Инфоурок / История / Конспекты / Қазақстан тарихынан сабақ жоспары 7-класс
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Қазақстан тарихынан сабақ жоспары 7-класс

библиотека
материалов

§ 7. Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттің өзара әсері

Жоспар:

1. Жартылай көшпелі мәдениет.

2. Қала мәдениетінің дамуы.

3. Қала және дала тұрғындарының материалдық мәдениеті.

4. Жартылай көшпелілердің материалдық мәдениеті.

5. Қыш-құмыра жасау, металл өңдеу, сауда мен ақша айналымы.

Оқушылар, өткен сабақтарда біз түркі халықтарының саяси құрылысы туралы өткен едік, бүгінгі сабағымызда түркі халықтарының шаруашылығы, көшпелі, отырықшы өмір салты туралы өтетін боламыз.

«Суретті галлерея»

Оқушылардың алдында төрт түлік малдың, киіз үйдің, мал өнімдері және түріктердің мал бағып жүрген суреттері қойылады. Оқушыларға суреттерге қарап әңгіме құрастыру тапсырылады. Оқушылардан сұрап болғасын мұғалім жаңа сабақтың 1-ші тақырыпшасын түсіндіреді.


hello_html_731255a3.jpghello_html_m1c2b6032.pnghello_html_m47f16ecf.png






Жартылай көшпелі мәдениет.

Электронды оқулықтан үзінді көрсету.

Мал өсіру – адам баласының ең алғашқы айналысқан кәсіптерінің бір түрі. Мал өсіру тас ғасырынң орта кезеңіне сәйкес келеді.Жаңа тас ғасырында адамдардың қауымдық құрылысы ыдырап, адамдар өзен –көлдердің жағасына қоныстанды. Мал басының өсіруінің дамыған уақыты қола дәуірі. Егер бірінші кезеңде мал үй жанынан онша ұзаққа шығармай бағылса, ал екінші кезеңде жайылымда бағылған. Бұл малдың қоңдылығын арттыруға және мал басының көбеюіне әсерін тигізген. Темір дәуірінде көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы өріс алды. Тұрақты қыстау, күзеу, көктеу, жайлау жартылай көшпелілікті көрсетсе, кейбір қыстаулардың маңында егін шаруашылығымен айналысушылық та болды. Шаруашылықтың мұндай түрлерін жартылай отырықшы мал өсіру деп атауға болады.

Тұрақты қыстаулар керуен жолдарына жақын орналасса немесе жол бойында тұрса, ондай қыстаулар қыстаққа не қалаға айналып отырған.

Сөйтіп орта ғасырлардың басында қалалық өмір қалыптаса бастаған. Қалалар мен жартылай көшпелілердің арасында мәдени және экономикалық байланыстар дамыған.

Қала мәдениетінің дамуы. Электронды оқулықтан үзінді көрсету.

Ассоцация құру.








Жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесінде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. VI-IX ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік-Батыс Жетісуда қала мәдениеті жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрік әулеттеріне бағынды және реті бойынша Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына енді. Бұл кезеңде көшіп жүретін жер аумағы шектеліп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егіншілік пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлініп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көшті. Мемлекеттік төрешілдік аппарат құрылып, ортақ тіл мен жазу қалыптасты, сауда және дипломатиялық байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкімшілік және қолөнер, сауда, мәдениет орталығы ретінде қалалар салына бастады. Оңтүстік Қазақстандағы ең ірі қала Исфиджаб саналады. Ол 629 ж. Сюань-Цзянның жылнамасында “Ақ өзендегі қала” атымен алғаш аталады. Кейін Махмұт Қашқари Сайрам – ақ қаланың аты (әл-Мединат әл-Байда), ол Исфиджаб деп, кейде Сайрам деп те аталғанын жазады.

hello_html_3acdd778.jpghello_html_3ace53de.pnghello_html_61e46a79.png















Қала және дала тұрғындарының материалдық мәдениеті.

«Материалдық мәдениет» сөздеріне топтастыру құру




Тұрғын үй

Тағам түрлері

Киім-кешек Құрал-сайман


Қала сырты дуалмен қоршалып, үйлер бір немесе бірнеше бөлмеден тұрды. Қазан ошақтары жылу берді.














Тұрғын үйлердің ішінен күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар табылған. Олар-әр түрлі көлемдегі көзелер, қол диірмендер. Кейбір бөлмелерден астық салатын күбі көзелер, тамақ жасауға, сақтауға, ас ішуге ыңғайлы құмыралар мен қыш ыдыстар көптеп табылды.

Жартылай көшпелілердің материалдық мәдениеті.

Көшпеліліердің тұрғын үйлері тез жиналатын киіз үйлер болды. Киіз туралы хабар қытай, араб жазба деректерінде кездеседі. Көшпелілердің зираттарына жүргізілген зерттеу жұмыстары кезінде табылған тұтыну бұйымдары олардың материалдық мәдениетінен мәліметтер береді. Олар: жерленген адамдармен бірге қойылған қару-жарақтар, ат әбзелдері, темір жебелер, қанжар, семсер, кісе белдік, тағы басқа да көптеген сәндік бұйымдар. Қолөнер бұйымдарын жасауда түріктер кісе белдік жасауға ерекше көңіл бөлген. Ер адамның күнделікті тұтыну құралдарын өзімен бірге алып жүруіне ыңғайлы шонданайы, оқшантайы, қыны т.б. болған. Шонданайда-қайрақ, шапқы, қында-пышақ, оқшантайда мылтықтың оқ-дәрісі сақталған. Екіншіден, мұндай керек-жарақтар ілінген кісе асынған адамның беделі де үстем саналған.

Қыш-құмыра жасау, металл өңдеу, сауда мен ақша айналымы.

«Қазақ елі» фильмінен «Қолөнердің дамуы» туралы үзінді көрсету

Қыш құмыра жасау өнері дала тұрғындарына қарағанда қала тұрғындарында жақсы дамыды. Себебі, қалалықтар бір жерде тұрақты өмір сүрді, екіншіден олардың қыш құмыра жасайтын шеберханалары болды. Сондықтан қалалықтар жасаған қыш құмыралардың сапасы жоғары болды.

Қалалардың санының өсуі сауданының жандануына үлкен әсерін тигізді

VI-ХIxғасырлардағы сауда айналымы






















Жаңа сабақты бекіту:

1 тапсырма: «Дискуссиялық өрнек» толтыру


2 тапсырма: Ти кестесі

Дала тұрғындарына қалалық Қала тұрғындарына көшпелі

мәдениеттің әсері мәдениеттің әсері.





Бағалау.

Үйге тапсырма: § 7. Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттің өзара әсері

  • «Көшпелілердің материалдық мәдениеті» тақырыбында реферат жазу.

  • 10 сұрақтан тұратын тест құру.

  • Сауданың шығуы, ақшаның пайда болуы туралы мәліметтер әкелу.

  • Венн диаграммасын құру.«Көшпелілердің тұрмысы мен отырықшылардың тұрмысының айырмашылығы ұқсастығы.»





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-039658

Похожие материалы