Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Презентации / Қазақстан тарихынан презентация: "Тәуелсіздік шежіресі"

Қазақстан тарихынан презентация: "Тәуелсіздік шежіресі"

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • История
Шаймұрат Айдын Шаймұратұлы ШҚО Өскемен қаласы, “№1 орта мектебі” КММ, тарих п...
ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Бұл күнге сан ғасыр бойы армандап жеттік...
Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткен...
Қазақстан мызғымас тірлікпен жарасымды бірліктің алтын бесігі, Тәуелсіздіктің...
Жасампаз жылдар жетістігін жаңғырсақ: 1991 жылы 16 желтоқсан күні - «Қазақста...
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы қазақ халқының...
1991 жылы 8 желтоқсанда- Минскідегі славян республикалары басшыларының кезде...
1991 жылы 10 желтоқсанда- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Кеңестік Социалист...
1991 жылы 12 желтоқсан күні - «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-ін...
1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО...
Желтоқсан оқиғаларына қатысқан 8500 –ге жуық адам ұсталып, жаза тартты. Толық...
1991 жылы 21 желтоқсанында Алматы қаласында бұрынғы КСРО құрамына енген он бі...
Қорғаныс -тәуелсіз мемлекеттің ең маңызды нышандарының бірі. 1992 жылдың 7 ма...
1992 жылдың  2 наурызында Қазақстан БҰҰ-на мүше болып, оның халықаралық қатын...
Қазақстан Республикасы ТМД елдерінің ішінде  бірінші болып 56 мүше елді  бір...
1992 жылдың маусымында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы...
  1993 жылы 26 ақпанда республика аймағының  тұтастығын, біркелкілігін,   өз...
Елбасының бастамасымен 1993 жылғы мамыр айында «Жаппай саяси қуғын-сүргін құ...
1993 жылғы 5 қарашада «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар тура...
1994 жылы 16 ақпанда Қазақстан ядролық қаруы жоқ ел ретінде Ядролық қаруды та...
Қазақстан Республикасының президентінің ұсынысымен 1995 жылы  30 тамызда реф...
1996 жылы 25 мамырда Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы  арасында ...
1997 жылдың 20 қазанындағы  «Ақмола қаласын  Қазақстан Республикасының астана...
1998 ж. 1 маусымында - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Әуе қорға...
1999 жыл - Ұрпақтар бірлестігі мен сабақтастығы  жылы. "НҰР ОТАН" Республикал...
2000 жыл - «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. 2000 жылы 10 қазанда Астанада...
2001 жылы 14 маусымда «Шанхай бестігі» Өзбекстанмен толығып, «Шанхай ынтымақт...
Қазақстан Республикасындағы дінаралық келісім дін өкілдерінің қоғамдық өмірге...
2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашыл...
Ол көкке ұмтылған Астананың символына айналды. Н.Ә.Назарбаев жасаған сызба-нұ...
2005 жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті. 2005 жылдың 4 желтоқсанындағы кезе...
2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты. 2006 жылы академи...
Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемл...
2008 жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қаза...
2009 жылы «Қазақ елі» монументі, Тәуелсіздік сарайы, Орталық концерт залы, фу...
2010 жылы Қазақстан Республикасының Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  Европадағы қауіпс...
2010 жылдың 31 желтоқсанда және 2011 жылдың 7 қаңтар аралығында VII Қысқы Ази...
Еліміздің 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының сыртқы істер министрлігі Кең...
2012 жыл 15 қаңтар күні өткен кезектен тыс Парламент сайлауы нәтижесінде елім...
Алғаш рет қазақстандықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтті. 1 желтоқсан күні...
2013 жылы «Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия қ...
2014 жыл Астана күні қарсаңында елордада жаңадан салынған Ұлттық музей ашылды...
2014 жылдың ең негізгі саяси оқиғасы атанған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жо...
2015 жылы қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығы атап өтілінді. Президент Н.Наза...
Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына міне 24 жыл толып отыр...
Сөз соңында, Елбасымыздың 2015 жылғы 30 қарашада жасаған кезекті «ҚАЗАҚСТАН Ж...
1 из 47

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Шаймұрат Айдын Шаймұратұлы ШҚО Өскемен қаласы, “№1 орта мектебі” КММ, тарих п
Описание слайда:

Шаймұрат Айдын Шаймұратұлы ШҚО Өскемен қаласы, “№1 орта мектебі” КММ, тарих пәні мұғалімі

№ слайда 2 ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ
Описание слайда:

ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ

№ слайда 3 Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Бұл күнге сан ғасыр бойы армандап жеттік
Описание слайда:

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Бұл күнге сан ғасыр бойы армандап жеттік. Еліміз тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізіп, әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қосылды. 24  жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, нарықтың қиын өткелдерінен сүрінбей өтіп, болашаққа нық қадам басты.

№ слайда 4 Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткен
Описание слайда:

Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.

№ слайда 5 Қазақстан мызғымас тірлікпен жарасымды бірліктің алтын бесігі, Тәуелсіздіктің
Описание слайда:

Қазақстан мызғымас тірлікпен жарасымды бірліктің алтын бесігі, Тәуелсіздіктің түп қазығы. Тұғырлы елдің табыстары да толымды. 24 жылда егеменді ел еңсе тіктеп әлемге танылды. Қазақстан үшін XXI ғасырдың тарихи парағы парасат пен пайымға толы.

№ слайда 6 Жасампаз жылдар жетістігін жаңғырсақ: 1991 жылы 16 желтоқсан күні - «Қазақста
Описание слайда:

Жасампаз жылдар жетістігін жаңғырсақ: 1991 жылы 16 желтоқсан күні - «Қазақстан Республикасының мемлекеттік  тәуелсіздігі туралы» Қазақстан  Республикасының Конституциялық Заңы қабылданды. Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. Тәуелсіздік Қазақстанға қазақ халқының екі жарым ғасырдан астам уақыт бойы үзбей жүргізген күресі арқылы келді. Бұл мерзім ішінде қазақ халқы патша отаршылары мен большевиктік шовинистік аппараттың үстемдігіне қарсы 400-ге жуық көтеріліс жасады. Тәуелсіздік жолында ауыр шығындарға ұшырады: күрес үстінде қаза тапты, концентрациялы лагерьлерге айдалды, аштан қырылды, шетелдерге кетті, зиялы қауымын жоғалтты, тілі мен мәдениетінен айырылуға шақ қалды.

№ слайда 7 Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы қазақ халқының
Описание слайда:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы қазақ халқының тарихындағы шын мәніндегі ұлы оқиға болды. Ұлттық тіл, мәдениет, дәстүр, мораль қайта жанданып, өзінің табиғи даму жолына қайта түсті. Ұлттық зиялы қауымның қалыптасуына және дамуына жағдай жасалды. Шетелге еріксіз ауып кеткен қандастарымыз тарихи отанына қайта оралуына жол ашылды. Қазақ ұлты қайта түледі. Әлем халықтарымен терезесі тең, іргелі ел болу құқығына ие болды. Тәуелсіз Қазақстан демократиялық даму жолын қалаған, зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет болып құрылды.

№ слайда 8 1991 жылы 8 желтоқсанда- Минскідегі славян республикалары басшыларының кезде
Описание слайда:

1991 жылы 8 желтоқсанда- Минскідегі славян республикалары басшыларының кездесуі болды. КСРО- ны таратып, Тәуелсіз Мемлекеттер Одағын құру туралы шешім қабылданды. 1991 жылы 1 желтоқсанда - Қазақ КСР-інің Президентін сайлауы өтті. Сайлау нәтижесі бойынша дауыс беруге қатысқандардың 98,78 % дауысын жинаған НұрсұлтанӘбішұлы Назарбаев Республика Президенті болып сайланды.

№ слайда 9 1991 жылы 10 желтоқсанда- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Кеңестік Социалист
Описание слайда:

1991 жылы 10 желтоқсанда- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы» Заң қабылдады. Осы заңға сәйкес жаңа құрылған тәуелсіз мемлекет Қазақстан Республикасы деп аталды. 1991 жылы 13 желтоқсанда- Орта Азия республикалары мен Қазақстан басшыларының Ашхабадтағы кездесуі болды.

№ слайда 10 1991 жылы 12 желтоқсан күні - «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-ін
Описание слайда:

1991 жылы 12 желтоқсан күні - «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-індегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы»Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданды. Ел тәуелсіздігін сөз еткенде желтоқсан оқиғасын айтпай өту мүмкін емес.

№ слайда 11 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО
Описание слайда:

1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады . Қозғалыстың басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Д. Қонаевты орнынан алып, Ресейдің Ульяновск облыстық партия коммитетінің 1-хатшысы болған Г.В. Колбинді  басшылыққа тағайындауы түрткі болды.  Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен жиналған қазақ жастарының қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Бұрқасын — 86” құпия жедел жоспары бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.

№ слайда 12 Желтоқсан оқиғаларына қатысқан 8500 –ге жуық адам ұсталып, жаза тартты. Толық
Описание слайда:

Желтоқсан оқиғаларына қатысқан 8500 –ге жуық адам ұсталып, жаза тартты. Толық емес мәліметтер бойынша 1720 адам жарақат алып,  99 адам сотталды, 246 студент оқудан шығарылды, екі адам өлім жазасына кесілді. Әлемді елең еткізген 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына ұлттық санасын намысы жетелеген қайсар буынның келгенін әйгіледі. Желтоқсан оқиғасы құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар.

№ слайда 13 1991 жылы 21 желтоқсанында Алматы қаласында бұрынғы КСРО құрамына енген он бі
Описание слайда:

1991 жылы 21 желтоқсанында Алматы қаласында бұрынғы КСРО құрамына енген он бір тәуелсіз мемлекет басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы Алматы Декларациясына қол қойды. Сөйтіп, ТМД-на мемлекеттік тәуелсіздік, тең құқылық және егемендік қағидаттарымен кіру туралы шешім қабылданды.

№ слайда 14 Қорғаныс -тәуелсіз мемлекеттің ең маңызды нышандарының бірі. 1992 жылдың 7 ма
Описание слайда:

Қорғаныс -тәуелсіз мемлекеттің ең маңызды нышандарының бірі. 1992 жылдың 7 мамырдағы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» № 745 Жарлығымен өзінің дербес құрылымы, басқару мен қаржыландыру тәртібі бар Республиканың Қарулы Күштер құрылысының негізі салынды. - Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Президент Қарулы Күштердің Бас Қолбасшысы болып табылады. 1992жылы   10 қаңтарда  «Қазақстан Республикасында ішкі әскерлері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданып, мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында еліміздің ішкі істер әскері құрылды.

№ слайда 15 1992 жылдың  2 наурызында Қазақстан БҰҰ-на мүше болып, оның халықаралық қатын
Описание слайда:

1992 жылдың  2 наурызында Қазақстан БҰҰ-на мүше болып, оның халықаралық қатынастар жүйесінде дербес субъект сапасында ықпалдасуы басталды.   1991-1994 жылдар аралығында әлемнің  111 елі ҚР таныса, 92 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.

№ слайда 16 Қазақстан Республикасы ТМД елдерінің ішінде  бірінші болып 56 мүше елді  бір
Описание слайда:

Қазақстан Республикасы ТМД елдерінің ішінде  бірінші болып 56 мүше елді  біріктірген мемлекетаралық беделді ұйым Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымына 2010 жылы төрағалық ету мүмкіндігіне ие болды. 1992 жылы 22 мамырда  Қазақстан  ЮНЕСКО құрамына енді. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев және  мемлекет басшылары  Стратегиялық шабуыл қару-жарағы (СШҚ-1) туралы зымырандық-ядролық қаруды таратпау және бірте-бірте бөлшектеп, шығарып тастау туралы Лиссабон  хаттамасына ядролық қарудан арылу міндеттемесін алды.Өз аумағын  ядролық қарусыз аймақ деп жариялады. 1992 жылы 30 қаңтарда Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына кірді.

№ слайда 17 1992 жылдың маусымында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы
Описание слайда:

1992 жылдың маусымында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы туралы» ,  11 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының мәтіні туралы» заң қабылданды. Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр. Бүгінгі елтаңбамыз ел тарихының тереңінен тамыр тартып, ұлттық рухымызды асқақтатып, шаңырағымыздың беріктігін паш етіп, республикамыздың қанатты тұлпардай ұшқырлығын айғақтап келеді.«Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы – осы» - деген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арнау сөзін Қазақ елінде тұратын және оны өз отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің терең түкпірінде сақтап, қашанда жадында ұстауы керек.

№ слайда 18   1993 жылы 26 ақпанда республика аймағының  тұтастығын, біркелкілігін,   өз
Описание слайда:

  1993 жылы 26 ақпанда республика аймағының  тұтастығын, біркелкілігін,   өзгешелігін дәлелдейтін «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңы өз күшіне енді. Қазақстан - әлемде аумағы жағынан 9-орынды иеленетін ірі мемлекет. Шекарасының ұзындығы шамамен 14 мың шақырым. Мемлекеттілікті құруға кіріскенде, ең алдымен мемлекеттік шекараны рәсімдеу мәселесі назарға ілікті. -   Бұл біріншіден, ҚХР-сымен ұзындығы 1700 шақырымға созылған шекараға қатысты еді. 1994 жылы Қазақстан  мен Қытай шекара сызығына қатысты ірі келісімдерге қол қойылды, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркменстанмен  екі жақты келіссөздердің барысында барлық мәселелер шешілді. -   Ресей мен Қазақстан арасындағы  ұзындығы 7591 шақырым болатын заңды түрде рәсімделген шекараға иеміз. 1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды.

№ слайда 19 Елбасының бастамасымен 1993 жылғы мамыр айында «Жаппай саяси қуғын-сүргін құ
Описание слайда:

Елбасының бастамасымен 1993 жылғы мамыр айында «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң қабылданды. Осылайша біздің мемлекет кезінде кертертпа жүйенің кесірінен еліміздің азаттығы мен тәуелсіздігі жолында құрбан болған азаматтарды ақтап, бәзбіреулердің өктем саясатымен жасалған тарихтың қателігін түзеді.

№ слайда 20 1993 жылғы 5 қарашада «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар тура
Описание слайда:

1993 жылғы 5 қарашада «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Президент жарлығы шықты. 1993 жылы 15 қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.

№ слайда 21 1994 жылы 16 ақпанда Қазақстан ядролық қаруы жоқ ел ретінде Ядролық қаруды та
Описание слайда:

1994 жылы 16 ақпанда Қазақстан ядролық қаруы жоқ ел ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойды. 1994 жылы 5 желтоқсанда  Будапештте Ұлыбритания, Ресей және Америка Құрама Штаттарының басшылары Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы Меморандумға қол қойды. 1994 жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз-ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.

№ слайда 22 Қазақстан Республикасының президентінің ұсынысымен 1995 жылы  30 тамызда реф
Описание слайда:

Қазақстан Республикасының президентінің ұсынысымен 1995 жылы  30 тамызда референдумда мемлекетіміздің жаңа Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 1 наурызда Президент Жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Оның мақсаты - қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайту болды. Конституция 9 бөлімнен 98 баптан тұрады. Бұл негізгі Заңымызда республиканың экономикалық қүш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті мәселелерді шешу ескерілді.

№ слайда 23 1996 жылы 25 мамырда Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы  арасында 
Описание слайда:

1996 жылы 25 мамырда Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы  арасында   Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа, сонымен қатар Байқоңыр ғарыш айлағын  пайдалану тәртібі туралы келісімге қол қойды. 1996 жыл - ұлы ақын, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың жылы деп атап өтілінді.

№ слайда 24 1997 жылдың 20 қазанындағы  «Ақмола қаласын  Қазақстан Республикасының астана
Описание слайда:

1997 жылдың 20 қазанындағы  «Ақмола қаласын  Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау  туралы» № 3700 Жарлығына сәйкес,  Ақмола қаласы ресми түрде 1997 жылдың 10 желтоқсанынан астана болып саналады. 1998 жылдың алтыншы мамырында Ақмола атауын Астана қаласы деп  өзгерту туралы Президент Жарлығы шықты. 1997 жылы қазан айында Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауы жарияланды. Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың ерешеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. 1997 жыл -халықтық жалпы келісім мен саяси репрессия құрбандарына арналған жыл болып, «Қуғын сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды.

№ слайда 25 1998 ж. 1 маусымында - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Әуе қорға
Описание слайда:

1998 ж. 1 маусымында - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері құрылды. 1998 жылы 10 маусымда  тұңғыш рет жаңа Астананың ресми тұсаукесері болып, астана күні тойланды. Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.

№ слайда 26 1999 жыл - Ұрпақтар бірлестігі мен сабақтастығы  жылы. "НҰР ОТАН" Республикал
Описание слайда:

1999 жыл - Ұрпақтар бірлестігі мен сабақтастығы  жылы. "НҰР ОТАН" Республикалық саяси партиясы 1999 жылғы қаңтарда құрылды, ал сол жылдың 12 ақпанында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелді. Төраға - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Төрағаның 1-ші орынбасары - Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы болды. 1999 жылдың шілдесінде Астана қаласы ЮНЕСКО-ның «Бейбітшілік қаласы» сыйлығымен марапатталды. Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан кейін 1999 жылы бірінші санақ өтті .

№ слайда 27 2000 жыл - «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. 2000 жылы 10 қазанда Астанада
Описание слайда:

2000 жыл - «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. 2000 жылы 10 қазанда Астанада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың төрағалық етуімен Кедендік одаққа қатысушы елдер - Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Мемлекетаралық кеңесінің кезекті мәжілісі болды. Еуразиялық экономикалық қауымдастық құрылды.

№ слайда 28 2001 жылы 14 маусымда «Шанхай бестігі» Өзбекстанмен толығып, «Шанхай ынтымақт
Описание слайда:

2001 жылы 14 маусымда «Шанхай бестігі» Өзбекстанмен толығып, «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» құрылды. 2001 жылдың  22-25 қыркүйек аралығында ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың шақыруымен  Рим Папасы ІІ Иоанн Павелдің Қазақстанға мемлекеттік пасторлық сапары болып өтті. 

№ слайда 29 Қазақстан Республикасындағы дінаралық келісім дін өкілдерінің қоғамдық өмірге
Описание слайда:

Қазақстан Республикасындағы дінаралық келісім дін өкілдерінің қоғамдық өмірге белсенді қатысуымен сипатталады. Еліміздегі конфессияаралық келісім мен ұлтаралық келісім бірін-бірі толықтырады. Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2003 жылы 22-24 қыркүйек аралығында  католиктер мен христиандар, православиеліктер мен иудейлер бастарын қосып, барлық мәселелерді бірлесе талқылаған  Әлемдік діндер  съездерінің өткізілуі - еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың айғағы.

№ слайда 30 2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашыл
Описание слайда:

2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды. Онда 100 мыңнан астам экспонаттар бар. Президент Н.Назарбаевтың жеке мұрағаты мен кітапханасы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларының тартулары, Елбасының біргей марапаттар коллекциясы, жеке заттары, құжаттары қойылды. 2004 жылы 13 қаңтарда ҚР Президенті «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы Қаулыға қол қойды. 2004 жыл - Ресейдің Қазақстандағы жылы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Мәдени мұра» мемлекеттік Бағдарламасы қабылданды

№ слайда 31 Ол көкке ұмтылған Астананың символына айналды. Н.Ә.Назарбаев жасаған сызба-нұ
Описание слайда:

Ол көкке ұмтылған Астананың символына айналды. Н.Ә.Назарбаев жасаған сызба-нұсқаның жобасы негізінде тұрғызылған «Бәйтерек» халықаралық байқауда ТМД елдеріндегі 2002 ж. ең үздік нысаны ретінде алтын медальға лайық деп танылды. Оның биіктігі 97 метр. 2003-2005  жылдары -«Ауылды қолдау жылы» деп жарияланды. 2002 ж. Евразияның кіндігі - Астананың төрінде, сулы жасыл-желекті бульвар орталығынан -  шыңына алтын шарды көтерген күміс түсті жарқыраған мұнара – «Бәйтерек» монументі пайда болды.

№ слайда 32 2005 жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті. 2005 жылдың 4 желтоқсанындағы кезе
Описание слайда:

2005 жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті. 2005 жылдың 4 желтоқсанындағы кезекті президент сайлауында сайлаушылардың 91,15%-ы өз дауыстарын мемлекет басшысына берді. 2005 жылы 2 маусымда  Байқоңырдың  50 жылдығы аталып өтті.

№ слайда 33 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты. 2006 жылы академи
Описание слайда:

2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты. 2006 жылы академик Ахмет Жұбановтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілді. 2006 жылдың қаңтарында республиканың жаңа әнұраны қабылданды.  Әнұран негізіне композитор Ш.Қалдаяқовтың (сөзі Ж.Нәжімеденовтың) 1950 жылдары жазылған  «Менің Қазақстаным» әні алынды.  Қолданыстағы әнұранның заңды авторларының бірі - Н.Ә.Назарбаев. ЖАҢА ӘНҰРАН

№ слайда 34 Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемл
Описание слайда:

Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. 2007 жылы қазан айында - 2008-2010 жылдарына арналған «Жасыл ел» бағдарламасы бекітілді. 2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары бағдарламасы» қабылданды.

№ слайда 35 2008 жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қаза
Описание слайда:

2008 жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі» монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы - Елбасы Н.Назарбаев. Монументтің биіктігі 91метр. «Самрұқ-қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Қазақстан Республикасының «Қазына» тұрақты даму қоры мен «Самрұқ» мемлекеттік активтерді басқару холдингінің бірігуі туралы ҚР  Президентінің Жарлығымен 2008 жылы  13  қазан  айында құрылды. Қор қызметінің басты мақсаты мемлекеттік даму институттарын тиімді корпоративтік басқару жолымен Қазақстан Республикасы экономикасының барлық секторларындағы инвестициялық және инновациялық белсенділікті арттыру мен ынталандыру болып табылады.

№ слайда 36 2009 жылы «Қазақ елі» монументі, Тәуелсіздік сарайы, Орталық концерт залы, фу
Описание слайда:

2009 жылы «Қазақ елі» монументі, Тәуелсіздік сарайы, Орталық концерт залы, футбол стадионы және өзге де ірі объектілердің салтанатты ашылуы болды. 2009 жылдың 25 ақпаны мен 6 наурыз аралығында елiмiздегi тұрғындар арасында екінші Халық санағы өттi. 2009 жылғы халық санағының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы халқының саны 2009 жылғы ақпанда санақ бойынша 16 004 800 адамды құрады.

№ слайда 37 2010 жылы Қазақстан Республикасының Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  Европадағы қауіпс
Описание слайда:

2010 жылы Қазақстан Республикасының Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға (ЕҚЫҰ) төрағалық қызметіне кірісті.  Қазақстандық  төрағалықтың ұраны төрт «Т» - «траст» (сенім), «традишин» (дәстүр), «транспаренси» (транспаренттік) және «толерантылық» (төзімділік) болды.

№ слайда 38 2010 жылдың 31 желтоқсанда және 2011 жылдың 7 қаңтар аралығында VII Қысқы Ази
Описание слайда:

2010 жылдың 31 желтоқсанда және 2011 жылдың 7 қаңтар аралығында VII Қысқы Азия Ойындары Астана -Алматы қалаларында өтті. 2011 Азиада Қазақстан үшін салтанатты түрде мәресіне жетті. Азиадада тұңғыш рет 11 спорт түрі бойынша69 мадақтау жиынтығы таразыға салынды. Оған Азияның 27 мемлекетінен 1000-нан астам спортшы қатысты, олардың арасында атақты спортшылар, Олимпиада және әлем чемпионатының жеңімпаздары бар. Азиада ойындары барысында 10 континенталдық рекордтар анықталды. Қазақстандық құрама команда 70 медаль, оның ішінде 32-алтын, 21-күміс, 17-қола медальдарды иелене отырып, қысқы Азиада ойындары тарихында жаңа рекорд орнатты.

№ слайда 39 Еліміздің 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының сыртқы істер министрлігі Кең
Описание слайда:

Еліміздің 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының сыртқы істер министрлігі Кеңесіне төрағалық етуі мемлекетіміздің Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық еткен соң, көпқырлы дипломатияны жалғастыруға, мұсылман әлемі елдерімен ынтымақтастықты кеңейтуге және республиканың беделі мен рөлін күшейтуге деген ұмтылысы болып табылады.

№ слайда 40 2012 жыл 15 қаңтар күні өткен кезектен тыс Парламент сайлауы нәтижесінде елім
Описание слайда:

2012 жыл 15 қаңтар күні өткен кезектен тыс Парламент сайлауы нәтижесінде еліміздің заң шығарушы органы көп партиялы атанды. Парламентке «Нұр Отан» партиясынан бөлек, «Ақ жол» мен «Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы» өтті. 2012 жыл Қазақстан үшін спорт саласында үлкен жетістіктерге толы болды. Лондон Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 7 алтын алып, жалпы командалық есепте 12 орынға ие болды. Осылайша Қазақстан өз рекордын жаңартты. Біздің құрама Олимпиадаларда бұрын-соңды мұндай нәтижеге қол жеткізген емес.    Аталмыш жыл елімізге тағы бір жеңіс әкелді. Бұл – Қазақстан астанасының EXPO-2017 көрмесін өткізуге байланысты конкурсты жеңіп алуы. Көрмені өткізу құқығы үшін Қазақстан бельгиялық Льеж қаласымен бәсекеге түсіп, сенімді түрде жеңіп шықты.

№ слайда 41 Алғаш рет қазақстандықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтті. 1 желтоқсан күні
Описание слайда:

Алғаш рет қазақстандықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтті. 1 желтоқсан күні Астана қаласында Қазақстан Президентінің штандарты көтерілді.. Жылдың ең маңызды саяси оқиғасы – «Қазақстан 2050» стратегиясы. 14 желтоқсан күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын жариялады. Еліміздің межелі уақытқа қоятын мақсаты мен стратегиясы – әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену.

№ слайда 42 2013 жылы «Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия қ
Описание слайда:

2013 жылы «Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия құрды және оның аты «Бірлік» болып аталды. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығы бойынша барлық зейнетақы қорлары бірігіп, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын» құрды. Бірігуге дейін елімізде 11 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істеп, олардағы жалпы жинақ көлемі 3,116 триллион теңгені (21 миллиард доллар) құрады және 8,5 миллион клиенттің есепшоты ашылды (жұмысқа қабілетті адамдардың 95 %). Қазан айында «Нұр Отан» партиясының маңызды саяси оқиға деп бағалауға болатын жаңа саяси доктринасы қабылданды. Доктрина «Нұр Отан» партиясының 21 ғасырдағы миссиясы мен «Қазақстан 2050» стратегиясын жүзеге асырудағы рөлін анықтауға бағытталған.  

№ слайда 43 2014 жыл Астана күні қарсаңында елордада жаңадан салынған Ұлттық музей ашылды
Описание слайда:

2014 жыл Астана күні қарсаңында елордада жаңадан салынған Ұлттық музей ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Н.Назарбаев «Бұл – замануи сәулеттің үздік туындысы, ол қалалық ландшафтты өзінің бірегейлігімен толтырады» – деп атап өтті. Тамыз айында Елбасы Ұлытау жерінде сұхбат беріп, еліміздегі негізгі мәселелерге байланысты көзқарастарын білдірді. Оның ішінде, қазақ ұлтының тарихы, діні, тілі, сондай-ақ еліміз үшін аса маңызды саналатын Еуразиялық экономикалық одақ жайлы тақырыптар қамтылды.

№ слайда 44 2014 жылдың ең негізгі саяси оқиғасы атанған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жо
Описание слайда:

2014 жылдың ең негізгі саяси оқиғасы атанған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында Президент әлем дағдарыс салдарынан жаһандық сынақ уақыты болатынын атап өтіп, осындай қиын кезеңнен тиімді шығудың тетіктерін жариялады. Нақтырақ айтқанда, тәуелсіз тарихымызда екінші рет Ұлттық қор қаражаты ел мүддесі үшін жаратылатын болып шешілді. 

№ слайда 45 2015 жылы қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығы атап өтілінді. Президент Н.Наза
Описание слайда:

2015 жылы қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығы атап өтілінді. Президент Н.Назарбаев: «Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрып, қазақ мемлекеттілігінің негізін салды. Бәлкім ол бүгінгі түсініктегі мемлекет болмаған шығар, бірақ ешқандай мемлекет дәл бүгінгі күйінде құрылмады. Басты нәрсе, сол кезде негіз қаланды және біз ата-бабамыздың салған ізінің жалғастырушысымыз» - деп атап өтті.

№ слайда 46 Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына міне 24 жыл толып отыр
Описание слайда:

Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына міне 24 жыл толып отыр. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы. Басты байлық жай ұлттық мүдде емес, азаматтардың мүддесі мен қажеттілігі. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр. Қазақстан үшін ХХI ғасыр тарихының парағы парасат пен пайымға толы. Тәуелсіздік – ол ұлттық мемлекеттік, оның тамыры – жасампаздық рух, ұраны – ел мен халық. Олай болса, өміршендік пен кемелділік аясында өмір сүріп, бейбітшілік, татулық туын биікке көтерген Қазақстан халқы жаңа әлемде жасай бермек.

№ слайда 47 Сөз соңында, Елбасымыздың 2015 жылғы 30 қарашада жасаған кезекті «ҚАЗАҚСТАН Ж
Описание слайда:

Сөз соңында, Елбасымыздың 2015 жылғы 30 қарашада жасаған кезекті «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСУ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» атты Қазақстан халқына Жолдауы нан үзінді келтірсем: «Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі. Рубы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік! ... Көк байрағымыздағы алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып, асқар биіктерден көрінсін!  Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбіресін!»

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 25.02.2016
Раздел История
Подраздел Презентации
Просмотров2397
Номер материала ДВ-482956
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх