Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық міндеттері негізінде тұлғаны қалыптастырудағы информатика пәнінің ролі мен мүмкіндіктері

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық міндеттері негізінде тұлғаны қалыптастырудағы информатика пәнінің ролі мен мүмкіндіктері

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық міндеттері негізінде тұлғаны қалыптастырудағы информатика пәнінің ролі мен мүмкіндіктері

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың ұйымдастырушылық негізі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болып табылады, сонымен қатар ол қазақстандық білімді жаңғыртуды жалғастыруды қамтамасыз етеді.

Бағдарлама мақсаттардың бірі – білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, жалпы орта білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі жəне рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін əлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады. 2-слайд


Осы бағытта 2011 жылдан бастап оқу процесіне автоматтандыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу үшін жағдай жасалуда, орта білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесі пайдаланыла бастады.3-слайд

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында электрондық оқытудың «E-Learning» мақсаты : «… білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздіксіз білім беру ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету» –деп атап көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді./4,5,6,7 слайдтар/

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес информатиканы оқыту 5-сыныптан басталады. 5-9 сыныптар үшін информатика пәнінен жаңа оқу бағдарламасы әзірленді. Оқу бағдарламаны әзірлеу қажеттілігі біріншіден, мазмұнды толығымен қайта қарастырумен байланысты, себебі  информатика пәні 5-сыныптан бастап оқытылады (бұрын оқытылу 7-сыныптан басталды). Екіншіден,  заман талабына сай ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың тез дамуына байланысты информатика курсында алгоритмдеу және программалау саласына көп көңіл бөлу қажеттілігі туындайдыген дұрыс. Сонымен қатар, жеке тұлғаның қалыптасуында алгоритмдік және операциялық ойлау ерекше рөлі алатыны  ескерілді.

5-9 сыныптардағы информатика пәнінің ерекшелігі, мектепте оқытылатын басқа пәндерден түбегейлі айырмашылығы – бұл оны оқыту пәнінің жедел екпінмен өзгеріп отыруында. Бүгінгі күні бар технологиялар мен программалық қамтамасыз етулер орнына жаңаларының келуі өзгеруде, сонымен қоса бір жарым жыл ішінде аппараттық құралдардың техникалық параметрлері екі еселенеді және бес-жеті жылда стандарттар, интерфейстер мен хаттамалар қорлары өзгереді. Осы жағдайда жаңа технологияларды меңгеруге дайын,  адамның кәсіби мобилдігін қамтамасыз ететін іргелі білімнің рөлі жоғары болып отыр. Сол себептен мектептің негізгі курсының мазмұнына информатиканың іргелі негіздерін, алгоритмдер дағдыларын ерте оқытуына назар аудару қажет. 

Әр сыныпта информатиканың бірінші сабағы, есептеуіш техника кабинетінде қауіпсіздік техниканың ережелерін және жұмыс орнын ұйымдастыруына қайталауға арналады. Интернет желісіндегі жұмыстармен байланысты тәжірибелік тапсырмаларды орындау барысында Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес ақпараттармен бірге этикалық және құқықтық аспектілерге маңызды көңіл бөлінеді.

Информатиканы оқытудың мақсаты информатика және қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйелеу арқылы ақпараттық құзіреттілікті қалыптастыру, әр түрлі ақпараттарды өңдеудің қарапайым программаларымен жұмыс істеу дағдылары, алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін дамыту, программалау тілімен, модельдеу қағидаларымен танысу болып табылады.

Оқыту міндеттері:

1)  ақпарат туралы түсінікті қалыптастыру;

2)  есептеу техниканың және телекоммуникацияны негізгі құрылғылары пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

3)  ақпараттық модельдеу, модельдеу әдістерін қолданатын негізгі салалар туралы мағлұмат беру;

4)  программалау тілінде негізгі базалық алгоритмдік құрылымдарды пайдалана білуге үйрету;

5)  ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуге дағдыландыру;

6)  жобалық іс-әрекетте, күнделік өмірде, оқыту іс-әрекетінде, нарықта қажетті мамандық игеру мақсатында ақпараттық технологияларды пайдалану тәжірибесін алу;

7)  алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық, математикалық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

8)  қауіпсіздік техника ережелерін, ақпараттық этика және құқық нормаларын сақтау дағдысын дамыту;

9)  оқушыларды ақпараттық мәдениетке және техникаға ұқыпты болуға тәрбиелеу.

«Информатика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

5 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

6 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

7 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

8 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

9 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

Сабақтастық қағидасын сақтау үшін 6-9 сыныптарға үшін ауыспалы оқу бағдарламасы әзірленді. Аталған оқу бағдарлама әр сыныптың кіріктірілген материалын қамтиды, ол аталған сыныптың және одан дейінгі сыныпта оқитын материалдардан тұрады, яғни 6-сыныпқа арналған оқу бағдарламасы
5-6 сыныптың базалық мазмұның, 7-сынып – 5-6-7 сынып оқу материалдарын және 8-сынып – 6-7-8 сыныптарының оқу материалдарын, 9-сынып –2011-2013 оқу жылдарында өткен 7-8 сыныптардың оқу материалдарын қамтиды.

6-9 сыныптарға арналған информатика пәні бойынша ауыспалы оқу бағдарламасы 2013-2014 оқу жылына ғана арналған.

Қазір біздің мектепте 5сынып және 9-сынып оқушыларында 2013 жылы «Арман-ПВ» баспасынан шыққан информатика оқулығы бар.Бұл кітаптардың бұрынғы информатика оқулықтарынан айырмашылығы әр тақырып соңында Практикалық жұмыс нұсқаулықтары, үйге берілетін тапсырмалар берілген. Әр тақырып соңында тест жұмысы берілген. Бұл жұмыстар оқушының өз бетімен жұмыс істеуіне, тақырып бойынша ой қорытуына септігін тигізеді. Ал басқа сыныптар оқулық болмағандықтан ауыспалы оқу бағдарламасы бойынша әр сынып оқулығын пайдалануда .

Информатика пәнін оқытудың негізгі мақсаттарының бірі, әрі бастысы- оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу, шығармашылық, зерттеушілік қасиетін дамыту болып табылады. Информатика пәні мұғалімі ретінде өз сабақтарымда, тәрбие сағаттарымда мүмкіндігінше компьютерлік технологияларды оқушылардың өз беттерімен оқып үйренуіне баулу мақсатында жұмыс жасап келемін. Сонымен бірге әрбір мұғалім өзі таңдаған оқыту тәсілдері мен оқыту формасын, өзіндік педагогикалық технологиясын пайдалана отырып оқушылар білімін жетілдіруге үздіксіз жұмыс жасауы қажет деп есептеймін.

Информатика пәнін оқытуда көбіне деңгейлеп саралап оқыту технологиясына сүйене отырып, оқушылардың өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударамын. Осы жүйе оқушылардың өз бетінше танымдық қызметін арттыруға, жеке тұлға ретінде дамуға, іскерлік пен дағдыларын қалыптастыруға, алған теориялық білімдерін практика жүзінде пайдалана білуге жетелейді. Деңгейлік тапсрымалар бойынша оқушылар өзін-өзі таниды, өз бетінше жұмыс істеп, білімін жетілдіру үшін де ізденеді. Жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақтың мазмұнын дайын күйінде бермеуге тырысамын. Оқушылардың өздігінен танып-білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді өздері құрастырып, тұжырымдай білуіне жетелеймін. Ол үшін оқытудың интерактивті формаларын сабақта қолданамын .



Ақпараттық технологиялардың ішіндегі мультимедиялық құралдарда сабақ кезеңдерінде пайдалану кезіндегі бұл құралдардың тиімді тұстарын атап көрсетсек, олар:
- Оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;
- Тынымдық қабілетін қалыптастырады;
- Этнопедагогикалық тәрбие береді;
- Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
- Оқытушының уақытын үнемдейді;
- Оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер береді;
Оқушылар үшін электронды оқулық-мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электронды оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып,оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуі болып саналады.
Мұғалім үшін электронды оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе,оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады.
Бұл оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың өздері де алынған ақпаратты көшіріп алып (дискетке, бейне таспаға) онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады. Әсіресе, олардың тиімділігі:
• Қашықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
• Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
• Экономикалық тиімділігі (бару, келу, тұрмыс тауқыметі т.с.с. материалдық шығынды қажет етпеу);
• Білім сапасына әсері зор. Әсіресе, тіл сабақтарын игеруде (ағылшын, орыс, қазақ т.с.с. тілдері) айқын сезіледі;
• Қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестері мен әр түрлі физикалық, химиялық, биологиялық тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;
• Оқушының ой-өрісін дүниетанумен кеңейтуге де ықпалы зор мектеп пәндерін оқыту процесінде компьютерді қолдану мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы жүйесін, олардың іс-әрекетерінің мазмұның, құрылымын өзгерте отырып, түрлендіреді және осы әрекет мүшелерінің мотивіне әсер ете отырып, олардың мотивациялық, эмоциональдық, ортасына, сезімнің өсуіне әсер етеді.


Компьютер және жаңа технологиялар арқылы беріліп жатқан оқу тәрбие процесі оқушының заманға сай өсіп жетілуіне жол ашып, нәтижесінде бәсекелестікке қабілетті, ой өрісі кең, белсенді тұлға қалыптастыруға мүмкіндік ашады.

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 14.01.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров388
Номер материала ДВ-337328
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх