Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / Қазақстан тарихынан әңгімелер. "Қазақ халқының материалдық мәдениеті" (5 сынып)

Қазақстан тарихынан әңгімелер. "Қазақ халқының материалдық мәдениеті" (5 сынып)


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: §17. Қазақ халқының материалдық мәдениеті

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: оқушыларды халқымыздың материалдық мәдениетінің түрлерімен таныстыру.

  • Дамытушылық: материалдық мәдениет туралы түсініктерін кеңейту, әлемдік мәдениет пен ұлттық мәдениетті байланыстыра отырып, оларға өз көзқарастарын қалыптастыруға көмектесу.

  • Тәрбиелік: Қазақ халқының бай мәдениетіне деген құрмет сезімін дамыту, материалдық мәдениеттің озық үлгілерімен таныстыра отырып эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: география, қазақ әдебиеті

Көрнекілік: киіз үй, ұлттық киім, қолөнер бұйымдарының суреттері.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Шаттық шеңбңрі: бүгінгі сабақты өткізуге қандай тілек тілейміз.

Ә) Топқа бөлу: Абылай хан, Шоқан, Абай, Ыбырай суреттері арқылы.

Б) Топ басшысын сайлау.

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

А) «Сұрақтар жауыны» ойыны. Қолшатырға үй тапсырмасы бойынша сұрақтар жазып жапсырады да, жауап береді.

Б) Қосымша сұрақтар қоямын.

- Абылай хан кім? (Мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломант)

- Абылайға батасын беріп, астындағы тұлпарын сыйға тартқан кім? (Бөгенбай батыр)

- Тұлпардың аты қалай? (Нарқызыл)

- Абылайдың алғагш көзге түскен жоңғарлармен шайқасы қай жылдары болды?(1730-1733 жж)

- Абылай қай жылдар аралығында және қанша жыл ел басқарды? (1771-1781 жж, 18 жыл)

- Абылайдың ізашары кім, ізбасары кім? (Әбілмәмбет, Кенесары)

- Шоқанның арғы атасы мен бергі атасын білесің бе?(Абылай, Уәли)

- Шоқан Сібір кадет корпусын қай жылдары оқыды? (1847-1853 жж)

- Шоқанды «Шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды» деп жазған кім? (Н.И.Веселовский)

- Шоқанның туған жері? (Қостанай облысы, Құсмұрын бекінісі)

- Шоқан кім? (тұңғыш географ, этнограф)

- Абайдың туған жері? (Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыстау байрайы)

- Абай кім? (ақын, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін саушы)

- Ыбырайдың туған жері? (Қостанай облысы, Торғай )

- Ыбырайдың атасы кім? (Балғожа би)

- Ыбырай кім? (ағартушы педагог, ақын, жазушы)

- Алғаш оқулығы қалай аталады және қай жылы шықты? («Қазақ хрестоматиясы»,1879 ж)

- Алғаш ашқан мектебі? (1887 ж, Ырғызда қыздар мектеп-интернаты)

III. Жаңа сабак.

Жаңа сабақтын тақырыбы, жоспары тақтаға жазылып қойылады. Оқушыларға сабақтың мақсаты айтылады.

Сабақ жоспар.

1. Қазақ баспанасы.

2. Қазақтың ұлттық киімдері.

3. Ұлттық қолөнер бұйымдары.

Ең алдымен оқушыларға «Материалдық мәдениет дегеніміз не?» деп сұрақ қоямын. Оқушылар жауабын тыңдаған соң өз сөзіммен толықтырамын.

Мәдениетті екіге бөлуге болады:

1. Рухани мәдениет.

2. Материалдық мәдениет.

Жаңа сабақты түсіну.

А) Тақырыпшаларды топтарға бөліп беру. (топ басшылары келіп, қағаздарды суырады)

Ә) «Жұптас.Ойлан.Бөліс» әдісі арқылы тақырыпшаларды өз топтарында оқып, түсініп алып, жоба қорғайды. (кейбір жиһаздардың мағынасын түсіндіріп жіберемін)

Б) Тақтада «Семантикалық картаны» толықтыру.

В) Топтық жұмыс. 1 топ: Дұрыс жауабын тап.

1. Киіз үйдің шеңбер қабырғасы –

2. Шаңырақ пен керегені байланыстыратын –

3. Киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі –

2 топ: Мына киім түрлері кімдерге арналған және қалай жасалады?

  1. Тон.

  2. Сәукеле.

  3. Шекпен.

  4. Шапан.

3 топ: Сәйкестендір:

Кебеже

Қымыз, шұбат ашыту, іркіт пісу үшін пайдаланылатын, мал терісінен тігілетін ыдыс

Сандық

Iркіт пісетін, көже ашытатын ағаштан жасалған ыдыс.

Торсық

Теріден жасалған қымыз, шұбат, айран құюға арналған ыдыс

Абдыра

тары, бидай, т.б. дәнді дақылдарды түйетін, ұнтақтайтын қатты ағаштан жасалған құрал.

Саба

Бірнеше суырмалары бар, ұсақ заттар мен әшекей бұйымдар сақтайтын жиһаз

Келі мен келсап

Тамақ сақтауға арналған сандық

Күбі

Киім-кешек, асыл бұйымдар сақтайтын жиһаз

4 топ: Кестені толтыр

Зергерлік бұйымдар

Ат әбзелдері















ІV. Қорытынды. «Қар кесегі» ойыны. Бүгінгі тақырып бойынша қағазға сұрақ жазып, оны умаждап, келесі топ оқушыларына лақтырады. Қағып алған оқушы сол сұраққа жауап береді.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма. §17. оқу




Автор
Дата добавления 22.01.2016
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров255
Номер материала ДВ-367594
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх