Инфоурок Другое Другие методич. материалыҚазақстан - әлем картасында

Қазақстан - әлем картасында

Скачать материал

Сыныбы: 11«б»                     Пәні: Қазақ тілі.                          Күні: 10.12.2015ж.

 

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан – әлем картасында»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың Отан туралы түсініктерін кеңейту. Егеменді еліміздің жерімен,  жетістіктерімен таныстыру;
Дамытушылық: туған елі, Отаны туралы оқушының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік : оқушының еліне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: география, әдебиет, тарих
Сабақтың көрнекілігі:
Қазақстан Республикасының картасы, интерактивті тақта, оқулық, кеспе қағаздар, кесте.

Тақтада қанатты сөздер жазылған:

Туған жер – алтын бесік.


Отан! Отан! Бәрінен биік екен.

Мен сені мәңгілікке сүйіп өтем.
                                               М. Мақатаев
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) сәлемдесу
Ә) Кезекшімен тілдесу және сабаққа даярлықтарын тексеру.
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні? Жылдың қай мезгілі?
- Қыс айларын кім атайды?
- Ауа райы қандай? Жерде не жатыр?
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында өткізілетін сабағымыздың тақырыбы: «Қазақстан – әлем картасында». Біздің мақсатымыз: «Қазақстан – әлем картасында – лексикалық  тақырыбына және «Жіктік жалғау» – грамматикалық  тақырыбы бойынша білімді тиянақтап, қорытындылаймыз.
Әр азамат өзінің туған жерін, елінің тарихын, мәдениетін біліп өсуі керек.
- Сонымен, балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- «Отан» деген сөзге қандай басқа мағыналас сөздерді білесіңдер?
- Біздің Отанымыз қай мемлекет және ол қандай?
- Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?
- Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл?
(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)

 

Тыңдалым. Оқушылар интерактивті тақтадан Отан туралы мақал - мәтелдерді үш тілде оқып, ауызша түсінгендерін айтады.
1. Отан оттан  да ыстық
Родина жарче огня
The Motherland   is  hotter  of the  fire
2.
Отанды сүюотбасынан басталады.
Родина начинается с семьи
The Motherland starts from the family
3.
Отансыз адам,
Ормансыз бұлбұл
Человек без родины
Как соловей без леса
A man without a country
A man without a country
Үй тапсырмасы: Қазақстанның табиғи қорлары
Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру мақсатында «Сандар сөйлейді» ойыны.
(
оқушылар сандарға жасырылған маңызды оқиғалы жылдарда не болғанын анықтап, айтады)
1.
Қазақстанның отын энегетикалық қорлары.
2.
Қазақстанның минералды қорлары.
3.
Қазақстанның климаттық қорлары.
4.
Қазақстанның су қорлары.
Жаңа сабақ: «Қазақстан – әлем картасында». «Жіктік жалғау»

Оқулықпен жұмыс
3-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдерді өздерің білетін мәліметтерді қолдана отырып аяқтаңдар.

1.     Қазақстан жер көлемі бойынша ... .

2.     Қазақстанның климаты айтарлықтай ... .

3.     Табиғи ресурстарды тиімді ... .

4.     Еліміздің ең басты байлығы ... .

5.     Пайдалы қазбалар кен орындары ... .

 (жазба, аударма жұмысы орындалады)


- Балалар, біз енді Отанымыз туралы білімімізді тексеру мақсатында сабағымызды сайыс түрінде жалғастырамыз
ІІ. Оқушыларды 2 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.
1 - топтың аты - «Атажұрт»
2 - топтың аты - «Атамекен»

1 - сайыс. «Фонетика елінде» деп аталады. Бұл сайыстың шарты: әрбір топ интерактивті тақтада жасырылған ұяшықтардың біріндегі Қазақстанның бір қаласының атауына фонетикалық талдау жасайды.
2 - сайыс. «Жіктемек» деп аталады. Бұл сайыстың шарты бойынша оқушылар интерактивті тақтада берілген 3 ұяшықтың біреуін таңдайды. Берілген сөзді жіктеуге екі топтан бір-бір оқушы шығып жылдамдыққа жарысып жіктеп айтады.

3 - сайыс. «Менің қалам» деп аталады.
Екі топқа екі үлкен парақша беріледі. Оқушылар сол парақшаларға өздерінің болашақ қаласының суретін салып, қорғайды.

Бекіту. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы – жастардікі» – дейді. Елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік.
Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендерсіңдер. Ол үшін терең әрі жан – жақты білімді болу – міндеттерің.
Қорытынды ретінде ТЕСТ жұмысын орындату

Тест жұмыстары.
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
а) 7
ә) 9
2. Қазақ тілінде неше жалғау бар?
а) 4
ә) 3
3. Қазақ тілінде буынның қанша түрі бар?
а) 5
ә) 3
4. Қазақ  алфавитінде  неше әріп, неше дыбыс  бар?
а) 42 әріп , 33 дыбыс
ә) 42 әріп, 37 дыбыс
5. Жіктік жалғауы:
а) -мын, -мін, -сың, -сің, -сыз, -сіз
ә) -м, -ң, -ыңыз, -іңіз, -ы, -і.
         Балалар, алда үлкен мереке. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні, сондықтан сендерге мынадай тапсырма беремін. Осында отырған қонақтарымызды келе жатқан мерекемен құттықтап, өз тілектеріңді жазыңдар.
(Балардың жазған тілектері тыңдалады).
Үйге тапсырма: Үш деңгейлік тапсырма орындау.
Үйге әр топқа екі мәтін беріледі.
«Қазақстан – әлем картасында». Мәтінді оқу, аудару, әңгімелеу

4-тапсырма. Берілген кластерді пайдаланып Қазақстан туралы қысқаша хабарлама дайындау.
Бағалау. Ең көп парақша жинаған топты анықтау және оқушыларды әр түсті парақшалар бойынша бағалаймын.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақстан - әлем картасында"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер гостиничного комплекса

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 551 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.01.2016 879
    • DOCX 18.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Отеули Абат Толегенулы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Отеули Абат Толегенулы
    Отеули Абат Толегенулы
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5617
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Toolbox классического проектного менеджмента

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие детей: сенсорика, самостоятельность и моторика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Искусство в контексте современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе