Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Қазақстан тарихы Қазақ хандары ұстаған саясаттың негізгі бағыты (10 сынып)
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 20 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 203 курсов со скидкой 40%

Қазақстан тарихы Қазақ хандары ұстаған саясаттың негізгі бағыты (10 сынып)

библиотека
материалов

Күн реті: 19.01.2016ж.
Пән: Қазақстан тарихы
Сабақ № 37 Сынып:10 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандары ұстаған саясаттың негізгі бағыты.
Сабақтың мақсаты:
А)Білімділік
- Қасым ханның билігі, Қазақ хандығының XVI ғасырдың 20-40 жылдарындағы жағдайы туралы білімдерін толықтырып, Қасым ханның қазақ хандығының тарихында тәжірибелі қолбасшы, білікті саяхатшы, тұлға ретінде атқарған ролін ашып көрсету.

Б)Дамытушылық-
Хақназар хан билігі, Тәуекел сұлтан билігі, Есім хан билігін оқыта отырып, ойлау, сөйлеу, оқушылардыың білімдерін тірек - сызба арқылы түсіндіре отырып толықтыру, шыңдау. Картамен жұмыс жүргізу, өз бетінше қортынды жасауға, мәтіндегі негізгі мәселені табуға дағдырландыру, басқатырғыштарды шеше отырып есте сақтау қабілетін дамыту.

В)Тәрбиелік- Қазақ хандығының саясатын оқыта отырып, елін, жерін, Отанын қорғай білуге ,
оқушыны жан – жақты терең , еркін ойлауға , топпен жұмыс жасауға , ұстамдылыққа , өз ойын өзгелермен бөлісуге , өзгенің де ойын тыңдай білуге тәрбиелеу. Есім ханның әрекеттерін әңгімелей отырып ерлікке, батыр, батыл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі
: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, топпен жеке жұмыс, мәтінмен жұмыс.
Көрнекі құралдар:слайд, сөз жұмбақ, суреттер,сызбалар.
Сабақтың жоспары:
I.Ұйымдастыру.
II.Үй тапсырмасы.
III.Жаңа сабақ.
IV.Жаңа сабақты бекіту.
V.Бағалау.
VI.Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып, сынып оқушыларын түгендеу. Сабаққа дайындық жасап, сабақты бастаймыз.
Үй тапсырмасы:
1. «Қазақ» сөзі пайда болған уақыт: Көне түрік дәуірінде.
2.Алғашқы кезде «қазақ» атауының орнына қолданылған сөз: Алаш.
3. «Алаш» сөзі шамамен алғаш рет айтылды: IX-Xғғ.
4.Тарихшы Қадырғали Бидің шежіресі бойынша, «Алаш мыңы» одағының қалыптасқан мезгілі: XIII ғасырдың соңы-XIV ғасырдың бас кезі.
5.Қазақ хандығының ту көтерген жері: Жетісудың батыс бөлігі, үйсін, дулат, тайпаларының атамекені.
Сергіту сәті:
Алтын сандық. Алтын сандық кезеңінде тақтадағы сандықтарды таңдап, ондағы жылдарды бір - біріне қосып, сол жылы не болғанын айту.
1. 1443+160=1603 (1603 жылы Айғыржар деген жерде бірінші қазақ - бұхар шайқасы).
2. 1921 - 308= (1613 жылы Есім хан қалың қолмен Самарқанға басып кірді)
3. 1404+217= 1621(1620 - 1621 жылдары 4 - 5 - 6 қазақ – бұхар соғысы болды).

4. XI+VІ = (XVІІ ғ Қазақ хандығында ішкі саяси өмір біршама тұрақтанды, Феодалдық талас – тартыстар кең өріс алды).
5. 1333+295= (1628 жылы Есім хан қайтыс болады).

2 - топ: 3 - кезең:
1. 1332+281=1613 (1613 жылы Тұрсын хан Ташкентті астанасы етіп жариялайды).

2. 1822 - 224= 1598 (1598 жылы Есім хан таққа отырады).

3. 1219+408= 1627 (1627 жылы ең соңғы қанды шайқас болады).

4. ІХ+VІІ=(XVІ ғ қуатты Моғолстан мемлекеті біржолата ыдырауға бет алды).

5. 921+690= (1611 жылы бұхар әскерін Имамкули хан басқарды).
Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың мақсаты
: Оқушыларға қазақ хандарының негізгі саясаты туралы, елін, жерін, қорғаудағы атқарған қызметтері туралы білімдерін толықтыру.
XVI ғасырдың басында Қазақ хандығының өрлеуін тарихшылар Қасым хан есімімен байланыстырады. «Қасым хан Дешті Қыпшақты түгелдей өз билігіне алғаны соншалық, Жошы ханнан соң ешкім де ол сияқты (мұнда) жоғарғы билікке қол жеткізе алған жоқ» ,-деп көрсетеді Мұхамед Хайдар Дулати.
XVI ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан өз билігін кең-байтақ қазақ даласының басым бөлігіне орнатты. Мемлекет халқы 1млн-нан асып, атты әскері 300 мыңға дейін жетті.
Қасым хан тұсында Қазақ хандығы дербес мемлекет ретінде халықаралық қатынасқа араласа бастады. Онымен алғашқылардың бірі болып дипломатиялық қатынас жасаған- Мәскеу мемлекті. Қарқынды даму жолына түскен Қазақ елі туралы мәлімет Батыс Еуропағада жетті, Мәскеуде бірнеше мәрте болған (1517 және 1526ж.ж ) австриялық дипломат Сигизмунд Герберштейн өз жазбаларында қазақтар жөнінде мәлімет берді.
Мысалы: Сефевидтердің жазба деректемелерінің барлығында дерлік «қазақ хандығы, қазақтар туралы айтылады».
17 ғасырдың басында Қазақ хандығында ішкі саяси өмір біршама тұрақтанғанымен, бұрыннан келе жатқан кейбір қайшылықтар шешімін таппаған еді. Қазақ хандығы барған сайын бөлшектене түсті. Феодалдық талас - тартыстар кең өріс алды. Көшпелі ақсүйектердің әр түрлі топтары өзара бақталастыққа түсті. Оңтүстікте іс жүзінде екі хан билік етті. Есім хан Түркістан қаласын өзінің астанасы етсе, Тұрсын хан өзін тәуелсіз хан жариялап, Ташкент қаласын астана жасады. Бірте - бірте Қазақ хандығында хандардың дара билігі көрініс тапты.Бұл кезде Ташкентте – Келді Мұхаммед сұлтан, Әндіжанда - Абылай сұлтан, Тұрфанда - Әбд - ар - Рахым хан, Жаркентте - Абақ хан, т. б дара билік жүргізді.Бұхар - қазақ қарым - қатынастары. Қазақ хандығының ішкі жағдайын аңдып отырған Бұхар ханы бұрынғы бітім шартын бұзып, Қазақ хандығының жеріне жаңа жорықтар ұйымдастырады. Бұхар ханы кешегі Тәуекел ханмен сәтсіз соғыста қолдан шыққан Ташкент, Сайрам, Әндіжан жерлерін қайтарып алуды армандады. Сонымен қатар қазақтарды Сырдарияның арғы бетіне асырып тастауды мақсат етті.
Қазақ – бұхар соғысы (1603 - 1624) ерекше қан төгісті соғыс болды. Бірінші қазақ-бұхар шайқасы 1603 жылы Айғыржар деген жерде болды. Бұл шайқаста Бұхар хандығының әскері жеңіліс тауып, тым-тырақай қашты. Бұхар әскерлері Самарқан бекінісіне тығылады. Бірақ қоршауға түскен Самарқан қамалы берік еді. Қазақ хандығының жасақтары жаудың сағын сындырып, мол олжамен Ташкентке қайтып оралады.
1611 жылы бұхар әскерін Имамкули хан өзі басқарып келеді. Ташкент түбінде өткен бұл ұрыста қазақтың қалан қолын Есім хан басқарды. Бұл шайқаста Бұхар ханы жеңіліс тауып, келісімге келеді.Қазақ сұлтандарынан әскери көмек алған Бұхар ханы Имамкули Қаратау, Аспара өңіріне шабуыл жасап, бейғам ауылдар мен қалаларды үлкен шығынға ұшыратты. Бұған жауап ретінде 1613 жылы Есім хан қалың қолмен Самарқанға басып кірді. Бұхар хандығының әскерін қирата жеңді.1620 - 1621 жылдары болған төртінші, бесінші, алтыншы қазақ – бұхар соғысында Қазақ хандығының әскерін Тұрсын хан бастап шығып, қазақтар толық жеңіске жетті.

1627 жылғы ең соңғы, жетінші қанды шайқасқа Есім хан Қазақ хандығының әскерін өзі бастап келіп, кескілескен шайқаста жеңіске жетті. Сөйтіп оңтүстік шекарасын берік бекітеді. Бұхара ханы Имамкули жеңілісті мойындайды.Тұрсын ханның бүлігі. Тұрсын сұлтан – Жалым сұлтанның ұлы. 1598 жылғы хан сайлауда Есімнің жолы үлкен болғандықтан, Тұрсынның таққа таластан қисыны болмады. Тұрсын сұлтан Өзбек хандығына қарсы күресте қазақ әскерлерін бастап, әлденеше рет үлкен жеңістерге жетеді, беделі артады. Көп ұзамай Тұрсын сұлтан 1613 жылы өзін хан, Ташкент қаласының билеушісі деп жариялайды. Өз атынан ақша шығарады. Тұрсын хан Есім ханмен екі рет бітімге келіп, екі рет серттен тайған.
Бекіту.
1.Орбұлақ шайқасында басшылық жасаған қазақ батырлары:

А)Қарасай, Арғынтай В)Қабанбай, Бөгенбай С)Найрызбай, Райымбек
Д)Ағыбай, Бұхарбай Е)Баян, Шынқожа
2.1681-1685 жылдары жоңғар феодалдары Оңтүстік Қазақстанға бірнеше рет жасаған шабуылы кезінде қиратылған қала: А)Түркістан

В)Самарқан С)Сайрам Д)Үргеніш Е)Сарайшық

3.Қазақ хандығының құрылуы жайында мәліметтер кездесетін тарихи еңбек:

А)«Кодекс куманикус» В)«Түркі тілдерінң сөздігі С)«Темір мемлекеті»

Д)«Оғызнама» Е)«Тарих-и Рашиди

4.Жәңгір хан таққа отырған жыл: А)1628 жыл

В)1622 жыл Д)1626 жыл

С)1625 жыл Е)1620 жыл

5.Қай жылы Тәуекел хан өзбек ханымен жасасқан «ант беріскен шартты» бұзды?

А)1546 жылы С)1588 жылы Е)1583 жылы

В)1582 жылы Д)1598 жылы



hello_html_4b36722a.jpgБағалау.
Үйге тапсырма
:оқу, хронологиялық кесте сызу, әр ханға мінездеме жазу.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Байтерек ауылы




Бекітемін: Оқу әдістемелік
Мектеп директоры: ісі жөніндегі
Туаршиева Г.Б. орныбасары:
Хавдрахман А.











Тақырыбы: « Қазақ хандары ұстаған саясаттың негізгі бағыты».






Тарих пәнінің мұғалімі: Молдасанова А.А










2015-2016 оқу жылы



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 20 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-456529

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"