Инфоурок Всеобщая история Конспекты"Қазақстан - егемен мемлекет" тақырыбына сабақ жоспары (5 сынып)

"Қазақстан - егемен мемлекет" тақырыбына сабақ жоспары (5 сынып)

Скачать материал

С.М. ЖАКСЫМБЕТОВА,

«Қазан жалпы орта

білім беретін мектеп» ММ

тарих пәнінің мұғалімі.

Май ауданы,

Павлодар облысы.

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан – егеменді  мемлекет

Мақсаты:

• Білімділік: оқушыларға КСРО-ның ыдырауы, Қазақстанның тәуелсіздік алуы жайлы мағлұмат бере отырып, нақты тарихи заңдылықтарды түсінуін қалыптастыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің құрылуы жайындағы білімдерді меңгеру үшін жағдай туғызу.
• Дамытушылық:
Қазақстанның  тәуелсіздік алып, егеменді ел болуының маңыздылығын үйрету, тарихи оқиғаларға баға бере білу қабілеттерін және жан-жақты ойлау қабілеттерін дамыту.
• Тәрбиелік: өз елінің өткен тарихын құрметтеуге үйрету, Отан мен қоғам алдындағы жауапкершілік сезімін арттыруға көмектесу, Отанға, еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, патриоттыққа, азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Тәуелсіздік, егемендіктің маңыздылығын түсінеді, тарихи оқиғаларға баға бере алады

Сынып: 5 «а»

Сабақтың түрі: аралас

Әдістері: интерактивті

І. Ұйымдастыру кезеңі

- амандасу

- түгендеу

-Психологиялық ахуал туғызу:  «Машина, поезд, ұшақ» ойынын ойнап, көлік түрлерінің қимылдарын көрсету арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Ұшақ» әдісі арқылы үй жұмысын тексеру: қағаздан ұшақ жасап, бір жақ қанатына сұрақ жазып, бір-біріне ұшырады. Ұшақты ұстап алған оқушы екінші қанатына жауап жазып қайтарып береді. Сұрақтар үлгілері: Ғарыш сөзі араб тілінен аударғанда қандай мағына береді? (кеңістік, космос); Әлемде тұңғыш ғарышқа кім және қашан ұшты? (Юрий Гагарин 1961 жылы 12 сәуірде); Түңғыш қазақ ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров) т.б.

ІІІ.Жаңа тақырып:

Оқушыларға тақырып негізгі ұғымдары жазылған карточкалар таратылады:  КСРО, 1922 жыл, одақтас республикалар, 1979 жыл, 1986 жыл, 1991 жыл, 16 желтоқсан, республика, егемендік, Н.Ә.Назарбаев, президенттік сайлау.

Дұрыс жауаптары: Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы; КСРО 1922 жылы құрылды; КСРО құрамында 15 одақтас республика болды; 1979 жылы Целиноградта (Ақмола, бүгінгі Астана) қазақ жастарының кеңестік жүйеге қарсылығы болып өтті; 1986 жылы КСРО-ның отаршылдық, әкімшіл-әміршіл саясатына қарсы қазақ жастарының наразылық қимылы. Орталық үкіметтің езгісіне шыдамаған қазақ жастары сол күндері ереуілге шағып, қазақ елі басшысының қазақ азаматы болуын талап етті; 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады; 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні; республика – мемлекет басшысын халық немесе арнайы сайлау алқасы сайлайтын басқару жүйесі; егемендік -  мемлекеттің саясатта толық тәуелсіз болуы және елдің ішкі саясатында мемлекеттік биліктің бәрінен жоғары тұруы; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Қазақстан Республикасының Түңғыш Президенті; президенттік сайлау – республика өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін мемлекет басшысын сайлау мақсатында 1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық Президент сайлауы өткізіліп, халықтың бірауыздан қолдауымен Н.Ә.Назарбаев Президент болып сайланды.

     Әр топ осы тіректі ұғымдарды топпен талқылап, тақырыпты өздігінен меңгереді. Топтар дәптерлерімен өзара алмасып, бір-бірін тексереді.

«Конверттегі сұрақтар»: әр топқа конверттер таратылады. Конверт ішіндегі сұрақтарға топ ішінде 1 минут ойланып жауап беру ұсынылады. Сұрақтар:

1-топ: Неліктен Қазақстан КСРО құрамында өз экономикасын еркін дамыта алмады? ( КСРО құрамында болғанда Қазақстан бірде-бір мәселені өз бетімен шеше алмады. Үнемі Мәскеуден берілген нұсауды ғана орындауға тиіс болды. Экономикалық жағынан да Қазақстан өз байлығын өзі ие бола алмады. Қазақстанның мемлекеттік қорына тапқан табысының 1 %-ы ғана түсті).

2-топ: Қазақ халқының өз рухани байлығынан айырылу қаупін неден көруге болатын еді? (Ұлттық ерекшеліктер ескерілмей, құқықтары аяққа басылды. Қазақтар өз тілін, салт-дәстүрін, дінін ұмытып, мәңгүрттену қаупі төнді, т.б.).

3-топ: Бүгінде Қазақстан әлем алдында егемен ел ретінде қандай жетістіктерге жетіп отыр? (Бүгінде Қазақстанды әлемнің 120 мемлекеті танып, 70-тен астам мемлекетпен елшілік дипломатиялық қатынас орнаған. БҰҰ-ның мүшесі, мемлекеттік рәміздеріміз қбылданды, ұлттық теңгемеіз 1993 жылы 15 қарашада айналымға енді, Ата Заңымыз 1995 жылы 30 тамызда қабылданды, т.б.).

ІҮ. Бекіту. Жеке жұмыс: тест

1.     КСРО-ның өмір сүрген уақыты


А) 1922-1986 жылдары

В) 1917-1991 жылдары

С) 1919-1990 жылдары

Д) 1923-1990 жылдары


2.     Қазақстан тәуелсіздік қашан алды?


А) 1991 жыл 1 желтоқсан

В) 1991 жыл 16 желтоқсан

С) 1986 жыл 17 желтоқсан

Д) 1991 жыл 31 желтоқсан


3.     Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған мемлекет


А) Түркия

В) АҚШ

С) Германия

Д) Үндістан


4.     1991 жылы 1 желтоқсанда болған оқиға


А) Қазақстан тәуелсіздік алды

В) Целиноград оқиғасы болды

С) КСРО құрылды

Д) Бүкілхалықтық Президент сайлауы


5.     Целиноград оқиғасы кезінде жастар неге қарсы шықты?

А) Қазақстанның басшысын басқа ұлт өкілін қойғандықтан

В) Неміс автономиясының құрылуына қарсы шықты

С) Қазақстанның Ресейден бөлінуін талап еткендіктен

Д) Қазақстанның тәуелсіздік алуын  талап етті

Жұптық жұмыс. Сәйкестендіру.

КСРО құрылған жыл

1986 жыл

Целиноград оқиғасы болған жыл

1991 жыл 1 желтоқсан

Желтоқсан оқиғасы болған жыл

1991 жыл 16 желтоқсан

Қазақстанның тәуелсіздік алуы

1922 жыл

Бүкілхалықтық Президент сайлауы

1979 жыл

Топтық жүмыс: Әр топқа  Қазақстанға келген шетелдік қонаққа сыйлық жасау және сыйлықтың мәнін түсіндіру тапсырмасы беріледі. Әр топ бір бірінің сыйлығын бас бармақ арқылы бағалайды.

Ү. Рефлексия.

«Бес саусақ» әдісі бойынша оқушылар параққа алақандарын қойып, салған соң, сабаққа қатысты мынадай сұрақтарға жауап береді: бас бармақ – бүгінгі сабақта ең құнды не нәрсе болды?

Балалы үйрек – мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?

Ортан терек – мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек – сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек – мен сабақта өзімді қалай сезіндім?

 

ҮІ. Үй тапсырмасы: Тәуелсіз Қазақстан туралы шағын эссе жазу

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Қазақстан - егемен мемлекет" тақырыбына сабақ жоспары (5 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по охране труда

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 479 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.08.2015 5660
    • DOCX 84 кбайт
    • 15 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жаксымбетова Сания Манатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жаксымбетова Сания Манатовна
    Жаксымбетова Сания Манатовна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 49885
    • Всего материалов: 23

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Достижение эффективности в преподавании истории на основе осуществления положений историко-культурного стандарта

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 638 человек

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 166 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 771 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и философия науки: теория и методика преподавания при подготовке кадров высшей квалификации

Преподаватель философии науки

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Мини-курс

Введение в инвестиции и инвестиционный процесс

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 11 регионов

Мини-курс

Преодоление фобий: шаг за шагом к свободе от социальных источников страха

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Проектный анализ: стратегии и инструменты управления успешными проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе