Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Қазақстан – достық мекені» мерекелік іс-шара сценарийі

«Қазақстан – достық мекені» мерекелік іс-шара сценарийі

Скачать материал

«Бекітемін» Мектеп директоры: Ж.Кадырбеков  



Тақырыбы: «Қазақстан – достық мекені»

Мақсаты: Оқушыларды тілін сүюге, оны қадірлеуге, құрметтеуге баулу. Тіл құдіретін, қасиетін білуге тәрбиелеу.

1.Жүргізуші:
 Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді Қазақстан Республикасының ұлттарының тілдері мерекесі күнімен шын жүректен құтықтаймыз! Бүгін тіл мейрамына арналған «Қазақстан – достық мекені» атты фестиваліне қош келдіңіздер!

2.Жүргізуші:
 Қазақстан Республикасында 130 дан астам ұлттар өмір сүреді. Әр халықтың тілі қайнар судың тұнбасындай мөлдір, сазды дыбыстарға бай, ұлттың тілі, әні, үні болып шалқар дариядай шалқуда.



1.Жүргізуші:
Туған тілім тірлігімнің айғағы Тілім барда айтылар сөз ойдағы
Өссе тілім, мен де бірге өсемін
Өшсе тілім мен де бірге өшемін,- деп Әбділдә Тәжібаев айтқандай тіл қай ұлтта қай елде болса да, қастерлі, құдыретті.

2.Жүргізуші

Бүгінгі «Қазақстан – достық мекені» атты мерекелік кешіміздің ашылу салтанатына құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Жорабек Мамырұлы Кадырбековке беріледі.

1.Жүргізуші
О, туған жер! Қасиетіңнен айналайын
Тамсанамын, қарап тұрып артыңа
Шыққан балаң, қазақ деген халықтан
Нәр аламын, жер - анадан алыптан.

1.Жүргізуші:

 2.Жүргізуші

«Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.

Әр ұлт өкілдерін ортаға шақырамыз

1.Жүргізуші:

Қазақ ұлты 2 а - сынып, орыс ұлты 4 ә - сынып , өзбек ұлты 1- сыныптар, түрік ұлты 5-сыныптар , үнді ұлты 4 а- сынып , грузин ұлты 10 -сынып, қытай ұлты 6- сынып, армиян ұлты 2 ә- сынып, татар ұлты 3 – сынып , украин 8 –cыныптар, 7- сынып шешен ұлты, 9- сынып әзірбайжан ұлты.

2. Жүргізуші:

Батырлыққа уызынан жарыған Ер қазақты жалауынан таныған Өзі батыр, өзі әнші халыққа Жарасады жігер берер әнұран Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалсын

Гимн

 1.Жүргізуші:    

Еліміздің мемлекеттік тілі қазақ тілі екені барлығымызға аян

Қазақ осы -айтатұғын елге сыр,

О ағайын,халық емес ол көл-көсір.

 Қазақ осы –аңғал- саңғал жабусыз

Қазақ осы-ағыл тегіл,көл көсір.

Қазақ осы -дала дейтін,күн дейтін,

Қазақ осы -өнер алды тіл дейтін.        

Қазақ осы -қарасың ба,ақсың ба,

Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін,- 

деп жырлаған Қадыр Мырзалиев ағамыз. Сол айтқандай,ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны біздерге мәлім дей келе Қазақ халқының өнерін тамашалаңыздар.

2.Жүргізуші:
Ақ мақтаның мекені
Көңілі болған қарлы шың
Өз ағам деп еркелер
Өзбек ағам армысың - дей отырып ортаға
өзбек ұлтын өз өнерімен қошеметтеп шақырамыз.

1.Жүргізуші:

Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.

Татулығын жырға қосам ұлттардың,

  Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.- 
дей отырып келесі кезекті Грузин ұлтына береміз.

2.Жүргізуші

Жер – анамыз жасайды тарлық кімге,

Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.

Қайталанып, жаңарып айтылады,

Бейбітшілік деген сөз барлық тілде,- дей отырып, 
ортаға
Армиян елінен келген қонақтарымызды өнерін тамашалауға шақырамыз.

 1.Жүргізуші

Елім менің, жарқыраған, жайнаған,

Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.

 Елім менің биіктігі шарайнам,

Қыран құсы көгінде мың самғаған

Ортаға карей елінің өнерін тамашалаңыздар.

2.Жүргізуші

Ұлыстармыз тамыр болған ежелден,

Кімдер қашсын қазақтай ер елден

Достығымыз ғасырларға жарасқан

Туған елім, шарықтай бер кемелден.



Келесі кезекте орыс ұлтының өнерін тамашалаңыздар

  1. Жүргізуші

Байлықтың ең үлкені – ол халықтар достығы,- дей отырып, ендігі кезекті республикамызды  тағы бір өкілі Украин ұлтының өнерін тамашалауға шақырамыз.

2.Жүргізуші:

Тілі бөлек болған менен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

1.Жүргізуші:
Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!
Ендеше ортаға
Татар ұлтының өкілдерін шақырамыз.

2.Жүргізуші:
 Бейбітшілік әніміз.
Бауырласпыз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Ұлы Отан аясында
Жадырайды жанымыз

Ортаға үнді ұлтының өнерін тамашалайық

 1.Жүргізуші:

Ортақ бізге бір отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жыр ортақ,

Ортақ бізге барлығы дей келе ортаға түрік ұлт өкілдерінің өнерін тамашалаңыздар.

2. Жүргізуші

Қазақ жері достықтың гүлстаны

Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы

Күрестерде еңбекте, мерекеде

Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.

Ендігі кезекті Шешен ұлт өкілдерінің өнерін тамашалаңыздар.

1.Жүргізуші:
Ендеше, бейбітшілік жасасын
Ынтымақтастық жасасын! дей отырып, 
ортаға
Қырғыз елінен келген қонақтарымыздың өнерін тамашалауға шақырамыз.

2.Жүргізуші:
Бірлігіміз жарасқан, Елдігіміз бар мәңгі. Сөгілмесін іргесі, Жасай берсін бірлігі.

1.Жүргізуші

Құрметті ұстаздар, кешіміздің қонақтары бүгінгі  өтіп отырған «Қазақстан –достық мекені» атты мерекелік кешімізді аяқтаймыз әр ұлт өкілдеріне көп, көп рахмет.

 

 



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Қазақстан – достық мекені» мерекелік іс-шара сценарийі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Садовод-декоратор

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 299 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.02.2016 3678
    • DOCX 23.2 кбайт
    • 25 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есенова Гулзия Нурахановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Есенова Гулзия Нурахановна
    Есенова Гулзия Нурахановна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 30028
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой