекетімізде істелініп жатқан ерлікті істеріміздің барлығы Н. Назарбаев есімімен байланысты. Елбасымыздың есімі Тәуелсіз Қазақстан атымен бірге өріліп үндесіп тұр.

Бауырласқан тәніміз,

Бұзылмаған антымыз.

Кең даланың ежелгі,

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай бізде де,

Бар дәстүр мен салтымыз.

- Міне, біз бүгін оқушылардың білім алу және халықтар достығы бағытында жүргізгелі отырған тәрбие сағатында балалардың мақал-мәтелдерді қаншалықты білетіндіктерін байқау.Мақал-мәтел арқылы халық даналығын бойларына сіңіру. Сөздерді орынды қолдануға өз ойын дәл анық жеткізе білуге үйрету. Ойлау қабілеттерін, және ой өрістерін дамыту. Отанын елін сүюге халқын басқа да ұлт халықтарын құрметтеуге тәрбиелеу мақсат етілді.

-Сыныпты 3 топқа бөлемін

1-топ

2-топ

3-топ

Тапсырмалар:

1-тапсырма:  Сұрақтарға жауап

2-тапсырма: «Тіл өнері»

3-тапсырма: «Сөз тапқанға қолқа жоқ».

4-тапсырма: «Ізденген жетер мұратқа»


1-тапсырма:  Сұрақтарға жауап

1-топ

1.Бірлігі жоқ ел тозады (бірлігі күшті ел озады)

2. Салтанатты ән ( әнұран)

3. Әдепті бала арлы бала (әдепсіз бала сорлы бала)

 

2 – топ

1. Досы көппен сыйлас (досы азбен сырлас)

2. Елтаңба авторы? (Ш. Уәлиханов, Ж. Мәлібеков.)

3. Біздің елімізде 1 мамыр мерекесін қашаннан бастап атап өтілді?(Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бастап)

 

3 – топ

1.Ынтымақ оқ өтпес сауыт( татулық тамаша сауыт)

2. Еліміздің рәміздері қабылданған күн? (1992ж 4 маусым)

3.Ата Заңы қабылданған күн?( 1995 ж 30 тамыз)

 

2-тапсырма: «Тіл өнері»

Бұл бөлімде мақал-мәтелдің түсіп қалға сөздерін тауып, 3 тілдегі баламасын айтады.

Құсқа екі қанат қандай қажет болса, осы күнгі қазақ жастарына осы 3 тілді білу сондай қажет.

1 – топ

1.Білім теңіз(мектеп) кеме (школа, мектеп, school)

2.(Қыз) қылығымен көркем.( қыз, девочка, girl)

3. Өнер ады қызыл (тіл) (тіл, язык, language)


2 – топ

1.Жалқаудың жаны тәтті еңбектің (наны) тәтті.( нан, хлеб, bread)

2. Таяқ еттен өтеді (сөз) сүйектен өтеді( сөз, слово, words)

3. ( Ана) көңілі балада.( ана, мать, mother)

 

3 –топ

1. Көңілдегі сырды (көз) білдіреді. (көз, глаза, eyes)

2. Сіз деген әдеп, (біз) деген көмек. (біз, мы, we)

3, Атадан (ұл) туса игі, ата жолын қуса игі. (ұл, мальчик, boy)

 

3-тапсырма: «Сөз тапқанға қолқа жоқ». Күлдіргі жұмбақтар.

1 топ

1.Егер түнгі сағат 12 де жаңбыр жауса, онан соң 72 сағаттан кейін күн ашылып, шуақ түседі ме? (бұл түн мезгілі)

2. Аңшы орманға барады. Бұтақта отырған торғайды атып түсіреді. Қарға құлайды. Неге? (қыс мезгілі)

3. Не нәрсе сенің меншігің, бірақ оны өзінен көрі басқалар көбірек айтады. (сенің есімің)

 

2 топ.

1. Қай кезде аспан жерден төмен тұрады? (аспан суреті судан көрінген кезде)

2.Үш түйеқұс ұшып келе жатты, аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (түйеқұс ұшпайды)

3. Тышқан аулағышты бес әріппен қалай жазуға болады? (мысық)

 

3 топ

1.Жұмыртқа 12 мин піседі, ал он жұмыртқа неше минутта піседі? (12 мин)

2. Бір жанұяда 5 ұлдың бір-бірден қарындасы бар, жанұяда неше бала бар? (6 бала)

3. Ұшақ Шымкенттен Астанаға дейін 1 сағ 20 минутта ұшады. Ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұны қалай түсіндіресің? (тең)

 4-тапсырма: «Ізденген жетер мұратқа» қойылған сұраққа мақалдап жауап беру.

1 топ

1.Қарғыстың ең жаманы бола ма? (өзің білме білгеннің тілін алма )

2. Тауық түс көре ме? (тауықтың түсіне тары кіреді)

3. Аппақ қарға бола ма? (қарға баласын аппағым дер)

 

2 топ

1. Кімнен кім жаман? (олақтан салақ жаман)

2.Үлкен көз және үлкен сөз бола ма? (қорқақтың көзі үлкен, ақымақтың сөзі үлкен )

3.Адамның қорқақ және батыр мүшесі бола ма? (көз қорқақ, қол батыр)

 

3 топ

1.Білекті және білімді не жығар? (білекті бірді, білімді мыңды жығар )

2.Ынтымақ бірлігін ата? (Ынтымақ достықтың бірлігі )

3.Ырыс алды бола ма? (ырыс алды ынтымақ)

 


- Ел бірлігі ең асыл қасиет. «Бірлік, ынтымақ, сабырлық пен парасаттылық ең алдымен өзімізге қазақтарға керек» деп көрегенділікпен елбасымыз айтқандай біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі Қазақстан халықтарының бірлігі. Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздің ынтымақтастықпен бейбіт өмір.

 

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білім менен аспанға жол салынар.

- Білімділікпен ізгілікті бойымызға дарыта берейік. Осыменен «Ынтымақ достық кепілі» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар.





























1тапсырма


1-топ

1.Бірлігі жоқ ел тозады ______________________________

2. Салтанатты ән _______________

3. Әдепті бала арлы бала _______________________

 

2 – топ

1. Досы көппен сыйлас ________________________

2. Елтаңба авторы? _____________________________________

3. Біздің елімізде 1 мамыр мерекесін қашаннан бастап атап өтілді?________________________

 

3 – топ

1.Ынтымақ оқ өтпес сауыт_____________________________

2. Еліміздің рәміздері қабылданған күн?___________________________

3.Ата Заңы қабылданған күн?_________________________________




2 тап


1 – топ

1.Білім теңіз ______ кеме

2.______ қылығымен көркем

3. Өнер ады қызыл _______


2 – топ

1.Жалқаудың жаны тәтті еңбектің ______ тәтті.

2. Таяқ еттен өтеді _____ сүйектен өтеді

3._____көңілі балада.


3 –топ

1. Көңілдегі сырды _____ білдіреді.

2. Сіз деген әдеп, ____ деген көмек.

3. Атадан ____ туса игі, ата жолын қуса игі.


3-тапсырма: «Сөз тапқанға қолқа жоқ». Күлдіргі жұмбақтар.

1 топ

1.Егер түнгі сағат 12 де жаңбыр жауса, онан соң 72 сағаттан кейін күн ашылып, шуақ түседі ме?

2. Аңшы орманға барады. Бұтақта отырған торғайды атып түсіреді. Қарға құлайды. Неге?

3. Не нәрсе сенің меншігің, бірақ оны өзінен көрі басқалар көбірек айтады.

 

2 топ.

1. Қай кезде аспан жерден төмен тұрады?

2.Үш түйеқұс ұшып келе жатты, аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды?

3. Тышқан аулағышты бес әріппен қалай жазуға болады?

 

3 топ

1.Жұмыртқа 12 мин піседі, ал он жұмыртқа неше минутта піседі?

2. Бір жанұяда 5 ұлдың бір-бірден қарындасы бар, жанұяда неше бала бар?

3. Ұшақ Шымкенттен Астанаға дейін 1 сағ 20 минутта ұшады. Ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұны қалай түсіндіресің?


4-тапсырма: «Ізденген жетер мұратқа» қойылған сұраққа мақалдап жауап беру.


1 топ

1.Қарғыстың ең жаманы бола ма?

2. Тауық түс көре ме?

3. Аппақ қарға бола ма?

 

2 топ

1. Кімнен кім жаман?

2.Үлкен көз және үлкен сөз бола ма?

3.Адамның қорқақ және батыр мүшесі бола ма?

 

3 топ

1.Білекті және білімді не жығар?

2.Ынтымақ бірлігін ата?

3.Ырыс алды бола ма?  

Общая информация

Номер материала: ДВ-037290

Похожие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая компетентность педагога»
Курс повышения квалификации «Организация проектно-исследовательской деятельности учащихся в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс «Сопровождение детского отдыха. Школа вожатых»
Курс повышения квалификации «Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты инклюзивного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Тайм-менеджмент - персональная эффективность преподавателя»
Курс повышения квалификации «Содержательные аспекты профессионального и личностного развития педагогических работников в рамках реализации профессионального стандарта»
Курс повышения квалификации «Система работы специалистов ОО по подготовке учащихся старших классов к сдаче экзаменов»
Курс повышения квалификации «Основы музейной педагогики в работе учителя как одно из условий реализации Федерального государственного образовательного стандарта (ФГОС)»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Профориентация школьников: психология и выбор профессии»
Курс профессиональной переподготовки «Методическое сопровождение педагогического процесса в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Современные тенденции цифровизации образования»
Курс повышения квалификации «Инструменты и методы воспитания российской гражданской идентичности согласно ФГОС»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Онлайн-конференция Идет регистрация