Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Рабочие программы / Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ: "Сақтардың қоғамдық құрылысы және мәдениеті".
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • История

Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ: "Сақтардың қоғамдық құрылысы және мәдениеті".

библиотека
материалов

Пән:қазақстан тарихы

Күн: ........................

Топ: .....................


Тақырып: Сақтардың қоғамдық құрылысы және мәдениеті.


Сабақтың мақсаты:

Ғылыми: Сақтардың қоғамдық құрылысы туралы мәлімет беру, жiбек жолының Қазақстан жерiндегi қалалардың дамуындағы рөлі туралы, әлеуметтiк-экономикалық маңызы туралы түciнiкті қалыптастыру;

Дамытушы: Оқушыларды ойлау қабілетін асыру, өмірге дайындау, Қазақстан жерiндегi ежелгі тайпалартуралы мәлімет беру.

Тәрбиелілік: Адамгершілік, қарым-қатынас, отансүйгіштік рухында тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: билинвал, аралас.

Сабақты жиһаздау: Қазақстан картасы, карточка сұрақтары, интерактив тақта.


І. Ұйымдастырушы кезең: Сәлемдесу.

Оқушыларды сабаққа қатысуы, күнделік және конспект дәптерлерін тексеру. Нәтижелерін топ журналына жазу.


ІІ. Өткен сабақты қайталау: Сұрақ – жауап.

1. Темір дәуіріне сипаттама беріңдер.

2. Сақтар туралы жазба деректер қалдырған қандай грек, парсы ғалымдары мен

философтарын білесіңдер? Олардың қалдырған деректерінен не білуге

болады?

3. Сақтар туралы Қытай деректері қандай мағлұматтар береді?

4. Соңғы кезде темір дәуіріне байланысты қандай жаңалықтар болды?

5. Қазақстан жеріндегі темір дәуірінің ескерткіштерінің зерттелуі туралы не

білесіңдер?

ІІІ. Жаңа тақырыпты өтілген тақырыппен баулау .

Жаңа сабақ.

Сақтардын қоғамдық құрылысы. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде алғашқы рулық қатынастар ыдырай бастаса, темір дәуірінің басында бұл үдеріс аяқталды. Оның басты себебі, мыс пен қола өндірудің дамуы қоғамдық еңбек бөлінісін күшейтті. Алғашқы үлкен аталық отбасылар қалыптасты, олар біртіндеп оқшауланып моногамиялы отбасыларға айналды. Мұндай отбасылардың өзіндік меншік түрлері пайда болды.

Сақ қоғамындағы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашы-лығының дамуы, металлургия өндірісінің жандануы коғамның дамуына әсер етіп, қосымша өнімнің өсуіне, айырбас сауданың дамуына және жеке меншіктің қорлануына мүмкіндік туғызды. Ал мұндай жағдайдың қалыптасуы қауым мүшелерінің қаналуына әкеліп соқты. Сөйтіп мүлік теңсіздігі пайда болды. Сақтарда мал өсіру басым болғандықтан, жерге қауымдық меншік сақталып, малға отбасылық жеке меншік күшейе түсті.

Темір дәуіріндегі ру-тайпалардың қоғамдық қүрылысы шағын қандас-туыс отбасылар тобынан (патронимия) немесе көшпелі қауым, тайпалар одағынан қүрылған. Содан біртіндеп үлкен аталық рулық өулетке айналып отырған. Бүлардың өсіп-өнуіне байланысты бөлінген отбасылар әулет басшысының есімімен аталған. Енді бүл көшпелі қауымдардан тайпа және тайпалық одақтар, ал бүлардан мемлекеттер қүрыла бастады. Содан кейін, тайпа қоғамдық күрылыстың басты сатысына айналды. Бүл жағдай темір дәуірінде әскери-демократиялық қүрылыстың басқару жүйесін қалыптастырды. Сонымен, тайпалық одактар алғашқы қоғамның ыдырауын біржолата аяқтап, жаңа қоғамның үлгісін құрады.


C:\Users\4444\Desktop\Мамура\7.jpgC:\Users\4444\Desktop\Мамура\1.jpg












Б. з. б. I мыңжылдықтың басы сақ қоғамындағы алғашқы рулық қатынастар ыдырап, жаңа әлеуметтік құрылымның қалыптасу үрдісінің жедел жүруімен сипатгалады. Қазақстан жерінде бұл ұзаққа созылған үрдістің басталуы сақ заманының алдындағы қола дәуіріне ұштасып жатады. Сол кездің өзінде-ақ алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісінен, мыс пен қола металлургиясының тууы мен дамуынан кейін алғашында үлкен патриархаттық, ал одан кейін шағын және моногамиялы отбасылар окшаулана бастады.

Археологиялық деректер жеке адамдық, ал кейін барып отбасылық меншіктің шыққанын айқын көрсетеді. Мұндай арнаулы әлеуметтік институт таңбалардан — б. з. б. II мыңжылдыктың аяғында және I мыңжылдыктың басында қыш ыдыстар мен кейбір қола заттарға салынған жеке меншік белгілерінен көрінеді. Алғашқы қауымдық қатынастардың ұшырауы сақ заманында, б. з. б. I мыңжылдықтың алғашқы жартысында одан әрі жалғаса берді.

Сақ қоғамынын экономикасындағы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына көшуден, металлургия өндірісінің өсуінен тұган прогрестік өзгерістер қосымша өнімнің шапшаң өсуіне, айырбастың дамуына, жеке меншіктің қорлануына және қатардагы қауым мүшесін канау элементтерінің шығуына өкеліп соқты. Өндірістің негізгі кұрал-жабдықтары мен еңбек өнімдерін болу жөнінде бір кезде болған алғашқы тендіктің орнына археологиялық деректемелер бойынша айқын аңғарылатын мүлік теңсіздігі келіп шықты. Жерге қауымдық меншіктің сақталуы тұсында малға отбасылық жеке меншік пайда болды.

Бір кезде әмбебап әлеуметтік ұя болған, өзіндегі өндірістік қатынастар кандас-туысқандық байланыстармен сәйкес келіп барынша тығыз астасқан рутуыстық жағынан емес, аумақтық-өндірістік принцип бойынша құрылған қауымға біртіндеп орын бере бастады. Тарихи үрдіс алғашында қоғамдық құрылыстың рулық байланыстарға тікелей тәуелділігінін әлсіреуіне, ал түптеп келгенде қауымдардың рулық текке қарамастан, экономикалық және аумақтық мүдделер негізінде құрылуына алып келді. Көршілестік қауым жерді меншіктенуші болған суармалы егіншілік елдерінің көпшілігіңде осындай болды. Мұнда рулықбайланыстар көршілестік кауым- дардың өндірістік мүдделерімен қайшылыққа ертерек түсті. Шаруашылығының негізгі түрі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болған қоғамдарда ескі рулық тәртіптер жаңа қоғамдык кұрылымдарда ұзақ уақыт сақталды, бірақ енді көшпелі қауымның өндірістік негізі ретінде емес, экономикалықтенсіздікпен канаудың шың мәніндегі қатынастарын бүркемелеген рулық байланыстар түрінде сақталды.

Алғашқы рулық қатынастардың ыдырау заманын әскери демократия кезеңі немесе алғашкы көршілестік қауым кезеңі деп атайды. Соңғы анықтама қазіргі уақытта барган сайын жиі қолданылады, ойткені ол заманның әлеуметтік-экономикалық сипатын негұрлым дәл береді.

Бірақ көршілестік (жер) кауымның түрлері бірдей болмады, сондықтан мұндай анықтаманы әмбебап анықтама деп атауға болмайды. Екі ұғымның да — әскери демократия мен алғашқы көршілестік қауым ұғымдарының бір-бірін жоққа шығармайтынын атап өткен жөн. Олар тек алғашкы қауымдық кұрылыстың ыдырау заманындағы қоғамдык құрылымының әр түрлі жақтарына баса назар аударады. Патриархаттың пайда болуы — оның бастапқы кезені, ал соңғы шебі таптық құрылысқа көшу болды.

Сақ заманы қоғамдық құрылысының құрылымын схемалық тұрғыдан былайша елестетуге болады: шағын туыс отбасылар тобы (патронимия) — көшпелі қауым — тайпа — тайпалар одағы. Бұл құрылымның патронимия деп аталған төменгі ұясы өрбіген үлкен патриархаттық-рулық әулеттін үлкейіп, табиғи бөлшектенуі нәтижесінде құрылды. Ол бөлінген әулет басшысының есімімен аталды. Көшпелі-жайылымдық қауым патронимиялар жиынтығынан құрылды. Оның негізіне өндірістік, аумақтық белгі алынды, бірақ көшпелі және жартылай көшпелі қауымдарға тән белгі рулық институтгардың консерватизмінде және отбасылардың бірігу принциптеріне олардың ықпалының күштілігінде болды. Тайпа қоғамдық кұрылыстың маңызды сатысына айналды. Тайпаға тән ең басты этникалық және саяси сипаттардың қатарында оның өз жерінің, атының және осы тайпаға тән диалектінің болуы, діни үғымдарының және діни ғүрыптарының ортақтығын, ортақ істерді талқылау үшін тайпалық кеңестің, жоғарғы көсем мен әскери басшының болуы тән болды. Бұл енді әскери-демократиялық құрылыс ие болған қоғамдық билік пен басқарудың ұйымдастырылу түріне айналды. Тайпалық одақтар алғашқы қоғамның ыдырау заманының әлеуметтік ортақтығының жаңа және жоғарғы үлгісі болды.

Қорғандарды, обаларды, темір дәуірінің қоныстарын, сондай-ақ жазбаша деректерден алынған мағұлматтарды зерттеу осы кезең қоғамының әлеуметтік құрылымы жайында көптеген мағлұматтар береді. Сонымен қатар әртектес жерлеу құрылыстары мен жерлеудің әдет-ғұрыптарын зерттеу ерте темір ғасырындағы көшпенді қоғамның күрделі ұйымдары туралы, мұндағы әр түрлі әлеуметтік жіктер туралы айғақтайды.

Ерте темір дәуірінде ежелгі обалардың құрылымында көрініс тапқан патриархалдық-отбасылық жекелену — көлемді рулық бейіттер жоқтың қасы. Олар отбасылық қауымның жерлеу кешені болып табылатын қорғандардың шағын тобына орын береді. Жерлеу аспаптарының әр түрлі құрамы мен қорғандардың көлемі қоғамда болып жатқан әлеуметтік және мүліктік жіктелу туралы мәліметтер береді. Тұрғызылған бейіт құрылыстарының биіктігі жерлеу әдет- ғұрпына қатысушылардың санына байланысты болды. Үлкен қорғандар тайпа көсемдерін, сондай-ақ тайпалық бірлестік көсемдерін есте мәңгі сақтау үшін қызмет атқарды. Орташа қорғандарға тайпаның атақты адамдары, ал ұсақтарына сақ қоғамының қатардағы мүшелері жерленді.

Сақтар қоғамында белгілі бір сословиелік билік көрініс тапқан деп ұйғарым жасауға болады. Иерархиялық басқыштың ең жоғары тұғырында патша, шонжарлар мен салт атты жауынгерлер, төменгі сатысында тәуелді адамдар, құлдар, жаяу жауынгерлер орналасты. Патша дәріптеліп, биікте тұрған Күн бейнелі Құдайға теңестірілді, жарқыраған алтын киімі күнді еске түсірді. Мәселен, Есік қорғанынан табылған "Алтын адамның" киімі мен бас киімі осыған дәлел. Оның бас киіміндегі, бешпентіндегі зооморфтық белгілерде сословиеге бөлінушілік құпия белгіленген: бас киімі — жоғарғы сословие мен абыздықты бейнелейді, ортаңғы жағы (кеудесі, белдігі) — атты әскерлерді, төменгі жағы (етігі) — жауынгерлер мен көшпелі малшыларды бейнелейді.

Рулық-тайпалық құрылым төрт сатыдан тұрады: отбасы;

ру — рулық кеңес;

тайпа — көсем;

рулық-тайпалық бірлестік — басқарушы.

Қорғандағы төрт жебенің, қанаттардың, аттардың белгілері "Алтын адам" басқарған қоғам төрт бөлікке бөлінгенін айғақтайды.Осы бөліктердің әрқайсысы дүниенің төрт тарабының бірімен немесе осыған сәйкес 4 ру-тайпалық бірлестік жерімен байланыстырылған. "Оқ" ұғымының өзі кейінгі түрік кезеңінде ру мен тайпаны білдіретін болды.

"Алтын адам" жауынгердің киімін киген, Жауынгерлік даңқты алып жүруші бейне көшпенді ортадағы жоғары идеалды білдіреді, осылайша көсемдер мен билеушілер әскери сословиеден шыққандар болып есептеледі. Сонымен қатар жауынгер бейнесі арғымағына құрметпен қарайтын көшпенді ұғымыны да саяды.

Қалыптасып келе жатқан көшпелі қоғам белгілі бір көзқарасы бар, ашық әлеуметтік жүйеге айналды: малшы, қажет болған жағдайда, жауынгер де болды, ал әйелдер өз жауапкершілігіне ерлердің саяси қызметін де алып, оны абыроймен орындады. Ашық әлеуметтік жүйе көшпелілерге, олардың өмір сүруінің өзгермелі жағдайларына икемденуіне мүмкіндік тудырды.

Далалық өркениет Күнге, табиғат күштері мен көсемге, яғни әскери жолбасшыға табынуға негізделген өз идеологиясын жасады. Осының барлығы "аң стиліндегі" олардың қайталанбас өнерінде көрініс тапты. Ерте темір дәуірі көшпелілердің идеологиясымен танысу үшін "Есік" қорғаны бірегей мүмкіндік береді. Сақтардың өз мифологиясы болған, ол "Алтын адамның" киім композициясында, оны жерлеу жоралғысында көрініс тапты. Оның басында тымақ тәріздес желкелігі бар, төбесі шошақ, биік бөркі болған. Бас киіміндегі бейнелер символикалық мәнге ие болды. Жауынгердің бас киімін айналдыра тігілген "алтын таулар" мен "ағаштар" дүниенің келбетін көз алдыңа елестетеді. Бас киімнің жоғары жағындағы алтын қойдың бейнесі Митра Құдайының кеңінен таралған рәмізі. Шаншылған алтын жебелер күннің сәулесі болып есептеледі." Алтын адамның" өзі Күн Құдайымен теңестірілді. Бас киімнің беткі жағындағы алтын жебе, ешкі мүйізді, алтын қанатты пар ат эмблемасы "патшалықтың белгісін" білдіреді. Бұл белгі К.А.Ақышевтің пікірінше, барлық бейнелерді бір жерге топтастырады: құс — жоғарғы әлем, аспан; ат — ортаңғы әлем, жер; ешкі — төменгі жақ, жер асты әлемі; қанатты жебелер — Жердің 4 тарабы. Бұл рәміз көсемнің билігі туралы және оған бағынышты қоғам құрылымы туралы түсінікті бейнелейді. Сақтарда жоғары билікті осылайша негіздеу тұжырымдамасы қалыптасты.

C:\Users\4444\Desktop\Мамура\5.jpgC:\Users\4444\Desktop\Мамура\8.jpg













Бас киімдегі ағаш басындағы құстардың бейнеленуі, сондай-ақ құс тәрізді бейнелер өз мәніне ие болды. Құс — аспан мен Күннің жалпы адамзаттық рәмізі. Құс күллі әлемді барлап, Құдайларға ғарыш шекарасын қорғауға көмектеседі. Құстар бейнесі жоғары әлем рухына, аспанға ұшумен байланыстырылады. Бас киімдегі қанаттар "Алтын адамның" абыздық қызметін көрсетеді.

Әскери жасауларда жыртқыштардың яки барыстың, арыстанның, жолбарыстың, қасқырдың бейнеленуі осы аңдардың жауынгер мен оның қару-жарағына дем беруші күш деп есептелді. Сондай-ақ жолбарыстың бейнесі отқа табынушылықпен байланысты болды. Нақ солардың бейнелері мен табыну бұйымдары алтарь және темекі тартатын бөлмеге хош иісті түтін шығаратын аспапты қорғайды.

Белгілі бір түс және олардың туғызған әсері дүниені мифологиялық түрде пайымдаудың маңызды элементі деп табылады. Киімнің қызыл түсі және оның алтын жасауы — Күннің түстері, күміс түс — Айдікі, көгілдір түс — аспан түсі деп есептелді. Түс ерекше ақпараттық құндылыққа ие болды. Қызыл және алтын түспен байланысты эмоциялық сипаттамалар Құдайға және күйдіретін Күннің буырқанған қуаты мен құдіреттілігін бейнеледі.

Осылайша сақтарда Күн Құдайымен байланыстырылған әскери және діни жолбасшыға табынатын әлеумет пен кеңістіктің антропоцентрлік үлгісі өмір сүрді.

Сақ обаларың осылайша түсіндіріп бағалаудың дұрыстығына олардын біреулерін (патшалық) қазған кезде лақаттардан көп материалдық қазыналардың табылуы, Есік обасында болғанындай, киім-кешек пен қарудың байлығы, басқаларында (қатардагыларында) — ондайлардың болмауы дәлелдейді. Патшалық обаларды тұрғызуға пайдаланылған құрылыс материалдарының — топырақгың, қиыршықтастың, тас пен ағаштың және жұмсалған адам еңбегінің ауқымы да маңызды дәлел болып табылады. Мәселен, ең үлкен Бесшатыр обасы үйіндісінің көлемі 80 мың текше метрден астам, оны салуға 60 мындай адам-күн қажет болды. Осындай шектегі далалық, өлшеу жұмыстары оба үйінділері ауқымының әрқилылығын көрсетеді: үлкендері: диаметрі 104—48, биіктігі 20—7 м; орташалары: диаметрі 45—30, биіктігі 6—2 м; кішілері: диаметрі 18—6, биіктігі 1—0,5 м. Оларды салуға жұмсалган орасан зор адам-күн шығыны эсер қалдырарлықтай: үлкендері - 60—65 мыңнан 20-30 мыңга дейін; орташалары — 1700—2000-нан 300—400-ге дейін; кішілері - 0,2—0,9-дан4,7—4,8-гедейін. Сонымен, ең үлкен патшалық обалардың құрылысына ең үлкен қатардағы обаларды тұрғызуға он мыңнан астам адам-күн жұмсалган. Үйінділер ауқымының әрқильшығы мен оларды салуға жүмсалған еңбек мөлшері сақ қоғамында әлеуметтік иерархия дамығандыгының салдары болып табылады.

Есік обасы дәлелденіп отырған тезисті растайтын қосымша маңызды мағлүматтар береді. Есіктегі жерлеуге жұмсалған түрлі бұйымдар — қоғамның жоғары дәрежелі тұлғасының байлығы мен билігінің өлшемі. Лауазымды адамдарды сақтардың өздері қалай атағаны белгісіз, бірақ Бесшатыр мен Есік обаларында жерленгендерді патшалар деп атауга болады. Бұл орайда қателік лауазымды атақтың айтылуында болуы мүмкін, ал оның мазмұны мен мәні толық сай келеді.


IV. Жаңа сабақты пысықтау үшін сұрақтар:

1.Сақтардың қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік жағдайлары қандай болған?

2.Сақ тайпаларының шаруашылығы туралы археологиялық деректер мен жазба деректерді салыстыра отырып айтып беріңдер.

3.Темір дәуіріндегі колөнер мен зергерлік туралы не білесіңдер?

4."Аң стилі" дегенді қалай түсінесіңдер?

5. Сақтардың діни наным-сенімдері туралы қысқаша әңгіме жазып келіп, көне замандағы Қазақстан аумағында өмір сүрген тұрғындардың наным-сенімімен салыстырып, сұхбат қүрыңдар.

6.Сақтардың антропологиялық жағынан монғолоидтік пішінге айнала бастауының себебі неде?


V. Оқушыларды жауаптарын тыңдап, алған бағаларын журналға және күнделік дәптеріне қою.


VІ. Үйге тапсырма: 37-42 беттерді конспект жасау.





Оқытушы: Шахатова М.

Автор
Дата добавления 10.11.2015
Раздел История
Подраздел Рабочие программы
Просмотров687
Номер материала ДВ-141566
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх