Инфоурок Другое КонспектыҚазақстан Республикасының салық құқығы

Қазақстан Республикасының салық құқығы

Скачать материал

Сабақ № 14

 

Сабақты өткізу күні және топ:

_________________________________________________

 

Тақырыбы:   Қазақстан Республикасының салық құқығы

Сабақтың мақсаты: студенттерге салық құқығы және оның негізгі ұғымдары туралы білім қалыпастыру;

Негізгі ұғымдар: салық құқығы, салық субъектісі, салық объектісі, салық ставкасы, салық түрлері.

Сабақтың әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі: мультимедиялық қосымша, тірек-кесте, жұмыс үстелі, тестер, тірек-конспект.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, лекция, тестілеу, ақпараттық технология, сұрақ-жауап.

 

Сабақ жоспары:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқытушы мен студенттердің өзара амандасуы; студенттерді түгендеу; сабақтың мақсатымен таныстыра отыра, олардың зейіндерін сабаққа аудару.


II. Студенттердің білімдерін тексеру

Азаматтық құқық бойынша тест сұрақтары1, 2 нұсқа (қосымша №1, 2)


III. Жаңа материалды оқыту.

1. Салық құқығының түсінігі

2. Салықтың классификациясы және функциялары
3. Салықтық құқықтық нормалар және қатынастар

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.       ҚР Конституциясы 1995ж. 30 тамыз

2.       Худяков А.И. Финансовое право РК. Общая часть Алматы: қаржы-
қаражат 1995 ж.

3.       Худяков А.И. Основы теории финансового права. Алматы: Жеті 
жарғы 1995 ж.

4.       Найманбаев С.М. “ҚР қаржылыққұқығы”. Алматы. Жетіжарғы 1994 ж.

5.       Гурбоновой О.М. Финансовое право, учебник под ред. М.”Юрист”, 1996

6.        Химичева Н.И. Финансовое право. М, Бек, 1996

7.       Найманбаев С.М., Салықтыққұқық: Оқулық Алматы: Жетіжарғы, 2006


Лекцияныңмәтіні:

Салықтық құқық – заңды және жеке тұлғалардан біржақты, өктем, қайтарылмайтын негізде, заң жүзінде белгіленген салықтар мен басқада міндетті төлемдерді ақшалай түрде бюджетке алу кезінде туындайтын салықтық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

            Салық қатынастары салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланыстарды қатынастарды реттейді.

Салық құқығының қайнар көзі – Салық кодексі (жыл сайын қабылданады).

ҚР Конституциясы (35 бап): «Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдердітөлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады».

            Мемлекеттік кірістің негізі: салық, алымдар, төлемақылар, мемлекеттік баж, кеден төлемдері.

            Салықтар дегеніміз – жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында, мемлекеттің жоғарғы өкілді органы қабылдаған нормативтік кесімнің негізінде, сондай-ақ заңда белгіленген мөлшерде және уақытта, заңды және жеке тұлғалардан міндетті, қайтарылмайтын бюджетке алынатын ақшалай төлемдер.

            Алымдар, төлемақылар мен баждар – заңды және жеке тұлғаларға көрсеткен белгілі бір қызметтері үшін мемлекеттік өкілетті органдардың алатын төлемдер.

Алымдар -  заңды және жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды, радиоэлектрондық құрылғыларды, механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді, теңіз-өзен, әуе кемелерін дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін; автокөлік құралдарының ҚР аумағы арқылы жүру; аукцион үшін; жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін; БАҚ радиожелілік спектрді пайдалануға рұқсат бергені үшін төленетін ақы.

Төлемақылар – жер учаскелерін, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын, қоршаған ортаны ластағаны, жануарлар дүниесін, орманды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, радиожелілік спектрді, кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны, көрнекі жарнаманы орналастырғаны үшін төленетін ақы.

            Салық үш функция атқарады:

-          Фискалдық – салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толығымен және уақытылы мерзімде түсіп отыруын қамтамасыз етеді.

-          Қайта бөлу  - әртүрлі шаруашылық субъектілерінің табыстарының белгілі бөлігін мемлекет пайдасына қайта бөлу қызметі.

-          Салықтық реттеу – салық мөлшерін өзгерту, салық түрлерін азайту, жеңілдіктер енгізу арқылы ынталандыру.

Салық құқығының объектілерімүлік, табыс, жер, қызметтер.

Салық құқығының субъектілері – жеке және заңды тұлғалар.

Салықтардың түрлері

Корпоративтік табыс салығы;
Жеке табыс салығы;
Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық;
Әлеуметтік салық;
Жер салығы;
Көлік құралдарына салынатын салық;
Мүліктерге салынатын салық;
ҚҚС;
Акциздер.

 

1.       Копорациялық табыс салығы – резидент заңды тұлғалардан (ұлттық банк пен мемлекеттік мекемелерден басқалары) және ҚР тұрақты қызмет атқаратын ҚР көздерден табыс алатын заңды тұлғалардан алынатын салық.

2.       Жылдық жиынтық табыс салығы – тауар сатудан, жұмыстар мен қызмет көрсетуден, мүлікті жалға беруден, дивиденд, сыйақылардан түскен табыстардан алынатын салық.

3.       Жеке табыс салығы – субъектісі тек жеке тұлға болып табылады, объектісі – жеке тұлғаның табысы.

Жеке тұлғалардың төмендегідей табыстарына салық салынбайды:

-          Бюджет есебінен төленетін атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемақыларға;

-          Алименттерге;

-          Лоторея бойынша ұтыстарға (5 а.е.к. дейін);

-          Әскери қызметкерлердің алатын төлемдеріне;

-          Шәкіртақыларға.

Ставкалар. Салық төлеушілердің салық салынатын табысынан 30 %, негізгі өндіріс құралы жер болып табылатын салық төлеуші 10%, резидент еместерден 15 % салық ұсталады.

Қосылған құн салығы – тауар өндіру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету мен олардың айналым процесінде қосылған құн өсімінің бір бөлігін бюджетке аударымы, сондай-ақ ҚР аумағына тауар импорттау кезінде жасалатын аударым.

Акциздер – дүние жүзіне кеңінен тараған салықтардың бір түрі болып табылады. Акциздер көбінесе халық тұтынатын біріншікезектегі тауарлардың бағасына немесе көрсетілетін қызметтердің тарифіне енгізіледі.

Акциздер – тауар бағасына, орындалатын жұмыстармен көрсетілетін тарифіне енгізілетін, нақты ставкаларын ҚР –ның Үкіметі белгілеп бекітетін, міндетті төлемдер.

Акцизделген тауарлар:

-          Спирттің барлық түрлері;

-          Алкоголь өнімі;

-          Темекі бұйымдары;

-          Бекіре және қызыл балық уылдырығы;

-          Алтын, күміс және платинадан жасалған зергерлік бұйымдар;

-          Бензин, дизель;

-          Жеңіл автомобильдер;

-          Атыс, газ қарулары;

-          Шикі мұнай.

Акцизделген қызмет:

-          Ойын бизнесі;

-          Лотореяны ұйымдастыру мен өткізу;

-          Кейбір елдерде абоненттік қызметке, кинотеатрлар қызметі; әуе, поезд билеттерінің құнында да болады.

 

Жер салығы –жеке меншік, тұрақты жер пайдалану және бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектілері бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер боллып табылады.

 

Салық түрлері

субъектісі

объектісі

ставкасы

Төлеу мерзімі

Көлік құралдарына салынатын салық

Көлік құралдары бар жеке және заңды тұлғалар

Мемлекеттік тіркеуге жататын көлік құралдарының барлық түрі

Двигатель қуаты, көлеміне қарай а.е.к.

Салық кезеңінің 1 шілдесіне дейін

Мүлік салығы

Меншік иесі - жеке және заңды тұлғалар

Негізгі өндірістік және өндірістік емес құралдар, тұрғын үйлер т.б.

заңды тұлғалар - 1%; жеке тұлғалар 0,1%

Салық кезеңінің 1 тамызына дейін

Әлеуметтік салық

заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар

Еңбек ақы қорынан төлейтін төлемдер

21%; жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар 3%;

Қызметкерлер 2%

Есепті айдың 15 дейін

Жер салығы

Меншік иесі - жеке және заңды тұлғалар

жер

әртүрлі

1 қазанға дейін

 

IV. Тақырыптың негізі ұғымдарын бекіту бойынша жұмыс.

Тақырыпты пысықтау сұрақтары:

1.       Салық құқығының түсінігі?

2.       Салық қатынастары қандай қатынастарды реттейді?

3.       Салық дегеніміз не?

4.       Міндетті төленетін төлемдер дегеніміз не?

5.       Салық қандай қызмет атқарады?

6.       Салықтық құқықтың қайнар көздері туралы не білесіз?

7.       Корпорациялық табыс салығы қалай алынады?

8.       Жеке табыс салығы дегеніміз не?

9.       Қосылған құн салығына түсініктеме беріңіз?

10.   Акциздерге түсініктеме беріңіз?

VІ. Үй тапсырмасын беру:

Қазақстан Республикасының мемелекеті мен құқығының негіздері: Оқулық./  Құраст. Е.Баянов. – Алматы, 2003. - 692 бет.

15-ші тарау. Қаржылық құқық негіздері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

қосымша №1

1- нұсқа

1.       Жылжымалы мүлікке иелену мерзімі


А) 3 ай

В) 15 жыл

С) 5 жыл

Д) 3 жыл

Е) 10 жыл


2. ҚР-да ақшалай міндеттемелер резиденттер арасында орындалады


А) бағалы қағазбен

В) теңгеде

С) АҚШ долларымен

Д) рубльмен

Е) шетел валютасында


3. Қандай жағдайда сенім берілген сенім берушінің көрсетулерінен бас тартуға құқылы

А) ешқандай жағдайда да көрсетуден бас тарта алмайды

В) сенім берушінің мүддесіне қарамастан, өз көзқарасы бойынша

С) егер сенім берушінің мүддесіне қажетті іс жағдайлары және сенім берушіге алдын-ала сұрай алмағанда немесе уақытында жауап алмаса

Д) сенім берушінің мүддесіне қажетті істер жағдайлары бойынша

Е) сенім берушіні алдын-ала сұрай алмағанда

4. Мемлекеттік кәсіпорындардың түрлері

А) жоғарыда аталғандардың бәрі дұрыс

В) коммерциялық, коммерциялық емес

С) тәуелді және еншілес

Д) шаруашылық жүргізу құқығына негізделген, жедел басқару құқығына негізделген

Е) қазыналық кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер

5. Көлік құралын экипажымен жалдау шартының нысаны

А) жазбаша үлгіде, егер тараптардың біреуі заңды тұлға болса

В) бір жылдан астам мерзімге жазбаша үлгіде

С) жазбаша үлгіде

Д) жазбаша және ауызша үлгіде

Е) ауызша үлгіде

6. Басқа адамның (өкілдік берушінің) атынан бір адамның (өкілдің) өзінің өкілеттігі шеңберінде жасалған мәмілелер мен басқа да заңды әрекеттерді қалай атаймыз


А) заттай кепіл болушылық

В) міндеттеме

С) заңды тұлғаны жекелеу құралы

Д) меншік құқығы

Е) өкілдік


7. Шартты өзгерту және бұзу

А) тек заңдарда көзделген жағдайларда

В) тек сот шешімімен

С) тек заңды актілермен көзделген жағдайларда

Д) егер заң құжаттарымен шартта өзгеше көзделмесе шарт тараптардың келісуімен бұзылуы мүмкін

Е) мүмкін емес

8. 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өз бетінше құқылы

А) тұрмыстық ұсақ мәмілелерді жасауға

В) ешқандай мәміле жасауға құқылы емес

С) банкілерге олардың атына біреудәің салған салымдарына билік етуге

Д) республикалық референдумға қатысуға

Е) ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаушыларының келісімімен мәмілелер жасауға

9. меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына негізделген


А) заңды тұлға

В) азаматтың құқығын қорғау

С) кәсіпорын

Д) кәсіпкерлік

Е) азаматтық құқықтарды жүзеге асыру


10. Жануарларға төмендегі қайсы ереже қолданылады


А) заңды тұлға

В) іскерлік бедел

С) заттар

Д) бағалы қағаз

Е) ар-ождан


11. Заңды тұлғаны тарату тәртібі бойынша талартарды мәлімдеу мерзімі тарату туралы жарияланған кезден бастап неше айдан кем бола алмайды


А) 6 айдан

В) 1 айдан

С) 5 айдан

Д) 2 айдан

Е) 1 жылдан


12. Құқықтар бұл қағазға берілгенін жазу (индоссамент) арқылы берілетін бағалы қағаз қалай аталады

А) ерекше

В) атаулы

С) ордерлік бағалы қағаз

Д) ондай қағаздар болмайды

Е) ұсынбалы

13. Азаматтық заңдардың негізгі бастауларының бірі болып саналмайды

А) азаматтық құқығын кедергісіз жүзеге асыру

В) шарт еркіндігі

С) меншікке қол сұқпау

Д) жеке жауаптылық

Е) қатысушылардың теңдігі

14. Егер мүлік оны иеліктен айыруға құқығы болмаған адамнан тегін алынса

А) меншік иесі мүлікті талап етіп алдыруға барлық жағдайда құқылы

В) заңдар мен белгіленген жағдайларда меншік иесі мүлікті талап етіп алдыруға құқылы

С) меншік иесі мүлікті талап етіп алдыруға міндетті

Д) заңды актілермен белгіленген жағдайларда меншік иесі мүлікті талап етіп алдыруға құқылы

Е) меншік иесі мүлікті талап етіп алдыруға құқығы жоқ

қосымша № 2

2 - нұсқа

15. Келісім шарт жасау шарты бойынша ауылшаруашылық өнімін өндіруші беруге міндеттенеді

А) өзі өндірген өнімді оралымды басқару немесе толық шаруашылық жүргізуге

В) өзі өндірген өнімді дайындаушыға сақтауға

С) өзі өсірген ауылшаруашылық өнімін ұсақты емес сату үшін осындай өнімді сатып алуды жүзеге асыратын дайындаушы тұлға

Д) өзі өндірген өнімде дайындаушы тұлғаның меншігіне

Е) өзі өсірген (өндірген) ауылшаруашылық өнімін сату үшін

16. Ол куәландыратын құқықтардың онда аталған тұлғаға тиесілігін растайтын бағалы қағаз


А) атаулы

В) ордерлік

С) құжатсыз

Д) эмиссиялық

Е) ұсынбалы


17. Мүліктік сақтандыруға не жатады

А) кәсіпкерлік тәуекелді және азаматтық құқықтық жауапкершілікті сақтандырумен қоса мүлік және онымен байланысты мүдделер

В) мүлікті сақтандыру

С) келтірілген залалға жауапкершілікті және шарт бойынша жауапкерішілікті сақтандыру

Д) кәсіпкерлік тәуекелді сақтандырумен қоса мүлік және онымен байланысты мүдделер

Е) азаматтық құқықтық жауапкершілікті қоса, мүлік және онымен байланысты мүдделе

18. Жарғылық капиталының басым бөлігін басқа заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес негізгі ұйым, осы ұйымныңи қабылдайтын шешімдерін айқындай алатын заңды тұлға


А) толық серіктестік

В) филиал

С) еншілес ұйым

Д) кооператив

Е) қоғамдық бірлестік


19. Шаруашылық жүргізу құқығы бұл

А) иелену құқығы

В) меншік құқығы

С) мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың заттық құқығы, яғни Азаматтық Кодекс пен өзге де заң актілерінде белгіленген мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету

Д) пайдалану құқығы

Е) мүлікті мемлекеттік меншік иесі ретінде алған және бұл мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын Азаматтық Кодекс пен және өзге де заң құжаттарымен белгіленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы

20. Сенімхат қандай мерзімге беріледі


А) 3 жыл

В) 20 жыл

С) 5 жыл

Д) 100 жыл

Е) 10 жыл


21. Азамат әрекет қабілеттілігі шектелуі мүмкін

А) егерде ол спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарына салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратса

В) ) егерде ол жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмаса немесе не істегенін білмесе

С) егеде ол өзін және өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратса

Д) егер де ол есірткі заттарға салынса

Е) егерде ол спирт ішімдіктеріне және есірткі заттарына салынса

22. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға ендігі нысанда құрылуы мүмкін

А) мемлекеттік кәсіпорын, мемлекеттік мекеме, тұтыну кооперативі

В) мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив, акционерлік қоғам

С) өндірістік кооператив, тұтыну кооперативі, акционерлік қоғам, шаруашылық серіктестік, қоғамдық қор

Д)мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, акционерлік қоғам, қоғамдық қор, діни бірлестік

Е) акционерлік қоғам, қоғамдық қор, , шаруашылық серіктестік

23. ҚР-да қоғамдық бірлестіктер болып қай ұйым танылады


А) саяси партиялар

В) мемлекет

С) заңды ұйым

Д) мекеме

Е) кәсіпорын


 

24. 14 пен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің жалақысы мен өзге де табыстарына билік ете алады мА


А) заңды өкілдерінің келісімімен

В) билік ете алады

С) мұндай ереже заңмен реттелмеген

Д) белгілі соммаға дейін

Е) ата-аналарының еркінен тыс барлық уақытта


25. Мекеме және қазыналық кәсіпорын

А) өзіне тиесілі барлық мүлікпен

В) меншік иесі бекіткен смета шегінде жауап береді

С) меншік иесімен ортақтасып

Д) өз билігіндегі ақшамен

Е) үшін тек меншік иесі

26. Мәміле біржақты болып саналады

А) оны жасау үшін үшінші жақтың ерік білдіруі қажет және жеткілікті болса

В) ол ешқандай заңды салдардың туындауына әкелмесе

С) оны жасау үшін екі жақтың да ерік білдіруі қажет

Д) оны жасау үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет болса

Е) ол үшін еріктің болуы міндетті емес болса

27. Айырбас шартының заңды табиғаты


А) құнсыз, нақты, өзара

В) құнсыз, консесуалды, бір жақты

С) өзара, құнсыз, консесуалды

Д) нақты, бір жақты, құнды

Е) консесуалды, құнды, өзара


28. Айырбас шартына мына ережелер қолданылады

А) сатып алу-сату шарты туралы

В) тауар жеткізілімі шарты туралы

С) сыйға тарту шарты туралы

Д) сатып алу-сату шарты және қызмет көрсету туралы

Е) сыйға тарту шарты және сатып алу-сату шарты туралы

29. Төмендегілердің қайсысы мүліктік игіліктер мен құқықтарға жатады


А) абырой, игі атақ

В) жеке адамның өмірі

С) заттар, ақша

Д) қадір қасиеті

Е) денсаулығы


30. Кепілге салынған мүлік кепіл салушының немесе үшінші бір жақтың иелігіндегі және пайдалануында қалатын кепіл түрі


А) вексель

В) бағалы қағаз

С) чек

Д) варрант

Е) ипотека

 



 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақстан Республикасының салық құқығы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заместитель директора

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 866 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.01.2019 2881
    • DOCX 34.2 кбайт
    • 20 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жакина Асем Марлановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жакина Асем Марлановна
    Жакина Асем Марлановна
    • На сайте: 5 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4747
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 457 человек из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 66 регионов

Мини-курс

Маркетинг и продажи: стратегии и инструменты для успешного бизнеса

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Принципы эффективного использования аграрных ландшафтов

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология личностного развития: от понимания себя к творчеству

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 22 регионов