Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / Қазақстан соғыстан кейінгі кезеңде

Қазақстан соғыстан кейінгі кезеңде

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ жоспары

Күні: 23.01.2016 жылы Мұғалім: А.М.Рамазанова

Сынып: 9а Пәні: Қазақстан тарихы


Тақырыбы:

Қазақстан соғыстан кейінгі кезеңде (1946-1953 жж)


Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстан соғыстан кейінгі кезеңде туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)ізденіс,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)карточкалық тапсырмалар; 4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)постерге салу;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар: оқулық, интербелсенді тақта,

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару; 4)үш топқа бөлу;бірінші топ «партия», екінші топ «Кеңестер» және «Қоғамдық ұйымдар»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Ыстық орындық» арқылы өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Екінші дүниежүзілік соғыста аса маңызды жеңіске жеткен Кеңес Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) бейбіт құрылысқа көшті.

Көптеген халықтардың құқықтарын аяққа басу, азаматтардың бостандықтарын шектеу, оларды саясаттан, мемлекетті басқарудан шеттету, өндіріс құралдары мен жерден ажыратып тастау сияқты құбылыстар толығымен тән еді.

Қазақстан КСРО-ның құрамына енген одақтас республика болып есептелгенімен, іс жүзінде ешқандай егемендік құқығы болмады. Орталыққа толық бағынып, оның бөлінбес аймағы болып қала берді.

І тапсырма: Бөлімдерді постерге салу. 10 минут беріледі. ЖИГСО әдісі бойынша үш топтан белсенді бір оқушысы шығып келесі топқа постерге салған өз бөлімдерін түсіндіреді. 2минут

Партия. Қоғам дамуының барлық мәселелері компартияның съездері мен пленумдарында қаралды. Оларда өзекті мәселелер жөнінде бағдарламалар, қаулылар, шешімдер қабылданды. Талқылаулар бір жақты-басшылық ұсынып отырғандардың "негізінен дұрыс екендігін" дәріптеуге бағытталып жүргізілді. Партия жиындарында қаулы-қарарлар, шешімдер тек бірауыздан қабылданды. Онда белгілі бір мәселе төңірегінде адамдардың өзінше пікір айтуына, қарсы шығуына, қалыс қалуына мүмкіндік болмады. Кеңес билігіне қарсы шығу деп бағаланды. Партия өз жұмысын қолында күші бар ведомстволарға-Мемлектік қауіпсіздік комитетіне (МҚК), Ішкі істер министрлігі (ІІМ) сүйеніп жүргізді. Қажетіне қарай әскер күш пайдаланудан да тайынбады.

Республика партий ұйымының басшылары Орталықтың қатаң нұсқауы бойьпша жұмыс істеді. Өзінше басқаруға тырысқандар биліктен дер кезінде шеттетіліп отырды. Мұнда тек Орталықтың емеурінше сай шешімдер ғана қабылданды. Одақтың маңызы бар мәселелер мен салаларға бұлардың құзіреті жүрмеді. Партия сьездері өткен бесжылдықтағы халық шаруашылығын дамытудың қорытындыларын жасап, келесі бесжылдықтың бағдарламаларын қабылдады. Партиялық ұйымдастыру, кадрларды іріктеу мен орналастыру, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мәселелері де назардан тыс қалмады. Өнер мен білім салалары мейілінше идеологияландылды.

1949 жылы Қазақстан Коммунистік большевиктер партиясының IV сьезі болып өтті. Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Жумабай Шаяхметов (1902-1966) сайланды. Ж.Шаяхметоваты Сталин Шығыстың қырыны деп атаған. Ол республика партия ұйымын 1954 жылға дейін басқарды. Жұмыстан кету себебі тың игеру мәселесі болды. 1950 жылы республикада коммунистердің саны 58920 адам болса, 1960 жылы 345115-ке жетті.

ІІ тапсырма: кестені толтыр.

Партияда не қаралды?

Қандай жұмыстар атқарылды

Партия хатшысы







Кеңестер. Республиканың жоғарғы мемлекеттік билік органы Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі деп есептелінді. Облыстық, қалалык, аудандық, ауылдық, поселкелік өкімет билігі енбекшілер депутаттарының жергілікті кеңестері атқару комитеттерінің қолында болды. Бұлардың бәрі жоғарыдан төмен қарай партия белгілеп берген қатаң нұсқаумен жұмыс істеді.

1957 жылы КОКП Орталық Комитетінің "Еңбекшілер депутаттары Кеңестерінің қызметін жақсарту және олардың бұқарамен байланысын күшейту туралы" қаулысынан кейін ғана Жоғарғы Кеңестің сессиялары республика халық шаруашылығын өркендету жоспарларын, мемлекеттік құрылыс мәселелерін, заңдардың Жобаларын қарап бекітетін болды. Осы қаулыдан кейін Республика Жоғарғы Кеңесінің тұрақты комиссияларының саны 3-тен 8-ге жетті.

1947 жылғы екінші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрамында 300 депутат болса, Жоғарғы Кеңестің үшінші сайлауында 400,

1955 жылғы төртінші сайлауында 450 депутат болды. Кеңестерге жергілікті өнеркәсіп өндірісін жоспарлау және олардың өнімін бөлу, тұрғын үй салуды ұйымдастыру, қаржы-бюджет мәселелерін қарау жүктелді.

ІІ тапсырма: кестені толтыр.

Кеңестер жұмысы

Кеңестер құрамы

Қаралған мәселелері










Қоғамдық ұйымдар. 1940 жылдардың соңында Қазақстан кәсіпшілер одақтары 1 млн-нан астам еңбекшілерді біріктірді. Компартияның басшылығымен жұмыс істеген кәсіподақтар еңбекшілер арасында тәрбие жұмысын жүргізу, социалистік жарыстар ұйымдастыру, бұқараның тұрмыс жағдайына қарап, мүмкіндігіне қарай көмек көрсету істерімен шұғылданды, кәсіпорындармен, шаруашылықтармен ұжымдық шарттар жасасып, еңбек тәртібінің сақталуын қадағалады, еңбектің озық әдістерін таратумен айналысты.

Санаторийлер мен демалыс үйлерін, мәдени мекемелер—кітапханалар мен клубтарды бақылау кәсіподақтың қарамағына берілді.

1948 жылы Қазақстан кәсіподақтарының республикалық I конференциясы өтті. Онда кәсіп-одақтардың Қазақ республикалық кеңесі құрылды.

Қазақстан тұрғындарының, соның ішінде, өндірісте еңбек ететіндер санының өсуіне байланысты кәсіподақ мүшелерінің де саны артып, 1963 жылы 3 млн 281 мың адамға жетті. Бұл жұмыс істейтіндердің 89 пайызы болатын.

Комсомол партияның мемлекеттік, шаруашылық және мәдени құрылыс істерінің барлық салаларындағы көмекшісі болды және кадр резервін дайындау қызметін атқарды. Қазақстан комсомолы екпінді құрылыстарға, ірі кәсіпорындардың салынуына, тың игеруге үлес қосты.

Қазақстан комсомолы бірқатар отаншыл бастамаларға ынталандырушы ретінде көрінді, Өскемен су электр станциясы, Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты, Қазақстан магниткасы, т.б. объектілердің салынуын қамқорлыққа алды.

Комсомол ұйымы жастар тәрбиесі мен балалардың коммунистік құрылымы пионер ұйымының жұмысына бақылау жасады. 1951 жылдан 1960 жылға дейінгі аралықта республикадағы комсомол мүшелерінің саны екі есе артып, 760 мың жасты біріктірді.

ІІ тапсырма: кестені толтыр.

Қоғамдық ұйымдардың жұмыстары

Қазақстан комсомолы

Пионер ұйымы










КСРО құрамындағы Қазақстан. Конституцияларда жазылғандар түгелдей қағаз жүзінде ғана қалды. Өзге одақтас республикалар сияқты Қазақстан да мемлекеттік құрылым ретінде еш құқығы жоқ, Ресейдің бөлінбес бір аймағы болып қала берді.

КСРО Министрлер Кеңесінің 1955 жылғы мамыр айындағы қаулысы бойынша одақтас республикалардың халық шаруашылығын жоспарлау мен қаржы болу тәртібі өзгертілді. Министрліктер мен кәсіпорындар бойынша өндіріс көлемі мен күрделі қаржыны жоспарлау республикалардың Министрлер Кеңестерінің қарауына берілді.

1954-1956 жылдарда одақтық органдардың қарауынан республиканың қарауына өнеркәсіп пен көліктің 144 кәсіпорны өтті. Металлургия және химия өнеркәсіп орындарын салу, құрылыс жүргізу, геология министрліктері одақтык-республикалык министрліктер болып қайта құрылды.

1956-1958 жылдардан бастап одақтас республикалар әділет органдарына басшылық жасау, сот құрылымын анықтау, азаматтық, қылмыстық кодекстерді бекіту істерімен айналыса алатын болды.

ІІІ тапсырма: Тестті орындау

Сабақты қорытындылау: Тақырып бойынша пысықтау

Оқушылар кестені толтырады.

Білемін

Білгім келеді

Білдім

















Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 17 саяси топтардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын дәптерге жазып келу











































































Автор
Дата добавления 03.02.2016
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров243
Номер материала ДВ-412279
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх