Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыҚазақстан тарихынан "Отырар - каһарман қала" сабақ жоспары

Қазақстан тарихынан "Отырар - каһарман қала" сабақ жоспары

Скачать материал

Қызылорда облысы

Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы

№241 Қ. Әбдіқадыров атындағы орта мектептің

Тарих пәнінің мұғалімі Құдиярова Зада

 

Сыныбы:    5

 

Сабақтың тақырыбы:    Отырар  - қаһарман қала

 

Сабақтың мақсаты:

 

а)  білімділік:               Оқушыларға Отырар қаласының гүлденген уақыты туралы түсіндіре 

                                        отырып,  Отырардың ерлігі туралы толық мағлұмат беру.

 

ә) тәрбиелік:                Оқушыларға ата – бабаларымыздың Отан үшін қасық қаны қалғанша 

                                        шайқасқанын айта отырып, елсүйгіштікке, Отансүгіштікке тәрбиелеу.

 

б) дамытушылық:      Оқушылардың логикалық ой-  өрісін дамыту.

 

Сабақтың түрі:            Аралас сабақ

 

Сабақтың әдісі:          Сұрақ – жауап, ойын, мәтінмен жұмыс

 

Сабақтың көрнекілігі:  Интерактивті тақта, мәтін, сөзжұмбақ, суреттер

 

Пәнаралық байланыс:  география, әдебиет

 

Сабақтың барысы:     І. Ұйымдастыру кезеңі

                                   а) сәлемдесу

                                   ә) түгелдеу

                                   б) сабаққа назар аудару   

 

                                        ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

 

                              Ортағасырлық қалалар (үш бөліктен)  тұрды?

 

 

 

 

 


           (Цитадель)                           (Шахристан)                (Рабат)

 

 


(Патша сарайы,                             (Кіші билеуші                       (Еңбекші халық)

әкімшілік басқару                         топ өкілдері,

орындары)                                     түрлі кәсіп иелері)

 

«Кім көп біледі?» ойыны. 

 

1. ҮІІ – ХІІ ғғ қалаларды ата.

2. Әл Идриси, Гардизи сияқты саяхатшылар Қимақ, Қарлұқ иеліктеріндегі қалалар жөнінде не жазды?

3. Бұл қалаларды кім басқарды?

4. Х – ХІІ ғғ ірі қалалардың құрылысы туралы не айтасың?

5. Ортағасырлық қалаларды ата.

6. Түркістан қаласының ежелгі атауларын ата.

7. Түркістан атауы қандай мағына береді?

8. Қыпшақ мемлекетінің басты саяси және мәдени орталығы қай қала болды?

 

ІІІ. Жаңа сабақ:

 

           Отырар – ертеден шығыс әлеміне танымал болған қала. Кейбір деректерге қарағанда осыдан екі жарым мың жыл бұрын оның орнында алғашқы қоныстар болған.

          ҮІ – ҮІІІ ғасырларда Отырар Сырдария өзенінің орта ағысындағы саяси орталық болды. Кейін ІХ – ХІІ ғғ сол аймақтың басты қалаларының біріне айналады.  Отырар Қазақ хандығы заманнында мәдениеті мен экономикасы  жақсы дамыған орталықтардың бірі болған.

        Отырар қаласының гүлденіп, орта ғасырдағы ірі қала орталығына айналуына оның орналасқан орны үлкен әсер етті. Бұл қаланың тез өсуіне қолайлы жағдай жасаған Ұлы Жібек жолы болды. Ү – ХҮ ғғ Отырар қаласы Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын орталыққа айналды. Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Монғолияға және Қытайға  қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды.

         Отырарға жан – жақтан көпестер келіп – кетіп жатты. Мұнда медреселер, базарлар, ұстаханалар, тіпті қонақүйлер мен мешіттер, монша, сауда дүкендері жұмыс істеген. Мықты дуалмен қоршалған қалаға кіретін бес қақпа болған. Қала билеушілері, байлар, ірі саудагерлер қаланың орталық бөлігінде тұрды. Ал сыртында қарапайым халық қоныстанды.  Қала екі дуалмен қоршалған.  Біріншісі қаланың бүкіл аумағын қоршай салынды.  Екінші дуал қаланың ауқатты адамдары тұратын орталық бөлігін басқалардан бөліп тұратын. Отырар қаласы өз заманында небір қырғын шайқасты басынан кешірген.

        1218 жылы  Шыңғысхан  басқарған Монғолдың қалың  қолы Қазақстанның Жетісу өңіріне аттынды. Бірнеше қала, мыңдаған халық, мал-мүлік Монғолдардың олжасына айналды. Оңтүстік Қазақстан қалалары  ішіндегі Отырар сол кездегі ең  мықты қалалардың бірі саналды. Оның  билеушісі Қайырхан есімді әскербасы еді. Отырар қаласын басып алуға Монғолдар 1219 жылы 150 мыңға жуық әскерін аттандырады. Отырарлықтар өз қаласын қасық қандары қалғанша қорғап, беріспеді. Қатты қарсылыққа ұшыраймыз деп ойламаған Шыңғысхан ашуланып, қаланың бекініс орнын жермен-жексен етіңдер деген бұйрық береді. Бес ай бойы жауға берілмей шайқасқан Отырарлықтардың  арасынан Қараша атты сатқын шықты. Ол қаланың  дарбазасын  жауға ашып береді. Соның опасыздығынан қаланы 1220 жылы ақпанда монғолдар басып алды. Аңыздарға қарағанда, монғолдар Қайырханның тамағына қорғасын құйып өлтіреді. Қаланы бірнеше  күн бойы тонап, қиратады.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:

а) Мәтінмен жұмыс

       Отырар – ертеден батыс әлеміне танымал болған қала. Кейбір деректер бойынша оның орнында осыдан бір жарым мың жыл бұрын алғашқы қоныстар болған.  ҮІ – ҮІІІ ғасырларда Отырар Есіл өзенінің орта ағысындағы саяси орталық болды. Бұл қаланың  тез өсуіне қолайлы жағдай жасаған медреселер мен ұстаханалардың ашылуы болды. Қала мықты дуалмен қоршалған. Қалаға кіретін екі қақпа болған. Қала бес үлкен дуалмен қоршалған.

ә) Сөзжұмбақ  «Отырар»

Ү.  Сергіту сәті.

 

б) «Кім жылдам?» ойыны

1. Отырар қаласы қай ғасырда саяси орталыққа айналды?

2. Отырар қай елдерге қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды?

3. Қаланың орталық бөлігінде кімдер тұрды?

4. Қарапайым халық қайда тұрды.

5. Монғол мемлекетін кім құрды?

6. Монғол әскерлерінің саны қаншаға жетті?

7. Монғолдар Отырарды қай жылы басып алды?

8. Бұл қырғын қалай аталады?

 

ҮІ. Қорытындылау.

ҮІІ. Үйге тапсырма беру.

ҮІІІ. Оқушыларды бағалау.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақстан тарихынан "Отырар - каһарман қала" сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Старший рекрутер

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 160 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.04.2016 1128
    • DOCX 15.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жумабаев Бахтияр Бауржанович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жумабаев Бахтияр Бауржанович
    Жумабаев Бахтияр Бауржанович
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 14
    • Всего просмотров: 7411
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Анализ результатов образовательной деятельности в работе учителя истории

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 417 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 328 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 324 человека

Курс профессиональной переподготовки

История и философия науки: теория и методика преподавания при подготовке кадров высшей квалификации

Преподаватель философии науки

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Мини-курс

Преодоление депрессии: путь к психологическому благополучию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Расстройства пищевого поведения: обзор и основы психологической работы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Мини-курс

Toolbox классического проектного менеджмента

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе