Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Конспекты / "Қазақстан қорықтары" сабақ жоспары

"Қазақстан қорықтары" сабақ жоспары

  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақстанның қорықтары

Мақсаты:Оқушылар жер шарының елдеріндегі қорықтарды ұйымдастырудың басты кезендерінің жүзеге аса бастағанын оқып үйрену. ҚР-ның қорықтары туралы толық мәліметтер ала отырып табиғат байлықтарын қорғауға тәрбиеленеді.

Міндеттері:-Қорықтар тарихын оқып үйрену.

-Алған білімдерін пайдаланып қорықтарды ұйымдастыруға, басқаруға, қорықтардың құрылымын саралай білу.

-Дүние жүзілік қорықтармен ҚР-ның қорықарының бағыттарының индустриясын оқып үйрену.

Өзектілігі: ҚР-ның қорғалатын жерлерінің алдағы уақытта табиғат қорларын оқып ,зерделеу арқылы үлес қосатын қоғамға қажетті ұлт жанды азамат қалыптастыру .

Соңғы нәтиже: -Алған білімін іс-жүзіне асыра білу;

-Ақпараттық және географиялық мәдениеті дамыған;

-Қорықтарды ұйымдастыру және басқаруды оқып үйренген;

-Экологиялық мәдениеті қалыптасқан;

-Шығармашылықпен іздене алады





Ландшафтарды қорғаудың ең жоғарғы формасы – қорықтар ұйымдастыру. Бүкіл дүниежүзілік тәжірибелерге сүйенсек, жер шарының жекелеген елдерінде қорық ұйымдастыру XIX ғасырдың басқы кездерінен бастап жүзеге аса бастағанын көрсетеді .Ал,оның алғашқы нәтижелері, тіптен , 1872 жылы Америка жерінде алғашкы ұлттық парктер ұйымдастырылған кезден көріне бастаған. Ресейде 1874 жылы Аскания-Нова ұлттық бағы құрылған болатын. Қазір дүниежүзінің 124 елінде 2600-ден артық ірі қорық бар.Табиғатты қорғау оның аймағымен шектелмеуі тиіс, керісінше,барлық жер адам баласы үшін саялы бақ,құтты қоныс болуы керек. Осы орайда Канада, Африка, Австралия, Ангия, т.б. өркениетті елдерде мемлекеттің барлық аумағы ұлттық байлық ретінде қорғауға алынған. Мысалы, Англияның кішкене ғана жерінде 189 ұлттық қорықша, 10 ұлттық парк, 81 корольдік қорықтар болса, Германия жерінде 735 қорықшалар, 400-ден астам ландшафтық заказниктер,9100 табиғат ескерткіштері бар. Сол сияқты Франция жерінде 22 ұлттық қорық бар екенін ескерсек,жоғарыдағы «өркениетті» елдерідің табиғатты қалай аялайтыны түсінікті. Ал,Қазақстан Республикасы бойынша 10 мемлекеттік қорық, 66 қорыққор,8 ұлттық парк және 24-тен астам табиғат ескерткіштері бар.Әрине біздің жеріміздің көлеміне шаққанда, қорғалатын жерлер барлық жердің 3 пайызын ғана қамтиды .Бұл көрсеткіш жер аумағы жөнінен тоғызыншы орында тұратын Қазақстандағы қорғалатын жерлер аумағы үшін өте аз.Қазақстан - жасыл өсімдіктер мен жабайы жануарлар дүниесіне бай өлке.Толып жатқан себептерге байланысты сиреп бара жатқан түрлер де аз емес. Жойылып кету қаупі бар және сиреп кеткендер тізіміне хайуанаттардың - 87,өсімдіктердің 306 түрі іліккен екен.Қайткен күнде де, олардың жерімізден ғайып болып кетреуіне жағдай жасау мол міндеттер жүктейді.Сондықтан биосфера қазыналарын көздің қарашығындай сақтап,қорғау үшін қорықтардың маңызы орасан зор.





ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН АУМАҚТАРЫ(ЕҚА)

ЕҚА атары қорықтар

Құрылған мерзімі

Орналасу аймағы

Көлемі мың гектар

Қорғайтын нысаны

1.Ақсу-Жабағылы

1926 жылы

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы

131,9га

Талас Алатауы ландшафтары.Өсімдіктері -1312,сүтқоректілер-52,құстар-267,бауырымен жорғалаушылары-11,қосмекенділері-3,балықтар-5.

2.Алматы

1931 жылы

Алматыоблысы Талғар аданы

71,7 га

Іле Алатауы.Сүтқоректілер-39,бауырымен жорғалаушылар-5,құстар-170,өсімдіктер-1558,қосмекенділер-1

3.Барсакелмес

1939 жылы

Барсакелмес аралы(Қызылорда облысы)

16,7га

Барсакелмес аралы.Сүтқоректілер-23,құстар-175,өсімдіктер-256,бауырымен жорғалаушылар-14,қосмекенділер-2.

4.Наурызым

1959 жылы

Қостанай облысы. Наурызым ауданы.

191,3 га

Қарағайлар,дала мен көлдер.Сүтқоректілер-44,құстар-282,қосмекенділер-3,бауырымен жорғалаушылар-3,балық-10,өсімдіктер-687.

5.Қорғалжын

1968 жылы

Ақмола облысы Қорғалжын ауданы.

258,9 га

Көл экожүйесі.Құстар-319, сүтқорекілер-41,қосмекенділер-2,бауырымен жорғалаушылар-4,балықтар-14,өсімдіктер-350.

6.Марқакөл

1976 жылы

Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы

5,0 га

Оңтүстік Алтай тауы ландшафты.Сүтқоректілер-614,құстар-260,балық-6,өсімдіктері-935.

7.Үстірт

1984 жылы

Маңғыстау облысы Ералы ауданы

223,3 га

Дала ландшафты. Сүтқоректілер-27,құстар-111,баырымен жорғалаушылар-12,қосмекенділер-2,өсімдіктері-261


8.Батыс Алтай

1992 жылы

Шығыс Қазақстан облысы

56,0 га

Батыс Алтай таулы ландшафты.Сүтқоректілер-28,құстар-108,өсімдіктер-145.

9.Алакөл

1998 жылы

Алматы облысы Алакөл ауданы

19,7 га

Сүтқоректілер-16,құстар-269,қос мекенділер-балықтар-17,бауырымен жорғалаушылары-14,өсімдіктер-269.

10.Қаратау

2004 жылы

Оңтүстік Қазақстан облысы (Жамбыл,Қызылорда облыстары.)

34,3 га

Сүт қоректілер-16,құстар-54,қосмекенділер-2,балықтар-2,бауырымен жорғалаушылар-2,өсімдіктер-370.




Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 13.02.2016
Раздел География
Подраздел Конспекты
Просмотров144
Номер материала ДВ-448570
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх