Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Қазақстан-ортақ үйіміз" 6 сынып

"Қазақстан-ортақ үйіміз" 6 сынып


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Ғ.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі













Ашық сабақ

Тақырыбы: «Қазақстан – ортақ үйіміз»











Пән мұғалімдері:

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Л.А.Баделова,

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ш.Е.Габидуллина







Тақырыбы : Лексикалық тақырыбы: «Қазақстан – ортақ үйіміз»

Грамматикалық тақырыбы: Сын есім

Мақсаты: Оқушылардың тілдік, мәдениеттілік, білімділік жеке тұлғаларын қалыптастыру.

Білімділік: а) Оқушылардың білімдік, зейіндік қабілеттерін шыңдау;

ә) Алған білімдерінің негізгі түйінін көрсету, нәтижеге жету.

б) Қазақ тілімен байланысты әдебиет, тарих, өнер, мәдениет

салалары бойынша білімдерін көтеру.

в) Оқушылардың өз бетінше бағытталған білімдерін өздерінің ой-

өрістерін кеңейтуге пайдалана білуін жетілдіру.

Дамытушылық: а) Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылықпен жұмыстану

дағдысын, есте сақтау қабілеттерін, тапсырылған іске өзіндік

қарым-қатынасын, тілін дамыту.

ә) мәдениетті, салиқалы қарым-қатынасын дамыту.

Тәрбиелік: а) Өзге жандардың пікірімен санасуға, ұжымдасып жұмыстануға,

сауаттылыққа тәрбиелеу.

ә) Өз Отанының қадір-қасиетін білуге, өзіндік мемлекеттік

нышандарын қадірлеуге, болашақ елжанды ұрпақ болуға

тәрбиелеу.

б) Табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі мен типі: Аралас сабақ (Қазақ тілі, ағылшын тілі)

Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, өнер, мәдениет, география,экология

Өткізілу әдісі: Сыныптық ұжым, жекелеген жұмыстар, жаңа технология әдістері элементтерін пайдалана отырып, тілді еркін меңгеру және дамыту, Қазақстан мен Англия еліне саяхаттау.

Көрнекілігі: тақырыптық суреттер, слайдтар, қима қағаздар, дидактикалық тапсырма үлгілері

Өтетін орны: Мультимедиялық кабинет

Сабақ өтетін сынып: 6 «в»

Сабақ жоспары: 1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Психологиялық бағытты ұйымдастыру

3. Миға шабуыл, ой қозғау

4. Практикалық жұмыстану

5. Рефлекстік көзқарас

6. Бағалау

Сабақ барысы: Оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан әзірлеу.

Қайырлы күн, құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі біздің сабағымыз өзгеше жағдайда өткелі отыр. Сабағымызға көптеген қонақтар қатысып отыр. Бүгінгі сабағымыздың сәтті өтуіне сіздердің білімдеріңіз, қабілеттеріңіз, көңілді көңіл-күйлеріңіз және белсенділіктеріңіз қажет. Ал қазір біз соған дайынбыз ба? (Оқушылар дайындығы қадағаланды.)

Бүгінгі сабағымызға сәттілік тілейміз!

  1. Сіздердің көңіл-күйлеріңізді суреттеу үшін «Көңіл-күй себетін» толтырайық. Тірек сөздерге сын есімдерді қолданамыз.

Тірек сөздер: ғажап, қиындық, қызықты, қалыпты, сүйікті, көтеріңкі.

1..............

2..............

3..............

Мұғалім: Біз сіздердің көңілді қалыптарыңызды көріп, сабаққа белсенді қатысуға әзір деп ойлаймыз. Сондықтан сіздерді кең байтақ жеріміз Қазақстанның қызықты жерлерін, ғажайып табиғатын, тарихи орындарын, сырлы дәстүрлерін аралап, саяхаттау сабағына шақырамыз. Сонымен бірге Англия елінің қызықты жерлерімен де танысамыз.

Ұстаным:«Үш тұғырлы тіл – әлемге ашылар жол» Н.Ә.Назарбаев

Сабағымыздың негізгі құрылымы:

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

1. Сын есім дегеніміз не?

2. Сын есімнің сұрақтары қалай?

3. Сын есімінің шырайларын ата.

4. Салыстырмалы шырайға мысал келтір.

5. Күшейтпелі шырайға мысал келтір.

Сын есім(слайд)

Атамекен – ата-бабалар жері

  1. (Қазақстан картасының сұлбасы, соған аңыз бойынша әр елдің бір-бір бөлшегін алып, Қазақстан картасының ішін толтыру.)

(Домбыра ойнап тұрады)

Аңыз: Күндердің бір күнінде Алла тағала аспан, жер, мұхит, орман-тоғайда орналастырып, барлық елді, барлық құрлықтарды жаратты, ол Қазақстан туралы мүлде ұмытты. Ең соңғы аяқталар кезде ғана есіне түскенімен оған керекті материал жоқ еді. Сол кезде әр елдің бүйірінен Американың бір шетін, Италияның таулы бауын, Африканың шөлді даласын, Кавказдың сулы нуын бөліп-бөліп алып, Қазақстанның орналасар жеріне, аймағына қойып толтырып, жапсырады. Міне, Қазақстанның кең байтақ, көркем де бай елі дүниеге келеді. Расында да бұл аңызға сенбеуге болмайды, біздің таңғажайып жерімізден шексіз даланы, сұлу табиғатты, көгілдір аспанды, ну-орман тоғайды, ғажайып тауларды бәрін-бәрін табуға болады.

Қазақстан елінің картасы көрсетіледі.

Слайд 2

Миға шабуыл. Ой қозғау.

Сонымен Отан деген не екен?

. Отан – әрбір адамның туып-өскен жері.

. Отан – кіндік қаның тамған жер.

. Отан – ата-бабалар мекені.

Ендеше осы Отан сөзі басқа тілдерде қалай айтылып, үндеседі екен?

  • Орысша – Родина

  • Ағылшынша – Motherland

Ән: «Туған жер»

  1. Жұптасып жұмыстану

Оқушылар, сіздер Отанымыздың ең көркем, ең ғажайып ел екенін сұлу табиғатын қазба байлықтарын, аң-құстарымен ең бай өлке екенін білесіздер. Келесі тапсырма жұптасып екі тілде: қазақ тілінде және ағылшын тілінде «Қазақстан қандай ел?» тақырыбы негізінде диалог құрамыз.

  1. Қазақша – ағылшынша диалог. Қазақстан қандай ел?

  • Асқар, біздің еліміз қандай мемлекет?

  • Сәуле, біздің еліміз өркениетті, тәуелсіз мемлекет. Our state is ademocratic , legal and social state.

  • Еліміздің мақтанышы неде? And what are we able to proud of our country with?

  • Әрине, сәнді парасатты мемлекеттік нышанымыз – елтаңба, ту, төл теңгеміз, шекарамыз және мағыналы әнұранымызда.

  • Қазақстанның жері қандай? And what can you say about riches of Kazakhstan?

  • Қазақстан кең байтақ. Оның өзен-көлі, биік таулары, орман-тоғайлары, жазы, кең даласы ешбір елдің жеріне ұқсамайды.

  • Иә, мен өз елімді Швейцариядай еш елге айырбастамас едім. Yes. I think, I could not exchange my country for Switzerland.

  • Мен де өз елімнің ғажайып көркемдігін, шексіз дархандығын еш жермен салыстырмас едім.

  1. Диалог. Қазақстан байлығы.

  • Қанат, Қазақстанның байлығы неде деп ойлайсың? What do you think? What important in Kazakhstan?

  • Айнұр, Қазақстанның байлығын қай жағынан айтайын? Біздің еліміз көп ұлтты мемлекет. Ұлттар мен ұлыстар бауырлас, бірлікте өмір сүріп жатыр. Бұл – бірінші байлығымыз.

  • Иә, дұрыс айтасың. Біздің сыныбымыз – көп ұлтты сынып. Біздің сыныпта армян баласы Артур, орыс баласы Владимир, татар қызы Райля бәрімізбен дос, екі тілде еркін сөйлесеміз.

Слайд «Ұлттар достастығы». Балалар тақпағы.

  • Еліміздің тағы қандай байлықтарын айта аламыз? What can you say about other riches of Kazakhstan?

  • Біздің еліміз – қазба байлығымен, аң-құстарымен, табиғатымен мақтаныш етер бай өлке.

  • Иә, бізідің елімізде Менделеевтің кестесіндегі барлық элементтер кездеседі. Yes, of course. We can find all of elements from Mendeleev is table in our country.

  • Сен дұрыс айтасың. Біз ең бақытты ел екендігімізді өзіміздің мемлекеттік нышандарымыздың бүкіл әлем мойындап отырғанынан көріп жүрген жоқпыз ба?

  • Иә, ағылшын елі Лондонды көне тарих қаласы деп мақтанса, біздер Астананы жаңа тарих қаласы деп мақтануға толық болады емес пе? Yes, you are right. I think I am proud of as Astana is a modern, historic city, as London is people are proud of London іs an old, historic city.

Слайд «Лондон. Астана»

Мұғалім: Ендеще, балалар, біздің келесі тапсырмамыз екі ел туралы мәтінді оқып, бейнетақтамыздан мәтінде жіберілген сын есім қателерін табайық

3 тапсырма

Осы мәтінді негізге ала отырып, синквейн әдісін қолданып, «Қазақстан қандай?» деген сұраққа жауап берейік. Тапсырмасы:

  1. Бір зат есім 1.The Noun

  2. Екі сын есім 2. Two Adjectives

  3. Үш етістік 3. Three Verbs

  4. Толық сөйлем 4. The Sentence

  5. Ассоциация 5. Association

Қазақстан сөзінің бір сөзбен синонимі

Сергіту сәті «Бинго» ойыны. Ағылшын тілінде ойналады.

Likes to learn English

Is going to dancing lessons

Likes reading books in Kazakh

Is the youngest in his/her family

Is the oldest in his/her family

BINGO

Wants to go to Astana

Likes to play football

Wants to visit to London

Wants to speak English fluently

Wants to master to play the dombyra



The proverbs

Мұғалім: -Балалар, біз «Жер-ортақ үйіміз» дейміз, осы үйімізді сақтап, қалай қорғаймыз? Бұл жөнінде елімізде қандай мәселелер көтерілуде?

Жауап: 1.

2.

3.

Мұғалім: Иә, балалар, бұдан шығатын ой еліміз бойынша Елбасының әр жылдағы халыққа Жолдауларында :«Қазақстан – 2030» бағдарламасы бойынша бірінші байлығымыз – адамдардың денсаулығы мен салауатты өмір сүруі болса, «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша туған жерімізді гүлдендіру, абаттандыру, жасыл желекке айналдыру болса, «Қазақстан-2050»бағдарламасы бойынша елдің экономикалық жағдайы мен қауіпсіздігін нығайту барысындағы халықтың жалпы жағдайын жақсарту,ал «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол»атты Жолдауы бойынша халықтың әлеуетін нығайту мен инфрақұрылымдық деңгейлерді өркендету – баршамыздың міндетіміз екенін түсіну.

Сонымен сабағымызды қорытындыласақ:

  1. Қазақстан кімнің жері?

  2. Қазақстан қандай ел?

  3. Қазақстанда не өркендеп келеді?

Слайд-кластер Туған жерім-мекенім

Сабақты бекітуге рефлексиялық тапсырма:

  1. Табиғаттың тарылтпасын мөлдір кәусар тынысын,

Пәк табиғат, жүрегімнің тамылжыған жырысың.

Ей, адамдар, қалай ғана қатыгездік жасайсың?

Ол анаң ғой, ал сен оның ұлысың.

  1. Тіршілікте не ғой дейсің ең қымбат!

Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.

Ал адамға ауа қымбат бәрінен,

Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.

Міне, балалар, сабағымыз мәресіне жетіп келеді. Сіздер еліміздің небір қиырында жүріп, бүгінгі сабақ туралы пікірлеріңізді жеделхат арқылы жіберіңіздер. Жауап қысқа, нақты, анық жазылуы керек. (Оқушылардың жеделхаттары оқылады)

Сабақты бекітуге сұрақтар:

  1. Сіздерге сабақ ұнады ма?

  2. Біз өзімізге қойылған тапсырма нәтижесіне жете алдық па?

  3. Сіздердің үш тілдің өзіндік қарым-қатынасына пікірлеріңіз қандай?

  4. Қай тілді грамматикалық тұрғыдан бай тіл деп ойлайсыз?

Мұғалім: Бұл сабақ та аяқталмақ,

Мақсатына жетуге.

Білімдерің бағаланбақ,

Нәтижесін білуге.

Бағалау.

Үй тапсырмасы. Тақырыбы: Екі елдің ұқсастығы мен айырмашылығы, «Туған жер қандай көркем» эссе.

Сабақтың жеткен нәтижесін қорытындылау.













Ғ.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі







Баяндама

Әдебиет сабағында мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру











Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Баделова Л.А.











Баяндама – ізденіс

«Әдебиет сабағында мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру»

Әдебиет – сөз өнері. Ол – өнердің бір саласы. Әдебиет пәні – өнер пәні. Әдебиетті ұлағатты адамдар «адамтану құралы» десе, әдебиет пәнін «адам тәрбиелеу құралы» дер еді. Ол жасөспірімдерді білімділікке, адамгершілікке, ізеттілікке тәрбиелеудің бірден-бір құралы. Әдебиет пәнінің әр сабағын адам бойындағы асқар арман, әдемі сенім, әсемдік, сұлулық, құштарлық тәрізді ең мөлдір сезімдер мен адамдық қасиеттер туралы сырласу, пікірлесу сабағы десек қателеспейміз. Әдебиет пәні арқылы оқушылардың рухани жан-дүниесін байытып, туған тілін сүюге, елін, жерін құрметтеуге деген сезімдерін тәрбиелейді.

Оқушыларды сөз өнерінің қыр-сырымен таныстырып, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа, көркем әдебиетке деген ынтасын ояту, сезімдері мен құштарлықтарын жану - әр мұғалімнің басты парызы. Әдебиет барлық пәннің анасындай қызмет ететінін ұғындыру. Қай пәнді алсаң да, сөз өнері маржанымен, тілімен, түсіну мазмұнымен әдебиетке тәуелді екенін басқа пән мұғалімдеріне де, оқушыларға да ұғындыруымыз керек. Оқытылатын қай пәнді алсаңыз да, әдебиет пәні - барлық пәндердің негізгі бастауы. Математиканы меңгеру үшін де сауатты оқи білу керек, оқығанын түсініп, ұғып, айта білу қажет. Әдебиет пәнін оқытуда тарих пәні ең туыстас, бауырлас пән болса, бейнелеу, музыка пәндерімен ерекше гармониялық үндестікте болатындығын пән мұғалімдері жақсы біледі.

Оқыту барысында нәтижелі жеміске жету мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне байланысты. Әдебиет сабағындағы оқушылардың көркем туындыны қабылдауы, одан әсер алуы, түсінуі, мұғалім үшін өзіндік іздену, түпкілікті нәтижеге жету үшін оқу, білім арттыру, біліктілікті жетілдіру. Әдебиетті өнер деп танытуда, көркем туындыны өнер туындысы деп қабылдатуда, сөз қасиеті мен құдіретіне, оның эстетикалық нәзік нәріне тұшындыруда бұл әдіс, яғни көркем әдебиетті мәнерлеп оқу дағдысы үлкен роль атқарады. Мәнерлеп оқу үлгілеріне жеке-жеке тоқталатын болсақ:

  1. Көркем туындыны мәнерлеп оқу;

  2. Монолог оқу дағдысы;

  3. Ертегіні оқудың өзіндік дағдысы;

  4. Поэзияны оқу дағдысы.

Мұғалімінң мәтінді әрі мәнерлеп, әрі түсінік бере оқуы, оқушыларды осы мәнерлеп оқудың қыр-сырына баулу, шығармашылықпен іздене жұмыстануы, дауыс ырғағының құбылмалы, бірізді, көтеріңкі, жай, артистизмге ерекше көңіл бөле отырып, сақыналилық оқу дәстүрлерін қалыптастыруы.

Оқушыларды мәнерлеп оқыту дағдысына үйретіп, қалыптастыру үшін жас ерекшеліктеріне де көп мән беріледі. Балаларды жас балғын шағынан тақпақтар айтқыздырып үйретіп дағдыландыру мәнерлеп оқудың алғашқы белесі болмақ. Қимыл-қозғалысы жағынан шапшаң, өте әсершіл, әрі не нәрсеге де сенгіш, барлығын шындық деп қабылдайтын, жақсылыққа құштар, жамандыққа қапаланғыш балғын жүректер. Сатылап, сыныптан-сыныпқа өткен сайын оқушыларға деген жүк те арта бермек. 13-14 жасқа келген жасөспірімдерге әдебиеттің негізгі кезеңі туындайды. Көркем әдебиетке ерекше ден қойған бала тапсырмаға да соншалықты әзірлікпен, көзқараспен өз деңгейін көрсете алады. Көркем, мәнерлеп оқу арқылы жүрегіне жақын нәрселерді еркін қабылдайды, өмір шындығына өзіндік көзқараспен қарай алады. Ал жоғарғы сыныптардағы оқушылардың көркем туындыларды қабылдаулары жас ерекшеліктеріне де байланысты екендігі дәлелденген. Бұл жастағылар өздерін еркін сезінеді. Көп нәрсені өз беттерімен шешкенді ұнатады, бас бостандығын сүйеді, өмірге, айналаға, құрбыға өзіндік көзқарасы қалыптаса бастайды, романтика, қиялға беріліп, алғашқы махаббат сезімен бастан кешіру ғашықтық шығармаларды шынайылықпен беріле оқуы, образға кіруі, ашуы кең орын алады. Дәл осы жаста көркем шығармаға, оны мәнерлеп оқуға деген өзіндік көзқарастарының дамуы айқын көрінеді, өзіндік талғамдары, эстетикалық сезімдері қалыптасқан оқырманға айнала бастайды.



6 «б»-сыныбы

Сабақтың тақырыбы: Есімдікті қайталау

Сабақтың мақсаты: Білімділік. Есімдіктен өткенді қайталау, алған білімдерін нығайту, тиянақтау.

Дамытушылық. Оқушының ой-өрісін тез, дұрыс, нақты жауап беруін, өз беттерінше жұмыстану, зерделік қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік. Халқымыздың шешендік сөздерін, ұлттық даналығын есімдікпен байланыстыра отырып, имандылыққа, әдептілікке, өз Отандарын қадірлеуге үйрету, тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Таблица-схема, «Есімдік – Бәйтерек» сурет-тапсырма арқылы мәтін құру, қимақағаз бойынша жұмыс, сөзжұмбақ, «Жылдам жауап» сергіту ойыны, «Музыкалы есімдік» ән ойыны.

Сабақтың түрі: қайталау негізіндегі сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, ой мен тіл шапшаңдығы, өзіндік стильдері

Пәнаралық байланысы: әдебиет, халықтық педагогика, тарих, өнер, бейнелеу, география

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру бөлімі

-Сәлеметсіздер ме, оқушылар? Отырыңыздар!

Бүгін Сіздермен өткізгелі отырған сайыс сабағымыздың мақсаты: 1) Есімдіктен өткенді қайталау, сіздердің осы тақырып бойынша алған білімдеріңізді пысықтау, нақтылай түсу; 2) Өздеріңіздің қабілеттеріңізді, өзіндік сөз байланыстыру стильдеріңізді, ой-өрістеріңізді байқап, сабақтың қосымша тәрбиелік мәнін ашу.

Ал «Әділқазылар алқасы» сіздердің дұрыс жауаптарыңызды ұпай санымен бағалап отырады. Екі топ өздерінің топтарының аттарын: «1-топ – Ақжайық», «2 топ – Атамекен» деп қойған екен, соған байланысты төсбелгілерін де соған сай бейнелеген. Екі топ бір-біріне музыкалық сәлемдерін жолдайды.

Ескерту: 1. Дұрыс, дәл орындаған тапсырмаларға 5 ұпай. 2. Орташа орындалған тапсырмаларға 3 ұпай. 3. Қорытынды ұпай әр тапсырмадан кейін көрсетіліп, сабақ соңында есептеледі.

Ал бәріңізге сәт-сапар тілеймін, білім шыңынан көрініңіздер!

Сабақ 3 бөлімнен құралады.

І бөлім. «Есімдік еліне саяхат»

1 тапсырма. 3 сұрақтан беріледі.

2 тапсырма. 2 сөйлемнен беріліп, есімдіктерді тауып, орнына қойып жазу, қызметін айту.

ІІ бөлім. «Өз біліміңді шыңда»

1 тапсырма. Оқушылардың өздеріне берілген тапсырма бойынша мақал-мәтел, жұмбақ айтып, шешіп, өздері шығарып келген есімдік туралы өлеңдерін оқу.

2 тапсырма. Сөзжұмбақ құрып келу, қарсы топтар шешу.

Сергіту кезеңі. «Есімдіктің саны қанша?» ойыны.

Мәтінді оқып, есімдіктерді үнсіз санап, дәптерлеріне жазып отырады, санын айтады, мазмұнын түсіндіреді.

ІІІ бөлім. «Жылдам жауап».

1 тапсырма. Ақындардың өлеңдері оқылп, есімдіктерді табу.

2 тапсырма. Қимақағаздар бойынша жұмыстану.

Сергіту кезеңі. Бір оқушыға ән шырқатып, есімдікті табу.

Сабақты қорытындылап, бекітуге «Есімдік – Бәйтерек» суретін пайдаланып, жеті есімдік пен шар-жұмыртқаны қимақағаз ретінде «Менің Отаным – Қазақстан» деген мәтін құрастырып шығу. Оқушылардың өздеріне құрылыс жұмысын аяқтату. Құрылған сөйлемдердегі есімдіктерді анықтап көрсету.

Сабақты қорытып, бағалау, оқушылардың алаған ұпай сандарына орын белгілеп, марапаттау.







































Сабақтың тақырыбы: Сын есімнен өткенді қайталау.

Сабақтың мақсаты: Білімділік. Оқушылардың сын есімнен алған білімдерін тиянақтап, өткенді қайталау, пысықтау.

Дамытушылық. Оқушылардың ой қабілеттеріне әсер ету арқылы ізденімпаздық, алған білімдерін пайдалана білу қасиеттерін жетілдіріп, іскерлік белсенділіктерін дамыту.

Тәрбиелік. Білім алуға, үйренуге деген ынталарын арттыра отырып, әсемдікті сезінуге, табиғатты аялауға, эстетикалық, елжандылық тәрбие негізінде ұқыптылыққа, қызығушылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: білімді бекіту, іскерлік дағдыны жетілдіру, қайталау, деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Сабақтың әдісі: ой шақыру, ізденіспен, шығармашылықпен еркін ойлау, жазу, жаңа технология элементтерін қолдану.

Сабақтың көрнекілігі: мультимедиялық техникалық құралдар, дидактикалық материалдар, диаграмма, кластер, кесте

Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу, әдеп, бүгінгі өмір

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

(Сыныпты түгендеу, сабаққа әзірлігін қадағалау.)

  1. Кіріспе. –Саламатсыздар ма, балалар! Бүгінгі біздің сбағымыз сын есімнен өткенді қайтлау, пысықтау, алған білімімізді жинақтау, бекіту.

Психологиялық даярлық.

Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Балалығым, бақытым қазақ тілім.

  1. Ой қозғау. (Ортақ деңгейлік сұрақтар)

  1. Сөз таптары дегеніміз не?

Жауап: Сөздердің білдіретін мағынасына, түрлену тұлғасына қойылатын сұрағына, сөйлемде атқаратын қызметіне қарай топталуын сөз таптары дейміз.

  1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

Жауап: Қазақ тілінде 9 сөз табы бар. Олар: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістк, үстеу, еліктеу сөздер, шылау, одағай.

  1. Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары.

Жауап: Заттың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табын зат есім дейміз. Мысалы, әке, бала, суретші, мектеп, т.б. мамандық атауларын білдіретіндерге, адамға қатысты атауларға кім? деген сұрақ, не? деген сұрақ заттарға, нәрселерге қойылады.

  1. Зат есім құрамына қарай дара, күрделі, жасалуына қарай негізгі, туынды, мағынасына қарай жалқы есім, жалпы есім, деректі, дерексіз зат есім болып бөлінеді.

Жалпы есім: оқушы, кітап, ағаш, мектеп.

Жалқы есім: Айгүл, «Ақ желкен», Тайбурыл, «Адам», Ғ.Молдашев атындағы мектеп, Жалпақтал.

Деректі зат есім: қалам, дәптер, терезе, гүл.

Дерексіз зат есім. бақыт, арман, ақыл, ауа, мінез.

  1. Сұрақ. Сын есім дегеніміз не? Кластер құру. Жасалу жолдарын жинақтау.



Сын есім (слайд)

(Бір оқушы тақтаға жазып тұрады, қалған оқушылардан орнынан сұраймын.)

Заттың сынын білдіретін сын есім,

Түр-түсін де көрсететін сын есім.

Адамдардың әдемілік бейнесі –

Сын есімнен нышан табар еселі.

Ендеше, балалар, сын есімнен білгендерімізді деңгейлік тапсырмалар бойынша жаттығулар орындау арқылы білімімізді шыңдайық.

ІІІ деңгей

1-тапсырма. Берілген сын есімдерге лайықты зат есімдерді тіркеп жаз.

Өнерпаз адам

Сөзшең сазгер

Түйінді сөз

Әуесқой бала

Таңдаулы оқушы

Зейінді шығарма

Ақылды кісі

Инабатты көйлек

Көкшіл қыз

ой

2-тапсырма. Дәптерлеріне жазады.

Сын есімнің белгілеріне қарай бірнеше мысал жазу.

Дәмі: ащы, тәтті, тұщы, қышқыл.

Түрі: масаты, қамқа, бүрмелі.

Көлемі: үлкен, тар, кіші.

Түсі: ақ, қызыл, күрең, боз.

Сапасы: жақсы, зерек, алғыр.

ІІ деңгей

1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сын есімнің жұрнақтарын қойып жаз.

Астана-өте сәнді қала.

Батыс Қазақстан мұнайлы өлке.

Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

Өнерлі бала өрге жүзер.

Әлді адам сүріншек,

Ақылсыз адам еріншек.

2-тапсырма.

Мақал-мәтелдердің сыңар жолын тап.

  1. Әдепті бала – арлы бала.

Әдепсіз бала – сорлы бала.

  1. Өнер алды – қызыл тіл.

  2. Сыйлық қымбат емес,

Сыйластық қымбат.

  1. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

  2. Жақсы бала қонаққа үйір,

Жақсы тай атқа үйір.

3-тапсырма. Берілген сөздердің антонимдік сыңарын тауып, тақтаға синонимдік қатарын тап.

Күшті-әлсіз

Биік-аласа

Қысқа-ұзын

Үлкен-кіші

Дос-дұшпан

І деңгей

Оқулықпен жұмыс

1-тапсырма. Мәтіндік жұмыс. 153-жаттығу. Әңгімені ойланып оқыңдар.

«Зеректік» деген сөздің мағынасына мән беріңдер. Мәтіндегі сын есімдердің синонимдерін табыңдар.

Білімді – зейінді, қабілетті, талапты

Қолайлы – ыңғайлы, орынды

Берік – мықты, нық, әлді, қуатты

2-тапсырма. Шағын шығарма жазу. Сөйлемдеріңіздің ішінде сын есімдер болуы керек.

«Еліме бақыт қонған күн»

Тірек сөздер: 16 желтоқсан, Тәуелсіздік, бейбіт өмір, еркіндік, Республика алаңы, Алтын адам ескерткіші, бақытты ұрпақ, егемендік.

3-тапсырма. Қазақстан Республикасының рәміздері – Елтаңбасы мен Туын суреттеп айту.

Сабақты бекіту

Сонымен, балалар, сын есімнен өткендерімізді қайталап, пысықтап шықтық. Енді өздеріңіздің сын есім бойынша алған білімдеріңізді жинақтап, Инсерт сызбасын толтыра қойыңыздар.

Не білемін?

Нені білгім келеді?


Нені білдім?

Сөз табынан. Заттың сыны, сапасын білдіреді. (Зат есіммен қатыстылығын)

Сұрақтарын, жұрнақ арқылы жасалатынын, дара, күрделі, негізгі, туынды






Зат есіммен қатыстылығын.

Шырайларын.

Сөз таптарының басқа түрлерін.


Сөз таптарын



Қорытынды. Міне, балалар, өздеріңіздің не біліп, не үйренгендеріңіз бойынша сабағымыз өз нәтижесіне жетті. Алдағы күндеріңізге таудай талап, теңіздей терең білім, үздік оқу, салауатты өмір тілеймін.

Бағалау. Бүгінгі сабағымызға белсенді қатысып, өз білімдерін көрсеткен барлық оқушыларға рахмет айтамын.

Барлық тілді үйренерсің сен әлі,

Ұрпақ болып саналы.

Қайда жүрсең өз тіліңді ұмытпа,

Өз еліңнің туын көтер жоғары.

Үйге: Толығымен қайталау. 155-жаттығу.

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!



Ғ.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі









Шығармашылық жұмыс

«Жаңа оқыту технологияларының білім сапасын арттырудағы рөлі»













Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Баделова Л.А.



2014-2015 оқу жылы



Мен, Баделова Лейла Әдиетқызы, 1989 жылдан Ғ.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен дәріс беріп келемін. Оқушының жүрегіне жол тауып, өз ана тілін сүюге, құрметтеуге баулып, қазақ тілінің ғажайыптары мен әдебиеттің көркем қыр-сырларына үңіліп, таныстыру бүгінгі күннің негізгі талабы болғандығын өз еңбек жолымның мақсаты етіп, ізденіспен жұмыстанып келемін.

Негізгі проблемалық тақырыбым: «Әдебиетті оқытуда оқушыларды шығармашылыққа баулу». Бүгінгі таңда әрбір жаңашыл ұстаз үшін оқу және жазу арқылы СТО бағдарламасының кез келген стратегиялары құнды әрі бағалы. Бұл стратегиялар оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, ұстаздың тығырыққа тірелетін сәттерінен арылтады.

Осы проблемалық тақырыбым бойынша күнделікті сабақтарымда Венн диаграммасы, бес жолды өлең, ой шақыру, автор орындығы, Инсерт стратегияларын қолданып жүрмін. Осы стратегияларды қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыра түседі.

Бүгінгі күні біз жаңа дәуір – жаңа ғасыр – жаңа мыңжылдықта өмір сүріп отырмыз. ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Білімділерді аялап тербетіп, баптап өсірер тәрбие керек. Ұрпақ тәрбиесі – ел алдындағы маңызды міндет. Еліміздің қоғамдық-экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, денсаулығы мықты, парасатты азамат тәрбиелеп шығару – мектептің, ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті.

А.Байтұрсынұлы: «... мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң ең әуелі мектепке керегі - білімді педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім»-деп тегін айтпаған. Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана, шәкірт жанына нұр құя алады.

Әр адам тіршілік еткеннен кейін өмірде өз жолын тапқысы келеді. Абай атамыз айтқандай, «дүниеге кірпіш болып қаланып», өз ізін қалдыруды арман етеді. Ұстаз – өмірдің даңғыл жолында әр адамның сүрлеу – соқпағын салып, құрастырушы, қалыптастырушы бірден- бір тұлға. Асыл әженің «айналайыны мен ақ тілегі», ананың мейірім шашқан ақ жүрегімен тәрбиеленген ауыл баласы, біз үшін, ұстаз ұлы тұлға.

Енді өзімнің проблемалық тақырыбым: «Жаңа оқыту технологияларының білім сапасын арттырудағы рөлі».

Міндеті: Сабақта жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білімді де тәрбиелі болуы, жауапкершілікті сезінуі.

Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жаңа технологияларды қолдану, оқушыларды ұйымшылдыққа, еңбек етуге даярлау, олардың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту, шығармашылық ізденісін арттыру, пәнге деген қызығушылықтарын ояту.

Осы проблемалық тақырыбым бойынша күнделікті сабақтарымды «Венн диаграммасы», «Бес жолды өлең», «Ой шақыру», «Автор орындығы», «Инсерт» стратегияларын қолданып жүрмін. Осы стратегияларды қолдануда оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыра түскенін байқадым.

Қазақ тілі және әдебиет сабақтарында көбіне сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданамын. Себебі бүгінгі таңда әрбір жаңашыл ұстаз үшін оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының кез келген стратегиялары құнды әрі бағалі. Бұл стратегиялар оқушылардың қызығушылығын арттырады, оның көзқарасын, түсінігін дамыта түседі, жалықтырмайды. Әсіресе мінезі тұйық, өз ойын еркін жеткізе алмайтын оқушыларға бұл стратегиялар үлкен әсер етіп, өзгеріс әкеледі.

Сегізінші сыныпта «Оқшау сөздер» сабағында үй тапсырмасын және жаңа сабақты түсіндіру мақсатында «Т кестесі», кластер құру, «Инсерт» стратегиясын қолдандым.

Мысалы:

+

-

Халыққа қызмет етеді, дәстүрлі бағдарламалар береді

Көздің көруі нашарлайды, психологиясы өзгереді, кітапқа қызығушылығы төмендейді

Осы кестені оқушы қолдана отырып, теледидардың пайдасы мен зиянын айыра алады. Оқушылардың өмірге деген көзқарастары өзгеріп, күні бойына теледидар қарамау керектігін түсінеді.

«Инсерт» стратегиясы арқылы оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгергенін білуге болады.

«V» - білемін

«-» - білгеніме сәйкес келмеді

«+» - жаңа ақпарат

«?» - тереңірек білгім келеді

V

-

+

?

Теледидар жайлы мағлұматым бар

Ішкі құрылысын білмеймін

Әр түрлі шетел ақпараттары бар

Арналардың көптілігі

Осы сияқты стратегияларды қолдану – мұғалімдер үшін өте тиімді әдіс деп ойлаймын.

Қазақ тілінде көбінесі сатылай комплексті талдауды үйретемін. Мысалға, фонетикалық талдауда осы бойынша талдаса, барлық фонетика саласын қамтып шығады.

Өмірінің

Жіңішке буынды сөз Дыбыстарға мінездеме

Ө-мі-рі-нің ө – дауысты, жіңішке, ашық, еріндік

Аб, аб, аб, бб м – дауыссыз, үнді

Тасымал – 2 і – дауысты, жіңішке, қысаң, езулік

8 әріп, 8 дыбыс р – дауыссыз, үнді

Үндестік заңы бар н – дауыссыз, үнді

Екпін – 2 ң – дауыссыз, үнді

Тек бұл салада емес, морфологиялық сатылай комплексті талдауда да барлық тақырыпты қамтиды.

Тілшілер

Құрамына қарай: тіл-шілер

Тұлғасына қарай: туынды

Құрылысына қарай: дара

Сұрағы: кімдер?

Мағынасына қарай: жалпы, деректі.

Бұл талдау түрлерін оқушыларым тез меңгеріп, қызығушылықпен орындап жүреді.

Қазақ әдебиеті пәндерінде оқушылар РАФТ, 5 жолды өлең, автор орындығы әдістерін қатты қызығушылықпен орындайды.

Жетінші сыныпта М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінде оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша өткіздім. Көксерек пен Аққасқаның айырмашылықтарын айыруда және ортақ қасиеттерін табуда «Венн диаграммасын» қолдандым.

Көксерек Аққасқа

Көкшіл сұр Арлан Ақ сұр қабаған

Көкжал бойы ызақор бойы қасқырдан

тайдай долы кем емес

қасқыр

Бұл әдіс арқылы оқушылардың ойлау қабілеті артып, өз көзқарасын білдіріп, соны қорғай білуге үйренеді.

Ең қызықтысы, оқушыларға да, өзіме де ұнайтын стратегия «Бес жолды өлең». Бұл стратегияны сабақтың әр кезеңінде де қолдануға болады. Біріншіден, оқушылар сөз таптарын айыра білетін болады, екіншіден, сөз қорын молайтады, үшіншіден, сөйлем құрауға үйренеді, төртіншіден, қызығушылықтары оянады.

  1. Көксерек

  2. Көкшіл сұр

  3. Ызақор, қатыгез

  4. Ұлиды, үйренбеді

  5. Көксерек көкшіл сұр, ызақор, қатыгез, ұлиды, үйренбеді.

Осы стратегияны қолданғанда оқушылар бір-бірімен жарыса отырып, қызығушылықпен орындайды.

Оқушыларға өз ойын ашық жазуда және сол жазған пікірлерін қорғауда, ойлау қабілетін арттыруда «РАФТ» әдісін қолданамын.

Мысалы:

Р – роль – Құрмаш

А – аудитория – Көксерек

Ф – форма – хат, өтініш

Т – тақырып – Неге сен қолға үйрене алмадың, менің аяулы көксерегім?

Неге? Неге?

Мысалы,СТО технологиясы бойынша 6в сыныбында өткен лексикалық тақырыбы «Қазақстан--ортақ үйіміз» атты «Сын есім»тақырыбындағы сабағымда психологиялық бағытты ұйымдастыру кезеңінен бастап оқушы дайындығының бастау кезеңінен шарықтау шегіне дейін сабақ құрылысына сай кезең-кезеңмен «Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының»сол сынып оқушыларының деңгейіне сай элементтерін орынды қолдануды жүйелі беруге,орындатуға тырысамын.Бірінші кезекте «Көңіл-күй себетін»толтырып, берілген тірек сөздер арқылы тілектер айтып,оқушыларға,сабақтың жақсы өтілуіне сәттілік тілейміз. «Миға шабуыл»әдісімен лексикалық тақырыбымызға қарай ойысамыз, «Отан дегеніміз не?»дей отыра оқушылар жауабын алғаннан кейін «Топтастыру»стратегиясын қолдана отырып, «Қазақ елі»аңызы бойынша Қазақстан картасын пайдалана отырып, аңыз бойынша облыстық- аймақтық қима-бөліктермен еліміздің картасын құрастырамыз. Аңыз: («Сарыарқа»күйі ойналып тұрады) «Күндердің бір күнінде Алла тағала аспан,жер,мұхит,орман-тоғайды орналастырып, барлық елді,барлық құрлықтарды жаратты,ал Қазақ елін мүлде ұмытып кетті, елді құрап шығуға бөлшектер қалмады. Бір күні Алла тағала өзінің елшілерінің арасындағы келіспеушілікті байқап,оларды сабасына түсіру үшін тылсым күшпен табиғаттың мінезін байқатып,алай-түлей жасап,артын тасқынға айналдырады.Алла тағаланың қаhарынан қорыққандар мен мінсіз орындаушылар Нұқ пайғамбардың кемесіне мініп жан сақтап қалады.Олардың кемелері жүзіп келіп,жасыл нулы,құрақты-сулы жерге келіп тіреледі.Бұл жер Жерұйық еді.Міне,Алла тағаланың рахымымен әр елдің бүйірінен: Американың мұнайлы жерін, Италияның таулы бауын,Африканың шөлді даласын,Кавказдың сулы нуын бөліп-бөліп алып,Қазақ елінің орналасар аймағына орналастырады. Міне,Қазақ елінің кеңбайтақ,көркем де сұлу,табиғаты жайлы бай елі- Қазақ жері осылай дүниеге келеді.

«Ендеше,балалар,қазір біз Отанымыздың ғажайыптығын көрсетіп, «Қазақстан қандай ел?»тақырыбы бойынша сын есімдерді қатыстыра отырып,топтастырайық» деп,Қазақстанның бүгінгі келбеті туралы толғауға тапсырмалар беріледі.

І кесте кластер

hello_html_m5726ffe1.gifАл жоғарыдағы лексикалық тақырыптық сызбаны негізге алып,грамматикалық тақырыбымызды байланыстырамыз.Негізгі құрылымдық сұрақтар:

ІІ кесте кластер \топ \топ

Сын есім дегеніміз не? Сын есімнің шырайлары Сын есімнің сұрақтары Сын есімнің тұлғасына қарай бөлінуі Құрамына қарай бөлінуі Сын есімнің мағыналық түрлері



hello_html_m12b74007.gif



3-тапсырма «Синквейн»әдісімен бес жолды өлең жазу оқушыларға өте қызықты

1. Бір зат есім Астана

2.Екі сын есім жаңа,ғажайып

3.Үш етістік гүлденеді,көркейеді,келеді

4.Толық сөйлем Астана ғажайып, жаңа қала болып гүлденіп,көркейіп келеді

5.Ассоциация Елорда

Сонымен бірге әріптестерім арасында жоғары бағаланған Ш.Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр»дастаны бойынша өткен ашық сабағым үлгісін көрсетер болсам,ол сабақта да СТО технологиясы бойынша оқушыларды ізденуге,шығармашылықпен жұмыстануға баулып,зерделі оқушылардың өзіндік білімдері мен іс-әрекеттеріне еркіндік бере отырып, нәтижеге жеткен сабағым болды.(Сілтеме сабақтың толық нұсқасында) : Ендеше,оқушылар,видеоролик пен сахналық қойылымды тамашаладық,жырдың сюжетімен таныстық,енді жырды әдебиет теориясы бойынша жіктеп шығайық. Топтық жұмысымызды жалғастырамыз.Жырдың құрылымына байланысты сұрақтар беріледі,жауап бере алмаған топты келесі топ толықтырса,қосымша бағалауға ие болады /Жаңа сабақта дастанның тақырыбы мен идеясы, өлең құрылысы мен поэтикалық тілі төмендегідей кесте тірек-сызбалар көмегімен талданады./ (Жырдың мазмұнына тоқталып отыру,талдау бойынша оқиға желісін толықтырып отыру әр топтан 1-2 оқушы жауап беру керек.



Жырдың құрылымы /Слайд/1.Жанры бойынша – эпикалық-ғашықтық дастан.

2.Тақырыбы бойынша – екі жастың махаббат драмасына құрылуы,трагедия

Қалқаман қыз айттырмай жүреді екен,

Мамырды жас күнінен біледі екен.

Асықтығын айта алмай іштей жанып,

«Құрбымыз» деп құр ойнап күледі екен. (оқылым)

3.Идеясы бойынша – қоғамның әділетсіздігіне, ел билеушілердің озбырлығына қарсылық.

4.Өлең құрылысы бойынша – 11 буынды, қара өлең үлгісімен жазылған,тақтадағы өлең жолын буынға бөлу, жазылым,айтылым,қимақағаз



5.Поэтикалық тілі бойынша–суреттеу,баяндау,мінездеу, портрет,теңеу, эпитет,метафора,диалог,монолог,лепті-сұраулы сөйлемдер,қорыту.(айтылым) 6.Тірек – кесте (белгілері арқылы жырдың образды жүйесіне талдау жасау. Интерактивті тақтада тапсырма беріледі, жауабы жасырын тұрады,оқушы кесте қимақағазды толтырады(жазылым),жауап бергеннен кейін дұрыс жауабымен салыстырылады.(айтылым)


Кейіпкерлерге салыстырмалы мінездеме беру



Әнет баба

Қалқаман

Көкенай

Мамыр

Ру бірлігін сақтауға барын салады,екі жас тың қосылуын бітімгершілікпен келістіргісі келе ді.Даналығы мол,бірақ надан дықтың құрбаны, ақынның Абай мен үндес келтір гісі келгендігі

Сүйгеніне қосылғысы келіп ескі салтпен күресуші, намысшыл,сөзіне, махаббатына берік,адал

Батырлығы бір рулы елге сыйлы еткен өркөкірек жан.Ескі салтты қорғаушы, асауқанды, намыс шыл адам, махаббатқа қиянат жасаушы

Ескіліктің құрба ны,шынайы махаббат үшін адалдығын көр сете білген жан.Сөзіне адалдығын дәлелдей білді,махаббатын тауып,аз күн ғашығымен бірге болғандығына бақилы болды.



YІІ Тапсырма А.Сабақты қорыту үшін жарыс сұрақтары (айтылым,оқылым)

Жарыс сұрақ

1. Екі жас неге қосыла алмады, оған не себеп,оларды жазалаудың астарында не жатыр?

2. Жырда Әнет баба екі жасты неге қорғап қала алмады?

3. Мәмбетей жағының талабымен келісуіне тура келген себеп не?

4. Туыс адамдардың үйленуі қазақы салтымызға сай келе ме?

5. Әнет бабаның Абай тағдырына ұқсастығы не? Өлеңдерімен салыстыр. «Қойдыңдар Абайға да не қылғызбай?» ( «Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма»)

6. Әнет баба Қалқаманды тірі алып қалу үшін қандай әрекет жасады,?

7.Көкенай Мамырды неге атты, Мамыр өлер алдында Көкенайға не деді,оның мәні не? 8.Мәмбетей мен Әнет бабаның шешімімен неге келіспеді? Екі жастың үйленуіне неге қарсы шықты?

9.Әнет баба Қалқаманды неге оққа байлады?

10.Әнет бабаның Қалқаманды елге қайтарам деген тілегі неге орындалмады?

Бүгінгі махаббаттағы еркіндік не,оны қадірлей алып жүрміз бе?



Сабақты бекіту. Ә. Кесте бойынша тақырыпты жинақтау (айтылым,оқылым)/Слайд/

р\с

Оқиға желісі

Оқиғаның өрілуі

Поэтикалық тілі

1

Оқиға болар алдындағы жағдай


/ХYІІІ ғасырдың бас кезінде қазақтардың Сыр бойында мекендеген кезеңдері/

/Суреттеу,баяндау,мінездеу/

2

Байланыс.

Оқиғаның басы

/Қалқаманның Мамырды көріп,ғашық болуы/

/Диалог,мінездеу, лепті,сұраулы сөйлемдер,эпитет,теңеу,

метафора,баяндау/

3

Оқиғаның өрбуі

/Қалқаман мен Мамырдың ғашықтық байланысы,екі жақтың тартысы/

/Диалог,портрет,мінездеу,баяндау/


4

Оқиғаның шиеленісуі

/Рулы елдің билеушілері біліп, қарсылық танытуы,Көкенайдың әрекеті/

/Баяндау,портрет,теңеу,

эпитет,метафора,мінез деу,диалог/

5

Оқиғаның шарықтауы

/Екі жасты өлтіруге шешім қабылдауы,Қалқаман мен Мамырдың тағдыры/


/Мінездеу,диалог,баяндау,

суреттеу,монолог,диалог,

портрет,теңеу,эпитет/

6

Оқиғаның шешуі

/Қалқаманның елден кетуі.Жоңғар шапқыншылығы/

/Баяндау,суреттеу,қорыту/



Б. Тест сұрақтарына жауап беру

Тест

1-топ

  1. «Қалқаман-Мамыр»дастанындағы оқиға қай кезеңде болған?

А) Азамат соғысы кезінде В) Жоңғар шапқыншылығы кезінде С)Фин соғысы кезінде

2. «Бастаңғы» дегеніміз қандай салт?

А)Шілдехана кезіндегі жастардың ойын-сауығы

В)Әке-шешесі үйде жоқта қыз-бозбала мал сойып,құрбыларын жинайтын ойын-сауық.

С)Қыдырып кеткендердің артынан жасалатын ойын-сауық

3. Қалқаман мен Мамыр бір-біріне қалай туыс?

А)жиен

В) рулас

С)бөле

4. Мамырдың соңғы сөзі

А)Аздан соң Мамыр айтты:-Ей,Қалқаман,

Байқадым сөз аяғы бізге таман.

Қазір жауап берерлік уақытым емес,

Сүйсе де үміт үзіп өлмек жаман.

В)Мамыр айтты:-Мен сенсіз тірі тұрман,

Үш қайырдым сөзіңді мен ант ұрған.

Бір Құдайға сиынып ал да жөнел,

Жолыңда өлсем разымын,жаным құрбан.

С)Көкенай,Қарғамаймын,сөзіме бақ,

Ісім жөн,бір Құдайға,көңілім хақ.

Мойныңа менің қаным халал болсын,

Болма неді Қалқаманның қанына ортақ.

5. Көкенай дегеніміз кім?

А)Мамырдың нағашысы ағасы

В)Мәмбетейдің қолбасшы-бастаушысы

С)Жоңғардың жауынгері



2-топ

1. Әнет бабаның өмір сүрген жылдары...

А)1628-1724

В)1626-1723

С) 1622-1712

2. Той жасаған орта жүздің ханы кім?

А)Сәмеке

В) Кішік

С)Мәметей

3. Екі жастың қосыла алмауына себеп не?

А)Мамырдың атастырылуы

В)рулық тартыс

С)салт-дәстүр

4. Мәмбетей, Кішік дегеніміз кімдер?

А)Рулас ағайындар

В)Бір-біріне жау адамдар

С)Екі рудың билері

5. Жастарды құтқарудағы Әнет бабаның айласы қандай?

А)Ұстап беру

В)Елден қашыру

С)Өлтіру

В. Ойтолғау (дәптермен жұмыс,жазылым,тыңдалым) Тақырыбы: « Махаббат және салт», «Шәкәрімнің ізімен...», «Махаббатсыз дүние бос», «Егер мен Қалқаман болсам...»

Бұл әдісті қолдануда оқушылар белгілі бір кейіпкер атынан тақырып алып, эссе жазып үйренеді. Осы оқушыларды өз пікірін білдіруге, жауаптылықтарын, қызығушылықтарын арттыруға әкеледі.

Биылғы жылы М.Мақатаевтың шығармашылығына арнап «Ақиық ақын – Мұқағали Мақатаев» атты поэзиялық кеш өткіздім. Бұл кеште ақынның өмір сүрген ордасы, жанұясы, өлеңдері, әндері айтылды.

Ақынның әр түрлі тақырыптағы жырлары, естеліктері, әндері оқушыларға жаңғырту ақынның құдіреттілігін түсіндіру мақсатында өткен поэзиялық кеш өте сәтті өтті. Әрбір жырының, әнінің шығу тарихы бар. Оқушылардың бәрі белсенділікпен қатысты.

Қазақ тілі апталықтарында «Тіл – руханият байлығы» атты оқушылар арасында көркем сөз байқауы, «Қызықты грамматика» атты оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттыруда және сөздік қорларын молайтуда қызықты жарыс өткіздім. Осы тіл мерекесінде де және сыныптан тыс уақытта да көптеген ойындар, кештер, қызықты сабақтар өткізіп жүрмін. Соның ішінде біреуіне тоқтала кетсем, теледидардан көрсетіп жүрген қазақтың салт-дәстүрін жаңғыртуда «Алтын сақа» ойынын өткіздім. 6-7 қазақ және орыс сыныптары аралығында өткен ойында оқушылар интеллектуалды-лингвистикалық өз білімдерін ортаға салды. Қатысқан оқушылар өз білімдерін ортаға салып белсенділікпен қатысты. Жеңімпазымызды анықтап, қатысушылардың бәріне мақтау қағазын беріп, ойынымыз өте қызықты өтті.

Осындай кештер өткізумен бірге мектебімізде озық тәжірибе мектебінде өз іс-тәжірибеммен бөлісемін. Озық тәжірибе мектебінің жұмысын жүргізуде тәжірибелі ұстаздарымыздың сабақтарына қатынасып, сабақ өткізудегі әдіс-тәсілдерін үйреніп, «Жас ұстаздар мектебіне» озық тәжірибелі сабақтарын, жаңа әдіс-тәсілдерін үйренемін. Яғни, бұл тәжірибелі ұстаздар мен жас ұстаздар арасындағы байланысты нығайту. Енді осы жұмысты атқарудағы алға қойған мақсатым – болашақта тәжірибелі ұстаздарымыздың сабақтарын жинақтап, барлық мектептерге тарату.

Шығармашылық жұмысымды қорытындылай келгенде, сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу және жазу технологиясымен өткізген сабақтар маған осындай нәтиже беріп келеді. Оқушылар арасындағы қарым-қатынас нығаяды, басқаларды тыңдап үйренеді, өз ойын топ алдында ашық айта алады, өз көзқарасын қорғай алады, орташа оқитын оқушылардың өздері де ортаға тартылып, өз қырларымен таныла бастады. Ең бастысы сабаққа қызығушылықтары артып, белсенділіктері өте жоғары болды. Осы жаңа технологиялар бойынша әлде де семинарға қатысып, білімді одан әрі жетілдіріп, оқушыларымды биіктен көргім келеді. Оқушыларым үмітімді ақтайтынына сенімдімін.

Осындай ізденіспен жұмыстанған әрбір ұстаз жаңашыл ұстаз болу керек. Болашақ ұрпақ тәуелсіз Қазақстанымыздың мәртебесін асқақтатып, ұл-қыздарымызды қазаққа тән қасиеттермен тәрбиелей берейік.

Осындай мектебімдегі жұмыстарды атқара жүріп, ауылдағы және мектеп ішіндегі мәдени шараларда жүргізуші болып танылып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласамын, «НұрОтан»партиясының белсенді мүшесімін .

Алдағы уақытта да талмай ізденіспен, шығармашылықпен жұмыстану басты мақсатым болмақ.















Ғ.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі













Шығармашылық есеп









Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі: Баделова Л.А.





2014-2015 оқу жылы



1989 жылдан бастап Ғ.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып қызмет жасаудамын. Еңбек өтілім – 31жыл, аталған мектепте 26 жыл.

Негізгі проблемалық тақырыбым: «Әдебиетті оқытуда оқушыларды шығармашылыққа баулу» тақырыбында жұмыс жасап келемін.

Әр адам тіршілік еткеннен кейін өмірде өз жолын тапқысы келеді. Абай атамыз айтқандай, «дүниеге кірпіш болып қаланып», өз ісін қалдыруды арман етеді. Ұстаз – өмірдің даңғыл жолында әр адамның сүрлеу – соқпағын салып, құрастырушы, қалыптастырушы бірден-бір тұлға. Асыл әженің «айналайыны мен ақ тілегі», ананың мейірім шашқан ақ жүрегімен тәрбиеленген ауыл баласы, біз үшін, «Ұстаз-ұлы тұлға».

Бүгінгі күні біз жаңа дәуір – жаңа ғасыр – жаңа мыңжылдықта өмір сүріп отырмыз.

ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Білімділерді аялап тербетіп, баптап өсірер тәрбие керек. Ұрпақ тәрбиесі – ел алдындағы маңызды міндет. Еліміздің қоғамдық- экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, денсаулығы мықты, парасатты азамат тәрбиелеп шығару – мектептің ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті.

Білім беру ісінде ұстаз басты әрі шешуші тұлға болып саналады.

Ұстаздың қоғам өмірінде алатын орны мен олар атқарып отырған міндеттердің айрықша маңыздылығын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең санампаз бөлігі болып табылады»,-деп атап көрсетті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тіл туралы Заңын» іс жүзіне асыруға бағытталып отырғандықтан, қазір еліміз мемлекеттік тілді оқып-үйрену мәселесіне нық көңіл аударуда. Мемлекетіміз тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңартулар тұсында бізге, қазақ тілі пәнінің мұғалімдеріне, жауапты іс, келешек ұрпаққа мемлекеттік тілді үйрету ісі тапсырылып отыр.

Халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов: «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек. Оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,-дегендей, мен оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда нәтижелі болатын әдістерді сұрыптап пайдаланамын.

Тағы бір ескеретін нәрсе, ең алдымен, қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ беретін ұстаз өз ұлтын шын сүюі керек. Өз ұлтын сүюі арқылы ұстаз бала бойына ұлтжандылықты, елге, тілге деген құрметті дарытады.

Ізденімпаздықпен, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы біраз жетістіктерге жеттім бе деп ойлаймын. Оқушыларым аудандық, облыстық олимпиадаларға, байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Өзімнің жолымды қуып, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын таңдаған шәкірттерім:

  • Қарасаева Айнагүл Ғ.Молдашев атындағы ожбб мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,алғашқы олимпиада жүлдегері

  • Еремина Любовь Облыстық Тілдер бөлімінің жетекші маманы,аудармашы,алғашқы олимпиада жүлдегері

  • Халиуллина Жанаргүл Астана қаласындағы көпбейінді колледждің қазақ тілі пәнінің оқытушысы,аудармашы,алғашқы қазақ тілі пән олимпиадасының жүлдегері

  • Оразаев Төлеген Жанұзақұлы осы мектепте бастауыш сынып мұғалімі

  • Қажыкенов Нүркен К.Мендалиев атындағы ожбб мектебінде мұғалім, Абай,Мұқағали оқуларының аудандық І орын,облыстық ІІорын жүлдегері,аудандық,облыстық пән олимпидаларының ІІ,ІІІ орын жүлдегері,аудандық жас ақындар айтысының жүлдегері,өз шығармашылығымен облыс көлемінде танылып жүрген әуесқой ақын-сазгер

  • Рысмағанбетова Румия Сатыбалды негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

  • Мутигуллина Дидар Орал қаласы №21мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

  • Масалиева Дария Асқарқызы БҚМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірді,қазір Астана қаласында Еңбек Министрлігі жанындағы Әлеуметтік жағдайлар және еңбекпен қамту бөлімінде бас маман

  • Валиева Айнұр Сәбитқызы Ақтөбе қаласы №32 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

  • Даукенова Айсұлу Сарықұдық орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

  • Қайыржанова Данагүл Орал қаласы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

  • Жардемова Әсемгүл Орал қаласы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



Жылма-жыл оқушыларым ҰБТ-дан жоғары көрсеткіш көрсетіп жүр. 2011-2012,2012-2013 оқу жылдарында 100 пайыз білім сапасын көрсетсе, биылғы түлектерім әр байқау сынағынан 100 пайыз білім сапасын көрсетіп келеді, үш «Алтын белгіге» үміткер оқушыларым үмітімізді ақтаса деген ой бар.

Мектептегі оқушылардың шығармашылығын дамытуда тұрақты жұмыстанып келемін, дарынды шәкірттерімді шығармалар байқауларына, жас ақындардың әр түрлі байқауларына, пән олимпиадаларына қатыстырып келемін.

Қазақ сыныптарындағы қазақ тілі пән олимпиадасында 11а сынып оқушысы Ермек Райымбек III орын алса, аудандық «Абай», «Махамбет» оқуларында II,III орын, «Ғұмар Қараш» оқуында I орын алса, облыстық дебатта III орын алды.

7а сынып оқушысы Нұғман Гүлжайна өз өлеңдерін оқуда «Көрермендер көзайымы» номинациясын иеленді,екі оқушының да өлеңдері аудандық басылымда жарияланды. Аудандық,облыстық орыс сыныптарындағы қазақ тілі пән олимпиадасында 2011-2012 оқу жылында 10 б сынып оқушысы Сомик Надежда орыс сыныптарындағы қазақ тілі пән олимпиадасында I орын алып,облыстық пән олимпиадасында III орын алып,дипломмен марапатталды, «Жарқын болашақ» КАТЕҮ олимпиадасында «Сөз шеберлері»бөлімі бойынша облыстан І орын алып,Республикалық олимпиадасына жолдама алып, «Алғыс хатқа»ие болды.

Қазақ сыныптарындағы қазақ тілінен 11 а сынып оқушысы Ермек Райымбек III орын алды.2012-2013 оқу жылы «Мемлекттік тіл-менің тілім» интеллектуалды зияткерлік-лингвистикалық турнирінің ІІІ дәрежелі дипломымен Мұғалбаев Айнұр,Чекаева Мария марапатталды.

2013-2014 оқу жылында Гайсина Райля «Тілші-әдебиетші»бөлімі бойынша ІІІ орын, Даракчян Артур «Сөз шеберлері»бөлімі бойынша ІІ орын алып, дипломмен, бағалы сыйлықтармен марапатталса,2014-2015 оқу жылында Гайсина Райля олимпиададан жүлделі ІІІ орын, Даракчян Артур «Жарқын болашақ КАТЕҮ олимпиадасынан» «Жас ғалым» бөлімі бойынша «Алғыс хатқа»ие болды.

«Абай оқулары»аудандық байқауында Абай әндерін орындауда Рашиденова Ажар «Әнші-бұлбұл» бөлімі бойынша ынталандыруға ие болды.

10а сынып оқушысы Телжан Ақұлпа әдебиеттен,8а сынып оқушылары Еролла Перизат,Рашиденова Ажар, Жардемова Әсел , Нұғман Гүлжайна қазақ тілінен республикалық КИО-дан жақсы ұпай жинап, сертификатқа ие болса,Құрманғалиев Орынбек жоғары ұпай жинап,«Ең үздік нәтиже» сертификатына ие болды.



Өз білімімді арттыруда 2013 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда тиімді әдістерді пайдалану» және 2013жылы «Сын тұрғысынан ойлау» атты тақырыптарда курстан өттім. Жұмыстанған,басылымда жарияланған еңбегім кестесі:

«Әдебиетті оқытуда оқушыларды шығармашылыққа баулу»

Мектепішілік педоқылым 2013

«ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдістері»

Аудандық семинар2013

«Абай шығармашылығын оқыта отырып оқушыларды шығармашылыққа баулу

Аудандық тамыз маслихаты 2014

Қазақ Оқу Ассоциациясы қоғамдық бірлестігінің «Сауаттылық,тұлға және социум»ІХ облыстық конференциясына баяндама «Сто технологиясының элементтері бойынша өткізген сабақтарым»



Облыстық конференция 2015

Республикалық «Ашық сабақтар» сайты

«Есімдіктер»2014-2015 оқу жылы

Республикалық «45минут»» сайты

«Қазақстан-ортақ үйіміз»2012-2013оқу жылы

Республикалық «Ғылыми-практикалық конференция» жинағы

Ғылыми жоба «Қара өлең-құдіретім»2014-2015 оқу жылы


«Самұрқ-Қазына»Ұлттық Қоры жанынан Білім Ғылым Министрлігі

Шығарма «Жеңістің 70 жылдығы»2014-2015 оқу жылы

Қазақ Оқу Ассоциациясы қоғамдық бірлестігінің ІХ облыстық конференциясы

2015

«Сауаттылық,тұлға және социум» СТО технологиясы

«Самұрқ-Қазына»Ұлттық Қоры жанынан Білім Ғылым Министрлігі

2015

Шығарма «Жеңістің 70 жылдығы»

Республикалық«Зият»ІІ Республикалық педагогтардың қашықтықтан өткізілетін конкурсы

2015

«Білім берудің инновациялық әдістері мен технологиялары»

Республикалық КИО

2014

Қазақ тілі пәнінен қашықтық олимпиада


Республикалық КИО

2015

Қазақ тілі пәнінен қашықтық олимпиада






Мынадай мадақтамалармен марапатталдым:

2002 жылы аудандық оқу бөлімінің «Мақтау қағазы»;

2008 жылы облыстық білім департаментінің «Мақтау қағазы»;

2010жылы «Нұр Отан» партиясының «Грамотасы»;

2013жылы мектептің «Мақтау қағазы»;

2014 жылы мектептің «Алғыс хаты»;

2013,2014 жылы кәсіподақтың «Мақтау қағазы», «Алғыс хаты».

Мен ұстазбын.Өмірлік ұстанымым: «Мәңгілік оқу-ұстаз еңбегінің жемісін береді ». Алдағы уақытта да талмай ізденіспен, шығармашылықпен жұмыстану басты мақсатым болмақ. Еліміздің саналы ұрпағын оқытып,тәрбиелеуге бар күш-жігерімді жұмсап,талмай еңбек ете беремін.






Краткое описание документа:

Тақырыбы : Лексикалық тақырыбы: «Қазақстан – ортақ үйіміз»

 

                     Грамматикалық тақырыбы: Сын есім

 

Мақсаты: Оқушылардың  тілдік, мәдениеттілік, білімділік жеке тұлғаларын қалыптастыру.

 

Білімділік: а) Оқушылардың білімдік, зейіндік қабілеттерін шыңдау;

 

                   ә) Алған білімдерінің негізгі түйінін көрсету, нәтижеге жету.

 

                   б) Қазақ тілімен байланысты әдебиет, тарих, өнер, мәдениет

 

                       салалары бойынша білімдерін көтеру.

 

                   в) Оқушылардың өз бетінше бағытталған білімдерін өздерінің ой-     

 

                       өрістерін кеңейтуге пайдалана білуін жетілдіру.

 

Дамытушылық: а) Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылықпен жұмыстану 

 

                            дағдысын, есте сақтау қабілеттерін, тапсырылған іске өзіндік

 

                           қарым-қатынасын, тілін дамыту.

 

                           ә) мәдениетті, салиқалы қарым-қатынасын дамыту.

 

Тәрбиелік: а) Өзге жандардың пікірімен санасуға, ұжымдасып жұмыстануға,

 

                  сауаттылыққа тәрбиелеу.

 

                   ә) Өз Отанының қадір-қасиетін білуге, өзіндік мемлекеттік

 

                 нышандарын қадірлеуге, болашақ елжанды ұрпақ болуға

 

                 тәрбиелеу.

 

                  б) Табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі мен типі: Аралас сабақ (Қазақ тілі, ағылшын тілі)

 

Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, өнер, мәдениет, география,экология

 

Өткізілу әдісі: Сыныптық ұжым, жекелеген жұмыстар, жаңа технология әдістері элементтерін пайдалана отырып, тілді еркін меңгеру және дамыту, Қазақстан мен Англия еліне саяхаттау.

 

Көрнекілігі:  тақырыптық суреттер, слайдтар, қима қағаздар, дидактикалық тапсырма үлгілері

 

Өтетін орны: Мультимедиялық кабинет

 

Сабақ өтетін сынып: 6 «в»

 

Сабақ жоспары: 1.Ұйымдастыру кезеңі

 

                             2. Психологиялық бағытты ұйымдастыру

 

                             3. Миға шабуыл, ой қозғау

 

                             4. Практикалық жұмыстану

 

                             5. Рефлекстік көзқарас

 

                             6. Бағалау

 

Сабақ барысы: Оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан әзірлеу.

            Қайырлы күн, құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі біздің сабағымыз өзгеше жағдайда өткелі отыр. Сабағымызға көптеген қонақтар қатысып отыр. Бүгінгі сабағымыздың сәтті өтуіне сіздердің білімдеріңіз, қабілеттеріңіз, көңілді көңіл-күйлеріңіз және белсенділіктеріңіз қажет. Ал қазір біз соған дайынбыз ба? (Оқушылар дайындығы қадағаланды.)

Автор
Дата добавления 01.04.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1627
Номер материала 469779
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх