Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Презентации / Қазақстан тарихы. " Алтын Орда".

Қазақстан тарихы. " Алтын Орда".


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Алтын Орда — орта ғасырларда (1243 – 1503) Шыңғыс хан империясының құрамында Дешті-Қыпшақта құрылған түрік мемлекеті. Күш-қуаты толысып, өркендеген кезеңде (13 – 14 ғасырлар) мемлекет жерінің аумағы 10 млн. км2-ден асты. Оның құрамына Ресейдің еуропалық өңірі, Балтық теңізінің шығысындағы өлкелер, Польша, Мажарстан, Балқан елдері, Солтүстік Кавказ, Хорезм, Шығыс және Батыс Дешті Қыпшақ енді (1236 – 42). Бату хан тұсында мемлекет астанасы Еділ бойындағы Сарай қаласы болып (1243), кейін Берке сарайына (Сарай әл-Жадид) көшірілді. Берке хан билік еткен кезеңде (1257 – 66) Шыңғыс хан ұрпақтары, оларға ере келген әскерлер мұсылман дінін қабылдап, біртіндеп жергілікті түркі халықтарына араласып кетті. Маңызды мемлекеттік істерді шешу мақсатында жалпы империялық жиналыс – Құрылтай шақырылды. Құрылтайда хан жариялау және оны салтанатты түрде таққа отырғызу рәсімдері жасалды. Мемлекетті басқару, көшпелі өмірдің нормалары жаңа жағдайға сай келетін заңдар мен ережелер жиынтығы – Шыңғыс ханның жасақ заңымен реттелінді. Бұл заңның дәстүрлі нормалары кейін қазақтардың «Жеті жарғысының» кейбір ережелеріне де енгізілді. Әскери істі бектербегі, ал азаматтық істерді уәзір басқарды. Даруғалар салық жинаумен айналысса, басқақтар жергілікті халықты әскери бақылауға алды. Бату тұсында Жошы ұлысы оң және сол қанат болып екі мемлекеттік орталыққа бөлінді. Оң қанат Бату мен оның мирасқорларының, ал Қазақстанның кең байтақ жерлерін қамтитын сол қанат Жошының үлкен ұлы Орда Еженнің үлесіне тиді. Алтын Орда Бату, Берке хандар тұсында Шыңғыс хан империясына шартты түрде тәуелді болғанымен, Мөңке-Темір (1266-80) тұсында дербестікке қол жеткізді. Туда-Мөңке (1280 – 87), Төле-Бұқа (1287 – 91), Тоқты (1292 – 1312), Өзбек (1312 – 42), Жәнібек (1342 – 57) хандар тұсында күшейе түсті. Орда халқы кейіннен қазақ халқы құрамына енген қыпшақ, қоңырат, керей, алшын, арғын, уақ, найман, қаңлы тайпаларынан, сонымен қатар Еділ бұлғарларынан, ежелгі хазар ұрпақтарынан, армяндардан, славяндардан, гректерден құралды. Қыпшақ және басқа да түрік тайпаларының ел басқаруда, әскери істе атқарған рөлінің басымдылығына байланысты Алтын Орда кейбір шығыс және батыс деректерінде Қыпшақ мемлекеті атанды. Алтын Орданың құрылуы сауда, халықаралық қатынастардың дамуын, орталықтанған билік идеясының өріс алуын қамтамасыз ететін біртұтас саяси жүйенің қалыптасуына себепші болды. Ол Анадолымен, Сириямен, Египетпен, басқа да Шығыс елдерімен сауда қатынасын орнатып, елшіліктер алмасып отырғандықтан Ұлы Жібек жолының маңызды бір тармағына айналды. 1312 ж. Өзбек хан Алтын Ордада исламды мемлекеттік дін етіп жариялады. Еділ бойы мен Орта Азиядағы мұсылмандық дәстүрдің әсерімен далалық мәдениет исламданды. Бірақ 14 ғасырдың 2-жартысынан бастап орданың батыс жағындағы Еділ бойында, Астраханда, Қырымда, Сарайшықта жергілікті билеушілер күшейіп, Қара теңіз өңірінде Мамай ордасы қалыптасты. Қазақстанның далалық аймақтары мен Түркістан өлкесінде де жергілікті билік күшейді. Ол өзгерістер оның құрамындағы Ақ Орда,  Шайбани ұлыстарының дербес бой көтеруіне мүмкіндік туғызды. Ақ Орда билеушісі Орыс хан 1374 – 75 ж. Сарай қаласын, Астраханды, Кама бұлғарларын бағындырды. 1377 ж. Орыс хан өлген соң Тоқтамыс хан Әмір Темірдің көмегімен билікке келді. Ол 1380 ж. Сарайды, Астраханды, Қырымды, Мамай ордасын бағындырды. Тоқтамыстың күшеюіне және дербес саясат жүргізуіне жол бермеу үшін Әмір Темір 1391 ж. 200 мың әскерімен Құндышар деген жерде Тоқтамыс хан әскерін талқандады. Кейін Тоқтамыс Алтын Орданың бірқатар аймақтарында уақытша болса да билігін қалпына келтірді. Ақ Орданың басым бөлігі Едіге бидің қолдауына сүйенген Темір Құтлықтың иелігіне өтті. 1395 ж. Солтүстік  Кавказдағы Терек өзені аңғарында Тоқтамыс пен Әмір Темір арасындағы шайқаста Алтын Орда әскері тағы да ойсырай жеңілді. Әмір Темір Алтын Орда астанасы Сарай Берке, Астрахан, Каффа, Азақ қалаларын қиратып, орыс иелігіндегі Ельц қаласына дейін жетті. Бұл жағдай бүкіл Еуразия кеңістігіндегі этносаяси ахуалдың, саяси-әскери күштердің ара салмағының өзгеруіне, соның нәтижесінде орыс княздіктерінің тәуелсіздік алуына әкелді. 1502 ж. соңғы билеуші Шейһ Ахмед ханның өлімінен соң Алтын Орда жойылды. Алтын Орда жерінде Қырым (1428 – 1792), Қазан (1437 – 1556), Қасым (1445 – 1681), Астрахан (1466 – 1557), Сібір (1563 – 1656), Башқұрт (1656 – 1738) хандықтары сияқты мемлекеттік құрылымдар пайда болды. Қазақ хандығы да осы кезеңдерде шамамен 1456 – 66 ж. қалыптасты.


Автор
Дата добавления 06.12.2015
Раздел История
Подраздел Презентации
Просмотров185
Номер материала ДВ-233485
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх