Хабарландыру!!!
Құрметті
ұстаздар, 12.12.2015 жыл сағ 14.00- де 7-11 сыныптар арасында 16 желтоқсан
оқиғасына байланысты сыныптан тыс іс-шара өткізіледі.
Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің білімді
ұрпақтарымыз» Танымдық ойын сабағы.( ХХІ ғасыр
көшбасшысы).
Сынып жетекшілер сыныптарыңызды толық
қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз!
Семей қаласы «№4
ЖОББМ» КММ
Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің білімді
ұрпақтарымыз» Танымдық ойын сабағы.( ХХІ ғасыр
көшбасшысы).
Жауапты : Жакупова Н .К тарих пәнінің
мұғалімі
Жауапты :
Жакупова Н
.К тарих пәнінің мұғалімі
2015-2016
оқу жылы
Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтарымыз
Мақсаты:
Оқушыларды қазіргі заман талабына сай
терең білім алуға ынталандыру.
Қазіргі ғылыми білім негізінде дүние
жүзінің өркениет құндылықтармен қаруландыруға ниеттерін қалыптастыру.
Оқушылардың жан-жақты білімін дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау.
Сабақтың түрі:
Танымдық ойын сабағы.( ХХІ ғасыр көшбасшысы).
Әдіс-тәсілдері:
Сұрақ-жауап, пікірталас, ойын, көрініс.
Пәнаралық байланыс:
География, математика, қазақ әдебиеті, қазақ тілі, мемлекет және құқық.
Ойынға қатысушылар:
6 ойыншы, 6 команда, 2 жүргізуші, әділқазылар.
Сабақ барысы:
І.
Кіріспе сөзі (мұғалімнің).
І жүргізуші:
Армысыздар, қадірлі ұстаздар, оқушылар!
ІІ жүргізуші: Тәуелсіздік
бізге оңай келмеді,
Асау аттай өз тізгінін бермеді,
Қазағымның алтын басын иілтіп,
Талай дұшпан төрімізге өрледі,
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?!
Жылап тұрып, аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
Орыны ағалардың бізбен болсын
Сәбилер ағалардың жолын қусын
Бір минут үнсіздікпен еске алайық.
Әруағы ағалардың риза болсын!
(1 минут үнсіздік)
І жүргізуші:
Тәуелсіздік алып келген оң өзгерістер де мол. Тәуелсіздіктің ең басты
жетістігі- еркіндік. Еліміздің еркін өміріндегі бүгінгі табыстарының бәрі де
тәуелсіздіктің нәтижесі. Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған мектеп
оқушылары арасындағы « Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтарымыз» атты танымдық ойын сабағымызды
бастауға рұқсат етіңіздер.
ІІ жүргізуші:
Сан ғасырлар тарихынан кешегі,
Туған жердің шежіресі өседі.
Менің елім Қазақстан-Отаным,
Болашағы бізбен бірге өседі.
ХХІ ғасырдың талантты, дарынды
жастары-ойыншылармен таныстырайық. Қатысушы ойыншылармен таныстыру.(Әр топ
төсбелгілерін қорғайды және ұрандарымен айтады)
І жүргізуші:
Қарақылды қақ жарған әділ бағасын беретін әділетті әділқазылармен таныстырып
өтейік.
Білім нұрын, шуағын ұстаз шашар баршаға.
Санаға ақыл құятын «Ұстаз»деген тамаша
ағылшын пән мұғалімі- Шырын Ғалымжанқызы
Дайындалмай қалғанда, шытпас ұстаз қабағын
Көңілсіз боп барғанда, қызықтырар сабағын
.
Информатика пән мұғалімі- Гүлнұр
Қайратовна
Шәкірттерді даярлап, тік ұстар елдің
жалауын
Ақылын төгіп, сәулелі
өршітті білім алауын.
Тәрбие ісінін меңгерушісі - Айсұлу
Өркеновна
ІІ жүргізуші:
Ойынның барысына тоқталсақ, ойын 9кезеңнен тұрады.
1 кезең. «Іріктеу »
2 кезең. «Шынығу»
3 кезең. «Тарихқа терең үңілсек»
4 кезең. «Ой елегінен өткіз»
5 кезең. «Көрініс»
6 кезең. «Біліміңді көрсет»
7 кезең: Полиглот
8 кезең: «Сіз білесіз бе?»
9 кезең: «Елбасы Жолдауы» (оқушыларға
елбасы Жолдауынан үзінділер беріледі.
І жүргізуші:
Еліміздің тәуелсіздігі ата-бабаларымыздың
асқақ арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс.
Сонымен ойынымыздың І кезеңі -
Іріктеу: ( ережесін түсіндіреді). Әр топ үш сұраққа жауап береді.
1. Мұсылман болу үшін қандай парыздарды
өтеу керек?(Аллаға сену, намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру, қажылыққа бару)
2. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қандай
еңбектерін білесіндер?(«Қазақстан-2030», «Қалың елім, Қазағым», Тарих
толқында, Әділеттің ақ жолы, Бейбітшілік кіндігі, Сындарлы 10 жыл)
3. Заң шығарушы билік-(парламент)
4. Д/ж қазақтардың І құрылтайы қашан, қай
жерде болды?(Алматы 1992, 30.09)
5.Нүктеден басталатын екі түзуден құралған
фигура қалай аталады?(Бұрыш)
6. Көлемі жағынан ең кіші мұхит?
(Солтүстік мұзды мұхиты)
7. Түрік қағанатындағы ең жоғарғы билеуші
қалай аталады?(Қаған)
8. «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді басым
мақсаттардың жеті ұзақ мерзімді басымдағы қалай аталады? (кәсіби мемлекет)
9.Мұхаммед пайғамбардың анасының аты
кім?(Әмина)
10.КСРО тараған жыл?(1991)
11. Сәкен Сейфуллиннің шын аты
кім?(Сәдуақас)
12. Қазақтың тұңғыш мултьфильмі
?(Қарлығаштын құйрығы неге айыр?)
13.Қабанбайдың шын аты кім?(Ерасыл)
14. Мемлекетті көп құрлықты ата?(Африка
құрлығы, онда 55 мемлекет бар)
15. Жеті жарғы қай ханның тұсында
шықты?(Тәуке хан)
16.Ән ұранның сазы қай жылдан бері
шырқалып келеді?(1945 16-қараша)
17. Бір жылда неше күн бар?(365)
18. Мемлекеттік рәміздер қашан
қабылданды?(1992 4.06)
II жүргізуші :
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер жанартаудай жалында
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата -баба арына!
2 кезең. «Шынығу постер топтық жұмыс» сұрақ
алып соған жауап жазады корғайды .
1-жүргізуші: Өмірден
әділдікпен бақ табатын,
Құқығым қорғалды деп шаттанатын,
Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп
«Бұл біздің-Ата заң» деп мақтанатын.
Өркендеп өз қолына алған ісі,
Биікке қазағымның самға құсы!
Халық боп қадір тұтып, қастерлеген
Ата заң- Азат елдің Ар-намысы!,- дей келе
3 кезең. «Тарихқа терең үңілсек ...»
Әр топ топта әлемдік құқықта, тарихта
қалған негізгі заңдар ережелерінің аттарын дұрыс хронология бойынша тізіп жазу
, тапсырмасы беріледі. Қазақстан және дүниежүзі тарихы пәндері бойынша
Дүниежүзі бойынша: Қазақстан
бойынша:
1 Слон заңдары
1 Тәуке ханның «Жеті жарғысы»
2 Хаммурапи заңдары 2
Шыңғыс ханның «Жасасы, немесе Яса»
3 «Орыс шындығы»(Русская правда) 3 «Қасым
ханның қасқа
жолы»
4 Ману
заңдары 4 «Есім ханның ескі жолы»
5 Вавилон
заңдары 5 «Ата заң» Конституция
6 «Сали ақиқаты» 6
«Бала
құқығы туралы конвенция»
2-жүргізуші:
Атаңыз болған екен хан Абылай,
Хан-қараға сөйлеген бала едім-ай.
Ашулансам кетермін шауып алып,
Жалғыз басты төресін, білесіңбе-ай!?
1-жүргізуші:
Арманыма жетіп халқым көздеген,
Алабы да, алқабы да өзгерген.
Жасыл қалам, шын бақыттың кіндігі,
Қымбаттысың ел- жұртыңа өзгеден,- дей
келе
4 кезең.
«Ой елегінен өткіз» (фото қою керек, қалалардың фотасы )слайд
2-жүргізуші: Сол
бір сәтте бұлт торлады аспанды,
Ала таудың көзіненде жас тамды
Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді
Тәуелсіздік күресі енді басталды,- дей
келе
5 кезең. «Көрініс»
1-жүргізуші: «Тауды
биік деме сен
Талаптансаң шығарсың
Жауды мықты демесең,
Білімді болсаң шығарсың!»,- дей келе
6 кезең. «Біліміңді көрсет»
Қазақстан Республикасының елтаңбасында не
бейнеленген?
а) Шаңырақ, ұлттық өрнек, күн
б) Шұғылалы күн, қыран құс, пырақ
в) Шаңырақ, пырақ, бес бұрышты жұлдыз
2. Қ.Р Елтаңбасы қашан қабылданды?
а) 1991 жылы 16 желтоқсан
б) 1992 жылы 4 маусым
в) 1997 жылы 13 желтоқсан
3. «Сындарлы он жыл » кітабының авторы
кім?
а) М. Шаханов
б) Н. Назарбаев
в) Ә. Кекілбаев
4. 22 қыркүйекте Қ.Р қандай мереке
тойланады?
а) Республика күні
б) Қ.Р халықтарының тілдер мерекесі
в) Нашақорлыққа қарсы күрес
5. Ата заң не үшін қызмет етеді?
а) Әр адамның құқығын қорғауға,
бостандығын сақтауға
б) Дауыс беру құқығын сақтауға
в) Мемлекеттік тілді қорғауға қызмет етеді
6. Президенттің жарлығында ҚР мемлекеттік
рәміздері туралы не айтылған?
а) Білу аса қажет
б) Құрметтеуге міндетті
в) Орындауға міндетті
7. Соттар үкім шығарғанда кімге
бағынады?
а) Президентке
б) Жоғарғы сотқа
в) Заңға
8. Қазақстан халықтарының ассамблеясы
қашан құрылды?
а) 1995 жыл 1 наурыз
б) 1995 жыл 10 ақпан
в) 1994 жыл 1 наурыз
9. Қ.Р Президенттігіне кандидат қай тілді
білу керек?
а) Мемлекеттік тіл
б) Ағылшын тілі
в) Орыс тілі
10. Абылай ханның лақап аты?
а) Сабалақ
б) Әбілмәмбет
в) Әбілмансұр
11. «Ақтабан шұбырынды , Алқакөл сұлама
кезінде шыққан ән?»
а) «Елім-ай»
б) Қайран жерім
в) Отырар
12.Кенесары хан көтерілісі қай жылдары
болды?
а) 1837-1838 жж в)1835-1836жж
б) 1836-1838 жж
2-жүргізуші:
Тіл –адамзат баласына тән ғажайып құбылыс . Адамзат қоғамының аясында
халық , ұлт және оның тілі жүздеген , мыңдаған жылдар бойы қалыптасады. Қай ел
болмасын өз тілі арқылы әлемді, дүниені, құнды тағылымдарын таниды. Өз елінің
мәдениетін жасайды, өмірден түйген тағлым, тұжырымдарын келешек ұрпақтарына
жеткізеді. Тіл- ұлы қазына, баға жетпес асыл мұра, бүкіл қоғам үшін маңызды
тіршілік. Тіл тек адамзатпен ғана емес, қоғаммен, тарихпен тығыз байланысты.
7 кезең: Полиглот
1) Отан- Родина-
Mother land
2) Республика- Республика-
Republic
3)Егеменді ел- Суверенноя
страна- Sovereign countvy
4)Тәуелсіз Қазақстан- Незовисимый
Казахстан-|Independent
5)Менің елім- Мой
народ-|My people
6)Желтоқсан құрбандары- Жертвы востания-the
victim of uprising
7)Халық-
народ-nation
8) «Ән ұран»-
Гимн-anthem
9) «Елтаңба»-
Герб- coat of arms
10) «Тәуелсіздік ақ таңы»- Заря
незовисимости-dawn of independence
11) Қыран құс- Орёл-Eagle
12)Көк байрақ -
флаг-flag
1-жүргізуші:
Дүниеде болады екен қоян мықты,
Жабылып он бес жігіт әрең жықты
Сойып ем соғымға ең семезісін-ай!
Бүйрек майдан басқасы бес қапшықты
8 кезең: «Сіз білесіз бе?» (дыбыссыз, іс-қимыл
әрекетімен көрсетілетін жануарлар бейнесі) слайдта
9 кезең: «Елбасы жолдауы» (оқушыларға
елбасы жолдауынан үзінділер беріледі.
Елбасы
Жолдауы
1. Бүгінде
Қазақстан экономикасына әлемдік рыноктардағы құлдырау туындатқан бірқатар
сыртқы факторлар теріс әсерін тигізуде
2. Жаhандық
дағдарыс- ол тек қауіп қана емес, сонымен бірге жаңа мүмкіндіктер
3. Жалпы
халықтың тұрмысының , денсаулығының түзелуі , санының өсуінің нәтижесінде
қазақстандықтардың орташа өмір ұзақтығы 72 жасқа жуықтады
4. Бүгінгі
көптеген жайттар Ұлы Қазақстан жолы мен Мәңгілік Ел идеясын бастап отырған
өзімізге байланысты
5. Бізге
мемлекеттік және корпоративтік менеджментті , қаржы және фискалдық секторларды
неғұрлым тереңірек реформалау мейлінше қажет
6. Әлемдік
экономикадағы жағдай мынадай , дағдарысты жағдайларда алға қойған мақсаттарға
қосымша қаржы ресурстарынсыз қол жеткізу айтарлықтай күрделі.
2-жүргізуші:
Рухы биік, еңбегі ерен,
бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын
желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің
тірегіміз-тәуелсіздік, тілегіміз- тұрақтылық, білегіміз- бірлік! Мен халқыма
сенемін. Көк байрағымыздағы алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып, асқар
биіктерден көрінсін! Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көк
байрағы әрдайым биікте желбіресін!
Алға Қазақстан!,- деген
болатын Н.Ә.Назарбаев өз жолдауларының бірінде.
1-жүргізуші:
Бүгінгі
кешке келгендеріңізге шексіз алғысымызды айтамыз! Қатысушыларға да сайысқа
белсене ат салысқандарына үшін алғыс айтамыз!
Келесі кездескенше, аман
сауболыныздар!!!
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.