Инфоурок / История / Научные работы / Қазақстан тарихы пәнінен "Зар заманның зұлмат зұлымдығы" тақырыбына ғылыми жұмыс
Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение на курсах повышения квалификации прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40%. По окончании курсов Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Открыт приём заявок на новые курсы повышения квалификации:

- «Профилактическая работа в ОО по выявлению троллинга, моббинга и буллинга среди подростков» (108 часов)

- «Психодиагностика в образовательных организациях с учетом реализации ФГОС» (72 часа)

- «Укрепление здоровья детей дошкольного возраста как ценностный приоритет воспитательно-образовательной работы ДОО» (108 часов)

- «Профориентация школьников: психология и выбор профессии» (108 часов)

- «Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе» (72 часа)

- «Патриотическое воспитание дошкольников в системе работы педагога дошкольной образовательной организации» (108 часов)

- «Психолого-педагогическое сопровождение детей с синдромом дефицита внимания и гиперактивности (СДВГ)» (72 часа)

- «Использование активных методов обучения в ВУЗе в условиях реализации ФГОС» (108 часов)

- «Специфика преподавания русского языка как иностранного» (108 часов)

- «Экологическое образование детей дошкольного возраста: развитие кругозора и опытно-исследовательская деятельность в рамках реализации ФГОС ДО» (108 часов)

- «Простые машины и механизмы: организация работы ДОУ с помощью образовательных конструкторов» (36 часов)

- «Федеральный государственный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку» (72 часа)

- «Организация маркетинга в туризме» (72 часа)

Также представляем Вашему вниманию новый курс переподготовки «Организация тренерской деятельности по физической культуре и спорту» (300/600 часов, присваиваемая квалификация: Тренер-преподаватель).

Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Қазақстан тарихы пәнінен "Зар заманның зұлмат зұлымдығы" тақырыбына ғылыми жұмыс

библиотека
материалов

Абстракт

Зерттеу жұмысының мақсаты – өркениетті қоғамға қадам басқан тұрған ел үшін басынан өткен ауыр нәубет жылдарының оқиғаларынан сабақ алу. Қазақстанның өткен тарихындағы нәубетті кезеңдерге ойша сапар шегу. Зерттеу жұмысының міндеттері – сталиндік қуғын-сүргіндер тарихының басты кезеңдерін көрсете отырып, өткен тарих куәсі – жәдігерлерді сақтау. Зерттеу жаңалығы – саяси қуғын сүргінге ұшыраған құрбандардың, сол замандағы ұлы нәубетті көргендердің өмірде тартқан тауқыметтеріне көңіл бөлдім. Жұмыстың қорытындысы: 1920-30 жылдардың тарихына үңіліп жинаған зерттеулерім қазақ елінің болашағы, яғни жастардың сана-сезімінде намыс пен қанағатшылдықты оятады деп ойлаймын. Тәжірибеде қолдану аясы - осы зерттеулерді қолдана отырып, қішілерге тарихтың өшпес парағы екендігін дәлелдеп, ауыл қала ішінде насихаттау жұмыстарын жүргізу керек деп ойлаймын.

































Абстракт

Цель исследовательской работы - путешествие в годы репрессии Казахстана и получить урок от происшествии тех лет. Задача исследовательской работы – сохранение памятников тех лет, уакзывая на главные исторические периоды Сталинской репрессии Новизна исследовательской работы – обратить внимание на жизненные тяготы и трудности свидетили и жертв тех лет. Итог исследовательской работы – думаю6 что собранные материалы и сведения из истории 1920-1930-х годов побуждает воспитывает и развивает у молодежи чувства гордости за свою нацию и патриотизм. Применение на практике - используя данные из этой исследов работы, думаю надо провести пропаганду среди жителей городов и сел, среди молодежи, о тех скробных годах как о негосимых сраницах истории Казахстан

































Кіріспе

Тоталитарлық режимнің қылмыстарын әшкерелеу бүгінгі күннің зәру қажеттілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің «1997 жылды жалпыұлттық келісім мен саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу жылы етіп жариялау туралы» жарлығы осыған шақырады. Оны іске асыру тарихи әділдікті толығымен қалпына келтіруге, демек, республикада қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға сеп болары анық. Қазақстанда тоталитарлық жүйенің орнығуы 1928 жылдан Кеңес өкіметінің басшылығына келген И. Сталин 1929 жылды «ұлы бетбұрыс» жылы деп атады. 30-жылдардың басында сталиндік аппарат «миды шаюдың» неше түрлі әдістеріне кірісе бастады. Бұл мақсат үшін радио, газеттер, өнердің кез келген түрі белсенді түрде пайдаланылды. Сталиндік кезеңдегі жаппай саяси қуғын-сүргін елге үлкен нәубет әкелді. НКВД және Гулаг қапастарында ешқандай жазығы жоқ миллиондаған адамдар опат болды. Оның үстіне көптеген халықтар менэтникалық топтардың өкілдері режимнің қыспағымен туған жерлерінен қуылып, солардың бір бөлігі жер аудару кезіндегі адамгершілікке жатпайтын жағдайлардың салдарынан қаза тапты. Кеңес мемлекетінің жазалауға арналған жүйесінің тарихындағы, осы уақытқа дейін лайықты түрде зерттелмеген қасіретті парағын КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің 1930 жылғы 7 сәуірдегі «Еңбекпен түзеу лагерлері туралы» Ережені бекіту жөніндегі қаулысы ашады. Осы қаулыны қабылдау әміршілдік-төрешілдік басқару әдісін бекітумен, соның ішінде елдің қоғамдық-саяси және халық шаруашылығы тыныс-тіршілігінің барлық салаларында қисынсыз қуғын-сүргін тетігін кеңінен пайдаланумен сабақтасады. Шаруалар, әсіресе қазақ шаруалары өте қиын жағдайда душар болды. Дәстүрлі қалыптасқан өмір салтын түбегейлі өзгерту, күштеп ұжымдастыру, ауыл шаруашылығы өнімін дайындаудың мемлекеттік саясаты аштықтан бұратылып, өлуге шақ тұрған оларды Кеңес өкіметіне ұйымдасқан түрде наразылық білдірудің жолына итермеледі. [1] Бұқара халықтың қоғамдық санасын, біріншіден, ең алдымен интеллектуалдарды нысанға алып жою жолымен, екіншіден, бүкіл майдан бойынша кең ауқымдағы идеологиялық шабулдың көмегімен улауға қол жеткізді. ХХ ғасырдың бас кезінде қалыптасқан қазақ инттелегенциясының бетке шығарлары патшалық режим тұсында-ақ қуғын-сүргінге ұшырады. Революция және азаматтық қарсы тұру кезеңінде қазақ интеллегенциясы, оның ең озық бөлігі баррикадалардан тыс қалды, кейінірек, 20-жылдарда оның көптеген өкілдері Ф.И. Голощекинге, оның әлеуметтік эксперименттеріне батыл қарсы шығып, содан ең бірінші болып қуғын-сүргінге ұшырады. Заңсыздық пен озбырлыққа қарсы бас көтеруде санаулы адамдардың ғана батылы жеткені жоғарыда айтылды. Номенклатуралық интеллегенцияның үлкен бөлігі, өздері сеніммен және шындықпен қызмет еткен жүйенің аманаттарына айналды. Сайып келгенде Ақпан және Қазан төңкерістері кезінде баррикадалардың әр түрлі жақтарында болған саны аз қазақ интеллегенциясы бірдей ауыртпашылыққа ұшырады. Біз бүгінгі күні осы фактыны тануымыз, қайта пайымдауымыз және 20-шы жылдардың соңы мен 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің тарихына арналған зерттеулерде оларды жаңаша көрсетуіміз керек. Теңге кентінің тұрғыны 92 жастағы Аманбаева Науша әжейдің сұхбатында:«Мен қазір тоқсанның екеуіндемін. Ал енді сол бір сегіз жасымда өзім және мен сияқтылар басынан кешкен, бүкіл елді есінен тандырып, халықты – қалың қазақты зар еңіреткен, атаны баладан, баланы анадан, ініні-ағадан жаппай айырып, неше миллион адамды – жасы бар, кәрісі бар бәрі де тек қана қазақтар – Қазақстанда 1931,1932,1933 жылдары, яғни үш жыл қатарынан болған жаппай ашаршылық соның салдарынан қазақтардың батыстада, шығыста да топалаң тиген қойдан бетер қырылғаны, солардың қалың ортасында 8 жастағы өзімнің болғаным, сол көп қырғынның ішінен әлдеқалай тірі болғаным есіме түсіп жанды сурет болып елес береді. Жетімдіктің тас кепешін қайтадан әркімнің үйінің есігінде босағасын сығалап кім көргеннің үйінде күлін шығардым, су тасыдым, тезек тердім.«Жетім бала ерте есейеді» деген рас білем: үй ақтап, ауыл аралап күн көріс қылған менің сол кездегі күнім кешегідей әлі жадымда.Осының алдындағы бір есімде қалғаны: 1931 жылы ашаршылық әсіресе Айбүйір жағында қатты болды. Ол жақтың адамдары - кілең ғана қазақтар: «Өзіміз өлсек те, балаларымыз аман қалсын» деп ұл-қыздарын көрінген үйге тастап кетіп жатты».Жоғарыда айтқандарым менің сегіз жасар жетімектің – сол жылдары өз басымнан кешкендерім, өз көзіммен көрген сұмдықтарым сонша жылдардан кейін есімде қалғандары ғана... Сол кездегі біздің ауыл сияқты қазақтың мыңдаған ауылдарында не болғанын бір құдайдан басқа ешкім білмейді, ешқандай дерек сақталмаған. Сталиндік режимнің өз халқына қарсы қуғын-сүргін әрекеті кейінгі жылдарда да жалғасты. Әсіресе ол негізсіз қудалауға түскен халықтарды туған елінен күштеп көшіру барысында көрінді. Соғыс қарсаңында және соғыс жылдарында Қазақстанға корейлердің, ингуштардың, балқарлардың, қарашайлардың, қырым татарларының, түрік месхитендерінің, қарайымдардың, болгарлардың, гректердің және де т.б.күшпен көшірілгені белгілі. Осындай күшпен көшірілгендерінің жалпы саны 900 мыңға жуық адамға жетті. [2]









Зерттеу бөлімі

І бөлім.Саяси қуғын-сүргіннің басталуы

Қазақстанда тоталитарлық жүйенің орнығуы. 1928 жылдан Кеңесөкіметінің басшылығына келген И. Сталин 1929 жылды «ұлы бетұрыс» жылы деп атады. 30-жылдардың басында сталиндік аппарат «миды шаюдың» неше түрлі әдістеріне кіре бастады. Бұл мақсат үшін радио, газеттер, өнердің кез келген түрі белсенді түрде пайданылды. Барлық жерде еліктеуге болатын өзіндік «шамшырақтар» жасала бастады. Мысалы, жастарды Қиыр Шығысқа аттандыруға комсомол мүшесі Хетагурованың бастамасы, шахталардағы еңбек өнімділігін арттыруда Алексей стахановтың т.б. есімі шебер пайдаланылды. «Ми шаюдың» шектен шыққан түрі қаза тапқан оралдық пионер Павлик Морозовтың есімін пайдалану болды. Идеологиялыққызметкерлердің қолымен өгей әкесін ұстап берген Павлик Морозовтың жалған бейнесі жасалды. Бұл жағадайда сталиндік насихат адамдарды сөз жеткізу мен ұстап беруге ашық итермеледі, оларды жалған қырағылыққа шақырды. Болуы мүмкін әр түрлі жаулардың тіміскі әрекеттерден сақтандыруға шақырған плакаттар барлық жерде ілулі тұрды. Әркімнің жеке өміріндегі кез келген факті немесе абайсызда айтылған сөз жұмысшылар, студенттер мен оқушылардың жалпы жиналыстарының басты талқылайтын мәселесіне айналды. Елде адамдардың бір-біріне деген сенімсіздігінің, қорқыныш пен қорғансыздығының ауыр жағдайы орнады. Сталиндік кезеңдегі жаппай саяси қуғын-сүргін елге үлкен нәубет әкелді. НКВД және Гулаг қапастарында ешқандай жазығы жоқ миллиондаған адамдар опат болды. Оның үстінде оның үстінде көптеген халықтар мен этникалық топтардың өкілдері режимнің қыспағымен туған жерлерінен қуылып, солардың бір бөлігі басқа аймақтарға жер аударылса, ал енді бір бөлігі жер аудару кезіндегі адамгершілікке жатпайтын жағдайлардың салдарынан қаза тапты[3]. Тоталитарлық режимнің күшейуіне қарай ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушыларға, сондай-ақ Ресей империясының шет аймақтарына төңкеріс кезінде үгіт жүргізген саяси партияларға қарсы қуғын сүргін саясаты да өрши түсті. Осы саясат КСРО-ның бүкіл билік құрған кезінде БК (б) П КОКП іс-әрекеттері бағдарламасының арқауы болды. Ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушыларды және осы идеяны таратушыларды қудалау одан әрі Кеңес мемлекеттік тыныс-тіршілігінің ажырамас бөлігіне айналды. Ол әсіресе РК (б) ПОК-нің ұлттық республикалар мен облыстардың жауапты қызметкерлерінің қатысуымен 1923 жылы Мәскеуде өткен ІҮ кеңесінен кейін қатаң сипат алды. Қеңеске қатысушылар большевиктердің ұлттық саясатына қарсылардың және ең бастысы, «жергілікті кадрларлың» «ұлтшылдық» көзқарасын, сондай-ақ КСРО Түркі халықтарының конференциясын құру жөніндегі жымысқы идеялардың қателіктерін айыптауға баса назар аударды. Республикада «Кіші Қазанды» жүпгіземін деп, теориялық саяздығын танытып, авантюристік жолға түскен Ф.И. Голощекин бастаған өлкелік партия комитеті қазақ кеңес интеллегенциясының, оның ішінде алаш қозғалысына бұрын қатысқан, азаттық революция ісіне адалдық көрсеткен адамдардың шығармашылық потенциалын толық пайдалана алмады, оларды қуғын-сүргінге салып, тағдырларын тәлкекке салды. Голощекиншілдіктің республикадағы рухани дамуға да тигізген зияны сорақы. Жаңа жолмен дамудың негіздерін өрістеткен, жаңа тұрмысқа айырықша құлшыныспен қол созған халқымыздың интеллегенциясы, ең алдымен сергелдеңге түсті. Бас көтерер азаматтардың бәрі қуғын-сүргінге ұшаратылды [4].







































2 бөлім. 2.1. Қазақстандағы «үлкен террор»

Кеңестік тоталитарлық үстемдік пен оның жүйесі халықтың санасын одан сайын бұрмалап, адастырып жіберді. Біреудің сыртынан сөз тасуға орын берді. Қолдарына қамшы ұстаған патша шабармандарының орынына шолақ белсенділер, кедейлер комитетінің мүшелері және сол тектес қайраткерлер пайда болды. Мылтықты адам заманның бас тұлғасына айналды. Жұрт ешкімге сенбестен, іштей тынды. Бұкара халықтың қоғамдық санасын, біріншіден, ең алдымен интеллектуалдарды нысанға алып жою жолымен, екіншіден, бүкіл майдан бойынша кең ауқымдағы идеологиялық шабуылдың көмегімен улауға қол жеткізді. ХХ ғасырдың бас кезінде қалыптасқан қазақ интеллегенциясынның бетке шығарлары патшалық режим тұсында ақ қуғын сүргінге ұшырады. Революция және азаматтық қарсы тұру кезеңінде қазак интеллегенциясы, оның ең озық бөлігі баррикадалардан тыс қалды, кейінірек, 20 жылдарда оның көптеген өкілдері Ф.И. Голощекинге, оның әлеуметтік эксперименттеріне батыл қарсы шығып, содан ең бірінші болып қуғын сүргінге ұшырады.[5]. Біз, тоталитаризм туралы әңгіме қозғағанда, әрқашан голощекиншілік тақырыбы туындайды. Бұл орайда голокиншілік істің мәні бойынша сталинизмнің қазақстандық болмысы негізіндегі түрленімі екеніне жеткілікті назар аударыла бермейді. Осы дарақы саясаттың экономикалық саладағы нәтижесі ашаршылық, мал басын жаппай дерлік құрту, қауымды ыдырату еді. Идеолгиялық тұрғыда бұл елде тоталитаримзмді орнату, барлық салада әміршілік торешілік басқару әдісіне көшу, мәдени революцияны тұқырту, әдебиет пен өнер қайраткерлерін қудалау және жазалау болатын. Саяси салада аймақтық көсемшілдік практиканы, якобиндік диктатураны тану еді. Партия құрылысы саласында әкімшлік әміршілік басқару тәсілдерінің жақтаушысы ауыл коммунисін қалыптастыруды тездету, өмірде жоқ ұлтшылдық блоктарды, топтар мен астыртын антисоветтік ұйымдарды ойдан шығару, жалған айдар тағу арқылы мамандарға соққы беру, республикада коммунистердің шынайы ұйымшылдығы мен ауызбіршірлігінің жоқ екенін айыптау, әдетте ұлтшыл деп кінә тағылатын қазақ коммунистеріне қатысты күдікшілдікті қоздыру болды.[6]. Республиканың партия және кеңес басшы қызметкерлері түгелге жуық қуғын-сүргінге ұшырады. 1937-1938 жылдарда жазаланған национал-фашистер аталатындардың істері айғақтағандай, Н.И. Ежов пен оның жандайшаптары оларға жала жабуда пәлендей бас қатырмады. Түрлі топтарға қатысқандардың,ұлтжанды азаматтардың бұрынғы істері көтерілді, солардың қатарына кезінде республиканыңмүдделерін қорғаған, қазақ халқының 1931-1933 жылдары жаппай қырылуына ашық наразылық білдірген адамдар да жатқызылды. Маңызын асырып көрсету үшін РКФСР ХКК Төрағасының орынбасары Н.Нұрмақов,Қазақ КСР ОАК төрағасы Ұ.Құлымбетов бастаған Национал фашистердің Қазақстанды КСРО-дан бөлуге және оны Жапонияның протекторатына беруге әрекет жасағандар туралы болжам ойдан щығарылды және оларға жапон-герман тыңшылары деген жала жабылды. Тағылған айыптардың ақылға қонбайтының көпе-көрнеу еді, бірақ бұл осындай істерді таңған қара ниеттілерді титтей де шіміркендірген жоқ. Осы стандартты айыптаулар республиканың барлық басшы қызметкерлеріне және мәдениет қайраткерлеріне түгелдей дерлік таңылды, бұл Қазақстандағы қуғын-сүргіннің өзіндік ерекшелігін сипаттайды. Мәселен, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллинге мына тұрғыда айып тағылды: Қазақ КСР НКВД МҚБ-сы кеңінен тарамданған антисоветтік ұлтшыл,террорлық-көтеріліс, тыңшылық-диверсиялық пиғылдағы ұйымды әшкереледі. Осы ұйымның қойған міндеті – Кеңес өкіметін құлату, Қазақстанды қарулы күшпен КСРО-дан ажырату және Жапонияның қамқорлығымен Қазақ буржуазиялық мемлектін құру болды.Осы мақсаттарды антисоветтік ұлтшыл ұйым өнеркәсіппен ауыл шаруашылығында диверсиялық (қаскүнемдік) –зиянкестік жұмыс жүргізіп,қарулы көтеріліс дайындады,оны КСРО-ға қарсы шетелдік соғыс интервенциясына орайластырды,сондай-ақ олар БК (б) П және Кеңес өкіметінің басшыларына қарсы террор жасауды көздеген.Антисоветтік ұлтшыл ұйым өзінің астыртын аудандық және облыстық филиалдарын құру,оларға Контрреволюциялық ұлтшыл кадрларды, алашордашыларды, бұрынғы жендеттерді (жазалаушыларды), басмашыларды көтеріліс қозғалыстарына белсенді қатысушыларды, молдаларды, байларды және басқа да антисоветтік элементтерді тарту бойынша жұмысты кеңінен өрістеткен. Осы ұйымның Рысқұлов, Нұрмақов, Қожанов және Құлымбетов бастаған басқару орталығы Кеңес мемлекетіне қарсы күресті кеңейту мен күштей мақсатында троицкшілерді –халық жаулары Троицкиймен, Зиноьевпен және басқаларымен, Бухаринмен Рыков бастаған оңшылдардың контрреволюциялық ұйымның орталығымен саяси және ұйымдық одақ (блок) орнатқан. Осы мақсатта Қазақстандағы антисоветтік ұлтшыл ұйым Кеңес Одағының басқа Республикаларындағы өзіне ұқсас ұйымдарымен ұйымдастыру – саяси байланыстар жасалған. Келісілген одақтың негізгі осы аталған барлық антисоветтік ұйымдардың ортақ негізгі міндеті ретінде Кеңес өкіметін құлату және КСРО – да капитализмді, сондай – ақ сатқындық жұмыстың тәсілдері – көтерілісті, жеке террорды, тыңшылықты, диверсия (қаскүнемдік) мен зиянкесті жаңғырту деп білді. Қазақстандағы антикеңестік ұлтшыл ұйым контрреволюцмялық опасыздық жасау мақсаттарында герман және жапон фашистік үкіметтерінің барлау ұйымдарымен байланыс орнатқан, солардың тікелей тапсырмасымен және нұсқауымен тыңшылық жұмыс жүргізген. Атап айтқанда, жоғарыда аталған ұйым жапон-герман агенттерімен, ақ эмигранттар-Мұстафа Шоқаймен және Райымжан Мәрсековпен тыңшылық байланыс орнатқан. Осы ұйымның белсенді қатысушыларының бірі айыпталушы, жазушы Сәкен Сейфуллин болды. Тергеу анықтағандай, С. Сейфуллин БК (б) П мен және Кеңес өкіметімен контрреволюциялық күреске 1922 жылы, кейін өзінің есімімен аталған контрреволюциялық ұлтшыл топтың ұйымдастырушысы және басшысы болған кезде кіріскен. Сейфулиннің өзінің мойындауынша, осы топ контрреволюциялық буржуазиялық-ұлтшылдық идеялары негізінде құрылып, коммунистік партия мен Кеңес өкіметіне күрес жүргізген. С.Сейфуллин былай деп көрсетті:1922 жылдан бұл жасырын түрде Тройцкийдің контрреволюциялық бағдарламасын жақтап Тройцкийді насихаттау мақсатында баспасөзде мақалалар, жарияланған оған өзінің шығармаларын арнаған және ұлтшылдардың арасында тройцкийшілдік үгіт жүргізген. 1928 жылы Кеңес өкіметіне қарсы контрреволюциялық күрес жүргізу үшін ұлтшыл топтардың бірігуі кезінде, Қожановтың жорамалы бойынша С.Сейфуллин антисоветтік ұлтшыл ұйымға кіріп, оның көшбасшысы болған. Өз кезінде Қожанов, кейіннен Нұрмақов пен Тоғжанов Сейфуллинге Кеңес өкіметіне қарсы күресудің лаңкестік, зиянкестік және ашық түрде көтеріліске шақыру сияқты әдіс-амалдарын үйреткен. 1937-1938 жылдарда осындай айыптаулардың негізінде Қазақстанның барлық көрнекі мемлекет және қоғам қайраткерлері-Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, С.Қожанов, О.Исаев, О.Жандосов, А.Досов, А.Асылбеков, Ж.Сәдуақасов, С.Сафарбеков, Ж.Сұлтанбеков, Т.Жүргенов, Н.Сырғанбеков, З.Төреғожин, С.Сегізбаев, С.Есқалиев, А.Кенжин және басқалары да жазаға тартылды. Қазақстанның ғылымы мен мәдениеті де орны толмас шығынға ұшырады. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Асфендияров, М.Жолдыбаев, Қ.Жұбанов, Ж.Шанин, Т.Шонанов, Қ.Кемеңгеров және т.б. қуғын сүргіннің құрбандары болды.[6] Оғаш болса да факт, кезінде Кеңес үкіметін орнатуға қатысқандар да қуғын-сүргінге ұшырады. Бұл орайда Кеңес өкіметін орнатуға және Азамат соғысына белсенді қатысқан, ұжымдастыру жылдарында ҚазАткомында хатшы болған Абдолла Асылбековтың «мойындаулары» назар аударуға тұрарлық. Заңсыздық пен озбырлыққа қарсы бас көтеруге санаулы адамдардың ғана батылы жеткені жоғарыда айтылды. Номенклатуралық интеллегенцияның үлкен бөлігі, өздері сеніммен және шындықпен қызмет еткен жүйенің аманаттарына айналды. Сайып келгенде Ақпан және Қазан төңкерістері кезінде баррикадалардың әртүрлі жақтарында болған саны аз қазақ интеллегенциясы бірдей ауыртпашылыққа ұшырады. Біз бүгінгі күні осы фактыны тануымыз, қайта пайымдауымыз және 20-шы жылдардың соңы мен 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің тарихына арналған зерттеулерде оларды жаңаша көрсетуіміз керек. Сталиндік режимнің өз халқына қарсы қуғын-сүргін әрекеті кейінгі жылдардыа да жалғасты. Әсіресе бұл негізсіз қудалауға түскен халықтарды туған елінен күщтеп көшіру барысында көрінді. Соғыс қарсаңында және соғыс жылдарында Қазақстанғакорейлердің,күрдтердің,ирандықтардың,немістердің,қалмақтардың,шешендердің, ингуштардың, балқарлардың, қарашайлардың,қырым татарларының,түрік-месхетиндерінің, қарайымдарының,болгарлардың,гректердің және де т.б. күшпен көшірілгені белгілі.Осындай күщпен көшірілгендердің жалпы саны 900 мыңға жуық адамға жетті. Мәдениет тарихнамасының тағы бір күрделі мәселесі – ол ұрпақ жалғастығын зерттеу.Ол ғасырдан ғасырға созылған халық мәдениетінің ұрпақтары арқылы байланысы диалектикасын ашу, мәдениет бәйтерегінің тамырларын,талшықтарын талдау.Ол үшін мәдени қайраткерлердің өз заманына сай, бұрынғы ұрпақпен салыстырғанда берген үлесін жан-жақты көрсетіп,баға беруде деп білемін.Олардың ешқайсысына айдар салмайц, бетіне күйе жақпай, байыбына барып, парасатпен зерттеуге үйренуіміз керек. Міне осындай мәдениет қайраткерлерінің үлесінен халық қазынасы,мәдени мұрасы, өркениет қазынасы. Кейінгі жылдарда Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі “Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы” Заңын іске асыруда Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғалымдары үлкен жұмыс атқарды. Әділет тарихи оқу-ағарту қоғамының басқармасы белсенділерімен бірге және республика ҰҚК басшылығының белсенді қолдауымен ғылыми конференциялар мен семинарлар өткізіліп, сталиндік кезеңнің жаппай қуғын-сүргін құрбандарының тізімі алынды. 1995 жылы ақпанда “Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру және саяси қуғын-сүргін” тақырыбына ғылыми-практикалық конференция өткізілді. 1996 жылы қазанда конференцияның материалдары мен саяси қуғын-сүргін құрбандарының естеліктері “Народ не безмолвствует”(“Халық үнсіз қалмайды”) деген атпен жеке кітап болып шықты. 1996 жылы қарашада «Книга скроби» («Азалы кітап») жинағының бірінші» томы жарық көрді, оған Алматы қаласында және Алматы облысында жазықсыз алтылған қуғын-сүргін құрбандарының тізімі енген. Назар аударуға тұратын бір проблема – ұжымдастыру мен ашаршылыққа қарсы шаруалар көтерілістеріне қатысушыларға қатысты әділдікті қалпына келтіру. Жазаланғандардың тізімдерінде осы көтерілістерге қатысқандары үшін сотталған және атылған қөп адамдардың есімдері көбіне айтылмайды.Солардың арасында негізсіз жазаланған, ақталуы және арнайы тізімдерге енгізілуі тиіс адамдар өте көп.[7].









2.2. Саяси қуғын-сүргіннің Маңғыстауға әсері

Қазіргі кезде ХХ ғасырдың 20-40 жылдары Маңғыстау өңірінен 950 ден астам адам саяси қуғын-сүргінге ұшырағаны белгілі болып отыр. Олардың бәрі халық жауы ретінде сотталған, ең жоғарғы жазадан бастап туған өлкесінен алыс жер аударылуға дейінгі әр түрлі үкім шығарылған. 100 ден астам адам өлім жазасына, ондаған адамды 20 және 25 жылға, 150 дей адам 10 жыл мерзімге лагерьге айдалды. Қалғандары 8,6,3,2 жылдарға сотталып, жер аударылды. Ең жоғарғы жазаға кесіліп, сотталғандардың тең жартысына жуығы колхозшылар, жерді өңдеу жөніндегі серіктестіктің мүшелері (ЖӨЖС) болса, ал қалғандары партия және Кеңес қайраткерлері, дайындаушылар және сауда қызметкерлері, діни қызметкерлер еді. Әр кезеңде қуғындауға ұшыраңан 950 адамның көпшілігі қайтыс болғаннан кейін ғана ақталды. Негізінде, репрессияға ұшыраған құрбандардың саны одан да көп болды... Репрессияны жүргізу үшін арнайы орган – мемлекеттік саясат басқармасы (МСБ) құрылып, жергілікті жерлерде оның бөлімдері, өкілдері жұмыс істеді. Соттан тыс, бірақ заңдастырылған «үштіктер», «екіліктер», «бестіктер» адамдарды өлім жазасына кесіп, концлагерге айдап, оларды туған жерінен тіпі, кеңес қоғамынан аластап тастады. Фактілер, жанама дәлелдер мен сол кезеңнің қайғы-қасіретке толы оқиғаларына куәгерлердің естеліктеріне сүйенген тарихшылардың айтуынша, 1921 жылдан 1953 жылға дейін бүкіл Кеңестер елінде жазалау шараларына бірнеше миллион адам ұшыраған. Ал, олардың тең жартысы қарапайым шаруалар еді.Аймақтың оқшаулығына, тұрғындар санының аздығына, олардың арасындағы сауаттылықтың төмендігіне қарамастан Маңғыстау жазалау шарасынан шет қалмады. Күштеп ұжымдастырумен, салықтың шамадан тыс болуынан Маңғыстаулықтар өздерінің туған жерін тастап, Қазақстаннан тыс жерлерге көшуге мәжбүр болды. Олардың ішінен жүздеген адам жолдағы аштыққа және суыққа шыдай алмай қаза тапты. Ал оларды репрессияның құрбаны емес деп кім айтады? Біздің өлкенің қарттары: «20-жылдардың аяқ кездерінде Маңғыстауда орташалар деп аталатын, яғни 10-20 бас малы бар шаруалар қатты зардап шеккен еді», деп еске алатын. Мал қазақ отбасының бірден бір тіршілік көзі. Ол кезде түбекте еңбек етіп, бір тілім нан жеудің өзі қиын болатын. Өйткені, онда еңбек етерлік кәсіпорын, зауыт жоқ тұғын. Колхоз құру алдында осы орташалардың бір қатары «халық жауы» деп қамауға алынды. Олардың қолындағы бар дүниелерін тартып алды.... Облыстың мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері соңғы бірнеше жыл ішінде Маңғыстауда 20-40 шы жылдары болған саяси қуғын-сүргін туралы құжаттарды табумен белсенді айналысып келеді. Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК басқармасы ведомствалық мұрағаты, Атырау облысының мемлекеттік мұрағаты сондай-ақ ҚР ОММ-ның құжаттары зерттелді. Саяси қуғын-сүргін тақырыбына жүздеген құжаттардың негізінде үлкен және шағын нысандағы ондаған жариялым еңбектері дайындалды. Мұрағат қызметкерлерінен бірінші болып бұқаралық ақпарат құралдарында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған 206 маңғыстаулықтың тізімі жарияланды. Сондай-ақ ол материалдар 1998 жылы жарық көрген «Азалы кітапқа» да енді.[8]. Осы арада мен Теңге ауылындағы 92 жастағы Аманбаева Науша әжеймен сұхбаттасқан мәліметімді ұсынамын. «Мен қазір тоқсанның екеуіндемін. Ал енді сол бір сегіз жасымда өзім және мен сияқтылар басынан кешкен, бүкіл елді есінен тандырып, халықты – қалың қазақты зар еңіреткен, атаны баладан, баланы анадан, ініні-ағадан жаппай айырып, неше миллион адамды – жасы бар, кәрісі бар бәрі де тек қана қазақтар – Қазақстанда 1931,1932,1933 жылдары, яғни үш жыл қатарынан болған жаппай ашаршылық соның салдарынан қазақтардың батыстада, шығыста да топалаң тиген қойдан бетер қырылғаны, солардың қалың ортасында 8 жастағы өзімнің болғаным, сол көп қырғынның ішінен әлдеқалай тірі болғаным есіме түсіп жанды сурет болып елес береді. Жетімдіктің тас кепешін қайтадан әркімнің үйінің есігінде босағасын сығалап кім көргеннің үйінде күлін шығардым, су тасыдым, тезек тердім. «Жетім бала ерте есейеді» деген рас білем: үй ақтап, ауыл аралап күн көріс қылған менің сол кездегі күнім кешегідей әлі жадымда. Осының алдындағы бір есімде қалғаны: 1931 жылы ашаршылық әсіресе Айбүйір жағында қатты болды. Ол жақтың адамдары - кілең ғана қазақтар: «Өзіміз өлсек те, балаларымыз аман қалсын» деп ұл-қыздарын көрінген үйге тастап кетіп жатты. Жоғарыда айтқандарым менің сегіз жасар жетімектің – сол жылдары өз басымнан кешкендерім, өз көзіммен көрген сұмдықтарым сонша жылдардан кейін есімде қалғандары ғана... сол кездегі біздің ауыл сияқты қазақтың мыңдаған ауылдарында не болғанын бір құдайдан басқа ешкім білмейді, ешқандай дерек сақталмаған». Науша әжейдің әкесі Арапбайдың Шекпені мен бөркі 9-суретте көрсетілген. Өткілбаева Бибайхан Ахметқызы Маңғыстау поселкесі Ұланақ жерінде дүниеге келген. Жастайынан әкесі әскерге алынғаннан соң баланың үлкені ретінде анасына көмектескен. «Жаужұмырды отқа қақтап жеп, ашшеңгетті тұщы ауызға салғанда түбі қурайға ұқсап, түбі тамыр болып шығады екен. Елді Хрущев басқарғаннан соң біртіндеп жағдай жақсарды. 1942 жылы әкем қайтыс болды деген қара қағаз келді. Исаберген Ахмет 39-40 немістің көзін жойды деген мәлімет «Ленин жолы» газетіне шықты» - деп өткен күндерінің естелігімен бөлісті.





hello_html_m247348ff.jpghello_html_md4c7913.jpg

1-сурет 2-сурет

hello_html_2513b974.jpghello_html_3d0ab7e4.jpg

3-сурет 4-сурет

hello_html_m3e6275ab.jpghello_html_m7476543a.jpg

5-сурет 6-сурет



hello_html_m32985c67.jpghello_html_25f86be.jpg

7-сурет 8-сурет





hello_html_m29256a4e.jpg

9-сурет












Қорытынды

Қазақ даласында ғасырлар бойы қалыптасқан шаруашылықтың жәстүрлі мәдениетін күйреткен ХХ ғасырдың 20-30 жылдары – Қазақстан тарихының күрделі беттерінің бірі. Осы ақтаңдақ беттердің ақиқатын ашуға Қазақстан Орталық Комитеті мен Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1928 жылғы 27-тамыздағы «Бай шаруашылықтарын тәркілеу туралы», 1928 жылғы 13-қыркүйектегі «Аса ірі және жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аударуғаға қарсы әрекет жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы» және 1930 жылғы 19-ақпандағы «Жаппай ұжымдастыру аудандарда ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құруды нығайту жөніндегі және кулактар мен байларға қарсы жөніндегі шаралар туралы» қаулыларын зерттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы комиссиясының қорытындылары және «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын анықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жол ашып берді. Өткен ғасырдың 80-жылдарының соңына дейін аталған кезеңнің тек күнгей жақтары зерттеліп, ұсынылып келді. Яғни, көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын зорлап, отырықшылыққа көшіріп, күштеп ұжымдастырып босқыншылыққа ұшыратқан тоталитарлық режимге көлеңке түсірмейтін еңбектер ғана дүниеге келген. Қазақ халқы біз зерттеп отырған жылдары орасан зор адам шығынына ұшырады. Егер де мұншалықты адам шығынына ұшырады. Егер де мұншалықты адам шығыны болмаса, бүгінгі күні қазақ өз жерінде азшылық болмас еді. Тоталитарлық режимнің қылмыстарын әшкерелеу бүгінгі күнің зәру қажеттілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің «1997 жылды жалпыұлттық келісім мен саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу жылы етіп жариялау туралы» жарлығы осыған шақырады. Оны іске асыру тарихи әділдікті толығымен қалпына келтіруге, демек, республикада қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға сеп болары анық.

















Ұсыныс

  1. Жиналған материалдар мектептердегі тәрбие, оқу жұмыстарына пайдаланатын құрал.

  2. Патриоттық тәрбиені сезінуі үшін және зұлмат жылдардың Қазақстан тарихында өшпес із қалдырғанын біліп жүру мақсатында жастар арасында іс-шаралар: мектепішілік семинар, конференция өткізу керек.

  3. Тарих кабинеттерінде баспасөз материалдарынан жиналған көрме бұрышын дайындау қажет

  4. Жаңаөзен қаласындағы қарияларымыздың есімдерін, олардың өмір жолын ұмытпау мақсатында көпшілікке таныстыру. Қала, ауыл ішіне стендтерге суреттерін жариялау.





































V. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан тарихы: Көне заманнан бүгінге дейін 4 том. Алматы «Атамұра» 2010, 423 бет

  1. Т. Омарбеков. 20-30 – жылдардағы Қазақстан қасіреті» Алматы «Санат» 1997, 212-215 бб

  2. Қазақстан тарихы: Көне заманнан бүгінге дейін 4 том. Алматы «Атамұра» 2010, 414-417 бб

  3. М. Қозыбаев. Ақтаңдақтар ақиқаты Алматы «Атамұра» 1992 19-20 бб

  4. Т. Омарбеков. Зобалаң. Алматы «Санат» 1991, 180-181 бб

  5. Х. Сейіткемелов. Шұбырынды қанды босқын. Алматы «Рауан» 1994, 54 бет

  6. Қазақстан тарихы: Көне заманнан бүгінге дейін 4 том. Алматы «Атамұра» 2010, 432 бет

  7. Маңғыстаудың азалы жылдары «Балалар әдебиеті» 2007, 8-10 бб



17



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-285810

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"