Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / Қазақстан композиторларының вокалдық музыкасы. Ән-романс жанры

Қазақстан композиторларының вокалдық музыкасы. Ән-романс жанры


  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Қазақстан композиторларының вокалдық музыкасы. Ән-романс жанры.
Сабақтың міндеті: Тақырыпты меңгерту. Оқушылардың қызығушылығын арттыру. Мақс...
Қайталау сұрақтары: XX ғасырда қандай елдерде кәсіби музыка өнері қанат жайды...
1. Жеке аспап пен оркестрге арналып жазылған көлемді шығарма. 2. Көп дауысты...
Қазақстанда кәсіби вокалдық музыка ән-романс жанрынан бастау алады. Романс –...
Ахмет Жұбанов (1906-1968) Академик, профессор, өнертану ғылымының докторы, қа...
Евгений Григорьевич Брусиловский (1905-1981) Халық музыкасы негізінде жазылға...
Мұқан Төлебаев (1913-1960) Қазақтың дарынды композиторы, ұлттық кәсіби музыка...
Әбілахат Еспаев (1925-1980) Дарынды композитор. Ә. Еспаев негізінен вокалдық...
Нұрғиса Тілендиев (1925-1998) Дарынды композитор, дирижёр және домбырашы. Ол...
Шәмші Қалдаяқов (1930-1992) Қазақстанның халық артисі, ән жанрында аты шыққа...
Музыкалық сауат: Каденция – музыкалық шығарманы аяқтауға арналған әуендік нем...
Латиф Хамиди (1906-1983) Қазақ кәсіби музыкасының негізін салушылардың бірі....
Оқушылардың ән орындау техникасын тексеру: а) нота б) дауысқа жаттығу жасау.
С - dur
Дыбыс ұзақтықтары: Әуен – саздардағы дыбыстар бір-бірімен түрлі биіктіктеріме...
Музыкалық диктант х = 1и + 1и + 1и + 1и х = ? (қандай ұзақтықтағы нотаға тең)...
Тест Қазақстан Республикасы Әнұранының әнін жазған кім? а) Е. Брусиловский; б...
6. Симфония дегеніміз не? а) Оркестрге арналған көлемді шығарма; б) Хорға арн...
Үйге тапсырма: Композиторлар шығармашылығын оқу, әнді жаттау, музыкалық сөзді...
1 из 24

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Сабақ тақырыбы: Қазақстан композиторларының вокалдық музыкасы. Ән-романс жанры.
Описание слайда:

Сабақ тақырыбы: Қазақстан композиторларының вокалдық музыкасы. Ән-романс жанры.

№ слайда 2 Сабақтың міндеті: Тақырыпты меңгерту. Оқушылардың қызығушылығын арттыру. Мақс
Описание слайда:

Сабақтың міндеті: Тақырыпты меңгерту. Оқушылардың қызығушылығын арттыру. Мақсаты: Білімділік Дамытушылық Қазақстандағы ән-романс жанрына алғаш жол салған композиторлар шығармашылығына тоқталу, жүйелі еркін сөйлей білу, оқушының белсенділігін арттыру. Ән-романс жанрымен таныстыра отырып, оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту, ән иірімдерін дұрыс ести білу, мелодиялық ерекшеліктерін сезіну қабілеттерін дамыту, әнді дұрыс орындауға машықтандыру. Тәрбиелік Ән-романстарды тыңдату арқылы Отанын сүюге, рухани адамгершілікке, өз ісіне сенімі мол, еңбекқор, мейрімді, өнерлі, заманына сай тұлғаны тәрбиелеу.

№ слайда 3 Қайталау сұрақтары: XX ғасырда қандай елдерде кәсіби музыка өнері қанат жайды
Описание слайда:

Қайталау сұрақтары: XX ғасырда қандай елдерде кәсіби музыка өнері қанат жайды? Осы кездегі әлемдік музыка мәдениетіне үлес қосқан композиторлардан кімдерді атар едің? Ұлттық композиторлар А. Хачатурян, У. Гаджибеков, М. Ашрафидің қандай шығармаларын білесің?

№ слайда 4 1. Жеке аспап пен оркестрге арналып жазылған көлемді шығарма. 2. Көп дауысты
Описание слайда:

1. Жеке аспап пен оркестрге арналып жазылған көлемді шығарма. 2. Көп дауысты вокалды шығарма. 3. Қолма-қол суырыпсалу әдісімен музыка шығару. 4. Театр сахнасында қойылатын музыкалық-драмалық шығарма. 5. Түрлі орындаушылардан тұратын ұжым. 6. Операда жеке орындалатын шағын ән. 7. Ырғағы мен айтылуы қарасөзге жақын келетін вокалды шығарма. 8. Жеке дауыс, хор, оркестрге арналған көлемді шығарма. 9. Халық әуеніне еркін формада жазылған аспаптық шығарма. 10. Негізгі тақырыбы қайталанып отыратын аспаптық шығарма. Сөз жұмбақты шешу. к о м п о з и т о р

№ слайда 5 Қазақстанда кәсіби вокалдық музыка ән-романс жанрынан бастау алады. Романс –
Описание слайда:

Қазақстанда кәсіби вокалдық музыка ән-романс жанрынан бастау алады. Романс – испан ақсүйек қауымының поэтикалық-лирикалық әні. Қазақстандағы ән-романс жанрына алғаш жол салған композиторларды атап шығайық.

№ слайда 6 Ахмет Жұбанов (1906-1968) Академик, профессор, өнертану ғылымының докторы, қа
Описание слайда:

Ахмет Жұбанов (1906-1968) Академик, профессор, өнертану ғылымының докторы, қазақтың алғашқы кәсіби композиторы. Әр жанрда жазған көптеген музыкалық шығармалардың және музыкатану ғылымында баға жетпес “Ғасырлар пернесі”, “Замана бұлбұлдары” кітаптарының авторы. А. Жұбанов Қазақтың Құрманғазы атындағы мемелекеттік академиялық халық аспаптары оркестрін құрып, оның алғашқы көркемдік жетекшісі және бас дирижёрі болды.

№ слайда 7 Евгений Григорьевич Брусиловский (1905-1981) Халық музыкасы негізінде жазылға
Описание слайда:

Евгений Григорьевич Брусиловский (1905-1981) Халық музыкасы негізінде жазылған алғашқы қазақ операларының авторы. Көптеген жылдар бойы консерваторияда ұстаздық қызмет атқарды. Е. Брусиловский – алғашқы Қазақстан Республикасының Әнұраны авторларының бірі. “Қыз Жібек”, “Ер Тарғын” сияқты алғашқы қазақ операларының авторы.

№ слайда 8 Мұқан Төлебаев (1913-1960) Қазақтың дарынды композиторы, ұлттық кәсіби музыка
Описание слайда:

Мұқан Төлебаев (1913-1960) Қазақтың дарынды композиторы, ұлттық кәсіби музыканың негізін салушылардың бірі. М. Төлебаев “Біржан-Сара” операсы осы жанрдағы биік деңгейде жазылған таңдаулы шығармалардың қатарына жатады. Операда өмірде болған екі өнер саңлағының аңызға айналған айтысы, оларды қоршаған орта, әлеуметтік жағдайлар музыка тілімен көркем бейнеленеді. М. Төлебаев – алғашқы Қазақстан Республикасының Әнұраны авторларының бірі.

№ слайда 9 Әбілахат Еспаев (1925-1980) Дарынды композитор. Ә. Еспаев негізінен вокалдық
Описание слайда:

Әбілахат Еспаев (1925-1980) Дарынды композитор. Ә. Еспаев негізінен вокалдық музыка жанрында (ән, романс, хор, баллада) еңбек етті. Ең алғашқы туындысы – “Туған ел” әні. Оның халыққа кең тарап, үлкен сүйіспеншілікке бөленген “Ақ сәуле”, “Ұстазым”, “Сағыныш екен бала кез”, “Қайдасыңдар, достарым”, “Маржан қыз”, “Шофёр әні” және т. б. әндері бар.

№ слайда 10 Нұрғиса Тілендиев (1925-1998) Дарынды композитор, дирижёр және домбырашы. Ол
Описание слайда:

Нұрғиса Тілендиев (1925-1998) Дарынды композитор, дирижёр және домбырашы. Ол фольклорлық-этнографиялық “Отырар сазы” оркестрін құрып, көркемдік жетекшісі және бас дирижёрі болды. Н. Тілендиев – халыққа кеңінен танымал “Алатау”, “Құстар қайтып барады”, “Әже туралы ән”, “Өз елім”, “Әке туралы жыр”, “Саржайлау”, Абайдың сөзіне жазылған “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” ән-романстарының авторы.

№ слайда 11 Шәмші Қалдаяқов (1930-1992) Қазақстанның халық артисі, ән жанрында аты шыққа
Описание слайда:

Шәмші Қалдаяқов (1930-1992) Қазақстанның халық артисі, ән жанрында аты шыққа әйгілі композитор. Оның әндері республиканың барлық өңіріне кең тараған. Ш. Қалдаяқовтың “Ақмаңдайлым”, “Ақ сұңқарым”, “Менің Қазақстаным”, “Қайықта”, “Ақ бантик”, “Арыс жағасында”, “Ана туралы жыр” және т. б. көптеген әндері әсем саздылығымен халық жанына етене жақын.

№ слайда 12 Музыкалық сауат: Каденция – музыкалық шығарманы аяқтауға арналған әуендік нем
Описание слайда:

Музыкалық сауат: Каденция – музыкалық шығарманы аяқтауға арналған әуендік немесе гармониялық құрылым. Вокалды және аспапты музыканың күрделі дамуына байланысты шығарма соңына қарай еркін орындалатын виртуоздық сипаттағы көрініс. Фактура – музыкалық шығарманы жазу, мазмұндау әдісі. Мысалы, музыка сүйемелдеуші әуен ретінде немесе аккорд түрінде берілуі мүмкін.

№ слайда 13 Латиф Хамиди (1906-1983) Қазақ кәсіби музыкасының негізін салушылардың бірі.
Описание слайда:

Латиф Хамиди (1906-1983) Қазақ кәсіби музыкасының негізін салушылардың бірі. Ол Б. Ғизатовпен бірлесіп тұңғыш “Домбыра үйрену мектебі” атты кітап жазды. Л. Хамиди – атақты “Қазақ вальсі”, “Бұлбұл” әндерімен қатар, “Отан”, “Аққу”, “Алтын бидай”, “Романс”, “Алматы”, “Бейбітшілік туы берік қолда”, “Лаула, костёр”, “Жайлауым – бақша жайнаған”, сынды ән-романстар жазған композитор. Л. Хамиди – Қазақстандағы вальс жанрының негізін салушы.

№ слайда 14
Описание слайда:

№ слайда 15
Описание слайда:

№ слайда 16
Описание слайда:

№ слайда 17 Оқушылардың ән орындау техникасын тексеру: а) нота б) дауысқа жаттығу жасау.
Описание слайда:

Оқушылардың ән орындау техникасын тексеру: а) нота б) дауысқа жаттығу жасау.

№ слайда 18 С - dur
Описание слайда:

С - dur

№ слайда 19 Дыбыс ұзақтықтары: Әуен – саздардағы дыбыстар бір-бірімен түрлі биіктіктеріме
Описание слайда:

Дыбыс ұзақтықтары: Әуен – саздардағы дыбыстар бір-бірімен түрлі биіктіктерімен ғана емес, сондай-ақ түрлі айтылу, естілу ұзақтықтарымен де ерекшеленіп ажыратылады. Нота белгілері музыкалық дыбыстардың биіктігі мен ұзындықтарын бірден қатар көрсетіп тұрады. Дыбыс ұзақтықтары мынадай белгілермен белгіленіп, есептеледі.

№ слайда 20
Описание слайда:

№ слайда 21 Музыкалық диктант х = 1и + 1и + 1и + 1и х = ? (қандай ұзақтықтағы нотаға тең)
Описание слайда:

Музыкалық диктант х = 1и + 1и + 1и + 1и х = ? (қандай ұзақтықтағы нотаға тең) х = ( 1и + 1и + 1и + 1и ) : 2и х = ? (қандай ұзақтықтағы нотаға тең)

№ слайда 22 Тест Қазақстан Республикасы Әнұранының әнін жазған кім? а) Е. Брусиловский; б
Описание слайда:

Тест Қазақстан Республикасы Әнұранының әнін жазған кім? а) Е. Брусиловский; б) А. Жұбанов; в) Ш. Қалдаяқов; г) Л. Хамиди. Фермата дегеніміз не? а) Дыбысты қысқа созу белгісі; б) Дыбысты еркін созу белгісі; в) Дыбысты шығармау белгісі; г) Дыбыстың үндестігі. Қазақ драма театрының алғашқы репертуарындағы пьеса қайсы? а) “Бүліншілік”; б) “Майдан”; в) “Еңлік-Кебек”; г) “Түнгі сарын”. Қазақтың халық аспаптары оркестрін алғаш құрған адам кім? а) Е. Брусиловский; б) А. Жұбанов; в) А. Затаевич; г) Б. Ерзакович. А. Жұбанов музыкатану ғылымындағы жазған еңбегін көрсет: а) “Қазақ – ұлт аспаптары”; б) “Ән өнері және уақыт”; в) “Замана бұлбұлдары”; г) “Саз теориясы”.

№ слайда 23 6. Симфония дегеніміз не? а) Оркестрге арналған көлемді шығарма; б) Хорға арн
Описание слайда:

6. Симфония дегеніміз не? а) Оркестрге арналған көлемді шығарма; б) Хорға арналған көлемді шығарма; в) Аспаптарға арналған шығарма; г) Камералық саз. 7. Қазақ музыка өміріне зор із қалдырған, қазақ вальсінің патшасы кім? а) Қ. Қожамьяров; б) Б. Жамақаев; в) Ш. Қалдаяқов; г) Е. Рахмадиев 8. “Көшкеруен” күйі қай сазгердің шығармашылығы? а) С. Тұрысбеков; б) К. Күмісбеков; в) Д. Нұрпейісова; г) Н. Тілендиев 9. Сазгер Ш. Қалдаяқовтың әнін белгіле: а) “Сырласу вальсі”; б) “Махаббат вальсі”; в) “Әнім сен едің”; г) “Әке туралы жыр”. 10. Қазақтың тұңғыш операсы қайсы? а) “Айман-Шолпан”; б) “Ер Тарғын”; в) “Қыз-Жібек”; г) “Амангелді”.

№ слайда 24 Үйге тапсырма: Композиторлар шығармашылығын оқу, әнді жаттау, музыкалық сөзді
Описание слайда:

Үйге тапсырма: Композиторлар шығармашылығын оқу, әнді жаттау, музыкалық сөздіктерді жаттау, дыбыс ұзақтығын жаттау.


Автор
Дата добавления 22.10.2015
Раздел Музыка
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров636
Номер материала ДВ-086472
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх