Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / Қазақстан тарихы пәнінен сабақ жоспары Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі. (8-сынып)

Қазақстан тарихы пәнінен сабақ жоспары Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі. (8-сынып)

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:


Сабақтың тақырыбы : 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы

бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқулықтан тыс қосымша тарихи шығармалар, тарихи құжаттар мен деректерден ұлт-азаттық қозғалыстың алғы шарттарын, сипатын, ерекшелігін, мақсатын ашып көрсете отырып, Кенесары Қасымұлы өзі батыр, өзі хан, өзі көсем, өзі дипломат халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен мемлекет қайраткері екендігін, “ұлт-азаттық қозғалыс”, “тәуелсіздік” ұғымын қалыптастыру, жан-жақты талдай білуге баулу.

Дамытушылық: 1837–1847 жылдары Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс тақырыбын қортындылай келіп, түйіткілдерді сұраққа жауап беру барысында оқушыларды әлеуметтік – экономикалық және саяси дамудың тарихи құбылыстардың күрделі кешендері талдай білуге және олардың арасындағы байланыстарды айқындай білуге, идеологиялық құбылыстардың таптық мәнін аша білуге баулу.

Тәрбиелік: Халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен Кенесарыдай батырдың ерлігін дәріптей отырып, оқушылардың ұлттық сана – сезімін жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру, өз көзқарасын дәлелдей алатын қоғамның саяси дамуын түсінетін, демократикалық қоғамның мүшесін тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, сызбалар, тест,слайд,интерактивті тақта т.б.

Сабақтың түрі: Ізденіс-жарыс сабақ.

Сабақтың әдісі: ізденіс,сұрақ-жауап,әңгімелесу.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқу құралын тексеріп түгелдеу

2.Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ. Қызғушылығын ояту.

Ойын «Теңге ілу» деп аталады.

Сұрақтары:

  1. Қазақ хандығының құрылғанына қанша жыл? (550 жыл).

  2. Қазақ хандығын алғаш құрған кімдер?(Керей мен Жәнібек)

  3. Қазақ хандығы құрылған жер?(Қозыбасы)

  4. Тәуке хан тұсында шыққан заңдар жинағы.(жеті жарғы)

  5. Қазақтың үшінші ғарышкері кім?(А.Айымбетов).

  6. Ата-заңымыз кашан қабылданды?(1995 жыл).

  7. Астананың шет аймағында орналасқан орта ғасырлық қала?(Бозақ)

  8. Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі қай жылдары болды?(1773-1775 жыл).

  9. Сырым Датұлы қай рудаң шықты?(кіші жүз,Байбақты руы).

  10. Абылай хан өмір сүрген жылдары?(1711-1781 жылдар).

  11. Абылай хан кашан таққа отырды?(1771 жылы).

12.Қазақтың қос батыр қыздары ? (Әлия мен Мәншүк).


Үй тапсырмасын сұрау:

1.Жаңаелек шебінің құрылуы.(1810-1822)жылдар.

2.Жоламан Тіленішұлы бастаған көтеріліс (1822-1825)жыл.

3.Жаңашеп аймағының құрылуы (1835)жыл.

4.Қасым Абылайұлы мен Саржан Қасымұлы –қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілері.








Қазақстанда отаршылдық езгінің күшеюі,(тақырыбы)


1.Өткенді қайталау (тақтаға 10 сұрақ ашылады оқушылар жауап бергеннен кейін,төмендегі бағалау нормаларына қарап өзін-өзі бағалайды.)



1.Жаңаелек шебі қашан құрылды?

2.Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліс қашан болды?

3.Жаңаелек шебін жасауда қазақтар қанша жерлерінен айырылды?

4.Патша үкіметі Ғұбайдулланы қайда,қандай қызметке тағайындады?

5.Қандай ережеге сай қазақтар тағыда 4млн десятина жерінен айырылыды?

6.1825ж жазалаушы экспедиция қай өзендердің бойындағы қазақтарды аяусыз қырып жойды?

7.Жаңаелек шебі құрылғанға дейін Елек өзені бойында қандай рулар көшіп-қонып жүрді?

8.Елек өзені бойында негізі қаланған бекініс-қорғандарды ата.

9.Саржан Қасымұлының жасағы қашан патша үкіметінің әскеріне ашық шабуылға шықты?

10.Жаңаелек шекара шебінің құрылысы қашан аяқталды?

Дұрыс жауаптар:

1.1810ж

2.1822-1825жж

3.600 мың десятина

4.Көкшетау округі,аға сұлтан

5.1835ж8-наурыз «Орынбор губернисыныңқырғыз (қазақ) даласы мен шекарасында жаңа шекара шебін құру туралы»

6.Бұлдырты.Шиелі,Тамды

7.тама,табын

8.Изобильная,Боранды,Жаңаелек,Линев,Көмірлі,Вятлянская,Бердянская.

9.1826ж31-қаңтар

10.1822 ж.



Бағалау

10,9- «5»

8,7,6-«4»

5,4- «3»

3,2,1- «2»


Еске түсірейік!

Патша үкіметіне қарсы қандай көтерілістермен таныстық?

(Сырым Датұлы,Исатай Тайманұлы мен Маханбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістері.)

Оқушылар өз ізденіс жұмыстарын баяндайды.


Міне сондай көтерілістердің бірі!

Сабақтың тақырыбы:

1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.


Жаңа сабақ жоспары:

Біз бұл сабақта мынадай мәселелерді қарастырамыз:

1.Көтерілістің себептері,мақсаты және қозғаушы күштері.

2.Кенесары Қасымұлы- аса көрнекті мемлекет қайраткері.

3.Көтерілістің басталуы.

4.Қазақ хандығының қалпына келтірілуі.

5.Ханның алым-салық және сауда саттық саясаты.



1.Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері.

XIX ғасырдың 20-30-жылдарында отаршыл өкімет билігі мен қазақ халқының арасындағы қарым-қатынас елеулі түрде шиеленісе түсті. Біріншіден, Кіші жүз бен Орта жүздегі хан билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің және батырлардың едәуір бөлігінің наразылығын туғызды. Екіншіден, патша үкіметі қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай тартып ала бастады. Үшіншіден, бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп көрмеген қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығы сияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын күй кеше бастады. Төртіншіден, патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарына шабуыл жасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергілікті халықты (номадтарды) қатты күйзеліске ұшыратты, олардың күн көрісін қиындатып жіберді. Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді.Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар мен би, батырлар, тіпті сұлтандар да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үш жүздің атақты батырлары жетекшілік етті.Көтеріліске қатысушылар негізінен қазақ халқы еді. Бірақ олардың арасында орыстар мен башқұрт, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, тіпті поляктар және басқа халық өкілдері де болды. Олардың кейбіреулері ханның ерекше сенімі мен құрметіне ие болып, жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Мәселен, Кенесарының өзінің хатшысы бұрынғы орыс солдаты болды. Наурызбай сұлтанның атқосшысы да Николай Губин есімді орыс еді. Татар Әлім Ягудин Әскери кеңестің мүшесі болатын. Дипломатиялық қызметке ханның атынан өзбеқ Сейдаққожа Оспанов басшылық етті". Бұлардың бәрі де Кенесарыға жақсы ұйымдастырылған тәртіпті әскер құруына көмектесті және көтерілісшілерге өздерінің жеке тәжірибелерін үйретті.

2.Кенесары Қасымұлы - аса көрнекті мемлекет қайраткері.

1837 жылы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс басталды. Ол Қазақстандағы ірі көтерілістердің бірі еді. Оған үш жүздің қазақтары түгел қатысты. Кенесары тарих сахнасына өзінің ұлы бабасы Абылай ханның ісін жалғастырып, алға алып барушы ретінде шықты. Сұлтан Кенесары 1802 жылы дүниеге келген. Ол Қасым сұлтанның бел баласы, Абылай ханның туған немересі еді. Көтерілістің болашақ басшысы Кенесары бала кезінен-ақ ат құлағында ойнады, құралайды көзге атқан мерген болды. Қанжығасы қанды ғажайып аңшылығымен, қара қылды қақ жарған әділдігімен, ерік-жігері, қажымас қайратымен және жүрек жұтқан батылдығымен, қайтпас қайсар қаһармандығымен тaнылды. Оның бойында ұйымдастырушылық және әскери қолбасшылық таланты мол болатын. XIX ғасырдың орта кезіндегі орыс зерттеушілерінің бірі Л. Майер «Кенесарыға көзсіз ерлік тән еді» деп жазды.Замандастарының сипаттауына қарағанда, ол ашық жүзді, орта бойлы және жауырыны қақпақтай төртпақ тұлғалы болған. Аз сөйлеп, көп тыңдайтын, өзін-өзі аса байсалды ұстай білетін. Әңгімелескен адамының пікіріне әрқашан мұқият назар аударатын. Қонақжай қасиеті ерекше күшті еді. Әкесімен және ағаларымен бірге жүрген кездерінде олардан қолбасылық тәжірибесін едәуір үйреніп алған болатын.

3.Көтерілістің басталуы.

Көтеріліс Кенесарының патша үкіметінің саясатын жарамсақтана қолдаған жексұрын сұлтандар мен билердің ауылдарын шауып алудан басталды. Ол шекара шебіндегі бекіністерге де, патша үкіметінің әскери жасақтарына да жиі-жиі шабуыл жасап тұрды. Мәселен, 1837 жылдың аяқ кезінде Кенесары хорунжий Рытовтың отрядын тас-талқан етіп жеңіп шықты. Ол отрядтың құрамында 6 урядник және 48 сібір қазағы болатын. Олар Петропавлдан Ташкентке бара жатқан сауда керуенін күзетіп бара жатқан еді.Кенесары 1838 жылы өзінің адамдарын Батыс Сібір генерал-губернаторына жіберіп, оған арнайы хат жолдады. Хатында Ақтау бекінісі мен Ақмола приказын жоюды, Омбыда тұтқында отырған өз адамдарын түгел босатуды талап етті. Генерал-губернатор Кенесарының адамдарының барлығын да саптағы мың солдаттың арасынан өткізіп, дүре соқтырды. Олардың әскерге жарайтындары тұрақты армия қатарына алынып, қалғандары Шығыс Сібірге жер аударылды. Генерал-губернатордың бұл қылығы Кенесары сұлтанның ашу-ызасын келтіріп, көтерілісті бастап жіберуін тездетті. Ол старшина Симоновтың әскери жасақтарына өлтіре соққы беріп, көптеген қару-жарағы мен оқ-дәрісін тартып алды. 1838 жылы Кенесарының сарбаздары Қоңырқұлжа Құдаймендіұлының ауылдарына шабуыл жасады, оның 12 мыңға жуық жылқысын айдап әкетті. Ақмола төңірегіндегі бекіністер тұрғындарының 2,5 мың малы қоса кетті. Сұлтан Кенесарының туған қарындасы Бопай бастаған сарбаздар Көкшетау округының ауылдарына шабуыл жасады.Кенесары жасақтарының белсенді әскери іс-қимылы 1838 жылдың тамыз айында басталды. Ол Ақмола бекінісіне таяу ірі елді мекенді алты күн бойы қоршауда ұстап, өртеп жіберді. Ақмола бекінісі мықты қорғалатын. Бекіністің төңірегіне терең ор қазылып, оған жете беріс жерлерге күшті кедергі-тосқауылдар қойылған болатын. Ақмола бекінісін аға сұлтан Қ. Құдаймендіұлы мен әскери старшина Карбышев бастаған отряд қорғады. Кенесары шабуылды 1838 жылдың 7 тамызында таң саз бере бастады. Оның сарбаздары бекіністі өрт шығаратын жебелермен атқылады. Бекініс өртке оралды. Кенесарының даңқты батырларының бірі Басықара бекіністің ішкі жағасынa баса-көктеп кіріп барып, сұрапыл ұрыс салды. Ол осы шайқаста ерлікпен қаза тапты. Бекініске Ағыбай, Иман, Бұқарбай батырлардың сарбаздары басып кірді.Орынбор губернаторы В. Перовский мен Батыс Сібір губернаторы П. Горчаковтың арасында Кенесарыға қарсы қалай күрес жүргізу жөнінде өзара келіспеушілік пайда болды. В. Перовский Кенесарыға қарсы күресті бейбіт келіссөздер арқылы да жүргізу керек десе, П. Горчаков әскери күш қолданып, көтерілісшілерді аяусыз қырып-жою жоспарынан танбады. Орынбор губернаторы 1840 жылы патша үкіметінің Кенесарыға кешірім жасауына қол жеткізді. Кенесарының тұтқынға алынған туған-туыстарының барлығы да түрмеден босатылды. Арада уақытша бейбіт келісім кезеңі басталды

4.Қазақ хандығының қалпына келтірілуі.

1841 жылдың қыркүйек айында үш жүздің өкілдері бас қосқан жиында Кенесары Қасымұлы хан сайланды. Сөйтіп Қазақ хандығы қалпына келтірілді. Патша үкіметі бұл жайсыз хабарды өте өкініш сезімімен естіп-білді. Ендігі жерде Кенесары бастаған көтеріліс ұйымдасқан сипат ала бастады. Ұлт-азаттық күресті табысты жүргізу үшін Кенесары хан бір орталықтан басқарылатын мемлекет құрды. Оны ханның өзі басқарды. Ханның жанынан жоғарғы кеңесші орган - өзіне барынша адал берілген батырлардан, билерден, сұлтандар мен жақын туыстарынан тұратын арнайы Кеңес құрылды. Кенесары хандықты өзінің сенімді адамдары - жасауылдар арқылы басқарды. Жасауылдар сот ісімен, шаруашылық мәселелерімен, дипломатиялық жұмыстармен, алым-салық жинаумен және әскери істермен айналысты. Жасауылдар сонымен қатар орталық өкімет билігі берген нұсқаулардың мұқият орындалуын, мал жайылымдарының дұрыс бөлініп, тиімді пайдаланылуын бақылады, халықтың көңіл күйін де қадағалады. Хан билігі қызметінің оңды нәтижелері ретінде оның қол астындағы халық арасында алауыздық пен барымта алу жойылды.

5.Ханның алым-салық және сауда-саттық саясаты.

Кенесары ең апдымен алым-салық төлеудің тәртібін ретке келтірді. Мал өсірушілер — зекет, ал диқандар - ұшыр төлейтін болды. Патша әскерлерімен соғысты одан әрі жалғастыру қосымша материалдық және қаржы шығындарын қажет етті. Сондықтан алым-салықтың да қосымша түрі енгізілді: халықтан киім-кешек, қару-жарақ, ат әбзелдерін жинау қолға алынды. Салық жинауда халықтың жағдайы жеке-жеке ескерілді. Меншігінде малы 40 бастан аспайтындар алым-салықтан босатылды. 40-тан 100 басқа дейін малы барлар бір малдан, ал 100 бастан артық малының әрбір 40 басына бір малдан төлеп тұратын болып белгіленді.Диқандар өздерінің өндірген өнімінің оннан бір бөлігін төлеуге міндетті болды. Көтеріліске деп жиналған астықты патша үкіметі жиі-жиі тәркілеп кетіп жүрді. Тәуекел етіп, көтерілісшілерге астық апарып сатқандар жазалаушы әскердің қаһарына ұшырады. Сондықтан да Кенесары қазақтардың егіншілікпен айналысуын қатты қолдады. Көпестердің сауда керуендерінен алынатын баж салығы едәуір табыс беретінін ескерген Кенесары ондай керуендерді тонауға тыйым салды. Сауда керуендерінің толық қорғалуын қамтамасыз етті. Керуенбасыларын жеке өзі қабылдап та отырды. Баж салығын төлеуден жалтарғандарға қосымша салық салынды. Баж салығынан түскен қаржыға Орта Азия базарынан қару-жарақтар мен оқ-дәрі сатып алынды





Сабақты бекіту.




1hello_html_m3dc53e28.gifhello_html_m4926b235.gifhello_html_m3c798e04.gifhello_html_3f49c690.gifhello_html_567faaf2.gifhello_html_66d3579a.gifhello_html_m522f6332.gif802-1847 жж. Сұлтан 1837-1847 жж.

hello_html_4cd3ac91.gif




Хан


Бhello_html_3d3bf97e.gifатыр


Қолбасшы саясаткер


Дипломат


Келесі ойын «Ойлан тап» деп аталады.

1. Кенесары хандықты кімдер арқылы басқарды?

2. Мал өсірушілерден алынатын салық түрі. 3. Диқандардан алынатын салық түрі.

4.Кеңесары Қасымұлы қай жылы хан сайланды?

5. Жасауылдар немен айналысты.

және


Бағалау.

Үйге тапсырма беру.

Тақырыпты оқу, көтеріліс туралы материялдар жинау. 129-132 беттерді оқу.





Родина жалпы орта білім беретін мектебі.


hello_html_194e8455.gif


Тақырыбы: 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған

ұлт-азаттық көтеріліс.






Сыныбы: 8Б сынып.


Өтетін күні: 10.12.2015 жыл.


Дайындаған: тарих пәні мұғалімі Сыздыков М.А.










Арқалық 2015-2016 оқу жылы.


Автор
Дата добавления 08.11.2016
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров169
Номер материала ДБ-332871
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх