Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері" қазақ тілінен ашық сабақ

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері" қазақ тілінен ашық сабақ

  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»ММ

«Тілдерді оқыту орталығы»КММ













Қазақ тілінен А2 базалық деңгейіне ашық сабақ



Сабақтың тақырыбы:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері





Дайындаған: қазақ тілінің оқытушысы Г.С.Альмурзина

















Жітіқара, 2016 жыл

hello_html_4b9b9ab5.jpg

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік

рәміздері


Грамматикалық тақырып: Есімдіктер

Сабақтың мақсаты:

Тыңдаушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыру. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерімен таныстыру.Туды, Елтаңбаны және Гимнді бір-бірінен ажырата білуге үйрету.

Тыңдаушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын тиянақты, дәл жеткізе білуге үйрету, сөздік қорын байыту, дұрыс айту, ауыз екі сөйлеу тілдерін жетілдіру. 


Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентация ( ҚР рәміздері, ҚР рәміздерінің сызбасы,  ҚР рәміздерінің авторларының портреттері)

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, мәнерлеп оқу


Амандасу

Қал-жағдайларын сұрау

Тыңдаушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

II Үй жұмысы

Үйге берілген жаңа сөздерді ойын түрінде тексеріп шығу. Ойынның шарты бойынша тыңдаушылар ортаға шығып шеңбер құрайды. Шеңберде тұрып бір-біріне допты лақтыра отырып, жаңа сөздерді айтады. Допты қағып алған тыңдаушы сөл сөздің аудармасын айту керек.

IIIЖаңа сабақ


Кіріспе бөлім

Жедел сұхбат

Сұрақтарға жауап беріп, сабақтың тақырыбын ашу (ауызша).

  • Біздің мемлекетіміз қалай аталады?

  • Қазақсатан қандай мемлекет?

  • Қазақстан қайда орналасқан?

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?

  • Қазақстанның рәміздерін білесіздер ме?

  • Қазақстанның рәміздеріне не жатады

Бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы?

Жаңа сөздер

Жарлық-Указ

Бекіту-утвердить

Қыран бүркіт - парящий орел

Киелі-святой; священный

Таным –понимание

Қанатты пырақтар –крылатые кони

Қабылдау -принимать

Тік бұрышты – прямоугольный

Ені-ширина

Көгілдер – голубой

Ортасында – посередине

Нышаны-признак

Шұғылалы-сияющий

Дарқандық-свобода

Тұтастық – сплоченность

Тыныштық – тишина,спокойствие

Бейбітшілік – мир

Бейнеленген – изображен

Еркіндік , бостандық - свобода

Қырағылық-бдительность; зоркость; дальновидность

Биікке самғау- подниматься ввысь

Құт-береке – добро; благоденствие

Іспеттес-подобный; похожий

Оқылымhello_html_2c4b83c3.jpg

1.Мәтіндіндерді тыңдап, оқып, аудару.


1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран  бекітілді.  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен   4-маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленді.


Мемлекеттік ту hello_html_m604cc6ea.jpg

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі1992 жылы Мемлекеттік Туды бекітті. Тудың авторы Шәкен Ниязбеков.Ту неліктен көк түсті ? Оның себебі, бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Жер шары ұлттарға, мемлекеттерге бөлінгенмен, аспан ешқашан бөлінбейді.Күн де бәрімізге ортақ. Күн сәулесі бәріне нұрын шашады, сәулесін төгеді. Ал қыран болса, киелі, қасиетті құс деп есептелген. Егемендік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын дегенді білдіреді. Тудағы ою-өрнек қазақ елінің танымын, өзіндік ерекшелігін көрсетеді.







Қазақстан Республикасының

Елтаңбасы hello_html_53df4a2a.png

Елтаңбадан  сол елдің тарихы, дәстүрі толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасынды шаңырақ тұр. Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақтар бейнеленген. Жылқы, жүйрік ат қазаққа ерекше бағаланған. Пырақ – мал шаруашылығының басым болғанын бейнелейтін жиынтық бейне. Шаңырақ біздің Отанымыздың біртұтастығын білдіреді. Жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз бейнеленген. Ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Елтаңбаның авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов.



Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны



Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны 2006 жылы өзгертілді. Әнұранның сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев жазған.

Тыңдалым hello_html_mca42b1e.jpg


437-439 бб. 25,30-жаттығу.

(Бектуров кітабы)

Сөйлесім

Жолдасыңызбен сөйлесіңіз.


Тапсырма: Сұхбатты оқыңыз.

Айнұр: Мемлекеттік елтаңбамыздың басты белгісі не?

Әйгерім: Мемлекеттік елтаңбамыздың басты белгісі шаңырақ.

Айнұр: Шаңырақтың айналасында не бар?

Әйгерім: Уықтар бар.

Айнұр: Уықтарды не қоршап тұр?

Әйгерім: Оны қанатты пырақтар қоршап тұр.

Айнұр: Пырақ деген не?

Әйгерім: Пырақ аңыздарда кездесетін қанатты тұлпар.

Айнұр: Елтаңбаның жоғарғы жағында не бар?

Әйгерім: Бесбұрышты жұлдыз.

Айнұр: Елтаңбаның астыңғы жағында не орналасқан?

Әйгерім: «Қазақстан» деген жазу орналасқан.

Айнұр: Елтаңбаның түсі қандай?

Әйгерім: Алтын және көгілдір.

Айнұр: Елтаңбаның авторлары кім?

Әйгерім:


Тапсырма: Сөйлемдердің дұрыс- бұрысын анықтаңыз.

  1. Мемлекеттік тудың түсі көгілдір.

  2. Күн тудың ортасында орналасқан.

  3. Тудың сол жағында қыран бейнленген.

  4. Тудағы оюдың түсі сары.

  5. Тудың ені мен ұзындығы бірдей.

  6. Ш.Ниязбеков – тудың авторы.

Грамматикалық минимум

Грамматикалық анықтағыш 102-117 бб.

Есімдік

Заттың,құбылыстың атын, сынын, санын білдірмейтін бірақ солардың орнына қолданылатын сөз табын есімдік деп атайды.

Местоимение –это слова, которые указывают на предметы и лица или их признаки, но не называют их.

Есімдіктер мағыналық жағынан жеті топқа бөлінеді: жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, жалпылау, белгісіздік, болымсыздық.


Мағынасына қарай мынандай топтарға бөлінеді:

1.Жіктеу есімдіктері –(мен,сен, ол, сіз,біз, олар т.б.)

2.Сілтеу есімдіктері – (мынау, сол, бұл, осы, анау т.б.)

3.Сұрау есімдіктері – (кім? не? қанша? қай? қайсы? қалай?)

4.Өздік есімдіктері – (өз,өзің, өзі, өзім)

5.Белгісіздік есімдіктері – (біреу, бірдеңе, әлдекім, кімде-кім, бірдеме)

6.Болымсыздық есімдіктері – (ешкім, ештеңе, ешқандай, ешбір)

7.Жалпылау есімдіктері(бәрі, бүкіл, барлығы, барлық)

Жазылым

hello_html_64928d5.jpg

1-тапсырма: Тиісті сөзді қойып, сөйлемді тоықтырыңыз.

Анау, бұл, сонау, сол.

  1. Анау ыдысты үстелдің үстіне қой.

  2. Сапардан ........... күні келген болатын.

  3. ............ тұрған көпқабатты үй – министрлік үйі.

  4. Қонақтарға арнап қымызды ............ жерден алдырды.



2-тапсырма: Суреттерді сілтеп, нұсқап көрсету арқылы сипаттаңыз.

hello_html_m44ba2aa0.jpg hello_html_m391bc85f.jpg

Үлкен үй Кішкентай үй



3-тапсырма: Есімдікті табыңыз. Аударыңыз.

Бұл – менің жұмыс орным. Мен қаржы бөлімінде жұмыс істеймін. Ол қазақ тілінде хат жазады және аударады. Біз өз жұмысымызды тиянақты орындаймыз. Бөлім қызметкерлері жұмыстарына әрқашан ұқыпты.



4-тапсырма: Тиісті қосымшаны жалғаңыз. 

Сіз
Ол 
Сіз
Мен
Ол
Сіз 
Мен
Біз
Сіз



5-тапсырма: Сөздерді пайдалана отырып сөйлемдер құрастырыңыз.

Елтаңбада шаңырақ бейнеленген.

қанатты пырақтар

жұлдыз

«Қазақстан » деген жазу

Шаңырақ біртұтастық білдіреді.

Пырақ мал шаруашылығының бейнесі.




Сергіту сәті


Топтық жұмыс.

Жұмыс шарты:

Картадағы қалалардың атауларын қағазға жазып, ешкім көрмейтіндей бүктеңіз де араластырып ортаға шашыңыз. Сосын кезек бойынша қағазды алып қай қала түскенін оқыңыз, бірақ сізде қай қала екенін ешкім білмеуі тиіс.

Сол аймақтың көрікті жерлері туралы және қала туралы ақпарат беріңіз.

hello_html_m65baa0d2.png


ІV.Қорыту

Сендер бүгінгі сабақтан не алдыңдар ?

Қазақстан Республикасының рәміздері қашан бекітілді?

Тудың авторы кім ?

Ту неліктен көк түсті ?

Туда нелер бейнеленген ?

Елтаңбаның авторлары кімдер ?

Елтаңбада нелер бейнеленген ?

Әнұранның сөзін жазған кімдер ?

Әнұранның әнін жазған кім?


Тапсырма: Әнді тыңдай отырып, ән жолдарын толықтырыңыз.

Алтын күн аспаны,

...............................

Ерліктің дастаны,

...............................

Ежелден ер деген,

..............................

Намысын бермеген,

.................................

Менің елім, менің елім,

...................................

Жырың болып төгілемін, елім!

..................................................



V. Үй жұмысы



Рәміздер туралы қосымша ақпарат табу.



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 13.11.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров28
Номер материала ДБ-348206
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх