Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Рабочие программы / Қазақстан бейбітшілік орталығы дөңгелек үстел
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

Қазақстан бейбітшілік орталығы дөңгелек үстел

библиотека
материалов

63 мектеп-гимназиясы





Дөңгелек үстел

Қазақстан – бейбітшілік орталығы

F:\декада тарих\дөңгелек үстел\20151126_125427.jpg



Өткізген: Тарих пәнінің мұғалімі Ыбырай Г.Қ.









2015-2016 оқу жылы

Дөңгелек үстелдің тақырыбы: «Қазақстан – бейбітшілік орталығы»

Мақсаты: 
Білімділік:
Оқушылардың білімдерін тереңдету,туған өлке туралы мәлімет беру

Тәрбиелік: Танымдық белсенділігін арттыра отырып, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Шәкірт жүрегінде Қазақстанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, туған жеріне, елін құрметтеу. Олармен бірге «Туған жер», «Ана тілі», «Мемлекеттік тіл», «Ел тарихы» , «Елімнің отаншыл адамдары» тақырыптарына ой толғау.


Көрнекілігі: слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер .

Формасы: Дөңгелек үстел
 Сабақтыц барысы:

Мұғалімнің сөзі:

    Ата-бабаларымыз аңсаган азаттық пен тәуелсіздікті алдық. Ендігі мәселе— соны ертеңге жеткізу. Келесі ұрпаққа, болашаққа Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау.

Н.Ә. Назарбаев.

         Менің елім — менің Қазақстаным! Осы құдіретті сөзді әрбір Қазақстан Республикасының әрбір азаматы асқақ сезіммен, мақтанышпен айта алары хақ... Өйткені біздер, асқақ арман жетегінде, отаншылдық рухты ту еткен ұлт пен ұлыстардын ұл-қыздары, қасиетті қазақ топырағында өсіп-өніп, мекен етіп, береке-бірлікте, достық қарым-қатынаста, тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз. Біз осы жарасымды тыныс тіршілігімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жан-жакты ойлап, кемел ойлы, кемеңгер ата-бабаларымыздың жолымен жүрген ақыл-парасатының, азаматтық саясатының нәтижесі деп білеміз.

     Қазіргі ауқытта елімізді  әлемдегі барлық ел таниды, танып қана қоймай  еліміздің жетістіктеріне қызғанышпен қызыға қарайды. Біз осындай тәуелсіз, бірлік, бейбітшілік орнаған елдің ұрпағы болғанымызға мақтануымыз керек.

Бүгін бізде – «Қазақстан- бейбітшілік орталығы» тақырыбында сыр шертейік!

    Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

    Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

    Мен оның қасиетті тілін сүйем,

    Мен оның құдіретті үнін сүйем.

    Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

    Бәрі маған: «Отан!»- деп сыбырлаған.

    Жаным менің,

    Кеудемді жарып шық та,

    Бозторғайы бол оның шырылдаған!

    Отан!

    Отан!

    Бәрінен биік екен,

    Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

М. Мақатаев

-         Енді, Отан дегеніміз не? Осы тұрғысынан Отан , Қазақстан ұғмдарына тереңірек тоқталсақ.

Шерхан : Әр адамда Отан бар. Отан, туған жер, атамекен – біз туып – өскен жер. Менің Отаным –Қазақстан Республикасы. Менің  кіші Отаным – кіндік қаны тамаған жерім.Меніңше, өз Отанын, туған жерін сүймейтін адам жоқ. Отан – кең мағыналы, қасиетті ұғым.  Отанымыз туралы, оның тарихы, салт – дәстүрі, тілі  өткені мен бүгіні  жайлы жақсы білуіміз керек.hello_html_41536707.png

Оқушылардың жауабы:

-         туып – өскен жер,

-         адамның кіші  Отаны да болады. Ол – үйі, ауылы, мектебі, достары.

-         Отанды сүйе білген адам бақытты.

-         Отанды сүю отбасынан басталады.

-         Ұлы адамдар сүйікті Отанына тамаша өлеңдер,әндер арнаған.

Дулат:«Менің Отаным – Қазақстан!» - деп жұдырықтай жүрегімнен шыққан осы сөзді мақтанышпен айтамын. Ата-бабамыздың азаматтық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау іңкәр заманға жеткен елімді мақтаныш етемін. Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Біз Тәуелсіздікті 1991 жылы алдық. Қазақстанның бір бөлшегі менің өсіп,тұрып жатқан жерім. Отан меніңше теңіз,өзен,жұлдыз,күн,калалар және адамдар. Атам,әжем,әкем,анам,бауырым,досым бәрі менің туған елім. Мен Отанымның кішкентай бөлшегімін. Туған елімнің табиғаты әдемі. Рас айтамын,өте әдемі.

Ойлаған арманым көп. Мен болашаққа сенемін. Өскен соң Алла қаласа ғалым боламын. Болашағымның жарқын болатынын лүп-лүп еткен жүрегім сезеді. Еліміздің болашағы біздерміз. Ата-анасының Отанын сыйлаған жастар ғана еліне адал қызмет етеді. Мен өз еліме тыныштық,жақсылық тілеймін.

Менің ойымша, Отанды сүю дегеніміз – өз еліңе, өз халқыңа, өз жеріңе деген зор құрмет! Егер де әрбір қазақстандық өз Отанын шынайы ниетімен қадірлеп, оның қуанышына сүйініп, кем-шілігіне күйінетін болса, жер бетіндегі басқа халықтардың да бізге деген құрметі, көзқарасы өзгереді. Менің ойымша, нағыз патриоттық осыдан басталуы керек сияқты. Ата-бабаларымыздан мұра болып қалған ана тілімізді құрметтеу, мемлекеттік тілде өзіңнің ой-пікіріңді жасқанбай айта білу де – патриоттықтың бір белгісі. Отаншылдық пен ана тілімізге деген зор құрметті біріктіре білген әр азаматтың елсүйермендік сезімі жоғары болады деп ойлаймын. Бұған қосып тағы айтарым, әр азаматтың отансүйгіштігі – адамдарға деген адамгершілігі, өз ісіне деген адалдығы, өз бойындағы кемшілігін мойындап қана қоймай, соны жою үшін әрекет етуі. Сонымен қатар, патриоттық дегеніміз – қазақтың өз-өзіне деген құрметі! Мысалға айтсақ, өз еліне деген құрмет – бұл мемлекеттегі саяси тұрақтылықты сақтау, ұлтаралық татулықты нығайту.

Әлима:Сондай-ақ, бүгінгі таңда елімізде болып жат-қан жаңару мен өркендеуден тыс қалмаған адам – нағыз патриот! Қазақстандық жаңғыруға қатысты әрқашан өз көзқарасын ашық айтып отыру – әр азаматтың борышы болуы керек. Әр адамның өз Отанына деген сүйіспеншілігі өз мемлекетінің тұғырлы тәуелсіздігін нығайтуға деген үлесі болмақ. Менің ұғымымда азат ойлы, рухани кемелденген әр адамның жүрегінде Отанға деген кіршіксіз құрмет сезімі болуы керек. Сондай-ақ, әрбір жас қазақстандық қыз-жігіттердің ой-санасында: «Мен қазақстандықпын! Мен елімнің патриотымын! Өзімнің бар білімімді, еңбегімді, тәжірибемді осы мемлекеттің бүгіні мен болашағына арнауым керек!» деген ой болуы керек. Әрбір қазақтың жан-жүрегінде: «Қазақ елін жаудан қорғайтын да, әрі қарай дамытатын да менмін!» дейтін ұлттық мүддені көздейтін көзқарас болуы керек. Әрине, қоғам болған соң, кейбір жастардың әлеуметтік жағдайы өз деңгейінде болмауы мүмкін. Бірақ, оның барлығы да уақытша нәрсе. Уақытша болмайтын бір-ақ нәрсе бар, ол – өз Отаныңа деген үлкен сүйіспеншілік.

Бауыржан:

Сайын дала төсінің жазылмаған заңдарымен жеткен қарапайымдылық пен аңғал мінезді бойына жете сіңірген қайран қазақ халқы не көрмей келеді?! Тілін, ділін, дінін сақтап қалу жолында кешегі күні отты жылдары тобығынан қан кешсе, желтоқсанның үскірік сары аязында өрімдей-өрімдей жастарымызды аш иттердің аузында таланып, жатқа шашылған ырысымызға да амалсыздан көз жұма қарадық. Ата-бабаларымыздың арманы тәуелсіздік болса, оны біздің еншімізге табыстап кетті…

Даулет:

«Бір жылыңды ойласаң күріш ек, жүз жылыңды ойласаң ағаш ек, мың жылыңды ойласаң ұрпақ өсір» деген сөз кешеден бүгінге жетіп, ары қарай жалғаса бермек. Бабаларымыз ұлт, ұрпақ алдындағы борышты қалай сезінеді, біз қалай сезініп жүрміз, келер ұрпаққа қалай сезіндіруіміз керек деген сауалға тоқталсақ. Ұлт ұрпақ арқылы жер бетінен жойылмайды. Ал, ұрпаққа ұлт болып тұру үшін жер, тіл, салт-дәстүр және тарихпен терең тамырлануы керек. Сонда тіл, дәстүр ұмытылмайды, һәм өз ұлтының тілін, салт-дәстүрін биік ұстайды. Рух туы желбіреп тұрғанда өткенге тас лақтырып қарғыс айтпай одан сабақ алып, жіберілген қателігімізді қайталамай ақ найзаның ұшымен, рух-намыстың күшімен қорғаған ата-баба аманатын орындау бүгінгі ұрпақтың , біздің парызымыз!

Мұғалім : Жақсы, , рахмет! Енді балалар,Қазақстанның кешегі күні мен бүгінгі күніне көз жүгіртсек. Қазақстан –бейбітшілік ортасына қалай айналды?Өз ойларыңызды ортаға салсаңыздар.

Арайлым:

Тәуелсіздік туы тұғырына қонғалы аз да емес, көп те  емес. Өлгеніміз  тіріліп, өшкеніміз жанып, жаңарып, жаңғырып  жатырмыз,  Тәуба! Еркіндіктің  таңы  атты, Тәуелсіздік кемесіне мініп, 21 ғасырға кірдік. Ұлы бабалар  ұрпақ  үшін, « ұлым – құл, қызым – күң » болмасын деп, қан майданда шайқасты, талай  алып мемлекеттермен маңдайымызға біткен мына дархан даламыз үшін айқасты. Бүгінгі бейбіт күніміз-өткен күрестер жеңісінің арқасы. Осындай қым-қуыт қиыншылықтың нәтижесінде  қолымызға түгел  тиген тізгінімізді мықтап ұстауға  қайсар да қайратты білек керек. Ең әуелі, егеменді ел болып, халқымыз өз еркімен демократиялық тұрғыда тұңғыш Президентін сайлады. Мемлекеттік тәуелсіздігіміз жарияланғаннан бергі  уақыт ішінде  Қазақстанды әлем таныды. Аяулы ана тіліміз – бай әрі құнарлы қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Енді мекендердің тарихи атаулары қайтарылып, халықтың біртуар ұлдарының аты ардақталып, мерейтойлары өткізілді.

Ерасыл:Біз бүгін кешегі өткен ата-бабаларымыздың жолын тарих беттерін парақтап отырып, олардың қандай жаугершілік заманды басынан өткергенін көре аламыз. Осыған қарамастан осындай ұлан-байтақ даланы білектің күшімен найзаның ұшымен қорғап қала білді. Әбілқайыр хандығы ыдырағаннан кейін нақ сол қалыптасқан халықта, нақ сол этникалық аумақта, нақ сол  шаруашылық-экономикалық жағдайларда билеуші әулет қана алмасып. Жошы  ұрпақтарының бұрынғы тармағының билігі қалпына келтірілді. Қазақ хандығы Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы мемлекеттігінің және жоғарыда айтылған басқа да мемлекеттердің  тікелей жалғасы болды. 

«Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке  ханның «Жеті жарғы» заңдары кемелдену өткенін дәлелдейді. Бұл заң 17- ғасырға жетіп, Есімнің кезінде «Есім ханның ескі жолы» деп аталды.Сол дәуірде қазақ үш жүзінің атақты үш төбе биі  Ұлы жүз биі –Төле, Орта жүз биі – Қазыбек, Кіші жүз биі - Әйтеке бұл заңға «жер дауы», «күн дауы» деген екі тарау қосып толықтырады да, ежелгі әдет- ғұрып заңдары ендігі жерде «Жеті жарғы » деп атала бастады. «Жеті жарғы» заңын бүкіл қазақ халқы атқаруға тиісті заң болғандықтан,13-18 ғасырларда мәдениеттен келе көшпелі ел, өзі ортақ мойындаған заңдарын табиғи түрде өзі бағынатын жол- жосынға айналдырған.

Біз XV ғасырдың орта шенінде қазіргі ұлттық республикамыздың шегінде Қазақ Ордасы аталатын айбынды мемлекет құрдық. Бұл қуатты ұлыс төрт жүз жыл бойы кең даланы еркін жайлап, өзгеше тұрпатты озық мәдениет жасады. Бай болды, бағлан болды. Елімізді, жерімізді еркін сақтап тұрды, ешкімге кеудесін бастырған жоқ. Нәтижесінде осыншама бай, ұлан-байтақ жерді иеленді, өзіне лайық ұрпақ өсірді. Кейінгі зерттеушілер 1465 жылды, 1470 жылды, тіпті, бұрын соңғы кезеңдерді атап жатады. Бұл тарихшылардың пайымдауынша, Қазақ Ордасының ту көтеріп, ірге бекітуі тек Әбілқайыр кенеттен қайтыс болған соң ғана жүзеге асқан сияқты. Осыған дейінгі ұзақ он екі жыл тепе-тең күрес үстінде өткені есепке алынбайды.

Шыңғыс:1465-1470 жылдар – хандықтың құрылған емес, нығайған уақыты, халықтың өз тәуелсіздігін жариялаған емес, көрші жұрттарға біржола танылған мезгілі. Түптеп келгенде мұның бәрі қазақ тарихының бастауын мүмкін болғанынша кейіндету талабының бір көрінісі ғана. Қазақ хандығының құрылуы жөнінде бірден-бір дерек «Тарих-и Рашиди» дерегіне сүйенетін болсақ, Қазақ хандығының негізін қалаушылар Керей мен Жәнібек хан  Шайбан әулетінен шыққан Әбілқайыр ханмен саяси күрес, жауласудан кейін оның билігінен бас тартып, соңына ерген жұртымен көтеріле көшіп, Шу өзінінің бойындағы Қозыбасы дейтін қоныста дербес Қазақ хандығының туын көтереді. Алғаш туымыз тігілген Қозыбасы жері XIV-XV ғасыр басында өмір сүрген Моғолстан мемлекетінің батыс бөлігіндегі аумақ.

Қазақ Ордасы құрылғанда алдымен үлкен Керей ақ киізге хан көтеріліпті. Одан соң Жеңібек хан әмір жүргізеді.Жәнібектің қазақ тарихындағы айрықша тұлға екендігінің бір белгісі – ол халық санасында ақылды әрі әділетті әмірші ретінде таңбаланған, ұлттық тарихымызда жай ғана Жәнібек хан деп аталмайды, Әз-Жәнібек хан деп аталады.

Әз-Жәнібек – қазақ жұртының іргесін бекітіп, ордасын орнықтырған ұлы хан ғана емес, сол халықтың бар игілігне ұйытқы болған асыл ұрық, ұлы әулеттің де негізін салушы. Қазақ Ордасының құдіретті әміршілері, қазақ халқының ұлы перзенттері: Қасым хан, Хақ-Назар хан; Әз-Тәуке хан, Абылай хан, ең соңы Қенесары хан, ұлы ғалымдарымыз Шоқан, Алаш-Орда көсемі Әлихан Бөкейханов – барлығы да осы әулие Әз-Жәнібек ханның  тікелей ұрпақтары.

Әбілқайырдың 1731 жылы Ресей бодандығын қабылдап, сол бодандықтың шырамауынан шығу үшін Сырым Датұлы, Кенесары Қасымұлы, Исатай мен Махамбет, Есет бастаған күресімен, 1916 жылғы тар жол тайғақ кешуді бастан өткерген, 1930-1932 жылдардағы ашаршылық, 1936-1938 жылдардағы қуғын-сүргін, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы, 1986 жылғы қазақ жастарының қасқалдақтың қанымен келген бұл тәуелсіздік бізге оңайлықпен келмеді.

Тәуелсіздік әрине оңайлықпен келмеді, ол бізге қалай келді?hello_html_3439b454.png

Кеңесбек:Әзілхан Нұршайықов атамыздың: «Тәуелсіздер тойын қуанышпен тойлайды, тәуелділер қалай азаттықты алуды ойлайды, тәуелсіздік тойын тойла, тойлай жүріп өркендетуді де ойла»,- деп айтуында кейінгі ұрпақтарға айтқан ортақ ойы, арманы-бостандық, тәуелсіздік. Бұл арман біздің халықта сонау қазақ хандықтарының құрылу кезінен бастап пайда болды. Соның жолында талай күрес жүргізді. Ресей империясының қазақ халқын 300 жылдай өзінің қол астында ұстап, талай зорлық-зомбылық көрсетуіне төзе алмаған қазақ жастары әділетті қозғалысқа шығып, елді еркіндікке жеткізді..

Бүгінгі таңда көп жетістіктерге жетіп, алға ұмтылудамыз. Отанымыз халықаралық ұйымдарға мүше болды. Барлық ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, шаруашылықты өркендетуге белсене қатысып, бірлесіп еңбе етіп келеді.

Еліміздің ертеңі бүгінгі күннен де баянды, бақытты болатынына сенімім мол. Мемлекетіміздің жарқын болашағын бүгіннен бастап ойласақ, көкке қолымыз жететін күн туады. Мен сенемін елімнің нұрлы да шуақты күндерінің боларына, білімді де өнегелі ұландарының жетістіктеріне бүкіл әлемнің «Қазақстан! Қазақстан!» деп таңдай қағарына cенімім мол!

Эльмира: «Қазақ хандығының 550 ж»

Биылғы жылғы  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты халыққа жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп, «Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын» ерекше атап өткен болатын.

Алдияр:Халқымызда мынандай мақал бар: «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз» демекші біріншіден   қазақ хандығы 13-ғасырдың басынан 15-ғасырдың ортасына дейін (қазақтар біртұтас халық болып қалыптасқанға дейін) Шыңғыс хан мен оның ұрпақтарының қол астында болған көшпелі түркі тайпалар «Алаш» қауымынан бастап біртіндеп бірлесіп екі ғасырдан астам уақыт «қазақ» атты халық болып қалыптасу барысын бастан кешірді. Екіншіден, алғашқы «Алтын орда» хандығы, одан кейінгі «Ақ орда» хандығы мен Өзбек хандығы дәуірі, міне, осылайша біртұтас «қазақ» халқы болып қалыптасқан.

Ежелден түркі тілдес, көршілес, аралас жасаған түркі тайпалары ұзақ тарихи дәуірді бастан кешу арқылы табиғи түрде «Қазақ хандығы» аталып ел болып құрылған.    «Қазақ» деген аттың ертеде ру-тайпа атынан қазақ біртұтас халық атына айналуы және Қазақ хандығының құрылуы барысы сияқты тарихи оқиғалар жөнінде ел ішінде көптеген аңыз-деректер сақталған. Қазақстан аумағында біртұтас мемлекеттік Алтын Орданының бөлінуі кезінен бастап, Қазақ хандығы пайда болып, нығайғанға дейін жергілікті этникалық негізде қалыптасты.

Қазбек:Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – татулық,бірлік, берекесі» деген еді.        Қазақ хандығының 550 жылдық тойын атап өтілуі, бұл халқымыздың Егеменді, Тәуелсіз «Мәңгілік ел» болғанымызды дәлелдейді. Тарихы,тілі,діні, салт-дәстүрі ғасырдан-ғасырға ұласып, ата-бабаларымыздың мұра етіп қалдырған жерін,байлығын бүгінгі күні «Мәңгілік  ЕЛ» болашақ ұрпақтары жалғастырады және ұрпақтан- ұрпаққа мұра етіп қалдырады  деп кәміл сенеміз.

Көркем:Қазірде республикамыз зайырлы, әлем таныған Азияның ең жас әрі батыл адымдап келе жатқан барысы сынды.Қиындыққа дес бермей, бірігіп болашағымызды жасаймыз. Ол үшін қазақ жастарына ерік-жігер де, білім де жеткілікті.Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі,ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.

Біз патриот болу үшін не істеуіміз керек? Патриоттық сезім қалай қалыптасады?

hello_html_m69ddcb25.png

Сабина:

Патриоттық сезім әрбір адамға отбасындағы тәлім-тәрбиеден, мектепте алған білімінен бастау алады. Патриот болам деген азамат ең алдымен, өзінің ана тілін жетік меңгеруі керек. Біз жастайымыздан өз тарихымызды, мәдениетімізді, өнерімізді, спортымызды дәріптей білсек, олардың санамызға сіңдіре білсек, патриоттық сезім пайда болады. Патриоттық дегеніміз әрбір адамның күнделікті ісінен де көрініс табады. Қалай? Мысалға, мектеп пен жоғары оқу орынында жақсы оқып, өз қабілетімен жұмыс тауып, отбасын құрып, өзі тұратын мемлекетке деген адалдығын көрсету де патриоттыққа жатады.

Біздің мемлекетіміздің сындарлы саясаты барлық жастарды патриоттыққа үндеп отыр. Қалай? Мысалға, мемлекет: «Сен осы елдің азаматысың! Әрқашан осы елдің қорғауында боласың! Сен осы мемлекетті дамытуға атсалысуың керек! Сен осы мемлекеттің болашағына жұмыс істеуің керек!» деген саясат жүргізіп отыр. Қазіргі кезде қазақстандықтар әлемнің қай қиырына барып, білім алғысы келсе – барлық мүмкіндіктер бар. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақ» бағдарламасымен қаншама мыңдаған жастарымыз шетелдердің ең үздік деген жоғары оқуы орындарында оқып жатыр. Ал, Қазақстанда қалып оқығысы келетіндерге мемлекеттік гранттар, несиелер беріледі. Оқуын жақсы аяқтаған адам жақсы жұмысқа тұруға да мүмкіндік алады. Осыдан кейін: «Елім маған осынша көмек көрсетті. Ал өзім Еліме не беремін?» деп ойлануы керек. Яғни, өз елінің мүддесіне аянбай қызмет ететін жастар – шынайы патриоттар. «Әрқайсысымыз да, бәріміз бірдей еліміздің болашағы үшін жауаптымыз. Біздің міндетіміз – сапалы білім алып, өз ісіміздің нағыз маманы болу, Отанымыздың игілігі үшін өмір сүру, еңбек ету!»


Мұғалім:

Қай мемлекет үшін де өз тәуелсіздігі өте қымбат. Егемендік - көптеген ұлттар мен халықтардың мәңгілік асқақ арманы да, мақсаты да болды. Егемендік үшін әлі де күресіп жатқан халықтар бар. Бабаларымыз да «Егемен болмай ел болмас, етектен кескен жең болмас» деп, осынау ұлан-ғайыр даланы иемденген халқының тәуелсіз ел болып, өзгелермен терезесі тең, жеке мемлекет болғанын армандап өтті. Халқымыздың бақытына орай еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың тереңнен зерделей білетін саясатының, келешекті болжай білетін көрегендігінің арқасында 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан егемендікке қол жеткізді. Бұл айтуға жеңіл, атқаруға келгенде ғасырлық салмағы бар іс болды.

Алмас, Айдана: «Елбасы»

Өз елiнiң, адамзаттың күндiз-түнi қамын ойлаған, таныған оны бар ғалам, құрмет тұтқан қазақтың әр кәрiсi, әр жасы - Назарбаев Нұрсұлтан атты Елбасы. Осы Елбасымыз нағыз үш қанатты қас қыран! Оның үш қанаты - өз елiнiң және әлемнiң Өткенi мен Бүгiнi, алаулаған Ертеңi! Ол қандай құрметке, қандай сыйлыққа болсын лайық! Осы сөздiң терең мәнiн ұғайық!

Динара, «Көпұлттылық»

Қазақстан – көпұлтты, унитарлы, тәуелсіз мемлекет. Әлем таныған Отанымызда жүз отыз ұлт пен ұлыс өкілдері бір үйдің баласындай достық пен татулықта, жарасымды бірлікте қоян-қолтық өмір сүруде. Біз – ынтымағы жарасқан елміз. Қиын-қыстау кезеңде тағдырлары табыстырған халқымыз бір шаңырақтың астында сүттей ұйып отыр.

Ұлтаралық қатынас көп ұлтты Қазақстан Республикасында ерекше көңіл аударуды қажет ететін мәселелер қатарына жатады. Қазақстан жерін мекендейтін халықтардың достық, туысқандық қарым-қатынасы, оларды біртұтас мақсатқа жетелейтін жетекші ұлттық мүдде болуы қазіргі саясаттың маңызды бөлігіне айналды.

Бекжан: Ассамблея

Қазіргі уақытта Ассамблея құрамында 394 мүше бар.

Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді.

2015 жылы ҚХА-ның құрылғанына 20 жыл толады. Соған орай 2015 жыл Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды

Ассамблеяның мақсаты – қазақ халқының топтастырушылық рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық біркелкілікті  және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде республикадағы этносаралық келісімді қамтамасыз ету.

 Анелья Конституция

Кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат- Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі.

Осыдан 20 жыл бұрын, 30- тамызда Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам басқан еді. Содан бері қарай тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата заң - мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды. Өткен 20 жылдан бері мемлекет пен қоғамның дамуындағы өзгерістер - демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнығу талпыныстарының бәрі - Ата заң қағидалары негізінде жүзеге асырылып келеді.

Тоқтала кететін тағы бір жайт, Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады екен. Расында, бүкіл мемлекеттік құрылымды айғақтайтын, елдіктің бастауы болып табылатын құжат енді ғана 20жасқа толып отыр. Әрине, тарих ауқымымен айтқанда, бұл азғантай ғана мерзім. Десе де, осындай заманда Қазақстанның Ата заңы уақыттың сынынан сүрінбей өтті, өзінің заман талабына лайықтығын жан-жақты дәлелдеді. Ал көптеген зерттеушілердің пікірінше, Қазақстанның Конституциясы әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі болып саналады екен. Бұның өзі Ата заңымыздың үлкен әлеуетін білдірсе керек.

Осы қасиетті Ата заңымыздың арқасында қазіргі таңда Астана қаласы Бейбітшілік қаласы мәртебесіне ие болып отыр.

Астана туралы бейнетаспа көрсету.

Қабыкен Меруерт:

Астана қандай қала?

-         Астана  - Қазақстан Республикасының елордасы.

-         Астана  - көрікті, әсем қала.

-         Астана  - бас қала.

-         Астана  - жас қала.

-         Ол Есіл өзені жағасында, Сарыарқа жерінде орналасқан.

-         Мүнда әсем ғимараттар, мұражайлар, ескерткіштер бар.

-         Астана жылдан – жылға көркейіп келе жатыр.

-         Астана – болашағы үлкен қала.

Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алған.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкімімен ел астанасы Алматыдан Ақмолаға ауыстырылады

1998 ж жаңа елорданың атауы Астана болып өзгертіледі

1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» атағын беріп, медальмен марапаттаған. Астана қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларының бірі. hello_html_d14be92.png

Айдарова Меруерт: дәйек сөздер

Жаңа Астана – ежелгі қазақ жерінің төрі.  
Жаңа Астананың қаласы да, адамдарының санасы да жаңа болсын.  
Астана – Отанымыздың жүрегі.  
Астана келбеті – ұлт келбеті.  
Тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Ол отбасылық әл - ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік – ол әке мен ана қуанышы, ата - аналар денсаулығы және біздің балаларымыздың бақыты. Бейбітшілік – ол тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге деген сенім. Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік. Мен жастар – біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш - жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы!
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауынан (Астана, 2014 жылғы 11 қараша)

Аңсар:

Керей мен әз-Жәнібек құрған қазақ хандығының жалғасын бүгінгі күні 23 жыл бойы Тәуелсіз Егеменді елдің көк байрағын көкке желбіретіп, әнұранымен рәміздерін, халқымыздың мәдениетін, салт-дәстүрін дүниежүзіне мойындатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегінің нәтижесі. Оған дәлел биылғы 2014 жылғы 11 қарашадағы  Елбасының «Нұрлы жол» халыққа жолдауында  «Біздің Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы жолға айналдырдық.

Диана ЭКСПО 2017 ж

Тұғыры көк байрағымызды  аспанда желбіретіп ұстау енді келешегі кемел, білімді болашақ ұрпақтың еншісінде. Ата-бабаларымыздың аңсап келген «Мәңгілік ел» болу өсиетін қазақ халқының маңдайына біткен көрегендігі мен даналығы, әрбір ісін халқы үшін жасап отырған «Елін сүйген,елі сүйген» елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған сындарлы саясатының арқасы. Бүкіл дүние жүзі  халықтары бүгінгі күнде қазақ халқын картадан ғана емес, оның жер байлығы мен экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттердің санатындағы мемлекеттің бірі болуының өзі Елбасымыздың  көреген саясатының жемісі. Сонау Қасым хан  негіздеген «Қасым ханның қасқа жолы», «Есімханның ескі жолы» мен Елбасы салған сындарлы сара жолымен жүріп келе жатқан және «Қазақстан – 2030 стратегиясының» бүгінгі күнде мерзімінен бұрын орындалып, 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, Әлемдік діндер ұйымының конференциясының өтілуі, 2010 жылы Қысқы Азияда ойындарының өтілуі, ЕXPO-2017 көрмесінің ұтып алуы бұл қазақ халқының дүние жүзі алдындағы бірлігі жарасқан, толерантты мемлекет екенін  дәлелдеді.        

Мұғалім:Қазіргі таңда Қазақстан – өркениетті, дамыған елдер қатарына енген мемлекет.   Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету – бүгінгі ұрпақтың қолында.Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолмен алға баса береміз.Болашақты  жалғастырушы – біздерміз.

   

   Қорытынды сөз

      Қазір әлем назары — Қазақстанда! Ел беделіне нұқсан келтіретін қандайда бір әрекетке жол бермеу — әрбір азаматтың парызы.

     Қазақстан өз алдына экономикалык, әлеуметтік дамудың жаңа кезеңіне аяқ басу мақсатын қойып отыр. Ел бірлігі мен Елбасының жүргізіп отырған көрегендік саясатының арқасында алдағы кезенде де үлкен жетістіктерге қол жеткізеріміз анық.

      Қазақстан мемлекеті мен халқымыз үшін қажырлы қызмет атқарып жүрген, әлемдік қауіпсіздік үшін ізгі бастамалар көтерген, беделді алпауыт елдердің ұстанымына оң ықпал еткен ірі саяси тұлғамыз бар. Ол — сарабдал саясатты ұстанған көреген көшбасшы, Қазақ елін дүние жүзіне танытқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

      Елбасымыз, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сезімен аяқтағым келеді:

     «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің коркеюі жолында Жан теріңмен еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екенінді ұмытпа!»

Қазақстанның болашағы – сендер.

Қазақстанның  адал азаматы, елдің тірегі болатындарыңа мен сенемін.

-         Отанымыз тыныштыққа, еліміз бейбітшілікте болып, күн сәулесі бақыт нұрын шашсын!












Астана қаласы № 63 мектеп –гимназиясында 26.11.15 жылы 1 желтоқсан Елбасы күніне орай ұйымдастырылған «Қазақстан-бейбітшілік ортасы» атты 11 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында оқушылар Отан ,Қазақстан, Елбасы туралы өз ойларын ортаға салды. Және де Қазақстан Республикасының кешегі өткен күні мен бүгінгі күніне,болашақ күніне көз жүгіртіп, ойларын ортаға салып сараланды. Елбасымыздың сарабдал саясатына тоқталып, биылғы жылымыздың ерекшелігі туралы сөз қозғап, жетістіктерін айта отырды.Елордамыз Астананың жетістіктері мен алдағы ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесінің алдағы жоспарларына тоқталып өтті. Дөңгелек үстел жоғарғы деңгейде өтті. Пән мұғалімдері мен оқу ісінің орынбасары Табылдықызы Д сөз соңында оқушыларға жетістіктер мен патриоттық сезімдерінің болуын атап өтсе,қоғамдық пәндер бірлестігінің жетекшісі Жанузакова Г.Е оқушыларға үлкен жетістіктер тілеп, өз Отаннының патриоты болуға әрдайым дайын болуға шақырды.C:\Users\Гульжаухар\Desktop\телефон сурет\20151126_125508.jpg

C:\Users\Гульжаухар\Desktop\телефон сурет\сурет\IMG-20151126-WA0017.jpgC:\Users\Гульжаухар\Desktop\телефон сурет\сурет\IMG-20151126-WA0036.jpg

C:\Users\Гульжаухар\Desktop\телефон сурет\сурет\IMG-20151126-WA0029.jpg









hello_html_m5a3b6ed8.png


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 04.01.2016
Раздел История
Подраздел Рабочие программы
Просмотров2039
Номер материала ДВ-304827
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх