Инфоурок Физическая культура Другие методич. материалы«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғылары» ашық сабақ

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғылары» ашық сабақ

Скачать материал

 

 

 

 

ТАҚЫРЫБЫ:

 

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғылары — әскери қызметшілер мінез-құлқының құқықтық негізі.»

 

 

hello_html_m24aa9dd.jpg

 

 

АӘД пәнінің оқытушы- ұйымдастырушысы: Кульбаев У.

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғылары — әскери қызметшілер мінез-құлқының құқықтық негізі.

Мақсаты:

Білімділік:

Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері, жарғылардың құқықтық негізі, жарғы баптарының талаптары мен ережелері және де әскери қызмет туралы түсінік беру.

Тәрбиелік:

Оқушылар бойында ерік-жігер, Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен орындау, адамгершілік, тәртіптілік, ұйымшылдық, мінез- құлық мәдениет қасиеттерін қалыптастыру.

Дамытушылық:

Оқушыларды ҚР Қарулы Күштерінде қызмет етуге, әскери жарғыларды үйретуге ішкі кызмет және қарауылдық қызметті атқаруды ұйымдастыруға дағдыландыру.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: баяндау , түсіндіру, әңгімелесу .

Көрнекі құралдар – АӘД оқулығы, әскери жарғылар, бейнефильм, интерактивті тақта, компьютер, бейнепроектор, Activote құралы, презентация, флипчарт.

Уақыт – 45 минут

Сабақ өтетін орын – АӘД кабинеті.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ІІ. Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі:

1.Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің кандай түрлерін білесіңдер?

2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің міндеттері туралы айтындар.

3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қандай әскери – оқу орындарын білесіңдер? (7 минут)

ІІІ. Жаңа сабақ:( 22 мин)

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқушыларға таныстырған соң, әскери қарулы күш өмірінен бейнефильм көрсетіледі (3 мин)

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің өмірі мен қызметі әскери жарғылар болып табылатын нормативті-құқықтық құжаттармен қатаң түрде белгіленеді.

Заң тұрғысынан алғанда, әскери жарғылар — дара басшылық негізінде әскери қызметшілер қарым-қатынасының әртүрлі жағын, әскери тәртіптілік пен заңдылықтарды реттейтін, мемлекет бекіткен нормативті-құқықтық актілердің жиынтығы. Олар әскери өмір мен оның әрекеттерінің сан түрлі қырын реттейді: әскери қызметшілерді оқыту мен тәрбиелеудің міңдеттерін, нормалары мен әдістерін, әскердің күнделікті өмірін ұйымдастыру тәртібін; ішкі, гарнизондық, қарауылдық, патрульдік, парк, лагерьлік және басқа да арнайы қызметтердің күн тәртібін; әскерді орналастыру, материалдық-тұрмыстық және медициналық қамтамасыз етуді; әскери қызметшілердің құқығын, міндеттері мен тәртіптік жауапкершілігін; жауынгерлердің кызметтегіжәне одан тыс уақыттағы өзара қарым-қатынасы мен мінез-құлқын; қатаң жарғылық тәртіпті, жоғары ұйымдастырушылықты, әскери тәртіптілік пен ұрысқа дайындықты сақтаудың құқықтық жағы мен әдістерін реттейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

Жарғылар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мен басқа да әскерлер және әскериленген құралымдардың барлығына да міндетті болып табылады.

Сарбаздардың ұрыстық іс-әрекеті мен қызметі, оқуы және өмірінің барлық жақтары жарғылармен, командирлер және бастықтардың бұйрықтарымен белгіленеді. Жарғылар олардың өмірі мен қызметіне hello_html_2bba29f5.gifайрықша нақтылық пен үйлесімділік енгізеді, әскери қызметшілер бойында қажетті дағдылар мен әдеттерді қалыптастыруға ықпал етеді, олардың ерік-жігері мен мінезін шынықтырады, ішкі тәртіптілікті қалыптастырады. Онсыз ұйымдасу мен тәртіптіліктің жоғары деңгейіне, флот күші мен әскердің тұрақты ұрысқа дайындығына қол жеткізу мүмкін емес. Жарғы талаптарын барлық сарбаздар қай жерде болса да, мысалы, сапта немесе саптан тыс, бөлімше, бөлім аумағынан тыс жерлерде болсын орындауға міндетті.

Әскери жарғыларда армия дамуының көпқырлы тәжірибесі берген барлық жаңалықтар жинақталған. Оларда қорғаушыларға қойылатын талаптар қысқаша, анық түрде мазмұндалады. Қарулы Күштер үшін жарғылардың мәні орасан зор болғандықтан, оларды Президент бекітеді. Жарғыларда жауынгерлерге қойылатын талаптар, қызмет ету ретін анықтайтын ережелер заңды түрде бекітілген. Ондағы ережелердің, талаптардың жеке құрамда жоғары моральдық-ұрыстық және жауынгерлік сапаларды қалыптастыруға байланысты жүргізілетін жұмыстар үшін маңызы зор. Қатаң жарғылық тәртіп, қызмет пен тұрмыстағы жоғары ұйымдастырушылық оқуда жетістіктерге қол жеткізуге, жауынгерлердің тәртіптілігіне ықпал етеді.

Тәртіпті жауынгер деп әскери анттың, жарғылардың, заңдардың талаптарын жақсы білетін, оның талаптарын күнделікті іс-әрекетінде қатаң басшылыққа алатын, жарғы талаптарын орындауда командирге көмектесетін, жолдастарының лайықсыз қылықтарын тоқтататын, бөлімдер мен бөлімшелердің жоғары дәрежеде ұрысқа дайындығын ұстап тұруға қатысты міндеттерді сапалы да тиімді шешетін, өз әрекетін басқара алатын, шыдамдылықпен өзін ұстай алатын жауынгерді айтуға болады.

Біздің жарғыларымыздың басты талабы — әскери қызметшілердің Отанды қорғаудағы жеке басының жауапкершілігіне, өз халқына, Отанына адал қызмет етуіне, жоғары қырағылық пен тұрақты ұрыстық дайындықты ұстап тұруына негізделеді. Жарғыларда адамгершілік принциптері қатаң сақталған, сонымен бірге ол әскери қызметшілердің мінез-құлқының құқықтық нормалары да болып табылады. Ең алдымен, жарғылар әскери атағы мен қызмет жағдайы бойынша қатаң бағынушылықты қарастырады. Ішкі қызметжарғысына сәйкес кейбір әскери қызметшілер өз қызмет жағдайы мен әскери атағына байланысты — бастық және бағынушы, басқаларға қарым-қатынасына қарай — үлкен және кіші болуы мүмкін. Бастықтар өз бағынушыларына бұйрық беруге құқығы бар және оның орындалуын тексеруі тиіс. Бағынушылар өз бастықтарының айтқанын қапысыз тыңдауға міндетті. Тәртіптік жарғыда былай деп көрсетілген: "Командирдің (бастықтың) бұйрығы — барлық бағынушылар үшін заң. Бұйрық дәл өз уақытында бұлжытпай орындалуы тиіс".

Біздің барлық жарғыларымыз адамгершілік принциптеріне негізделіп жасалады. Сонымен қатар жарғылар әскери қызметшілердің бір-бірімен қарым-қатынас жасаудағы сыпайылықты, қайырымдылығын, адамдардың мұқтаждықтары мен талап-тілектеріне барынша қамқорлық көрсетуді де қарастырады. Әскери жарғылар әскери қызметшілерден қоғамдық орындар мен көшеде өзін абыроймен ұстау және мораль талаптарын қатаң сақтауды, ұстамдылық пен қарапайымдылықты, жоғары мәдениет үлгісі бола білуді талап етеді. Әскери қызметшілер қызмет мәселелері бойынша бір-біріне "сіз" деп тіл қатулары тиіс.

Әскери қызметшілер арасындағы қарым-қатынастарды заң жолымен тәртіпке келтіруге қанша ұмтылыс жасалғанмен, жарғыларда оны бүге-шігесіне дейін қарау мүмкін емес. Қызметте кейбір қарым-қатынастардың жарғы талаптарына сәйкес келмейтіндігі былай тұрсын, оған қайшы келетін жайлары да кездесіп қалады. Әскери бөлімшелерде жеке құрамға, әсіресе жаңа толықтырмаға белгілі дәрежеде ықпал жасайтын "ресми емес көшбасшылар" (жетекшілер) да кездесуі мүмкін. Олардың ішінде қалыпты моральдық көңіл күйді орнатуға кедергі келтіретін жағымсыз қылықты адамдар да кездеседі. Бұл айнала кепілдікке алу, достық пен жолдастықты дұрыс түсінбеу, кіші жолдастарына өз "үстемдігін, артықшылығын" рұқсат етілмейтін жолдармен көрсету әрекеттері арқылы көрініс табады. Олар көбіне дөрекі теріс қылықтардың, қылмыстардың негізгі себебі болып жатады. Республика Қарулы Күштері мұндай құбылыстармен аяусыз күрес жүргізеді.

Қорытынды бөлім – 10 минут

Әскери ұйымдар жарғы ережелерінсіз, олардың талаптары мен нормаларынсыз жұмыс істеулері мүмкін емес. Жарғылар сарбаздардың бойында идеялық сенімділікті, ерлікті, батырлықты, әскери жолдастықты, бастамашылдықты, осы заманғы ұрыстарда жеңіске жету үшін қажетті моральдық жауынгерлік қасиеттерді тәрбиелеу жолындағы қуатты құрал болып табылады.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.    Әскери жарғылар дегеніміз не?

2.    Әскери қызметшінің құқығы мен міндеттері қандай?

3.    Әскери жарғылардың талаптары қандай принциптерге негізделіп жасалған?

4.    Әскери жарғылардың е

5.    рекшелігі туралы айтыңдар.

Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма: §1 (60- 63 бет) оқу

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғылары» ашық сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Медиатор

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.02.2016 1637
    • DOCX 35.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кульбаев Улан Тогызбаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кульбаев Улан Тогызбаевич
    Кульбаев Улан Тогызбаевич
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7238
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Методист по спортивно-функциональной классификации в адаптивном спорте: основные аспекты профессиональной деятельности

Методист по спортивно-функциональной классификации в адаптивном спорте

300 ч. — 1200 ч.

от 6500 руб. от 3600 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания раздела физической культуры "Легкая атлетика" в рамках дистанционного образования

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 54 человека

Курс повышения квалификации

Методика преподавания раздела физической культуры "Подвижные и спортивные игры" в рамках дистанционного образования

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 117 человек

Мини-курс

Управление и менеджмент в спортивной сфере

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Маркетплейсы: организационные, правовые и экономические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 15 регионов

Мини-курс

Теория вероятности и комбинаторика в современной математике

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе