Инфоурок Обществознание КонспектыҚазақстан достық шаңырағы

Қазақстан достық шаңырағы

Скачать материал

1-жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!

2-жүргізуші: 1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Достық әнін шырқайық!» атты сазды бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер!

1-жүргізуші: Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.

2-жүргізуші: Бұл күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

1-жүргізуші: Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау – Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.

2-жүргізуші: Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – барша қазақстандықтардың борышы.

1-жүргізуші: Баршаңызды 1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

2-жүргізуші: Баршаңызға, әр отбасына береке-бірлік, бақыт-байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

1-жүргізуші: Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін!

1,2-жүргізуші: МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

1-жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.

Татулығын жырға қосам ұлттардың,

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

2-жүргізуші: Тілі бөлек болғанымен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

1-жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай.Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен.

2-жүргізуші: Кең байтақ елімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып отырса, біздің білім ордамыздың ұйытқысын келтіріп отырған бәріміздің басшымыз Даурбаев Келдімұрат Түгелбайұлы. Ендеше, ағай, көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін өзіңізді ортаға шақырамыз./мерекелік лебіз/

1-жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мың тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.

2-жүргізуші: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім.

1-жүргізуші: Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 20 жыл толғалы отыр. Бұл – қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің 20 жылы. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді.

2-жүргізуші: Алғашқы кезекті өзіміздің ұлттық дәмімізді ұсынатын, ұлттық биімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне алғашқы сөз кезегін береміз.

/2,3-а сыныбының оқушылары/

1-жүргізуші: Мерекелік құттықтау сөз кезегі ардагер-ұстаз Төлесбаева Айханым апайға беріледі./мерекелік лебіз/

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі мерекемізде біз 8 ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз. Әрине, қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.

2-жүргізуші: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

1-жүргізуші: Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

2-жүргізуші: Ортақ бізге бір Отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жыр ортақ,

Ортақ бізге барлығы.

1-жүргізуші: Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, Орыс мәдени орталығына сөз кезегін береміз.

/Орыс халқының сәлемі/ /10-а,10-ә сыныптары/

1-жүргізуші: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,

Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.

Елім менің биіктігі шарайнам,

Қыран құсы көгінде мың самғаған!

2-жүргізуші: Сөз кезегін Өзбек мәдени орталығына береміз.

/Өзбек халқының сәлемі/ /1-а, 4-а сыныптары/

2-жүргізуші: Жер-Ана бәрімізге ортақ. Осынау сахара кең қазақ даласында көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті ынтымақта, бауырластықта өмір кешуде.

1-жүргізуші: Қазақ жері ортақ Отан, ортақ өлке болып, әр азаматтың мекеніне айналған. Келесі кезекті қырғыз мәдени орталығының өкілдеріне береміз.

/Қырғыз халқының сәлемі/ /9-сынып/

1-жүргізуші: Ағайын-туған – бар адам,

Адалдық үшін жаралған.

Бар қымбат туыстық,

Баянды болсын тыныштық!

2-жүргізуші: Ортаға көршілес түркмен мәдени орталығының өкілдерін шақырамыз.

/Түркмен халқының сәлемі/ /5-сынып/

2-жүргізуші: Республикам менің,

Республикам менің,

Абатым!

Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!

Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,

Шуақ бар сенде достасып бірге табатын!

1-жүргізуші: Сөз кезегі украин мәдени орталығының өкілдеріне беріледі.

/украин халқының лебізі/ /6-сынып/

1-жүргізуші: Тілегі бір,

Жүрегі бір.

Достармен біз біргеміз.

Туыс барда құрыштан да,

Берік біздің іргеміз!

2-жүргізуші: Өз құттықтау лебізін білдіру үшін ортаға көршілес түрік мәдени орталығының өкілдерін шақырамыз.

/түрік халқының лебізі/ /1-ә,3-ә сыныптары/

2-жүргізуші: Жер-анамыз жасайды тарлық кімге,

Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.

Қайталанып, жаңарып айтылады,

Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.

1-жүргізуші: Сөз кезегі поляк мәдени орталығына беріледі.

/Поляк халқының құттықтауы/ /7-сынып/

1-жүргізуші: Жақсылыққа, бақытқа,

Талпынған әр уақытқа.

Бала біткен дос-бауыр,

Болмасын еш тосқауыл!

2-жүргізуші: Келесі кезекте ортаға қытай мәдени орталығының өкілдеріне береміз.  /қытай халқының лебізі/ /8-сынып/

1-жүргізуші: Қайсарлығы қара тасты үгіткен,

Қаһарынан қас дұшпаны үріккен.

Қайырымдылығы тас жүректі жібіткен,

Арғы тегі Алаштан тараған,

Керегесін ағаштан құраған елміз!

2-жүргізуші: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!

1-жүргізуші: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанының жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз!

2-жүргізуші: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгілі сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының аузына ұрып, жұлысқанының жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз!

1-жүргізуші: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!

2-жүргізуші: Ән «Қазақстаным менің!» жеке дауыста 3-ә сынып оқушысы Шайхина Ақмаржан.

/ән орындалады/

1-жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет.Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.

2-жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!

1-жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!

2-жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!

1-жүргізуші: Қазақстан жасасын!

2-жүргізуші: 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні жасасын!

1-жүргізуші: Осымен, бүгінгі «Достық әнін жырлайық!» атты мерекелік бағдарламамызды аяқтаймыз.

1,2-жүргізуші: Сау саламатта болыңыздар!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақстан достық шаңырағы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Контент-менеджер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: Қазақстан –достық шаңырағы.

Мақсаты: 1 мамыр мерекесінің шығу тарихымен таныстыру , халықтар арасындағы достықты нығайту, сыйластық, татулық, ынтымақ ,адамгершілік құндылықтарының маңызын түсіндіру, Отанын құрметтеуге баулу.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, әр ұлт өкілдерін ,киімдерін слайд түрінде көрсету.

Барысы:

1-жүргізуші:Қайырлы күн, ардақты ұстаздар! 1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Қазақстан-достық шаңырағы» атты әдеби- сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші: Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.

1-жүргізуші:Бұл күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

2-жүргізуші: Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – барша қазақстандықтардың борышы.

1-жүргізуші: Баршаңызды 1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

2-жүргізуші: Баршаңызға, әр отбасына береке-бірлік, бақыт-байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

1,2-жүргізуші: МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

1-жүргізуші: Кең байтақ елімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып отырса, біздің білім ордамыздың ұйытқысын келтіріп отырған бәріміздің басшымыз Нәлібаева Ләззат Имашқызы . Ендеше, апай , көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін өзіңізді ортаға шақырамыз./мерекелік лебіз/

2-жүргізуші: Ағайын-туған-бар адам

Адамдық үшін жаралған

Бар елге қымбат туыстық,

Баянды болсын тыныштық! – дей отырып , Ән «Қазақтай ел қайда» Орындайтын 5- сынып оқушысы Кенжебай Ахметхан

1-жүргізуші: 1 мамыр мерекесінің кешегі мен бүгінгі тарихына қысқаша тоқталып өту үшін сөз тарих пәнінің мұғалімі Ботақұлова Гүлназ апайға беріледі.

2-жүргізуші: Осындай үлкен тарихы бар мерекені біздің елімізде дүние жүзі еңбекшілерімен бауырластық, ынтымақ күні ретінде атап өтеді. Бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктіреді. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады»дейді қазақ мақалы.

1-жүргізуші: Қазақстан көп ұлтты мемлекет . Біздің елімізде 130-дан астам ұлттар тұрады:

ұйғыр ,кәріс, дұнған, өзбек, қырғыз, түркімен, тәжік, армян, азербайжан, украин, беларус, түрік, шешен және басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір-бірімізбен берекелі де мерекелі өмір сүреміз.

2-жүргізуші: Білгің келсе біздің жайды содан сұра тек қана ,

Одан асқан шежіре жоқ, одан асқан жоқ дана

Екі ішектің бірін қатты , бірін сәл-сәл кем бұра

Нағыз қазақ , қазақ емес , нағыз қазақ –домбыра- дей отырып өз ұлтымыздың биі «Қара жорға » биін қабыл алыңыздар.орындайтындар 9-сынып оқушылары Базарбай Ақниет, Нұрай

1-жүргізуші: Мамыр айы табиғаттың жайма шуақ берекелі кезеңі. Айналаның бәрі жасыл желек жамылып ерекше бір реңге бөленеді. Табиғаттың бұл әсем жыл мезгіліндегі мамыр айының Халықтар бірлігі күні ретінде алынуы тегіннен- тегін болуы мүмкін емес. Бұл керемет мамыражай мамыр айын ақындар да жырлап өткен.

Нұрай 5-с: Май көркі . Баубек Бұлқышевтікі

Май көркі сұлу сырға таққандайын,

Ән-күйге орман,тоғай батқандайын

Күннұры жер бетіне шашып шұғыла

Көмкеріп ақ күміспенжапқандайын.

Шығыстың шымылдығы ысырылып,

Алтын таң нұрын шашып атқандайын,

Балбырап жасыл бүліс , көк өсімдік

Құлпырған алтайымен мақпалдайын.

Жайдары осы майдың көрінісі

Қиялын жүрегімнің тапқандайын

Майға ән сап , Әсеттейін әсемдетіп

Жамбылша жыр бұлағын ақтарайын

Бекзат 7-с: Елімнің көз салайын ой-қырына

Өмірдің көңіл қойып шын сырына

Шат халық, бақытты елдің думан тойын

Желі ғып алтын арқау мен жырыма

Майға біз әсем әнмен ,үнмен келдік

Жеңгендер сьезімен , гүлмен келдік,

Жаңа салт, жаңа табыс, жаңа өндіріс

Жаңарған өткен майдан түрмен келдік

Өмірдің ең шыңында тұрғанда елім

Ағылмай қалсын неге жырым менің

Сондықтан тойға арнап төгілтейін

Шығарып дүкенімнен жырдың кенін

Мейрамбек 5-с: Көктем келді, май келді

Шақырады тойға елді.

Бізбенен қол ұстасып

Кел, бірге жүр , жақсы май.

Гүл терейік тысқа шық

Көп сағынған достым-ай

Мен көтерсем жалауды,

Майда бірге көтерген

Басып үлкен алаңды ,

Маймен бірге өтем мен

Нұрымжан 7-с : Туған жер .Қасым Аманжоловтыкі

Шықшы тауға, қарашы кең далаңа:

Мәз боласың ұқсайсың жас балаға

Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең ,

Шаршайсың ба , құмарың бір қана ма?

Уа, дариға – алтын бесік туған жер .

Қадіріңді келсем білмей кеше гөр !

Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей

Ақын болмай, тасың болсам мен егер

Неткен байтақ , неткен ұлы жер едің!

Нендей күйге жүрегімді бөледің ?

Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем,-

Арманым жоқ бұл дүниеде,- дер едім;

Мен де өзіңдей байтақ едім , кең едім;

Қызығыңды көріп еркін келемін,

Сен де аямай бердің маған барыңды ,

Мен де аямай барым саған беремін .

Болдым ғашық, туған дала, мен саған,

Алыс жүрсем-арманым сен аңсаған .

Жақын жүрсем мен –төрінде рахаттың,

Алтын діңгек –өзім туған босағам !

2-жүргізуші: Қадірменді бір досымыз-өзбегім,

Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім

Өз сөзімдей жанға жайлы сөздерің

Өз көзімдей күлімдейді көздерің сахнада - Өзбек биі . Орындайтын 8-сынып оқушысы Мұхамед

1-жүргізуші: Көрініс : «Қырғыз бен грузин айтысы » Орындайтындар 6 ,7-сынып оқушылары

Қырғызға таңырқай қараған грузин қырғыздан:

-Сенің ұлтың кім?

-Қырғыз

-Сен қырғыз болсаң өз еліңе неге бармайсың ?

-Менің өз елім- Қазақстан

- Жоқ, сен Қырғызстанда түруың керек !

-О не дегенің ! Мен Қазақстанда тұрамын . мен Қазақстанды өз Отаным деп білемін

- Сен өз еліңе қалайда кетуің керек

- Ал сен грузинсің ғой ! Сен мұнда не істеп жүрсің ? сен де өз еліңе бар! (осылай дауласып жатқанда , Қазақ жігіті келеді)

- балалар , осыншама неге дауласып жатырсыңдар? Менің білгім келеді.

-(Екеуі қосарлана ) Біз әрқайсымызды өз еліңе баруың керек деп жатырмыз. Қайсымыздың кетерімізді білмейміз

- О не дегендерің ! Біздің Отанымыз Қазақстан көп ұлт мекендейтін мемлекет емес пе ? Мұнда қырғыз да, грузин де, орыс та, түрік те тағы басқа ұлт өкілдері тұрып жатқан жоқ па . Тұрғанда тату-тәтті тұрып жатыр , ал сендер дауласасыңдар келіп . Олай болса , бізде неге дос болмасқа ! Қане , салыңдар қолдарыңды !

-Жарайды , жарайды(келісіп қолдарын береді)

2-жүргізуші: Ән: Хор «Пусть всегда будеть солнце » Жеке дауыста Нұрланқызы Индира

1-жүргізуші: Бүгінгі кешімізге арнайы ұлт өкілдері бас қосып , өздерінің ән шашуларын көрсетпекші . Олай болса ортаға сол қонақтарымызды шақырайық

Қазақ ұлтының киімін киген 2-оқушы 9-сыныптан :

Біз тілейміз бар бөбекке ,

бақытты өмір сүргенін

Туған елге еркелеп,

Қуанғанын күлгенін

Сусынымыз қанады

Өнер-білім нәрімен

Әлемдегі баланың

дос боламыз бәрімен

Орыс ұлтының киімін киген 1 оқушы 6-сыныптан :

Сары , ақпыз, қарамыз

Бәріміз де баламыз

Бір қалада түрамыз

Бір мектепке барамыз

Өзбек ұлтының киімін киген оқушы 1 оқушы 8-сыныптан :

Ақ, қара деп бөлмейміз

Бір жыл туған төлдейміз

Туысқанбыз, татумыз

Биіктерге өрлейміз

Қырғыз ұлтының киімін киген оқушы 1 оқушы 6-сыныптан :

Қазақ, қырғыз бір сананың егізі

Екі жұртың бірге екен негізі

Қазақ озса-ол қырғыздың мерейі

Қырғыз озса – ол қазақтың жеңісі

Украин ұлтының киімін киген оқушы1 оқушы 6-сыныптан :

Кім сүймейді ет жақынын, туысқанын

Украина туысымның бірісің

Тұрды биік туымыздай бұл достық

Ел басына төнгенде де ұлы сын

Татар ұлтының киімін киген оқушы 1 оқушы 6-сыныптан :

Біз балдырған тең басқан

Дос құшағын елге ашқан

Тілейміз- бейбіт күн

Ашық болсын кең аспан

Хормен : Достық –ұлттық туымыз

Бауырласпыз бәріміз

Дос болайық бәріміз

2-жүргізуші: Керемет , осындай берік те мызғымастай, бірлігі жарасқан достардың құрметіне 8-сынып оқушысы Ерасыл «Қазағым» әнін орындайды . Қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Қазақта қасиетті сөз бар . «Ана бір қолымен баланы тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді»- дейді.Ана –біз үшін асыл жан . Осындай өнерлі де білімді, көрікті де тәртіпті оқушыларды дүниеге әкелген аналардың құрметіне қол шапалақтап , мәртебе тұтсақ артық емес .

6-сынып оқушысы Нұрланқызы Индираның орындауында «Ана туралы жыр » әні барлық аналардың құрметіне арналады. Қошеметпен қабыл алыңыздар !

2-жүргізуші: Ұстазым менің , ұстазым

Өзіңмен өткен қыс жазым

Қалдырған ізің мәңгілік

Жадымда қалар жаңғырып

Ұстазым менің , ұстазым

Ұстаз – біздің екінші анамыз. Біздің кемел болашағымыз үшін білім нәрімен сусындатып жатқан ұстаздар қауымы үшін үлкен қошемет білдірейік. Енді ұстаздармен қызықты ойын ойнасақ Ортаға 3 мұғалім шақырылады. Оларды әр ұлттың әуенімен билетеді. Тамаша билеген мұғалімге гүл шоқтары сыйлық ретінде беріледі.

1-жүргізуші: Сіздердің құрметтеріңізге орыс халқының ұлттық биі орындалады. «Орыс » биі. Орындайтындар 8-сынып оқушылары Жайна мен Диана

2-жүргізуші: Осымен «Қазақстан –достық шаңырағы» атты 1мамыр – Халықтар бірлігі мерекесі күніне арналған әдеби-сазды кешіміз аяқталды. Бір аспанның астында тату-тәтті, достығымыз жарасып, бейбіт өмір сүрейік! Егеменді еліміз әрқашан биіктен көріне берсін!

Хор: Атамекен

1.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 551 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.05.2015 2797
    • DOCX 19.8 кбайт
    • 15 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ильясова Жанар Орынбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ильясова Жанар Орынбаевна
    Ильясова Жанар Орынбаевна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2870
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История и обществознание")

Учитель истории и обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Обществознание")

Учитель обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к ЕГЭ по обществознанию в разделе «Право»

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 92 человека

Мини-курс

Эффективная работа с Wildberries: от создания личного кабинета до выбора продукта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Современные направления в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе