Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Тесты / Қазақстан тарихынан тесттер "Тест"

Қазақстан тарихынан тесттер "Тест"



  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

1 нұсқа.

1. 100метр қашықтыққа ұшатын, орақ тәріздес қару:

  1. Садақ.

  2. Болас.

  3. Гарпун.

  4. Бумеранг.

  5. Найза.

2. жерленген андроновтық адамдардың басы қаратылған көкжиектің тұсы:

  1. Оңтүстік.

  2. Шығыс.

  3. Солтүстік.

  4. Солтүстік-Батыс.

  5. Батыс.

3. грек авторлары «Азиялық скифтер» деп атаған тайпалар:

  1. Қаңлылар.

  2. Сақтар.

  3. Сарматтар.

  4. Аландар.

  5. Ғұндар.

4. Қыпшақ ақсүйектерінің қахандықтар әулетімен қарым-қатынасы күрделі болуына қарамастан олар

  1. Туысқандық қарым-қатынаста болды.

  2. Бейбіт жағдайда өмір сүрді.

  3. Өз аумағы арқылы көпестерді өткізді.

  4. Жалпы экономиканы қолдады.

  5. Ортақ діни нанымда болды.

5. Түріктердің этногенезінің жалпы ұқсастықтарын табыңыз.

  1. Иран мәдиниетінің ықпалы.

  2. Қимақ, қыпшақ, оғыздардың өз бетінше дамуы.

  3. Славян мәдиниетінің ықпалы.

  4. Түркі тілдес халықтардың Шығыстан Батысқа қоныс тебуі және түріктердің ерте феодалдық мемлекеттерінің құрылуы.

  5. Араб мәдиниетінің ықпалы.

6. Испиджаб қаласының жұртына жақын жерден VI-VIII ғ.ғ. өте қызықты археологиялық олжа

  1. Акведук табылды.

  2. Монша табылды.

  3. Су асты жүйесі табылды.

  4. Жер асты монастыры табылды.

  5. Будда қабірі табылды.

7. 1206 жылы Темучин қандай мәжілісте ең жоғарғы билеуші-Шыңғысхан деп жарияланжы?

  1. Моңғол ақсүйектерінің хуралында.

  2. Бүкіл монғол құрылтайында.

  3. Бөржіген тайпасының хуралында.

  4. Темучин жақтастарының құрылтайында.

  5. Басып алынған халықтар өкілдерінің хуралында.

8. Ноғай Ордасында мұрагерлікпен берілетін әскери, елшілік, әкімшілік билік кімнің қолында болды?

  1. Мырза.

  2. Князь.

  3. Сұлтан.

  4. Хан.

  5. Бай.

9. Мына жырлардың қайсысы батырлық эпосқа (жырға) жатады?

  1. «Қыз Жібек».

  2. «Мақпал қыз».

  3. «Күлше қыз».

  4. «Ер Қосай».

  5. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу».

10. XII ғ. соңы XIV ғ. салынған монша қай қалада сақталған?

  1. Сығанақта.

  2. Сауранда.

  3. Отырарда.

  4. Сайрамда.

  5. Сарайшықта.

11. Қазақстанда XIX ғ. II жартысында дамыған өнеркәсіп салалары.

  1. Тау-кен өнімдерін өндіру.

  2. Жеңіл өнеркәсіп.

  3. Алтын өндіру.

  4. Станоктар жасау.

  5. Тамақ өнеркәсібі.

12. 1822 жылы Жарғы бойынша билердің шешімдерін қайта қарауға кімнің хұқығы болды?

  1. Генерал-губернатордың.

  2. Шекаралық соттың.

  3. Сұлтанның.

  4. Округтік приказдың.

  5. Хан кенесінің.

13. 1817 жылы Сүйік Абылайханұлының мәлімдемесі бойынша Ресей құрамына жалайыр руынан қоныс адам саны:

  1. 70мың.

  2. 65 мың.

  3. 66 мың.

  4. 60 мың.

  5. 68 мың.

14. Әйгілі «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының ең көркем нұсқасын тарақтан эпик ақын:

  1. Шортанбай Қанайұлы.

  2. Дулат Бабатайұлы.

  3. Шернияз Жарылғасұлы.

  4. Сүйінбай Аронұлы.

  5. Шөже Қаржаубайұлы.

15. 1883 жылы кемемен Қытайдың Сүйдін бекінісіне апарылған астықтың мөлшері:

  1. 23000пұт.

  2. 10000пұт.

  3. 18000пұт.

  4. 20000пұт.

  5. 15000пұт.

16. XIX ғ. II жартысындағы көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері жаңашыл педагог:

  1. В. Григорьев.

  2. Ш. Құдайбердіұлы.

  3. М. Дулатов.

  4. А. Байтұрсынұлы.

  5. Ы. Алтынсарин.

17. 1910-1917 ж.ж. А.Байтұрсынов өмір сүрген қала:

  1. Ташкент.

  2. Верный.

  3. Петропавл.

  4. Орынбор.

  5. Орал.

18. 1916 жылғы ұлт-азаттық соғыстың қамтыған жерлері:

  1. Бүкіл Қазақстан.

  2. Торғай облысы.

  3. Ақмола облысы.

  4. Семей облысы.

  5. Жетісу.

19. Қазақ АКСЗ-нің тұнғыш астанасы.

  1. Қызылорда.

  2. Орал.

  3. Орынбор.

  4. Ташкент.

  5. Верный.

20. Жер-су реформасы кезінде «Қосшы Одағы» құрылған уақыт:

  1. 1918ж.

  2. 1922ж.

  3. 1921ж.

  4. 1920ж.

  5. 1919ж.

21. РКФСР үкіметі жанында құрылған Түркісіб құрылысына жәрдемдесетін арнаулы комитетті кім басқарды?

  1. С.Сәдуақасов.

  2. Н.Нұрмақов.

  3. Ф.Голощекин.

  4. А.Розыбакиев.

  5. Т.Рысқұлов.

22. Созақ ауданындағы шаруалар көтерілісінің басшысының бірін атаңыз.

  1. Оразбаев.

  2. Берсиев.

  3. Жақыпов.

  4. Тәштитов.

  5. Төлепов.

23. Ұлы Отан соғысына дейін М. Мәметова қай оқу орнының студенті болды?

  1. Қазақ Мемлекеттік Университеті

  2. Алматы медицина институты.

  3. Алматы ауыл шаруашылық институты.

  4. Алматы музыка училищесі.

  5. Қыздар педагогикалық институты.

24. КСРО-да «Халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту туралы» бесжылдық жоспар қай жылдың наурыз айында қабылданды?

  1. 1945ж.

  2. 1947ж.

  3. 1948ж.

  4. 1949ж.

  5. 1946ж.

25. Қазақстанда тың жерлер игерілген облыстар саны:

  1. 6.

  2. 8.

  3. 5.

  4. 7.

  5. 4.

26. Ю.А Гагарин ғарышқа қашан ұшты?

  1. 1965ж. 12 сәуір.

  2. 1960ж. 12 сәуір.

  3. 1959ж. 12 сәуір.

  4. 1962ж. 12 сәуір.

  5. 1961ж. 12сәуір.

27. 1970 жылдары Қазақстан жерінде құрылған ірі территориялық өндірістік комплекс.

  1. Қызылорда.

  2. Петропавл.

  3. Маңғыстау.

  4. Жетіген.

  5. Көкшетау.

28. 1970-1980 ж.ж. ғылым мен білімді қаржыландыру...

  1. Территориялық принцип бойынша жүргізілді.

  2. «Қалдықты» принцип бойынша жүргізілді.

  3. Әкімшілік принципі бойынша жүргізілді.

  4. Ұлттық принцип бойынша жүргізілді.

  5. Өндірістік принцип бойынша жүргізілді.

29. Н.Назарбаев «1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Қазақстандағы оқиғаға қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде» Жарлығы шықты

  1. 1992ж. 12 желтоқсанда

  2. 1991ж. 12желтоқсанда

  3. 1990ж. 12 желтоқсанда.

  4. 1989ж. 12желтоқсанда.

30. Қазақстан Республикасының президенті Қазақстан ядролық қарудан еркін аймақ болатындығын мәлімдеген Лиссабон хаттамасына қол қойды:

  1. 1993ж.

  2. 1990ж.

  3. 1989ж.

  4. 1991ж.

  5. 1986ж.



2 нұсқа.

1. Дене бітімі қазіргі адамдарға ұқсас адамдар қалыптасқан дәіурді атаңыз:

  1. Орта палеолит

  2. Мезолит

  3. Кейіңгі палеолит

  4. Ерте палеолит

  5. Неолит

2. Ыдыстарға тек әсемдік үшін ғана емес, сонымен қатар, тілден сақтау үшін салынған нәрсе:

  1. Құлып

  2. Өрнек

  3. Әріп

  4. Сурет

  5. Мөр

3. ғұндарда қандай сала жоғары дамыған:

  1. Қолөнер

  2. Әскери іс

  3. Салық

  4. Егіншілік

  5. Сауда

4. Түркі тілдес халықтардыңбилеушілері қандай лауазымды иеленді?

  1. Сюбашы

  2. Елтебер

  3. Күлеркін

  4. Қаған

  5. Бұйрық

5. IX-XII ғ.ғ. қандай ыдыстар көп таралған:

  1. Шыңылтырлы керамика

  2. Оймышты керамика

  3. Шыңылтырлы жазбалы және оймышты құйғыш

  4. Фарфор ыдыс

  5. Соғдылық керамика

6.Жібек жолында Византиялық алтын солид үлкен сұраныста болып,

  1. Әшекей бұйым ретінде кеңінен пайдаланылды

  2. Айырбас теңге ретінде кеңінен пайдаланылды

  3. Жалдамалы әскерге төленетін ақы ретінде кеңінен пайдаланылды

  4. Елшілерге берілетін сыйақы ретінде кеңінен пайдаланылды

  5. Халықаралық валюта ретінде кеңінен пайдаланылды

7. Алтын Ордада қалалар мен бағынышты ұлыстардан алым-салық жинаушылар:

  1. Бектер

  2. Беклербектер

  3. Жабғы

  4. Басқақтар

  5. Нояндар

8. Осы ханның тұсында Моғолстан бүкіл Мәуераннахрды жаулап алды.

  1. Ссасы Бұқа

  2. Орысхан

  3. Мүбәрәк қажы

  4. Едіге

  5. Тоғұлық Темір

9. «Ақтабан шұбырынды» жылдарының (1723-1727) халыққа әкелген қасіреті

  1. Хиуа шапқыншылығына тең болды

  2. Арабтардың шапқыншылығына тең болды

  3. Моңғол шапқыншылығына тең болды

  4. Темір шапқыншылығына тең болды

  5. Бұқар шапқыншылығына тең болды

10. Кіші жүзді Ресейдің қарамағына қарату туралы Анна Иоановнаның грамотаға қол қоюы болған жыл.

  1. 19 ақпан 1730жыл

  2. 19 ақпан 1932жыл

  3. 19 ақпан 1728жыл

  4. 19 ақпан 1759жыл

  5. 19 ақпан 1731жыл

11. 1856-1857жж. Төменгі сыр бойы қазақтарының көтерілісіне себеп болған жағдай.

  1. Жергілікті феодалдардың қысымы

  2. Сырдария әскери шебінің құрылуы

  3. Жайылымның тарылуы

  4. Патша әкімшілігінің салық жинауы

  5. Бекіністер салуға қазақтарды күшпен тарту

12. XIX ғ. Iжартысында Хиуа фиодалдарының жаулап алған жерлері:

  1. Сырдария жағалаулары

  2. Орталық Қазақстан

  3. Оңтүстік Орал

  4. Жетісу

  5. Шығыс Қазақстан

13. XIX ғ. I жартысында ашылған Қазақстандағы орыс-қазақ мектептері мен училицелерінің негізгі көздеген мақсаты.

  1. Қазақ әдебиетін дамыту

  2. Жоғары дәрежелі ақсүйектерді дайындау

  3. Сауатсыздықты жою

  4. Қазақтар арасында оқу-ағартуды дамыту

14. II Александр «Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын уақытша басқару ережесі» туралы құжатты қашан бекітті?

  1. 1868 жылы 21 қыркүйек

  2. 1868 жылы 21 желтоқсанда

  3. 1868 жылы 21 қарашада

  4. 1868 жылы 21 тамызда

  5. 1868 жылы 21 қазанда

15. «Жасымдағылым бар деп ескермедім, пайдасын көре тұра тексермедім» деген өлең жолдарының авторы:

  1. А.Байтұрсынұлы

  2. С.Мұқанов

  3. М.Өтемісұлы

  4. А.Құнанбаев

  5. Ы.Алтынсарин

16. «Қалқаман-Мамыр» поэмасының авторы:

  1. Ш.Құдайбердиев

  2. С.Көбеев

  3. А.Байтұрсынов

  4. С.Дөнентаев

  5. С.Торайғыров

17. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің нәтижесі:

  1. Автономия құрылды

  2. Ұлттық өзіндік сана-сезім өсті

  3. «Бұратана халықтарды қара жұмысқа алу» туралы жарлық жойылды

  4. Отаршыл әкімшілік құлады

  5. Отарлық езгі әлсіреді

18. 1917 жылғы І Бүкілқазақ съезі шешімдерінің бірі:

  1. «Алаш» партиясын құру

  2. Жастар ұйымын құру

  3. «Үш жүз» партиясын құру

  4. «Қазақ» газетін шығару

  5. Қаз.АКСР-ін құру

19. 1919 жылы БОАК-тың қаулысында азамат соғысы жылдарында Кеңес өкіметіне қарсы күрескен Алашорда мүшелері туралы не айтылды?

  1. Өлім жазасы кесілді

  2. Еш нәрсе айтылмады

  3. Шет елдерге қуу туралы

  4. Амнистия жарияланды

  5. Түрмеге қамау туралы

20.1920-1924ж.ж Қазақ АКСР-ны астанасы болған қала:

  1. Қызылорда

  2. Орал

  3. Верный

  4. Орынбор

  5. Петропавл

21. Голощекиннің Қазақстан компариясынының 1-ші хатшысы болған жылдары:

  1. 1925-1939 ж.ж.

  2. 1923-1936 ж.ж.

  3. 1925-1933 ж.ж.

  4. 1920-1940 ж.ж.

  5. 1920-1930 ж.ж.

22. 1932 жылы апаттың себептері туралы ашық хат-«Бесеудің хаты» тікелей арналып жазылған басшы:

  1. Каганович

  2. Сталин

  3. Голощекин

  4. Берия

  5. Молотов

23. Совет Одағының батырын алған Қазақстандықтардың саны.

  1. 550 Қазақстандықтар

  2. 400 Қазақстандықтар

  3. 500 Қазақстандықтар

  4. 600 Қазақстандықтар

  5. 300 Қазақстандықтар

24. Ұлы Отан соғысы жылдары жұмысшылардың жетіспеушілігінен шығу үшін қандай жағдайға көшті?

  1. Кәсіпорындарға жұмысшыларға инвестицияны тартты

  2. Еңбек резервтерінің мектептері мен училищелері құрылды

  3. Кәсіпорындарға жұмыс істеуге шаруаларды күшпен тартты

  4. Студент жастардың еңбегін пайдаланды

  5. Шетел жұмысшылары шақырылды

25. Жұмабай Шаяхметовтың атқарған қызметң:

  1. Қазақстан КП ОК-нің бірінші хатшысы

  2. КОКП ОК Саяси бюросының мүшесі

  3. Қазақ КСР Ғылым Академиясының басшысы

  4. Мәдениет қайраткері

  5. Қазақстан КП ОК-нің хатшысы

26. 1968 жылы Қазақстанға басқа республикалардан әкелінген комбайншылар саны:

  1. 15 мың.

  2. 16 мың.

  3. 10 мың.

  4. 13 мың.

  5. 17 мың.

27. Қайсысы бұрын болды.

  1. КОКП-нің XXV съезі

  2. Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу

  3. Қазақ КСР-нің жаңа Конституция қабылданды

  4. Жалаңашкөлдегі кеңес-қытай қақтығысы

  5. Целиноградтағы толқу

28.1989 жылы Қарағанды кеншілерінің ереуілін тыныштандыру үшін кім келді?

  1. Н.Ә Назарбаев

  2. Д.А. Қонаева

  3. О. Сулейменов

  4. М. Шаханов

  5. Г. Колбин

29. Қазақстан Компартиясының аты өзгертіліп, орнына келген жаңа партия:

  1. Социалистік партия

  2. Қазақстан Социал-демократиялық парпиясы

  3. «Азат» партиясы

  4. Қазақстан Халық Конгресі партиясы

  5. Қазақстан Республикалық партиясы

30. 1993 жылдың соңына қарай Республикадағы қоғамдық-саяси ұйымдар саны:

  1. 100-ден асты

  2. 300-ден асты

  3. 500-ден асты

  4. 200-ден асты

  5. 400-ден асты



3 нұсқа.

1. Археологтар 15 мыңға жуық заттар жинаған ежелгі адамдар тұрағы:

  1. Батпақ

  2. Қарасу

  3. Қараүңгір

  4. Қазанғап

  5. Шабақты

2. Орта және кейінгі андронов кезеңінде мәйітті қалай жерледі?

  1. Отырған күйінде

  2. Тік күйінде

  3. Өртеп

  4. Басын шығысқа қаратып

  5. Аяқ-қолын бүгіп

3. Сақ тайпаларының бірі, массагеттер жайлы жазған грек тарихшысы:

  1. Страбон

  2. Диоген

  3. Птоломей

  4. Геродот

  5. Аристотель

4. Түрік қағанаты қай жылы Батыс және Шығыс қағанаттарына бөлінді?

  1. 945ж.

  2. 803ж.

  3. 680ж.

  4. 703ж.

  5. 603ж.

5. Оңтүстік-Батыс Жетісудың қала мәдиниетін дамытуда кімдер атқарды?

  1. Қыпшақтар

  2. Қытайлар

  3. Парсылар

  4. Соғдырлықтар

  5. Арабар

6. Ерте орта ғасырларда будда дінін таратудағы негізгі міндетті кімдер атқарды?

  1. Соғдылар

  2. Түріктер

  3. Үнділер

  4. Арабтар

  5. Қытайлар

7. Алтын Ордада басқақтар

  1. Заңдар шығаруымен айналысты

  2. Қазынаны басқаруымен айналысты

  3. Дипломатиялық қарым-қатынастармен айналысты

  4. Алым-салық жинаумен айналысты

  5. Армияны басқаруымен айналысты

8. Шайбани ұрпағы Әбілқайыр хан болып қашан сайланды?

  1. 1418 жылы

  2. 1440 жылы

  3. 1428 жылы

  4. 1424 жылы

  5. 1432 жылы

9. Мемлекетті басқаруда жоңғар қоңтайшысы кімдерге сүйенді?

  1. Нояндар мен жайсандарға

  2. Бектерге

  3. Манаптарға

  4. Қарапайым халыққа

  5. Сұлтандарға

10. 1757 жылы Алтайда кен өндіру ісіне үлкен қауіп төнді. Ол қандай оқиғаға байланысты еді?

  1. Қазақ хандарының өзара қырқысуы

  2. Қазақ жеріне жоңғарлардың қайтадан шабуыл жасауы

  3. Солтүстік Монғол әскерлерінің шабуылы

  4. Сырдария қазақтарының ауқымды көтерілістері

  5. Маньчжур-Цинь империясы әскерінің қазақ жеріне шабуылы

11. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің басты қозғаушы күші:

  1. Старшындар

  2. Шаруалар

  3. Қолөнершілер

  4. Жатақтар

  5. Сұлтандар

12. Қазақстанның Ресейге қосылуына аяқталу кезеңінде қандай Жетісу батырлары мен билері орыс әскерлерін қолдады?

  1. Ағынтай, Нартай батыр, Асан би

  2. Алшыбай би, Қыдырбай

  3. Сұраншы, Шаян батыр, Жайнақ би

  4. Жасыбай батыр, Үмбетей би

  5. Малайсары, Жақып би

13. Жастай екі көзінен айрылып, ақындық өнері күн көрудің көзі болған ақын:

  1. Сүйінбай

  2. Дулат

  3. Шөже

  4. Шернияз

  5. Шал

14. Қазақстанда 1886 жылғы «Ережеге» сай құрылған төменгі сот буынын атаңыз:

  1. «Халық соттары»

  2. Империялық соты

  3. Төтенше соттар

  4. Қазылар соты

  5. Билердің соты

15. Шоқанның достары ішіндегі аса көрнекті орыс жазушысы:

  1. Т.Шевченко

  2. Ф.Достоевский

  3. А.С.Пушкин

  4. С.Ф.Дуров

  5. Г.Потанин

16. 1905 жылы 21 қарашада патша үкіметінің халыққа қарсы жүргізген саясатына қай қаланың әскери бөлімі қарсылық білдірді?

  1. Жаркент

  2. Перовск

  3. Верный

  4. Петропавл

  5. Әулие аты

17. 1916 жылғы көтеріліс барысында Торғай облысының ханы болып сайланған:

  1. Т.Бокин

  2. Б.Әшекеев

  3. Ә.Жангельдин

  4. А.Иманов

  5. Ә.Жанбосынов

18. Қазақстандағы қосөкімет-бұл:

  1. Басшылықта көзқарастары қарама-қарсы бірнеше партияның болуы

  2. Уақытша үкімет және Кеңестік болуы

  3. Ресейлік басқару органдары және өзін-өзі басқару органдары

  4. Қос премьер-министрдің болу

  5. Уақытша өкімет және мемлекет басында бірнеше партияның болуы

19. Қазан төңкерісінен кейін Ақмоланың халық ағарту бөлімін кім басқарды?

  1. Т.Бокин

  2. А.Розыбакиев

  3. С.Мендешев

  4. С.Арғыншеев

  5. С.Сейфулин

20. ҚазАКСР-нің екінші астанасы:

  1. Қызылорда

  2. Орынбор

  3. Семей

  4. Алматы

  5. Омбы

21. Индустрияландыруды жүргізуде Ф.Голощекиннің саясатына қарсы оппозициясы (қарсыласы) басшыларының бірі:

  1. А.Иманов

  2. И.Құрамысов

  3. С.Сәдуақасов

  4. А.Андреев

  5. В.Ленин

22. 1928-1929жж. Астық дайындау барысында жазаланған шаруалар саны:

  1. 25 мың.

  2. 29 мың.

  3. 33 мың.

  4. 31 мың.

  5. 27 мың.

23. 1939 жылы елдің индустриялық қуатын кеңейтуде Қазақстанға жүктелген міндет:

  1. Ауыл шаруашылығын дамыту аймағы

  2. Түсті металды өңдеу базасына айналу

  3. Барлық аталғандар

  4. Мұнай өндіру аймағына айналу

  5. Көмір өндіру айналу

24. 1931 жылы Алматыда ашылған жоғарғы оқу орны:

  1. Педагогика институты

  2. Медицина институты

  3. Ауылшаруашылық институты

  4. Зоотехникалық малдәрігерлік институты

  5. Тау-кен институты

25. Сталинградтағы «Павлов үйі» гарнизонының ерлігі мызғымас халық достығының айғағы болды. Осы интернационалдық топтың мүшесі болған оңтүстік қазақстандық жауынгері:

  1. Р.Амангелдиев

  2. Т.Мырзаев

  3. Ғ.Сафиуллин

  4. Қ.Аманжолов

  5. Қ.Сыпатаев

26. 1949 жылдың көктемінде Алматыда ашылған автоматты станция астанасы неше қаламен байланыстырды?

  1. 50

  2. 45

  3. 60

  4. 36

  5. 56

27. 1957 жылы салалық басқаруды жергілікті прицип бойынша қайта өзгерту барысында...

  1. Трестер құрылды

  2. Министрліктер құрылды

  3. Ведомствалар құрылды

  4. Халық шаруашылық кеңестері құрылды

  5. Мемлекеттік комитеттер құрылды

28. Ауыл шаруашылығын басқарудың жаңа формаларын енгізген Алматы облысындағы «Іле» совхозының басшысы.

  1. И.Н. Худенко

  2. И.С.Стародубцев

  3. В.П.Белоконь

  4. И.А.Схимщиков

  5. М.С.Довжик

29. Қазақстан Республикасының жаңа Әнұранының мәтіні қашан қабылданды?

  1. 1992жылы қазан

  2. 1992жылы тамыз

  3. 1992жылы желтоқсан

  4. 1992жылы маусым

  5. 1992жылы қараша

30. 1992 жыл ортасында Қазақстанның тәуелсіздігін қанша мемлекет мойындады?

  1. 25

  2. 20

  3. 32

  4. 30

  5. 40



4 нұсқа.


1. Тас өңдеу әдістерінің жоғары дәрежеге жету дәуірі.

  1. Соңғы палеолит

  2. Орта палеолит

  3. Мезолит

  4. Неолит

  5. Энеолит

2. Ежелгі қалалардың ескі тұрағын көрсетіңіз.

  1. Бөріқазған

  2. Тасты-Бұлақ

  3. Құдайкөл

  4. Шатпакөл

  5. Арқайым

3. Қөшпелі үйсіндердің тұрған үйі.

  1. Қыш үй

  2. Киіз үй

  3. Ағаш үй

  4. Тас үй

  5. Саман үй

4. Қарахандықтар мемлекетінде мемлекет пайдасына жиналатын салық:

  1. Икта

  2. Сауын

  3. Ззекет

  4. Соғым

  5. Ұшыр

5. Византия императоры І Юстиниан түрік елшілігін қалай қабылдағаны жайлы айтқан адам:

  1. Араб географы Ибн Хаукаль

  2. Қытай саяхатшысы Сюань Цзянь

  3. Византия тарихшысы Менандр Протектор

  4. Ерте орыс жылнамашысы Нестор

  5. Түрік елшісі Маниях

6. Номадтар дегеніміз:

  1. Жібек долы бойындағы қалалар атауы

  2. Грек қаласының түрік атауы

  3. Көшпелілерді ежелгі гректердің атауы

  4. Отырықшы халықтың атауы

  5. Түрік мемлекеті

7. Алтын Орда құлағанна кейін XIV ғасырда құрылған мемлекеттер арасына артығын көрсетіңіз.

  1. Қырым хандығы

  2. Сібір хандығы

  3. Қазан хандығы

  4. Қазақ хандығы

  5. Астрахан хандығы

8. Мемлекет басқаруда Моғолстан ханына кім көмектесті?

  1. Бек

  2. Басқақ

  3. Ноян

  4. Ұлыс бегі

  5. Беклербек

9. Қазақ халқының қалыптаса бастауы қай ғасырдан басталады?

  1. Б.з.д.ІІ-Шмың жыл

  2. Б.з.II ғ.

  3. XIV-XV ғ.ғ.

  4. VII-IХ ғ.ғ.

  5. III-IV ғ.ғ.

10. XIX ғ. 20 жылдары Ұлы жүздің көп бөлігі мен Кіші және Орта жүздің оңтүстік аудандары салықтарды кімге төлеп және бағынды?

  1. Казак атамандарына

  2. Генерал-губернаторға

  3. Қоқан және Хиуа феодалдарына

  4. Ташкент күшбегіне

  5. Қырғыз манаптарына

11. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс кезінде әскери тәртіп ережесін бұзып, опасыздық жасағандарға қандай жаза колданды?

  1. Жауаптардың бәрі дұрыс

  2. Туысқандарының жазалауына берілді

  3. Өз қатарынан қуу

  4. Дүре соғу

  5. Өлім жазасына кесілді

12. Қазақ шаруаларының 1821 жылы Қоқан хандығына қарсы күресін басқарушы.

  1. И.Ьайманұлы

  2. Ж.Нұрмұхамедұлы

  3. Еет батыр

  4. Кенесары

  5. Тентектөре

13. ХІХ ғасырда Жамбылдың ұстазы болған Жетісудағы аты әйгілі ақын.

  1. Шортанбай

  2. Дулат

  3. Шернияз

  4. Шөже

  5. Сүйінбай

14. 1870 жылғы Маңғыстаудағы шаруалар көтерілісін басқарған.

  1. Ж.Н ұрмұхамедұлы және Есет Көтібарұлы

  2. Есірген Дастанұлы және Кафар Қарамжігітұлы

  3. Б.Маяұлы және Бекмедұлы

  4. Сейіл Түркебай және Иса Тленбайұлы

  5. Дщсан Тәжіұлы және Иса Тленбайұлы

15. Шоқан Уалиханов қашан Орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланды.

  1. 1848жылы

  2. 1857жылы

  3. 1853жылы

  4. 1854жылы

  5. 1856жылы

16. «Қазақ» апталық газетінің негізін қалаған:

  1. Б.Қаратайұлы

  2. М.Шоқай

  3. А.Байтұрсынұлы

  4. Ә.Бөкейханов

  5. М.Дулатұлы

17. Патшаның бұратана халықтарды тыл жұмыстарына алу жөніндегі жарлығы шыққан жыл:

  1. 1918жылы

  2. 1914 жылы

  3. 1916 жылы

  4. 1915 жылы

  5. 1917 жылы

18. Майданнан қара жұмысқа алынған адамдарды қайтарған жыл:

  1. 1917жыл

  2. 1918жыл

  3. 1920жыл

  4. 1921жыл

  5. 1919жыл

19. Алаш партиясының бағдарламасы жарияланған газет:

  1. «Айқап» журналы

  2. «Қазақ» газеті

  3. «Правда» газеті

  4. «Ақжол» газеті

  5. «Свободная речь» газеті

20. 1924 жылғы ұлттық мемлекеттік бөлісу кезінде Қазақ АКСР-ң құрамына қандай облыстар кірді?

  1. Ақмола, Атбасар, Орынбор, Торғай, Петропавл

  2. Сырдария және Жетісу

  3. Қостанай, Орал, Ақтөбе, Атырау, Семей

  4. Семей, Павлодар,Өскемен, Қырғыз

  5. Қара-Қырғыз, Тәжік, Ақмола, Көкшетау

21. Қазақстанда күшпен ұжымдастыруға қарсы қарулы күрес болған жылдар:

  1. 1938-1939 жж.

  2. 1937-1938 жж.

  3. 1921-1922 жж.

  4. 1929-1931 жж.

  5. 1931-1933 жж.

22. Қазақ КСР Жоғары Кенесінің бірінші сессиясы болған уақыт:

  1. 1938ж. 15 наурыз

  2. 1938ж. 15 шілде

  3. 1936ж. 5 желтоқсан

  4. 1936ж. 20 тамыз

  5. 1937ж. 18 маусым

23. Ұлттық қазақ театрында тұңғыш рет қойылған пьеса:

  1. «Еңлік-Кебек»

  2. «Қызыл сұңқарлар»

  3. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»

  4. «Арқалық батыр»

  5. «Шаншар молда»

24. Ленинград үшін шайқаста А.Матросовтың өшпес ерлігін қайталаған:

  1. М.Ғабдуллин

  2. Қ.Сатпаев

  3. Т.Тоқтаров

  4. Р.Амангельдиев

  5. С.Баймағанбетов

25. Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті.

  1. А.Марғұлан

  2. Қ.Сәтпаев

  3. Д.Қонаев

  4. Ж.Мендешов

  5. С.Вавилов

26. 1954 жылдың бірінші жартысында тың жерді игеру үшін тек бір облысқа ғана 20 мыңнан астам адам келді:

  1. Павлодар облысына

  2. Көкшетау облысына

  3. Торғай облысына

  4. Ақмола облысына

  5. Қостанай облысына

27. Халықаралық көрме жәрмеңкелерде қаракөл терісінен аса үздік жетістікке жеткен Жазылбек Қуанышбаев қай жердің азаматы?

  1. Алматы облысы

  2. Шығыс Қазақстан облысы

  3. Шымкент қаласы

  4. Жамбыл облысы

  5. Павлодар облысы

28. 1970 жылдары Қазақстан жерінде құрылған ірі территориялық өндірістік комплекс:

  1. Маңғыстау

  2. Петропавл

  3. Көкшетау

  4. Жамбыл

  5. Жетіген

29. ХХғ.ң 90-шы жылдары Қазақстанда жұмыс істеген кәсіптік театрлар:

  1. 48

  2. 30

  3. 42

  4. 52

  5. 38

30. Президент Н.Назарбаевтың құзыретін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту шешімін қабылдаған:

  1. Республикалық референдум нәтижесі

  2. Жоғары Кеңес

  3. Парламени депутаттарының дауыс беру нәтижесі

  4. Жоғары Сот

  5. Конституциялық кеңес













Автор
Дата добавления 03.02.2016
Раздел История
Подраздел Тесты
Просмотров171
Номер материала ДВ-412031
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх