Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Рабочие программы / Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ: "Жеті жарғы" заңы.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ: "Жеті жарғы" заңы.

библиотека
материалов

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы.

Жеті жарғы заңы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тәукенің хан болу қарсаңындағы және хандық құрған кезіндегі ішкі-сыртқы жағдайы, «Жеті жарғы» заңдарымен қазақтың үш биі туралы мәліметтермен оқушыларды таныстыру.

Дамытушылық: Тәуке хан еңбектері туралы білімдерін одан ары дамыту, танымдық көзқарастарын нығайту, шығармашылық ізденістерін жетілдіру.

Тәрбиелік: Тәуке хан бейнесі арқылы оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілік, адалдық, табандылық рухында тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, сурет, сызба, таратпа материалдар, электрон оқулықтар, видеотаспа.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру, тарихи білім беруді жаңғырту.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастаыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.


ІІ. Үй тапсырмасын қайталау:

  1. Оқушы: Хандық үкіметтің басқару жүйесі.

  2. Оқушы: Қазақ қоғамындағы хан сайлауы.

  3. Оқушы: Хан кеңесіңде.

  4. Оқушы: Ұлыстық құрам.

  5. Оқушы: Әлеуметтік құрамы.

  6. Оқушы: Қарапайым халық.


ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Жеті жарғы

Тәуке хан Қазақ хандығының тағына берік отырған кезде хандықтың ішкі жағдайына ерекше назар аударып,мемлекеттің күш-қуатын арттыруды мақсат етті.Сол мақсаттың түп қазығы –Ұлы жүзден Төле бидің,Орта жүзден Қаз дауысты Қазыбектің,Кіші жүзден Әйтеке бидің қатысуымен «Жеті жарғы» дүниеге келді.

«Жеті жарғы»заңы (ХҮІІ ғ. мен ХҮІІІ ғ. басы) («жарғы» сөзі «әділдік» ұғымын білдірген). Бүгінгі жаңа сабағымызға оқушылар өздері дапйындап келген мәліметтерді тыңдап көрейік.

Жеті жарғы бөлімдері

Мәні мен мазмұны

І Жер дауы

Қыстау, жайлау, жайылым, жерді иелену, көші-қон мәселелері, ата-бабасынан бері иленіп келген халықтың келісімінсіз басқаға бермеу, сатуға болмайтын туралы

ІІ Үй іші мен бала тәрбиелеу

Отбасы, үй ішіндегі тіршілікке байланысты адамдардың өзара қарым-қатынасы, әке мен бала, ене мен келін, үлкен мен кіші арасындағы қатынас. Үлкенді сыйлау, ата-ананы құрметтеу, жас ұрпақты тәрбиелеуге арналған заңдар:

Некеге отырудың шарты – 13 жас. Екінші шарт – жұбайлардың 7 атаға дейінгі туыстық қатынаста болмауы;

Ата-анасы өз балаларын өлтіргені үшін жазаға тартылмайды;

Ата-анасы қайтыс болса, жас балалары туыстарының қамқорлығына беріледі;

ІІІ.Ұрлық, барымта

Ұрлыққа, барымтаға кедергі қою, халықты адалдыққа, таза еңбекпен күнелтуге бағыттайтын заңдар:

Ұрлық үшін 3 тоғыз (27) төлеу, бұл жаза айбана деп (100 түйе-300 жылқыға немесе 1000 қойға тең) аталады;

ІҮ.Бір халықпен басқару арасындағы дау

Ел мен ел, халық, ру арасындағы дау-жанжалдарды әділдікпен шешетін зандар:

13 жасқа толмаған балалар қылмыстық жауапқа тартылмаған.

Соттау құқығы ханның, билер мен ру басыларының қолында болды;

Істі шешкені үшін билер мен арада жүргізушілерге өтелетін есенің бір бөлігі берілуге тиіс;

Сұлтанды не қожаны өлтірсе 7 адамның құнын төлеу;

Әйелді зорлағандарды өлім жазасына кесу;

Әйелге тіл тигізуші одан кешірім сұрайды, бшлай істеуден бас тартса, қорлағаны үшін құн төлеу;

7 куә әшкерелесе, құдайға тіл тигізушіні таспен ұрып өлтіру;

Ү.Ұлтын жаудан қорғау

Отан қорғау, ел бірлігін сақтау, жасақ құру, сардар сайлауға бағыттайтын баптар жатады.

Хан, сұлтандар, ру ақсақалдары халықтық істерді талқылау үшін күзде жиналуы қажет;

Жиналысқа қару-жарақсыз келуге рұқсат етілмейді. Қарусыз адамның дауысы боолмайды және оған жасы кішілер орын бермейді.

ҮІ. Жесір дауы

Шаңырақтың бірлігін қамтамасыз еткен, неке парызына адалдықты тал ап ету, ерінен айырылған әйелдердің мәселелері туралы баптар.

ҮІІ. Құн дауы

Кісі өлімі, адам денесіне зақым келтіру, «қанға-қан», «қанды кек», «ескіден келе жтқан жау» дегенде бірден ойға оралатын қатігездікті жұмсартудың жолын қарастырған, құн төлеумен белгіленетін заңдар:

Сұлтандардан басқа әр адам ханға жыл сайын мал-мүлкінің жиырмадан бір бөлігі мөлшерінде салық төлеу.

Құн төлеу мөлшері: ер кісі үшін 1000 қой, әйел үшін 500қой;

Дене мүшелерінің құны: бас бармақ – 100 қой, шынашақ – 20 қой; Өлтірілген тазы мен бүркіт үшін иесі құл немесе күң талап етеді.


  1. Ұлы билер

Ел бірлігін сақтауға, хандық биліктің заң негізінде күшеюіне өз үлесін қосты.

  1. Төле би (1663-1756). Жамбыл обылысы, Шу ауданында дүниеге келген. Жас кезінен хат танып сауатын ашқан, тарихи кітаптарды, аңыз-әңгімелерді көп оқыған. 15 жасынан-ақ ел билігіе араласып, өзінің ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі. Жас кезінен талай атақты абыз-билердің алдынан өтіп, батасын алған.

  2. Қаз дауысты Қазыбек би (1667-1764). Сырдария жағалауында бір ауылында туып, жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізсе керек. Ол ел арасындағы айтылып жүрген мақал-мәтел, нақыл сөздерді, шешен, билердің ұтымды билік келісімдерін жадында сақтап өседі.

  3. Әйтеке би (1682-1766). Шын аты – Айтық. Кіші жүзден шыққын қазақтың атақты шешен биі. Атақты Жалаңтөс батырдың ұрпағы. Әйтеке биге шешендік, тапқырлық өнер жас кезінен-ақ дарыған екен. Халқымыздың тарихында бұл атақты үш бидің алатын орны ерекше. Ұлы билер өз заманында елін, жерін жаудан қорғап, халықтың бірлігін, ынтымағын, салт-дәстүрін сақтап қалуда аса зор еңбек сіңірді.

Қазіргі таңда билік басындағы азаматтарымыз дәл осы Ұлы

билеріміздей болса, халқымыз да қандай өнегелі ел болар еді.


ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Кроссворд шешу.

1. Есім хан қай қаланы өзіне астана етті?

2. Есім хан моғолдың Шалыш пен Турфан қалаларын билеген қай ханмен одақтасты?

3. Есім хан қалмақтарға қарсы қай жерге жорыққа аттанды?

4. Есім хан қазақтың қай ханының інісі?

5.Бір халықта екі хан, 1-шісі Тұрсын хан, 2-шісі қай хан?

6. Есім хан өзінің хандық билігінің алғашқы кезіңде қай ханмен бітім шартын жасасты?

7. Әдеби деректерде Тұрсын ханды Есім ханды жазалаған, оны кімнің өлен жолдарынан оқуға болады?

8. Есім хан қазақтың қай ханымен жауласты?


Ал енді оқушылар бүгінгі сабағымызды Қазақ хандығының 550 жылдық тойы мерекесіне арнап қорытындылайтын болсақ:

Биылғы жылғы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты халыққа жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп, «Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын» ерекше атап өткен болатын.

Қазақ халқы ерте заманнан қоныстанған және билік жүргізген өңірде сақтардан, ғұндардан, түріктерден, тағы басқа рулық ұлыстық елдерден қалған аса құнды мұралардың және ескерткіштердің табылғаны жұртқа аян. Солтүстік және Батыс Шыңжаң өңірінен, Қазақстаннан, Моңғол Халық Республикасына қарасты Орхон, Тамыр, Тұла өзендері аңғарларынан табылып жатқан мұралар мен тарихи еркерткіштер жұртты қызықтырып отыр. Осы ұлан-ғайыр кең далада қазақ шежіресі бойынша қазақтың үш жүзінің құрамын толықтырған, тіпті қазірге дейін байырғы атын өз қалпында сақтаған тайпалар және ұлыстар жасаған. Үйсін, қаңлы, түрік, түркеш, оғыз, қарлық, керей, найман, жалайыр, қоңырат, меркіт, уақтар сияқты өз заманындағы рулық, ұлыстық атаулар қазірге дейін қазақ тайпалары арасында сақталып отырғаны даусыз. Олар қоныстанған және өмір сүрген өңірді 13-ғасырдың басында араб, парсы тарихшылары «Дешті Қыпшақ» деп атаған. Ал 15-ғасырдан кейінгі тарихшылар мен этнографтардың «Қазақ даласы» деп атағаны жұртқа аян.

Міне, осы «Қазақ даласына» 15-ғасырда күннің шығысынан күннің батысына дейін алып жатқан ұлан байтақ даламызда, Керей мен Әз-Жәнібек туын тігіп негізін қалаған Қазақ хандығына биыл 550 жыл толып отыр. Кезінде қазақ - тарихсыз, бұл халық еуропалық жұрттар сияқты таңбалауға жарайтын, шежіреге, хатқа түсіруге татитын тарих жасамаған. Ашық айтылмаған бұл тұжырым қалай негізделеді десеңіз, ең алдымен қазақта бұрын-соңды ұлттық мемлекет болмады деп жарияланады. Мемлекет болмаған, мемлекеттік құрылыстың кейбір элементтері ғана ұшырасқан.

Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр.

Отанды сүю - бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні - осы! «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін - Елдің бірлігі.


Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – татулық,бірлік, берекесі» деген еді. Қазақ хандығының 550 жылдық тойын атап өтілуі, бұл халқымыздың Егеменді, Тәуелсіз «Мәңгілік ел» болғанымызды дәлелдейді. Тарихы,тілі,діні, салт-дәстүрі ғасырдан-ғасырға ұласып, ата-бабаларымыздың мұра етіп қалдырған жерін,байлығын бүгінгі күні «Мәңгілік ЕЛ» болашақ ұрпақтары жалғастырады және ұрпақтан- ұрпаққа мұра етіп қалдырады деп кәміл сенеміз.


Ү. Үй тапсырмасы. Үш би туралы мәлімет әкелу.


ҮІ. Бағалау-қорытындылау.

Тәрбилік мазмұнын ашу. Адам ғұмырының мәні өмірінің ұзақтығымен емес, соңында қалдырған өнегелі үлгісімен, өрнекті ізімен, кемелді ісімен өлшенеді. (Мұрат Иман Жапар).











Мұғалім:...............................Надирбеков А





Шымкент 2015 ж


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 25.11.2015
Раздел История
Подраздел Рабочие программы
Просмотров311
Номер материала ДВ-190824
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх