Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға рәміздер жайлы мағлұмат беру, еліміздің негізгі белгілері болып табылатын мемлекеттік рәміздермен таныстыру, олардың маңызын түсіндіру, рәміздер тарихымен таныстыру,рәміздер жайлы білімдерін дамытуға көмектесу. Олардың маңызын түсіндіру арқылы өз бетімен түсіну қабілеттерін дамыту, шығармашылық әрекеттерін жетілдіруге көмектесу,мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын түсіндіре отырып оны құрметтеуге үйрету, рәміздерді әрқашанда қастерлеп мақтан тұтуға шақыру, Отанға, елге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық, азаматтық рухқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдісі: интерактивті,баяндау

Пәнаралық байланыс: құқық, әдебиет,бейнелеу.

Көрнекілік: мемлекеттік рәміздер (Елтаңба, ту, әнұран), Қазақстан картасы.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасы.

Ұйымдастыру кезеңінен кейін үй тапсырмасын сұраймын. Алдымен жалпы өткен тақырып бойынша екі-үш оқушыдан мазмұнын сұраймын.

Оқушыларды тыңдағаннан кейін өткен тақырыпты қорытындылаймын. Тақырыптың негізгі мәселелеріне тоқталамын. Сөз арасында өткен тақырыпты жаңа сабақпен байланыстырамын.

III. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақтың тақырыбы мен жоспарын тақтаға жазылады.

Жаңа тақырыптың жоспары

1. Рәміз белгілер ұғымы.

2. Қазақ елінің рәміз белгілерінің тарихы.

3. Қазақстан Республикасының рәміздері.

Жаңа сабақты оқушыларға сұрақ қоюдан бастаймын.

Рәміз дегеніміз не?

Көрнекі құралдарды қолдана отырып әлемдегі барлық мемлекеттерде өздерін айқындайтын, бір-бірінен ажырататын белгілі бір нышан белгілері болатынын айтамын. Оны рәміз деп атайды. Рәміздердің қатарына елтаңба, ту, әнұран жатады. Осыдан кейін оқушыларды қызықтыра отырып, рәміздер қандай жағдайда қолданысқа енетінін түсіндіремін. Мәселен, мемлекеттің туы шетелде елбасы сапары және олимпиада жеңімпаздарын марапаттаған кезде көтеріледі. Сонымен қатар осы жағдайда әнұран да ойналады.

Оқушылардың назарын мынаған аударамын: «геральдика» - елтаңбаларды зерттейтін, «виксикология» - туларды зерттейтін ғылым.

Бұдан кейін жоспардың екінші бөлімі бойынша әңгіме түрінде түсінік беру. Түсіндіру бағыты:

Түркі кезеңіндегі рәміз-белгілер, таңбалар.

«Бөрілі байрақ» туы.

«Таңбалы тас».

Қазақ хандығының белгі нышандары.

Ру таңбалары.

Ұран.

Кеңестік Қазақстанның рәміздер тарихы.

Осы бағытпен оқушыларға жан-жақты баяндап беріп,арасында оқушыларды да әңгімеге тарту.

Оқушыларға қызықты болу үшін бұрынғы кездегі әр рудың таңбалары мен ұрандарын жаздырамын.

Беріш руының ұраны - «Ағатай», Албан руының ұраны - «Райымбек» т.б.

Жоспардың үшінші бөлімі бойынша түсінік беремін.

Елтаңба - авторлары Ш.Уәлиханов, Ж. Мәлібеков. 1992 жыл.

Ту- авторы Ш. Ниязбеков. 1992 жыл.

Әнұран –тәуелсіз Қазақстанның бірінші Гимні(әнұраны)1992 жылы желтоқсанда қабылданды.Ал 2006 жылы қабылданған әнұранның авторлары Ж. Нәжімеденов, Н. Ә. Назарбаев, әні Ш. Қалдаяқов.

Өздік жұмыс.

Оқушыларға рәміз белгілерді, немесе аттары жазылған қағаздар таратамын.

Олар: елтаңба, ту, әнұран.

Оқушылар оларға сипаттама жасайды. 5-10 минуттан кейін жазғандарды жинап алып, үш оқушыға көрнекі құралдарды пайдалана отырып талдау жасатамын.

Қорытынды кезең

Өткен сабақты бекіту мақсатында төмендегідей сұрақтарды қоямын:

1. Рәміз дегеніміз не?

2. Мемлекеттік рәміздер қандай жағдайда колданылады?

3. «Таңбалы тас» туралы айт.

4. «Бөрілі байрақ» жайлы не білесіңдер? Неге олай аталады?

5. ҚР елтаңбасы мен туы қандай жағдайда қабылданды?

6. Әнұран жайлы не білесіңдер?

Оқушылардың жауабын жалпылама толықтырып, бүгінгі тақырыпты қысқаша қорытындылап шығамын.

Бағалау:

Үй тапсырмасы:

1. Тақырыптың мазмұнын айту.

2. Рәміздер жайлы мәліметтер жинау.







57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

Оқушыларға рәміздер жайлы мағлұмат беру, еліміздің негізгі белгілері болып табылатын мемлекеттік рәміздермен таныстыру, олардың маңызын түсіндіру, рәміздер тарихымен таныстыру,рәміздер жайлы білімдерін дамытуға көмектесу. Олардың маңызын түсіндіру арқылы өз бетімен түсіну қабілеттерін дамыту, шығармашылық әрекеттерін жетілдіруге көмектесу,мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын түсіндіре отырып оны құрметтеуге үйрету, рәміздерді әрқашанда қастерлеп мақтан тұтуға шақыру, Отанға, елге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық, азаматтық рухқа тәрбиелеу.

Автор
Дата добавления 14.05.2015
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров212
Номер материала 281247
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх