Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / Қазақстан аумағындағы тас дәуірі

Қазақстан аумағындағы тас дәуірі

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m50d69eeb.gifhello_html_m50d69eeb.gifТақырыбы:Қазақстан аумағындағы тас дәуірі

Сабақтың мақсаты. 
• Білімділік: Адамзат дамуы тарихындағы ең ұзақ тас дәуірінің кезеңдерін хронологиялық ретімен, еңбек құралдарымен баяндап, тас дөуіріндегі Қазакстан аумағының табиғат жағдайы туралы білім беру.
• Дамытушылық: Тас дәуірінің әр кезеңінде ежелгі адамдардың материалдық және рухани мәдениеті үздіксіз дамып отырғанын қорытындылап, салыстыра білу, картамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
• Тәрбиелік: Ежелгі мәдениетті сақтап-қорғауға, адамгершілікке, еңбеккорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: биология, геогафия,
Сабақтың көрнекілігі:
1. «Ежелгі Қазақстан» картасы.
2. «Тас дәуірінің кезеңдері» деп аталатын кесте.
3. Тас дәуірінің күралдарының суреттері. 
Сабақтың барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі.
                                II. Үй тапсырмасы.

Оқушыларды үш топқа бөлемін. Оқушылар үш түрлі шардың бірін таңдап топты бөліп аламыз. Үй тапсырмасын тексереміз.Өткен сабақтағы сабақ жоспары бойынша бірнеше оқушыдан үйге тексереді.Ол тапсырма сұрақ иеархиасы деп аталады.Әр топқа сызылған кесте беріледі,сол берілген кестеге әр топ өзінің сұрақтарын жазып ,келесі топқа береді .ол топ сұрақтың жауабын жазуы керек

.

Жаңа сабақ:

Жаңа тақырыптың жоспары:
1. Ерте тас дәуірі (Палеолит). «Палео» ежелгі, «ЛИТОС» тас деген мағынаны білдіреді.
2.Тас кұралдары.
3. Тас дәуіріндегі Қазақстанның табиғаты.
4. Орта тас дәуірі. мезолит
5. Жаңа тас дәуірі.неолит
6. Неолит жаңалықтары.
Адам баласының алғаш қолданған еңбек құралдары тастан жасалған. Еңбек құралдарын тастан жасау, оны қолдану дәуірі өте ұзаққа созылған. Сондықтан адамзат тарихының осы кезеңі тас дәуірі деп аталады. Тас дәуірі үшке бөлінеді деп темендегі кестенің көмегімен тас дөуірінің кезеңдерімен таныстырамын.
Тас дәуірінің кезеңдері.
ТАС ДӘУІРІ
ПАЛЕОЛИТ (б.з.б. 2 млн 500-12 мыңжылдыктар)
МЕЗОЛИТ (б.з.б.12-5мыңжылдықтар)
НЕОЛИТ (б.з.б. 5-3 мыңжылдықтар)
Одан кейін тас дәуірінің кұралдарын суреттердің көмегімен таныстырып өтемін.
Окушылар дәптерлеріне алғашқы адамдардың пайдаланған еңбек құралдарын жазып алады:
 тескіш, кескіш (чоппер), қырғыш, чоппинг, қол шапқы, пышақ, найза, болос.


Сабакты түсіндіру барысында төмендегі негізге сүйенемін.
Мезолиттегі өзгерістер:
• Мұздың еріп, табиғаттың өзгеруі,
• Ірі жан-жануарлардың құрып кетуі,
• Жебелі садақтың, бумерангтың, кақпан мен тұзақтың пайда болуы,
• Балық аулаудың көбеюі қайықтың пайда болуына түрткі болды,
• Мал шаруашылығы мен егіншіліктің алғашкы белгілері пайда бола бастады,
• Тас өңдеудің жетіле түсуі,
• Еуразия, Қиыр Шығыс, Америка құрлығының адам мекенінің игілігіне айнала бастауы.
Неолит дәуірінің жаңалықтары:
•   Тас өңдеу әдістері жетіліп, жоғарғы дәрежеге жетті,
•   Ыдыс жасауды үйренді,
•   Жабайы аңдарды қолға үйрете бастады,
•   Егіншілікпен айналыса бастады,
Оқушыларға Казақстанның ерте кезеңдегі табиғат жағдайы мен қазіргі табиғатын салыстыртамын.
Оқушылар дәптерлерін екіге бөліп, осы тәртіппен екі бағанды салыстырмалы түрде толтырып шығады.

 

Казақстанның ерте кезеңдегі табиғат жағдайы қазіргіге қарағанда жылы болды.Өсімдіктер қаулап биік өсіп,ірі алып жануарлар өріп жүрді,ауа райы қолайлы болғандықтан баспана мен киімді қажетсінбеді.тастан еңбек құралдар пайдаланды.

қазіргі табиғатын өзгеше болды Жүз мыңдаған жыл бұрын ауа райы күрт өзгерді ,күн суып жерді мұз басты.жылыға үйренген малдың көпшілігі қырылып қалды.Адамдар да қырылды тірі қалғандары жаңа жағдайға бейімделіп,отты пайдаланды,баспана жасап киім тігіп,суыққа бейімделді.

Ортақ қасиеттері ауа райы, адамдар еңбек құралдары т.б

ІІ. Әр топқа тапсырма беру: Тапсырмалар карталық парақшалар тарату арқылы жүзеге асады. Әр топтың топ басшылары өз тапсырмаларын бөліп алады.

І топ:  Тас дәуірінің кезеңдері. Атап жаз
ТАС ДӘУІРІ
ПАЛЕОЛИТ (б.з.б. 2 млн 500-12 мыңжылдыктар)
МЕЗОЛИТ (б.з.б.12-5мыңжылдықтар)
НЕОЛИТ (б.з.б. 5-3 мыңжылдықтар)

ІІ топ: Мезолит дәуіріндегі басты жаңалықтары садақ ,жебе ,бумеранг

ІІІ топ:  еңбек құралдары атап жаз

Қорытынды:

«Кілтін тап» дұрыс жауаптарын табу.

  1. Адамдар орта тас ғасырында тұрды: шатырда, үңгірде, уақытша қос сияқты жеңіл баспанада.

  2. Айналысты: аңшылықпен, терімшілікпен, балық аулаумен, егіншілікпен.

  3. Киім тікті: жүннен, жануарлар терісінен, өсімдіктер талшығынан.

  4. Еңбек құралын жасады: алтыннан, тастан, темірден, сүйектен.

  5. Білді: отты, жазуды, қарапайым еңбек құралдарын жасауды, үй жануарларын қолға үйретуді.

  6. VІ. Бағалау:

  7. VІІ. Үй тапсырмасы: Қазақстан аумағындағы тас дәуірі

«Неолит дәуірі адамдарының өмірі» деген тақырыпта эссе жазып келу

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 27.01.2016
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров589
Номер материала ДВ-385268
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх