Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Презентации / Қазақстан тарихы тақырыбы "Қазақстан және халықаралық ұйымдар"

Қазақстан тарихы тақырыбы "Қазақстан және халықаралық ұйымдар"


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Қолданбалы сабақ жоспары Тақырыбы: “Қазақстан және халықаралық ұйымдар.” Елім...
Сабақтың мақсаты: ҚР сыртқы саясатының қалыптасуы, ол әлемдік қауымдастықтың...
«Қазақстан беделді халықаралық ұйымдар мен байланыс жасай отырып, еліміздің...
Кеңес елі ыдырап, Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін, капитализм мен социал...
Еліміз Ресей мен Қытай сияқты екі алып мемлекеттің арасында орналасқан. Жері...
Бұрынғы КСРО-ның ядролық қаруының біраз бөлігіне ие болып қалды және халықар...
Қазақстанның БҰҰ-дағы қызметі. 1991 ж 20 желтоқсанда сол кездегі еліміздің Сы...
1 из 9

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Қолданбалы сабақ жоспары Тақырыбы: “Қазақстан және халықаралық ұйымдар.” Елім
Описание слайда:

Қолданбалы сабақ жоспары Тақырыбы: “Қазақстан және халықаралық ұйымдар.” Еліміздің халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастығы Дүниежүзілік сауда ұйымы Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатын айқындау Қазақстан Республикасы Шанхай ынтымақтастық ұйымы Ғаламдастыру Қазақстанның БҰҰ-дағы қызметі Қазақстан және НАТО Қазақстанның (ЕҚЫҰ) Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы. Қазақстанның Еуропаодақпен Еуропадағы қауіпсіздік ынтымақ тастық ұйымы және НАТО-мен Әріптестік байланыстары.

№ слайда 2 Сабақтың мақсаты: ҚР сыртқы саясатының қалыптасуы, ол әлемдік қауымдастықтың
Описание слайда:

Сабақтың мақсаты: ҚР сыртқы саясатының қалыптасуы, ол әлемдік қауымдастықтың тең құқылы мүшесі болу үшін халықаралық беделді саяси және қаржы экономикалық ұйымдармен тұрақты байланыс орнатып, ел мүддесіне сай жұмыстар жүргізіп жатқанын көрсету. Тәрбиелілік: Қазақстанның сыртқы саяси және экономикалық қызметі туралы түсініктер беру, осы саланың мамандықтарына деген олардың қызығушылығын ояту, мамандыққа баулу. Дамытушылық: Оқушыларға тәуелсіз еліміздің халықаралық ұйымдармен жүргізіп жатқан қызметінің түрлерін білуге деген қызығушылығын, ынтасын ояту, ізденушілік қабілеттерін дамыту. Сабақтың түрі: Ізденіс, зерттеу, семинар сабақ. Тәлімдік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының сыртқы саясат саласының қалыптасуы, оның әлемдік қауымдастықтың тең құқылы мүшесі болу үшін БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕО, ЕҚЫҰ, НАТО, ШЫҰ, АӨСШК және тағы басқа халықаралық беделді саяси және қаржы экономикалық ұйымдармен, халықаралық қаржы институттарымен тұрақты байланыс орнатып, ел мүддесіне сай жұмыс жүргізіп жатқанын түсіндіру, оқушылароға “Ғаламдастыру” ұғымының мәнін ашу. Сабақта игеретін ұғымдар мен терминдер: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі: НАТО, БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК, ЕҚЫҰ, ИДБ, АДБ, ХВК, ЕКДБ, Давос форумы, Еуроодақ, ДСҰ, ғаламдастыру.

№ слайда 3 «Қазақстан беделді халықаралық ұйымдар мен байланыс жасай отырып, еліміздің
Описание слайда:

«Қазақстан беделді халықаралық ұйымдар мен байланыс жасай отырып, еліміздің қаіпсіздігі мен халықаралық беделін көтеру» Н.Ә. Назарбаев «... Біздің басымдықтарымыз өзгеріссіз күйінде қалады. Бұл – ХХІ ғасырдың сынақтарына қарсы тұруға қабілетті, белсенді, жан-жақты және үйлесімді сыртқы саясат. Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық одақпен ынтымақтастықты дамыту басым бағыттар болып қала береді. Біз стратегиялық тұрғыдан Қазақстанның мүдделері толығымен ескерілген жағдайда Бүкіләлемдік сауда ұйымына тезірек кіруге ықыластымыз. Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына ТМД, ЕурАзия ЭҚ-ты реформалауға ерекше мән береді»

№ слайда 4 Кеңес елі ыдырап, Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін, капитализм мен социал
Описание слайда:

Кеңес елі ыдырап, Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін, капитализм мен социализмнің теке - тіресі аяқталды. Осы кезде Қазақстан әлемдік саясатының кіндік нүктесіне айналды. Әлем назары бізге ауды. Қазақстан Мүмкіндіктері Кедергілер Басты міндет 1. Жер көлемі 2. Табиғи байлығы 3. Көп ұлтты көп дінді. 4. КСРО-дан қалған ядролық қарудың біразына ие. 1. Ресей мен Қытай сияқты алып мемлекеттер ортасында. 2. Халқы аз. 3. Теңізге шығатын жолы жоқ. 4. Кейбір саясатшылар ядролық қаруы бар “Ислам мемлекет” деді. 1. Мемлекеттің шын сипатын таныту; 2. Халықаралық дәрежеде мойындату; 3. Әлемдік шаруашылықпен экономикалық байланыстарға белсене араласу.

№ слайда 5 Еліміз Ресей мен Қытай сияқты екі алып мемлекеттің арасында орналасқан. Жері
Описание слайда:

Еліміз Ресей мен Қытай сияқты екі алып мемлекеттің арасында орналасқан. Жері үлкен болғанымен халқы аз, 15 миллиондай ғана. Халқының саны жағынан әлемде 71-ші орын алады. Теңізге қашықтық 3750 шақырымды құрайды. Халықаралық сарапшылар бағалағандай, жерінің асты мен үсті табиғи байлықтарға толы минералдық қазба байлықтар қорынан сол кездегі дүние жүзіндегі 170-тен астам елдердің арасында Қазақстан мынандай орын алады: Вольфрамнан - 1 орын Хромиттен - 2 орын Фосфордан - 2 орын Марганецтен - 3 орын Мыстан - 6 орын Күмістен - 7 орын Темір рудасы қорынан - 8 орын Көмір - 9 орын Никель - 10 орын Мұнай - 12 орын - 130 – ға жуық ұлт пен ұлыстың өкілдерінен құралды. - 40 – тан астам діни конфессиялар болды.

№ слайда 6 Бұрынғы КСРО-ның ядролық қаруының біраз бөлігіне ие болып қалды және халықар
Описание слайда:

Бұрынғы КСРО-ның ядролық қаруының біраз бөлігіне ие болып қалды және халықаралық дәрежедегі бірде-бір келісімге қол қоймаған, өзіне ешқандай міндеттеме алмаған саяси бағыты белгісіз ел болды. Әлем үшін ол кезде Қазақстан Елбасының бейнелі сөзімен айқында «бейтаныс өлке» болды. Қазақстанның сыртқы саясатының тұжырымдамасын Президентіміз өзінің 1992 ж мамыр айында шыққан «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу мен дамуының стратегиясы» атты еңбегінде атап көрсетті. Кейін оны «Қазақстан – 2030» еңбегінде одан да басқа сөйлеген сөздері мен еңбектерінде дамытып толықтырды. 1992 ж шілдеде «Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі туралы» Ереже, кейінірек 1997 ж 2000 жылдары «Дипломатикалық қызмет туралы» Заңдар қабылданды. Елбасы жарлығымен біздің еліміздің бірінші елшілігі 1992 ж 16-мамырда Түркияда ашылды, ал келесі күні Президент асы елдегі Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі етіп Қанат Саудабаевты тағайындады. Қазақстан Респуликасының шет елдердегі алғашқы елшіслері олар: Египетте – Тайжанов Болатхан Құлжанұлы Венгрияда – Құрманғожин Сәлім Алмағамбетұлы Иранда – Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы Қытайда - Әуезов Мұрат Мұхтарұлы Белгияда – Қырбасов Әуесхан Мақатайұлы БҰҰ-да – Арысттанбек Ақмарал Хайдарқызы Қырғызстанда – Шаханов Мұхтар Шаханұлы Өзбекстанда – Есқалиев Нәжімедиен Ысқақұлы АҚШ-та – Сулейменов Төлеутай Ысқақұлы Францияда – Қабдырахманов Төлеухан Самарханұлы ГФР-да - Тұрсынов Сағымбек Тоқабайұлы Украйнада - Глачков Юрий Алексеевич Беларусьта - Темірбаев Валерий Ботаұлы Әзірбайжанда - Аманғалиев Ибрагим Әжейұлы Ресей Федерациясында – Мансұров Тайыр Аймұхамбетұлы Қазақстанда өз елшілігін алғаш ашқан ел – Түркия. Қазір – 121 елмен дипломатиялық қатынас орнатылды. Бүгін Қазақстанның БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ сияқты 68 халықаралық ұйымда өкілдігі бар. Шетелде – 50 шетелдік мекемеде, соның ішінде – 32 елшілік тұрақты өкілдік, 2 – дипломатиялық миссия, 3 – бас консулдық, 1 – төлқұжат – виза қызметі жұмыс істейді.

№ слайда 7 Қазақстанның БҰҰ-дағы қызметі. 1991 ж 20 желтоқсанда сол кездегі еліміздің Сы
Описание слайда:

Қазақстанның БҰҰ-дағы қызметі. 1991 ж 20 желтоқсанда сол кездегі еліміздің Сыртқы істер министірі Ақмарал Арыстанбекованы Елбасымыз Қазақстан Республикасын БҰҰ-ның жанындағы Қазақстан Республикасының 6 адамнан тұратын Тұрақты өкілі етіп тағайындады. Сөйтіп Ақмарал Хайдарқызы Қазақ мемлекетінің тарихында шет елде елшілік қызмет атқарған тұңғыш қазақ қызы болды. 1997 – 1998 және 2000 жылдары БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы «Халықаралық Ынтымақтастық және Қазақстандағы Семей аймағы халы мен экономикасын оңалту және экономикалық дамыту мақсатындағы қызметті үйлестіру»атты қарар қабылданды. БҰҰ аясында 1999 жылы Токиода Семей аймағының проблемалары жөнінде халықаралық конференция болып өтті. 2002 жылғы мәлімет бойынша Семей аймағын сауықтыруға тартылған БҰҰ қаражатының жалпы сомасы 26 миллион АҚШ-долларын құрады. 2002, 2003 ж. БҰҰ-ның қолдауымен Қазақстан Еуразиялық Медио-форум. 2002 ж – АӨСШК (Азиядағы өзара ықпалдастық сенім шаралары кеңесі) саммитін 2003 – Еуразиялық экономикалық саммит 2003ж – теңізге шығатын жолы жоқ және тасымал жолынан алыс орналасқан дамушы елдердің проблемалары туралы халықаралық конференция 2003 ж - Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының І съезі сияқты халықаралық маңызы бар жиындарды ұйымдастырып өткізеді. Қазақстанның Еуроодақпен байланысына арналады. 370 млн. адамы бар біртұтас ішкі рынок жағдайында ЕО-ның ішкі жалпы өнімі АҚШ-қа тең. (5,5 трилмюн доллор) ЕО-да тауарлардың әлемдік саудасының 40%-і және қызмет көрсету саудасының 30% жоғарланған. Ғылыми – технологиялық және қаржылық әулеті АҚШ-тан кейін 2-орын алды. 2003 ж. 16-сәуірінде Афина қаласында Эстония, Чехия, Кипр, Латвия, Венгрия, Мальта, Литва, Словакия, Польша, Словения мемлекеттерін ЕО-ға мүшелікке қабылдау туралы келісімге қол қойылды. Осы 10 мемлекетпен ЕО трерриториясы бірнеше есе кеңейіп, жалпы ішкі өнімнің көлемі 5 триллион евродан тұратын әлемдегі ең ірі сауда блогына айналды. Қазақстан мен Ео арасындағы ресми дипломатиялық қатынастар – 1993 жылы орнатылды. 1999 жылы біздің еліміздің ЕО мемлекеттері мен сауда айналымы 2, 2 млрд. Жоллорды құрады. 2002 жылы ЕО елдерімен сауда көлемі 3 млрд. Доллорды құрады.

№ слайда 8
Описание слайда:

№ слайда 9
Описание слайда:


Автор
Дата добавления 03.02.2016
Раздел История
Подраздел Презентации
Просмотров171
Номер материала ДВ-411971
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх