Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандары және әскери бөлімінің Жауынгерлік туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандары және әскери бөлімінің Жауынгерлік туы



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:


Қазалы көлік-техникалық колледжі













Сабақтың тақырыбы:


Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандары және әскери бөлімінің Жауынгерлік туы











Дайындаған: АӘД пәнінің ұйымдастырушы- оқытушы:

Динахметов Жомарт







Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары. Қазақстан Республикасы Қарулы

Күштерінің нышандары және әскери бөлімінің

Жауынгерлік туы



Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Отанды, елді қорғаудың маңыздылығы, тәуелсіздік туралы терең ұғым, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы Конституциялық заңды толықтай білуге және оны бағалай алуға үйрету.

2. Дамытушылық: Білім мен тәрбиені қатар бере отырып, оқушылардың өз беттерінше іздене білетін, пікірлерін ашық айта алатын жеке тұлға ретінде қалыптасуына жол ашу.

3. Тәрбиелік: Отанды, туған елі мен жерін, халқын сүюге,өз Отанының мемлекеттік нышандарын көздің қарашығындай сақтай алатын патриоттар тәрбиелеу.



Сабақтың технологиясы: өзін-өзі оқыту технологиясы, СТО стратегиясы элементтері .

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Топтастыру, ой толғау, сұрақ – жауап, түсіндіру, көрсету, пікірталас.

Пәнаралық байланыс: Тарих, Адам және қоғам, әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі: слайд арқылы суреттер, интерактивті тақта.

Қолданылатын тех. құралдар: Интерактивтік тақта.

Сабақтың уақыты: 45 минут.

Сабақ өтілетін орын: АӘД кабинеті.



Қолданылған әдебиеттер: АӘД оқулығы 10 сынып. Авторлары: Қ .Аманжолов, А. Тасболатов, Д. Майхиев, Б. Аманжолова.2010жыл « мектеп» баспасы. АӘД журналы №1, 2010 жыл, .Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы №258 ҚР мемлекеттік нышандары туралы Конституциялық заңы.ҚР Конституциялық заңы.







І. Ұйымдастыру бөлімі.


Студенттермен сәлемдесу. Студенттерді түгелдеу. Студенттер назарын ортаға аудару.

( оқытушы идеясы арқылы)

ІІ. Негізгі бөлім.

І – Мәтін


Бауыржан Момышұлы Ташкент қаласынан қайту үшін вокзалға келеді.Вокзал алды жолаушыларға толы. Бауыржан аталарыңның үстінде полковник шеніндегі әскери киім болатын. Сәл жүргеннен кейін аяқ астында жатқан бір тиынды көреді. Енді сәлден соң бір жолаушы аяғымен басып кеткелі жатыр еді.Бауыржан тез шапшаңдықпен әлгі жолаушыны итеріп жіберіп, тиынды жерден көтеріп алды да, жеңімен әлгі тиынды сүртіп қалтасына салады. Итеріп жіберген жолаушы ашуланып, батыр бабаларың Бауыржанға

« Өзініз қандай полковниксіз, ақшасыз адам сияқты жерден еңкейіп бір тиынды алуға арланбайсыз ба? Ұят емес пе, жұрт не ойлайды? – деп өз ренішін білдіреді. Бауыржан әлгі әйелге бұрылып қарап , тиынды ақша керек болғандықтан емес, сол тиын арқылы өзінің азаматтық борышын атқарғанын айтты. Ал әлгі орыс әйелі Бауыржан аталарыңнан қайта – қайта кешірім сұрап жөніне кетеді.

Сұрақ. Бауыржан жерден тиынды неге алды және қандай азаматтық борышын өтегені туралы айтты?

Оқушылар тапсырма алған соң топ болып, жекелей өз пікірлер мен ойларын қағазға түсіріп айтады.Оқушылар ойын толық тыңдап болған соң мәтінге қайта оралып Бауыржан аталары айтқан ңақты жауапты оқушыларға айтамын.

Жауабы: « Елтаңба ».


Оқушыларға Елтаңба туралы интерактивті тақта арқылы толық мәліметтер беріледі.

hello_html_33fdaa2f.jpg

2 – Мәтін


Ұрыс даласында жау қоршауында қалған бөлімнің, қоршаудан шығу мүмкіндігі жоқ екендігіне, толық көздері жетті. Ұрыс сәл саябырлап, айнала да тыныштық орнаған сәтте, бөлім командирі сенімді жауынгерлерін іріктеп, оларға тапсырма берді.Жауынгерлер өздеріне берілген көгілдір түсті матаны көйлектерінің ішінен орап алды. Сәлден соң олар командирімен, өз бөлімдерімен көздеріне жас ала отырып қоштасып жолға шықты. Кейін ол әскери бөлім басқа жауынгерлермен жасақталып , өз атақтарын сақтап қалды.

Сұрақ: Бөлім командирі жауынгерлерге нені тапсырды? Құрамында сол матаны алып келген жауынгерлерден басқа жасағы жоқ бөлім өз атақтарын қалай сақтап қалды?

Оқушылар тапсырма алған соң өз пікірлерімен, ойларын айтады. Барлық пікірлер тыңдалып болған соң , нақты жауабы оқушыларға жария етіледі.

Жауабы: « Мемлекеттік Ту »


hello_html_4867a071.jpg


Интерактивті тақта арқылы оқушыларға толық мәлімет беріледі.

3 – Мәтін


Ұрыс кезінде қолға түскен біздің жауынгерлерді жау офицерлері қанша қинасада, ешқандай мәлімет ала алмады. Ақыр соңында атып тастау жөнінде шешімге келді. Жар басында қатарласа тұрған жауынгерлердің жанарларынан өз Отанына деген сүйіспеншілікті аңғаруға болады. Ажал аузында тұрсада олар өлімнен қорықпай ,Отан алдында берген анттарына берік екендігін дәлелдеді. Үкім орындалар алдында жауынгерлер кеудесін кере ұстап әуелете ән шырқады. Мылтық даусы шыққанда ән әуені аспанда әлі қалықтап тұрған еді.

Сұрақ: жауынгерлер орындаған ән қандай ән ?

Оқушылар ойлары тыңдалып болған соң нақты жауабы айтылады.

Жауабы: « Гимн ».

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов,

Нұрсұлтан Назарбаев.

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы.

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Данқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой !

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досыңдай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай

ҚР Конституциясы 34 бап. 2 бөлім. Әркім Республикасының мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті.

ҚР Конституциясы 36 бап. 1 бөлім. ҚР қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.

( Слайдтар арқылы нышандарды түсіндіру)

Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы ҚР 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 Конституциялық заңымен бекітілген.

Онда 1-тарау. 1-бабында Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн ҚР мемлекеттік нышандары болып табылады деп атап көрсетілген.

Ал, осы заңның 2 – тарауының 4 – бабында ҚР Мемлекеттік Туын пайдалану тәртібі туралы айтылған.

1. ҚР Мемлекеттік Туы мынадай орындарда міндетті түрде көтеріледі және орналастырылады.ҚР Президенті Резиденциясының, Парламентінің, Сенат пен Мәжілісінің, Үкіметтің, Министерліктің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Конститутциялық Кеңестің, ҚР Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың , жергілікті өзін -өзі басқару органдарының, мемлекеттік ұйымдардың ғимараттарында, сондай-ақ ҚР елшіліктерінде тұрақты сақталады.

2. Мемлекеттік Әнұран ҚР Президенті қызметке кіріскен кезде –ол ант бергеннен кейін; ҚР Парламенті сессиялкарының ашылуы және жабылуы кезінде; ҚР Ұлттық және мемлекеттік мерекелеріне, сондай-ақ өзге де салтанатты «с – шараларға арналған жиналыстармен мәжілістердің салтанатты ашылуы кезінде ; телевизия және радио хабарларын таратуды жүзеге асыруға лицензиясы бар бұқаралық ақпарат құралдарының теле және радиобағдарламалары эфирге шыққан кезде тәулік сайын, олардың хабар таратуы басталғанда және аяқталғанда ойналады.

Мемлекеттік Әнұран көпшілік алдында орындалған кезде қатысушылар оны орнынан тұрып айтады, ( тыңдайды) , бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматтары өз қолын жүрек тұсына қояды.

Осы Конституциялдық заңның талаптарын бұза отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін пайдалану, сондай – ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау және оның міндетін пайдалану не Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын қорлау Қазақстан Республикасының заңдарына белгіленген тәртіппен жауаптылыққа әкеп соғады.

1. Әскери бөлімнің Жауынгерлік туы

Әскери бөлімнің Жауынгерлік туы-әскери бөлімнің енбегін айкындайтын,сондай-ақ

оның Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне жататындығын көрсететін ерекше

құрметті белгі.

Әскери бөлімнің Жауынгерлік Туы – жауынгерлік ар-намыстың,айбын мен данқтың

нышаны ретінде батырлық дәстүр мен қасиетті борышты еске түсіруге қызмет ете-

ді.

Жауынгерлік туды әскери бөлім құрылған кезде Қазақстан Республикасы Президен-

тінің атынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің,басқа да әскери құры-

лымдардың өкілі тапсырады.Әскери бөлімге Жауынгерлік Ту берілу кезінде Қазақ-

стан Республикасы Президентінің Грамотасы қоса беріледі.

Жауынгерлік Ту әскери бөлімде,атауы мен нөмірінің өзгеруіне қарамастан,барлық

уақытта сақталады.

Бейбіт және соғыс уақытында бөлімнің Жауынгерлік Туы үнемі өз бөлімімен болады.

Ол үнемі қарауыл күзетінде болуы тиіс.Жауынгерлік Туды әскери бөлімнен шығару

кезінде оны ту взводы күзетеді.

Әскери бөлімнің бүкіл жеке құрамы ұрыста өздерінің Жауынгерлік Туын жан аямай

және ерлікпен қорғауға міндетті,оны қарсыластың тартып алуына жол бермеуі керек.

Кемеде көтерілген Қазақстан Республикасының әскери-теніз жалауы –кеменің

Жауынгерлік Туы болып саналады және оның мемлекттік мүлік ретінде қол сұғыл-

мауын бейнелейді.

Бөлім бойынша бұйрықпен Жаунгерлік Туға көбіне ордендермен және медальдар-

мен наградталған сержанттар немесе офицерлер қатарынан ту ұстаушы мен екі

ассистент тағайындалады.

Одан басқа,бригадаға Жауынгерлік Туды шығарған және сақтау орнына әкеткен

кезде оған ілесіп жүрү үшін бөлім бойынша бұйрықпен туды алып жүруші взвод

тағайындалады.Туды сақтау орнына алып бара жатқанда оның жанында ту ұстау-

шы,ассистенттер және белгі беруші-барабаншы болуы тиіс.

жауынгерлік Туды алып жүрген кезде ту ұстаушы мен ассистенттерде аспа бау

болуы тиіс. Бөлімге Жауынгерлік Ту үнемі жайылған түрінде шығарылады .Елеулі

қашықтыққа қозғалыс жасағанда Жауынгерлік Ту қабында алып жүріледі.



4.Жауынгерлік Туды сақтау және ұстау тәртібі

Жауынгерлік Ту бейбіт және соғыс уақытының барлық шарттары мен жағдайларында

өз әскери бөлімімен бірге болады.Оны әр уақытта қарауыл күзетуі,ал оны әскери

бөлімге шығару кезінде ту ұстаушы взвод күзетуі тиіс.Әскери бөлімнін Жауынгерлік

Туы:

Әскери бөлім казармаларда орналасқан кезде және ол елді мекендерде орналасқан

кезде-бөлім штабының үй- жайында;

полигонда,оқу- жаттығуларда,жауынгерлік жағдайда әскери бөлім командирі көрсеткен

жерде болуы тиіс;

Бейбіт уақытта ерекше жағдайларда бірнеше әскери бөлімдердің жауынгерлік туларын

бірге сақтауға рұқсат етіледі.

Әскери бөлім казармаларда орналасқан кезде Жауынгерлік Ту сабына жиналған күйде

ордендермен,ордендер және тулар ленталарымен бірге әскери бөлімнің елтанбалы

сүргілі мөрімен мөрленген шынылы шкафта постыда сақталады.Ол тік күйде ту тұғы-

рына (ағаш сапты бкітуге арналған ойықты тұғыр)орнатылуы тиіс.

постыда Жауынгерлік Тумен ерлігі мен жауынгерлік айбыны үшін Қорғаныс министрінің вымпелі күзетілуі мүмкін





  1. Қорытынды бөлім.

Сабақты «Бәрін білгім келеді... »тақырыбында тест алу арқылы қорытындылау. Әрбір оқушыға Әнұран мәтінінің жолдарын кесінділер арқылы құрастыру тапсырылады. Бұл кезеңде оқушылардың еске сақтау қабілеті тексеріледі.

V Үйге тапсырма

Оқушылар білімін бағалау.

А.Ә.Д. оқулығы Тарау І. Сабақ 5. Қ.Р. « Мемлекеттік нышандары туралы заңы ».

Сабақтың аяқталғанын жариялау. Мемлекеттік Гимн ойналады. « Менің Қазақстаным ».

Сабақты аяқтау.




Сабақты дайындаған А.Ә.Д пәні

ұйымдастырушысы– оқытушысы: Динахметов Жомарт.












































57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 24.10.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров59
Номер материала ДБ-286278
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх