Инфоурок Музыка Другие методич. материалыҚазақстан композиторларының шығармаларымен жұмыс

Қазақстан композиторларының шығармаларымен жұмыс

Скачать материал

МКҚК  «БҚО Бөрлі ауданының балалар саз мектебі» оқушыларына өткізілген шеберлік сабақ.  Құрманғазы  Орал саз колледжінің оқытушысы Мұзапбарова Қалия Шамшиевна.

 

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан композиторларының шығармаларымен жұмыстану»

Сабақ мақсаты:  

Білімділік; Оқушыны әдемі әуендерді тыңдап сезінуге  тәрбилеу.  Оқушыны қызықтыру, өзінің ұлттық өнеріне деген ынтасын, сүйіспеншілігін арттыру

Дамытушылық;      Оқушылардың ой өрісі мен  орындаушылық қабілетін  дамыту

Тәрбиелік;      Құдіретті қобыз  аспабын  құрметтеуге, өнердің маңызын түсінуге, әстетикалық тәрбиелік мәні бар ұлттық аспаптың құдіретін сезінуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі ;   Кітаптар, М.Каленбаева «Қобызға өңделген күйлер» , қобыз аспабы, ысқыш,   Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі», Сабақтың жабдығы:  Бейнетаспалар. А.Жұбанов. «Ғасырлар пернесі»

Сабақтың типы:  Теориялық және практикалық

. Пән аралық байланысы;      Аспапта орындау, аспап шығармаларын меңгеру қашан да тарих сабағымен ұштасып жатады

Сабақтың әдісі:      Мұқият тыңдап, түсініп,  қайталап отыру.

Сабақтың өту барысы .  Ұйымдастыру кезеңі.

 Қобыз құлақтарын келтіріп, пульттарына ноталарын қою.

 Оқушымен амандасу

Оқу құралдарын қадағалап,  назарын сабаққа аудару. 

Бүгінгі кездесу шеберлік сабағы  болған соң  алғашында тақырыптың толық мазмұны, мақсаты түсіндіріледі.

Жаңа сабақ  Е.Үсеновтың « Абай әндеріне фантазия» шығармасы.

Әуелі композитор туралы, оның өмірбаяны, шығармашылық табыстары туралы түсінік беріледі.

Ермұрат Үсенов 1952 жылы 25 шілдеде Алматы облысы, Райымбек ауданы, Талды селосында дүниеге келді. 1970-1977 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында домбыра аспабы бойынша бітірген. “ҚР Мәдениет қайраткері”, “Қазақстанның жас композиторлар” конкурсының үш дүркін лауреаты,

 Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, домбыраға арналған көптеген шығармалардың авторы. Еңбек жолын Жезқазған музыка училищесінде оқытушы болып бастады. Мұнда өзінің алғашқы музыкалық шығармаларын жазды. 1981 жылы Н.Тілендиев жетекшілік еткен “Отырар сазы” фольклорлық-этнографиялық ансмблінің құрамына шақырылып, қабылданды. 1990-1994 жылдары Алматы музыка училищесінде, қазір Астанадағы Қазақ ұлттық музыкалық академиясында ұлт аспаптар кафедрасының кафедра меңгерушісі. “Қазақстан композиторлар” одағының мүшесі. Алматыда Құрманғазы атындағы консерваторияда 2011 жылдың желтоқсан айында, күйші әрі сазгер Ермұрат Үсеновтің кеші болып өтті. ҚР еңбегі сіңген қайраткер кешті Тәуелсіздіктің 20 жылдығы мен Желтоқсан оқиғасының 25 жылдығына арнады.

Ермұратты замандастары Нұрғиса Тілендиевтің ізбасары деп біледі. Себебі, Жезқазған музыкалық колледжінде сабақ беріп жүрген жерінен Алматыдағы «Отырар сазы» оркестріне шақырған да Нұрғиса болатын. Содан бері сазгер халқына ән де арнады, күй де жазды. «Арулар, қош болыңдар!», «Бабаларға сыйыну», «Жалт-жұлт еткен дүние-ай», «Дариға аққу», «Күзгі әуен» сынды әндерін жұрт сүйіп тыңдайды. «Ұран», «Ана», «Шыңырау – құс» күйлері болса – тыңдарманның қошеметіне бөленген туындылар. Ал сазсырнай, қыл қобызға, хорға арнап жазған шығармалары бір төбе.

Қазақтың дәстүрлі музыкасын бүгінге дейін сақтаған композитор некен саяқ. Жазған әні мен күйінде ұлттық бояуы өшпеген, ерімі қанық, эстрадаға бой алдырмаған шығармашыл азамат екендігі білінеді.

      Фантазия дегеніміз не? Фантазия дегеніміз – музыкалық қиял, жалпы қолданылатын музыкалық формадан ауытқып, еркін жазылатын шығарма. Бұл шығармада Абайдың бірнеше әндері қамтылған: « Желсіз түнде жарық ай» әнімен басталып, әрі қарай « Айттым сәлем Қаламқас», «Көзімнің қарасы» әндер арасы музыкалық әсерлеумен жалғасып , бір жәй, бір жылдам ырғақта ойнала отырып аяғына дейін өзінің лирикалық құрылымын жоғалтпайды.

 Осының барлығы оқушыға түсіндіріліп, Қалия Шәмшіқызы өзі аспапта ойнап көрсетеді. Ойнап болған соң оқушығы қай жерінде қандай штрихтар, ысқыштың қай бөлігімен ойналатыны, соның ішінде ең бастысы-қай позициялармен ойналатыны түсіндіріледі. Шығарманың ешқандай кедергісіз, жалқы дыбыстар шықпай сызылған лирикалық әуенде ойналуы,  техникалық кедергі болмауы үшін позициямен ойнаудың ролі өте үлкен.

Бұндай күрделі шығарманы бір позициямен ойнау мүмкін емес. Бұнда қобызда пайдаланылатын негізгі 1-2-3-4 позициялардың барлығы қамтылады. Тек оқушының жұмысы сол 1 позициядан 2 ші позицияға дұрыс ауысуын ойлана қойып, таба білуі. Не ашық ішек арқылы, не екінші, не үшінші саусақ арқылы, не полутондар арқылы т.б.

Әрі қарай шығарма баяу ырғақта талданды. Позициядан ауысатын жерлері карандашпен көрсетіліп, саусақтары қойылып отырады. Позицияға ауысу кезеңі оқушыға сұрақ бере отырып жасалынады. «Сен қалай деп ойлайсың, 1 ден 2 позицияға қандай жолмен өтуге болады, сен қалай етер едің» деген сұрақтар бір жағынан оқушының есінде ұзақ сақталып, келешекте өзінің дұрыс шешім қабылдауына көп әсерін тигізеді

.Арасындағы әндер вариациялары, әсемдік бояулары динамикалық белгілермен берілген өте әсем, өте керемет шығарма. Бұл шығарманың оқушы жүрегіне жол табары сөзсіз.

Қорытынды: Оқушыларға кейінгі кездерде көбіне жаңа шығарманы бейнетаспадан тыңдатуға тырысады. Бұл әрине, заман талабына сай да болар. Дегенмен, оқытушының өзі аспаппен күйсандыққа қосылып ойнап бергені әлдеқайда көп әсер қалдырады. Шығарманы талдай және ойнай отырып, оқушы өз елінің әндерін сүюге, жүрегі қалап ойнағаннан кейін аспапқа деген  «үйренсем»  деген құштарлығы арта түседі. Ал шығарманы талдап ойнаймын деп отырып, позициямен ойнаудың қыр сырларын, саусақты дұрыс қоя білуді, музыканың реңдік бояуларын орынды пайдалана білуді, саусақ техникаларын жылдам игеру жолдарын қалай тез үйренгенін байқамай да қалады. Шеберлік сабағы осы мақсаттарды алға қоя отырып, жүйелі түрде өткізіледі.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақстан композиторларының шығармаларымен жұмыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по финансам

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 607 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.03.2016 1895
    • DOCX 18.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Музапбарова Калия Шамшиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Музапбарова Калия Шамшиевна
    Музапбарова Калия Шамшиевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 33291
    • Всего материалов: 17

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные направления музыкального искусства

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Курс профессиональной переподготовки

Музыка: теория и методика преподавания в сфере начального общего, основного общего, среднего общего образования

Учитель музыки

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 364 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 095 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания музыкально-теоретических дисциплин в дополнительном образовании

Преподаватель музыкально-теоретических дисциплин

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 304 человека

Мини-курс

Интеллектуальная собственность: медиа и фотографии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 25 регионов

Мини-курс

Психологические аспекты родительства и развития ребёнка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Жизненный цикл продукта и методология управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе