Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / История / Тесты / Қазақстан тарихы пәнінен 9-сыныпқа арналған тапсырмалар.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

Қазақстан тарихы пәнінен 9-сыныпқа арналған тапсырмалар.

библиотека
материалов

Қазақстан тарихы пәнінен тапсырмалар

І. Қазақ зиялыларының есімдері мен ой-пікірлерін сәйкестендіріңіз

  1. "Бұл соғыстан жалпы пайда жоқ. Нарлар алысар, ал шаруасын бұзып, қанын төгетін сорлы халық болар. ХХ ғ. Еуропа патшалықтарының қылған ісі кімнің алдында ақталмақ"

  2. "1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы этностық жанжалдар даладағы өмірдің сипатты белгісіне айналды"

  3. "Қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып, мемлекетті қорғауға лайық еді, қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз"

  4. «Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды»

  5. "Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды"


А. Смағұл Садуақасов

В. Міржақып Дулатов

С. Ахмет Байтұрсынов

D. Тұрар Рысқұлов

Е. Алихан Бөкейханов

  1. Е

  2. D

  3. С

  4. А

  5. В

ІІ. Асты бір сызыұпен сызылған фрагменттерді қоғамдық немесе тарихи терминмен ауыстырыңыз

  1. 20-30 жылдары халыққа, оның ішінде жеке ұлттарға қарсы бағытталған күшпен көшіру халықтарды жаза ретінде туған жерінен басқа өлкеге жер аудару саясаты соғысқа дейін қолданды. (Депортация)

  2.  Жұмысшы-шаруа Кеңестерінің орталықтағы және жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды. Мемлекет ішінде билік үшін сол ел азаматтарының өзара соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып шықты. (Азамат соғысы)

  3. Қазақ елін бiр елге тәуелді елге айналдыру, ал оның халқын құлдыққа түсіру – гитлершілердің дүниежүзілік үстемдік орнату жолындағы басты нысандарының бірі болды. (Отар)

  4. Соғыс жылдарындағы әдебиеттердің алдыңғы қатарлы мақсаттарының бірі – халықтардың өскелең ұлттың таным-түсінігін көрсету ұлттық характерінің ерлігін ашу, әрбір халықтың негізгі идеологиясы шовинистік, агрессиялық бағыт болып табылатын реакциялық саяси ағымға қарсы бірлескен күреске қосқан үлесін бекіту болып табылады. (Фашизм)

  5. К. Милтон Дж. Кларк өзінің «Қазақтар еркіндікке қалай ұмтылды?» атты ғылыми мақаласында түрлі себептермен бөгде мемлекет аумағында қалған адамдарды отанына қайтарылған халықтар туралы шындықты жазды. (Репатриация)

ІІІ.Төменде берілген түсініктерді қатысты терминмен байланыстырыңыз:

  1. Фактілермен әлі дәлелденбеген ғылыми болжам – (гипотеза)

  2. грек ойшылдарының еңбектерінде кездесетін басқару нысаны; билік жауапсыз популистердің, демагогтардың қолында шоғырланатын, саяси экстремизм түрінде, халық топтарының, тобырдың деструктивті әрекеттерінде, үкіметке, парламентке ультиматум қоюдан, мемлекеттік мекемелерді басып алу, өрт қою, диверсиямен байланысты санасыз акциялардан көрінетін демократияның шектен тыс тұрпайы түрі – (охлократия)

  3. Нәсілдік белгілеріне бола байырғы тұрғындарды арнаулы қамаушада, оқшауландырып ұстау арқылы саяси, әлеуметтік-экономикалық және азаматтық құқыларынан айыратын нәсілдік кемсітушіліктің шектен шыққан түрі – (апартеид)

  4. Саяси билік шіркеу басшысының, дін басының қолында шоғырланатын басқару түрі – (теократия)

  5. Әлеуметтік-саяси қиял түрі, орындалмайтын арман, ойдан шығарылған, ғылыми негізделмеген, шынайы өмірде жоқ, жүзеге асыру мүмкін емес, көбіне өмір сүріп отырған қоғамнан әлдеқайда жақсы, мінсіз жобалар – (утопия)

ІV. Ұлы Отан соғысының батырлар есімдерін мәтіндегі бос орындарға қойып шық.

Мәскеу түбінде генерал-майор … қолбасшылық еткен даңқты 316-атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты. Мәскеу үшін шайқаста … басқарған батальонның жауынгерлері ерекше табандылық пен қаһармандық көрсетті. Ротаның саяси жетекшісі … басқарған автоматшылар тобы жау танкілерін жойып, өз бөлімшелерін қоршаудан алып шықты. Бородино селосында неміс бөлімінің штабына басып кіріп, 5 неміс офицерінің көзін жойған … асқан батылдылық пен ерлік көрсетті. Қазақстандықтар арасынан бірінші болып жанған ұшағын жау тобына … бағыттады. Ленинград үшін шайқастың ауыр күндерінде … жаудың арнайы салынған қорғаныс ұясының оқ жаудырып тұрған аузын кеудесімен жауып, ерлікпен қаза тапты. Полковник … басқарған 73-гвардиялық дивизияның өзі жаудың 12 танкісі мен 800 автомашинасын жойды. Днепр үшін ұрыстарда 18 жасар … қазақтар арасындағы ең жас Кеңес Одағының Батыры атанды. Кеңес Одағының Батыры … Берлин үшін ұрыстарға өз жауынгерлерін бастап кірді. Жас офицер … Рейхстагқа алғашқылардың бірі болып алқызыл Жеңіс туын қадады.

 

V. Аса көрнекті тарихи қайраткерлерді олардың өмір –деректерінен үзіндісі негізінде атаңыз

А) Қоғам және саяси қайраткері. Санкт-Петербордағы орман-техникалық институтының экономика факультетінің түлегі. 1917 жылы Уақытша Үкіметтің Қазақстандағы комисары болып тағайындалды. Алаш партиясын құрылтайшыларының бірі.

В) Ақын, түріктанушы – ғалым, аудармашы, ағартушы-педагог, публицист, қоғам қайраткері, тілтанушы, қазақ филологиясының негізін қалаушы. Орынбор мұғалімдер семинариясының түлегі. Алаш партиясын құрылтайшыларының бірі.

С) Журналист, публицист, ақын, ағартушы-педагог, аудармашы. Педагогикалық курстарын тәмәмдаған, аулыдық мектепте мұғалім болған. «Оян, қазақ» жинағының авторы. Оның өмірі мен қызметі Алаш партиясымен тығыз байланысты.

Д) Қазақстанның көрнекті қоғам қайраткері. Санкт-Петербор университетінің заң факультетінің түлегі. 1907 жылы Орал облысынан ІІ Мемлекеттік Думаның депутаты ретінде сайланған.

Е) Қазақтың тұңғыш кәсіби инженері. IV Төтенше мұсылмандық съезде Қоқан Автономиясының Уақытша үкіметінің премьер-министрі болып сайланған. 1919 жылы Кеңес өкіметі жағына өтті.

А. Байтұрсынов __B_

М.Дулатов___C

М.Тынышпаев _E__

Ә.Бөкейханов__A_

Б.Қаратаев___D


VІ. Мәтінді талдай отырып, негізгі ойды анықтаңыз

  1. Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен, адам күштерін барынша жұмылдыру, қалаларды, өнеркәсіп жұмысшыларын, Қызыл Армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету, елде қатал еңбек тәртібін орнату мақсатында енгізді. Бұл экономикалық күйзеліс, Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлы астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды, бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді, ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды. (Әскери коммунизм)

  2. Жұмысшы-шаруа Кеңестерінің орталықтағы және жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды. Ол билік үшін күрестің жалғасы болып шықты. Ел 1917 жылғы 25 казаннан бастап соғыс жағдайында өмір сүрді немесе бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге бөліп тастады, арадағы күрес бітіспес қанды қырғынға ұласты. Қазақстанда негізгі ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда — Кеңестердің II Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқындауымен пайда болды. (Азамат соғысы)

  3. Саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын ” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.Келесі күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған. (Желтоқсан оқиғасы)


VІІ. Сәйкестендіру тесті

  1. 1916 ж ұлт-азаттық көтеріліс барысында Шерубай-Нұра болысының ханы болып сайланды:

  2. 24. 1916 ж ұлт-азаттық көтеріліс барысында Қарашақ болысының ханы болып сайланды:

  3. 1916 ж ұлт-азаттық көтеріліс барысында Верный уезінің Жайымтал болысының ханы болып кім сайланды?

1916 ж Жетісудағы Қарқара көтерілісінің басшыларының бірі.

  1. Өзінің ұрыс жүргізу тактикасымен ерекшеленген ұлт-азаттық көтерілістің қолбасшы.



А. Нұрлан Қияшев

В. Жәмеңке Мәметов

С. Оспан Шонов

D. Бекболат Әшекеев

Е. А.Иманов



  1. А

  2. С

  3. D

  4. В

  5. Е


VІІІ. Логикалық сұрақтар жауабын табыңыз:

Тарихи оқиғаның белгілі бір уақыт аралықтарының дамуында анықтай білуі, ажырата білуді қажет ететін логикалық сұрақ

1. 1954 ж. болған оқиға

А. КОПКП-ның ХХ сьезі

В. «Жеке адамға табынушылық және оның зардаптары туралы» қаулы

С. «Байқоңыр» ғарыш айлағы космодромының іргесі қаланды

Д.Семей полигонында алғаш рет қуаттылығы 500 килотонналық сутегі бомбасы сыналды

Е.Майдангерлер болған саяси тұтқындардың Кеңгірдегікөтерілісі


Қарам-қайшылықтарын шығара білуге арналған логикалық сұрақ

1.50-жылдарда ұлттық мәдениет пен оның ерекшеліктеріне кері әсер еткен оқиғалардың бір көрінісі

А. Неміс автономиялық облысын құру туралы шешімнің қабылдануы

В.Қазақсттан халқына өзге республикалардын адамдардың келіп қосылуы

С. Қазақ тілді мектептерде орыс тілін оқытуды жақсартуға көңіл бөлінбеуі

Д.Республика басшылғына өлкеге ешқандай қатысы жоқ адамның тағайындалуы

Е.О. Сүлейменовтың «Аз и Я» кітабының жарық көруі


Тарихи үрдістердің, фактілер мен оқиғалар ара қатынасына арналған логикалық сұрақ

1.Сталиндік және Хрущевтік басқару арасындағы байланыс

А.Тоталитарлық режимнің құрбандарын ақтау үрдісі жүрді

В. Психикалық жолмен елде «басқаша ойлайтындар» жазаланды

С. «жоғарыдан - төменге» басқару әдісі

Д.Одақтас республикалардың құқығын кеңейту тұжырымдамасы дамытылды

Е. Жеке басқа табыну айыпталды


ІХ. Кестені толтырыңыз:

1917 жылғы құрылған ұйымдар

2

«Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымы»



3


Петропавл


4

«Қазақ жастарының революцияшыл одағы»



5

«Жас қазақ»



  1. «Қара жұмысшылыр одағы», Ж. Бабаев

  2. Сергиополь

  3. «Жас арбакештер одағы»

  4. Әулиеата, Мерке. Т. Рысқұлов

  5. Ақмола, С. Сейфуллин


Х. Халықаралық қатынастарға байланысты оқиғалардың хронологиясын анықта

Жауаптары

1996ж.

Тәуелсіз Мемлекеттер Одағын құру туралы шешім қабылданды.


1991ж

Кеңес әскерлерін әкету


1989ж.

Алғашқы ядролық сынақ өткізілді.



1949ж

Қазақстанның жалпыадамзаттық қауымдастыққа енуіндегі үлкен қадам Еуропамен қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің қорытынды актісіне қол қойды


1992ж

Еуропамен қауіпсіздікжәне ынтымақтастық Кеңесі өтті


1975ж

Вашава шартыенетін елдер ұйымының жұмысы тоқтатылды


1991ж

Қазақстан-Қытай арасындағы келісімдер нәтижесінде, шекараны нақтылау негізінен аяқталып, өзара келісімге қол қойылды


1999 ж

Ядролық қаруға байланысты бірлескен шаралар туралы декларация


1991 ж

Қиыр Шығыстан Қазақстанға корейлерді қоныс аудару


1938 ж


Автор
Дата добавления 23.04.2016
Раздел История
Подраздел Тесты
Просмотров230
Номер материала ДБ-049101
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх