Инфоурок Всеобщая история СтатьиҚазақстан жерінен табылған «Алтын адамдар» құнды тарихи жәдігерлер.

Қазақстан жерінен табылған «Алтын адамдар» құнды тарихи жәдігерлер.

Скачать материал

Қазақстан жерінен табылған «Алтын адамдар» құнды тарихи жәдігерлер.

Тарихи ескерткіштерді жаңғырту жұмысы

ерекше ыждаһаттылықты талап етеді. Бұл

құбылыс емес ғылыми жұмыс...

Н.Ә.Назарбаев.

Ұлы даланың заманалар керуенінің белін қайыстырған ұлық өркениетіне зер салған жан баласы адамзат тарихының біз шеше алмаған жұмбақтары әлі де көп екеніне шүбә келтірмес. Соның бірі «Алтын адам» бейнесі. Қазақ топырағының төрт тарабынан да Алтын адамның табылуы –тарихи сананың бетбұрыс жасар тұсы болса керек. Тарихи сана дегенде біз өз мәдениетін ерекше, өзгелерден зор санайтын халықпыз. Бүгіндері әлем халықтарының назары қазақ еліне ауса, және өз мәдениттерінің терең қаптарында осы даламен сабақтас, тамырлас,іліктес оқиғалар тізбегі барекенін сезсе және оны көшпенді халықтың ауыздықпен су ішкен, тұлпарының тұяғы тимеген жердің кеде-кем екендігін мойындап жатса, осы менкенде ғұмыр кешкен ұлттың арғы бабалары бір кездері адамзат тарихында орны бөлек өркениетті қоғам құрғандығына күмәнсіз сенсе, кең байтақ даламыздың әр қиырынан табылған құнды жәдігерлерге қызыға да, қызғана қараса,мұның бәрі дебіпр ездегі жауынгер болмысымыздың өзгеше табиғатынан. Қазақ далаысның қай бұрышына барсаңызда- тұнған шежіре. Бірегей тарих.

Алғашқы Алтын адам

1969 жылы Жетісу өңіріндегі Есік қорғанынан табылған.

Екінші Алтын адам

1999 жылы Ақтөбе облысының Жылыой ауданына қарасты Аралтөбе қорымында табылды.

Үшінші Алтын адам

Шығыс Қазақстан облысының Шілікті жазығынан табылған.

Төртінші Алтын адам

Талды-2 Қарағандыдан табылған.

Есік қорғанынан табылған «Алтын киімді адам». Алматының іргесіндегі Есік қорғанынан 1969 жылы табылған «Алтын киімді адам» - құнды тарихи жәдігер.

Тарих ғылымдарының докторы Кемел Ақышев бастаған ғалымдар Алтын киімді адамды тауып, б.з.д Ү-ІҮ ғ. өмір сүрген сақ ханзадасы деген шешімге келген болатын. Бұл алғашқы Алтын киімді адам бұдан екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген. Ол кезде бұл оқиға әлем назарын Қазақстанға аударған үлкен жаңалық болғаны шындық. Алғашқы Алтын адам- Алматы облысындағы Есік қаласаның солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған Алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі Үғасыр жәдігері. Жерленген адам- 17-18 жас шамасындағы темір дәуірінен сақталған сақ ханзадасы. Алтын киімді адам сақ мәдениетінің бірегей үлгісі. Есік Қорғанынан табылған алтын бұйымдардың көптігіне қарап, бұл мәйітті «Алтын киімді адам» деп аталды. Жауынгер сақ тайпалары қазақ халқының негізін қалаған. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлер мен безендірілген.Әшекейлер барыс,бұлан,таутеке, арқар, ат, түрлі құс жебеушілерге сыйыну ғұрыптары бболған. Өлген адамдардың мәңгі жасайтынына өлгендер өзінің рулық қауымының салттары үйреншікті ғұрыптары мен ережелері өмір сүре беретін о дүние бар деген сенімге негізделген. Өлген адамның тіршіліктегі беделі мен қауымдағы дәрежесіне лайық мүліктің көмілуі,тайпалар табына тән күрделі жерлеу ғұрпы болған. Көшпенділердің қауымдық салты, діндік сенімі, сол дәуірдегі жерлеу салтында үлкен құрметпен, алтыннан тігілген салтанатты киіммен және қару-жарағы түгел қойылған күінде жерленген. Мәйіттің жанына жүзден аса жебе салынған қорамсақ, қыш құмыра және темір қылыш пен қанжар табылған.

Зерттеу барысында көсемнің киім- кешегі өте бай асыл бұйымдармен, алтын әшекейлермен безендірілгені аңғарылды. Бұған айғақт ретінде қабірден табылғанәр түрлі дәрежедегі ромб, шеңбер және жылан пішіндерімен бейнеленген 400-ге жуық қаптырмалар болған. Қабірден қару-жарақ, әшекей бұйымдардан басқа жұқа алтын фольгамен қапталған абыз аса таяғының бөліктері табылды.

Екінші Алтын адам: Аралтөбеден табылған сақ көсемі.

Зерттеушісі археолог З.Самашев 1999 жылы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, Ақтөбе облысының Жылыой ауданына қарасты Аралтөбе қорымынан сақ көсемін табады. Көсамнің киіміне тоқталсақ , үстіне мата көйлек кигізілген. Сауыт қысқа жеңді. Белдік тағылатын жерге дейін ромб фигурасындағы алтын тағалармен қапталған. Зерттеу барысында көсемнің киім-кешегі өте бай асыл бұйымдармен, алтын әшекейлермен безендірілгені аңғарылды. Бұған дәлел ретінде қабірдентабылған әртүрлі дәрежедегі ромб,шеңбер және жылан пішіндермен безендірілген 400-ге жуықалтын фольга мен қапталған абыз асатаяғының бөліктері табылған. Зерттеу нәтижесінде ер адамның шашы өрілген бұрым болғаны б.з.д І мыңжылдықта Еуразия аймағында өрілген бұрым тек жоғары дәрежедегі салт аттыларда кездесіп отырған. Көсемнің үстіне мата көйлек кигізілген. Оның жеңдері әртүрлі алтын қаптыпмалар мен тізбелер араластырылып, әшекейленіп кестеленген. Көйлектің сыртынан сауыт кигізілген. Сауыт қысқа жеңді. Белдік тағылатын жерге дейін ромб фигурасындағы алтын тағалармен қапталған. Ал сауыттың жеңдері жағасы мен төменгі бөлігі шеңбер тәрізді алтын қаптырмалармен толықтырылған. Көсемнің оң жағына алтынмен жалатылған ұзын абыз аса таяғы, сол жағына қорамсаққа алтын қаптырмалармен безендіріліп, әшекейленген жүзден аса жебелер салынған қорамсақ, қылыш қойылған. Шалбар тегіс бойымен ұсақ алтын қаптырмалармен әдептелген және балақтары шалбардың тігісіндей ұсақ алтынмен қаптырылған саптама етікке сұғындырылған. Қорғаннан табылған қолөнер бұйымдардың тарихи маңыздылығы зор. Қорғанда әр түрлі ырым сыйқырлық іс-әрекеттер және құрбандық шалу әрекеттері жүзеге асқан.Қорғанның ортасында ошақ орны болған. Тазартатын қасиетті күштің белгісі – отқа табынушылық сармат тайпасында болған. Отқа табыну сақтану қызметін атқарған. Жерлеу дәстүрінде обаларды айнала оңдаған жерге от жаққан. Қабірден қару-жарақ, қару ілетін аспалы белбеу бөліктері, әскери темір күршек, сүйектен жасалған ине және жебенің үшбұрышты темір ұштары болған. Сақ көсемі екінші Алтын адамды Атырау облысының орталық мұражайына көрмеге қойылған.

3. Шілікті қорғанынан табылған Үшінші «Алтын адам»- сақ патшасы.

Үшінші «Алтын адам» 2003 жылы табылған. Үшінші аАлтын адамды Шығыс Қазақстан облысына қарасты Зайсан ауданының Шілікті жазығынан археолог-этнолог,профессор, тарих ғылымының доктры Әбдеш Төлеубаев бастаған археологтар қазба жұмыстары кезінде тапқан. Жалши ауылындағы маңайда үлкен 17 оба бар. Солардың ең басында тұрған үлкеноба тегін адамға қойылмаған ескерткіш екенін сезген.Шілікті патша қорғанынан табылған. Алтын адам біздің дәуірімізгн дейінгі ҮІІІ ғасырдың аяғы мен ҮІІ ғасырдың басындағы жәдігерлердің бірі. Қазақстан жерінде табылған Алтын адамдардың ең көнесі. Мекен еткен жеріне және үстіне құйма алтыннан жасалған аң-құс белігілеріне қарағанда сақ патшасына келетін бұл олжа сақ дәуірінен жеткен құнды тарихи жәдігер. Бұл жәдігер тарихқа Бәйгетөбе деген атаумен енді. Бұл археологиялық жаңалық тарих ғылымында сақ дәуірінің тағы бір жарқын ескертіші ретінде танылып отыр. Обаның биіктігі 8м, диаметрі 100 метрге жуық. Ол үш қабаттан тұрады. Үстінгі қабаты топырақпен, астыңғы қабаты тастан үйілген.Тас үйіндінің ішінде сағана-қабірхана орналасыпты. Қабірхана жер бітіне салынған. Оның қабырғалары ұзынан екі қатар етіп қойылған жуан самырсын бөренелерден тұрғызылған. Осындай алып ғимараттың ішінде бірғана ер адам жерленген. Адамды сом алтыннан құйылған қаптырма, әшекей түймешектермен безендірілген киімімен жерленген. Киімінің алтын қаптырма – түймешектерінің барлық саны 4303 данадан тұрады. Олар аңдық стильде құрылған. Патша киімдеріне тағылған алтын жапсырмалардың жасалуы сом алтыннан құйылған әшекей дүниелер, яғни таза құйма алтындар. Олардың ішіндегі ең үлкені – арқардың мүсіні. Шілікті қорғанынан табылған Үшінші Алтын адам сақ патшасы. Шілікті қорғанынан екі бұғының мүйізі айқасып тұрғанын бейнелейтін алтын жапсырма «Мәңгі әлем бәйтерегі» өрнегін еске түсіреді. Ал бір-бірімен тұмсық түйістіріп тұрған екі таутекенің басы кейіпінде жасалған жапсырмадан үш сюжетті көреміз. Оның біріншісі, қос таутекенің басы десек, екіншісі тура қарап тұрған барыстың бейнесі. Үшіншісі осы жапсырманы жатқызып қойып қырынан қарағанда, оның ұшып бара жатқан құсқа ұқсайтындағы. Өз дәурінде өнердің аса шеберлікпен өркендегенін көруге болады. Бұл деген нағыз өнер шыңы. Жалпы бір форма арқылы бірнеше мағына беру- сақ бейнелеу өнерінің өте ерте замандағы кезеңіне тән құбылыс. Аса бір геометриялық дәлдікпен жасалған бесжұлдыз бейнелі түйме де еріксіз таңдандырады. Бесжұлдыздың тіні алтын жұлдызшалары көк лазурит тасынан жасалған. Айналасы сүйекпен көмкерілген. Ортасына томпақ мүйіз орнатқан. Бесжұлдыз сол заманда да биліктің белгісі саналған. Бесжұлдыздың қырларымен түйменің ортасындағы жұлдызша Еуразия даласына сақтардың әкелген үлкен жетістігі деуге болады. Үшінші Алтын киімді адам екінші Алтын киімді адамнан мың жылбұрын өмір сүрген. Есік қорғанынан табылған Алтын адаммен салыстырсақ айырмашылықты да көруге долады. Енді салыстырсақ Есіктен Есіктен табылған жәдігердің үстіндегі алтын бұйымдар жұқа фольга түрінде киімге тігілген әшекей. Бұл өлген адамға арналған киім. Яғни жерлеу рәсімінде қолданылатын ритуалдық киім. Өнер бұйымы ретінде құндылығы шексіз. Алтынмен апталған жас әскербаының сыртқы киімдері кезінде қалай көмілсе сол күйінде бізге аман жеткен. Бұл оба тоналмаған. Шілікті үшінші Алтын адам обасы тоналған. Патшамен ұқойлған ірі ірі заттар-алтын тәж, семсер, қанжар, салтанатты аса таяғын тонаушылар алып кеткен. Аса қымбат, көзге ілінетін ірі дүниелерді және алтын заттардың біразыг алып кеткен. Үшінші Алтын адамның киімі тірі кезінде киген киімі. Оның үстіне мұның алтынмен безендірілген киімдері тірі кезінде киіп жүрген киімі екні белгілі болып отыр. Ритуалдық киім емес. Бұл алғашқы Алтын адамның киімінен басты айырмашылық деуге болды. Мұндағы алтын әшекейлер күрделі зооморфтық қалыптарға негізделе құйма алтындардан жасалған. Зерттеушілер бұл олжаны сақ патшасы болуы мүмкін деп жорамалдап, баға жетпес жәдігердің кілтін тауып, құпиясын ашуға ұмтылуда жаңылысқан жоқ. Бұл жәдігер өз заманында сақ патшасы болғандығымен ерекшеленіп әлем назарын тағы да өзіне аударды. Бұл жәдігерді ғалымдар Шілікті «Алтын адамы» деп таныды. Оның қайта қалпына келтірілген алғашқы нұсқасы жасалынды. 2013 жылы шілде айында жәдігер өз өлкесіне қайта әкелінді.

4. Қазақстаннан табылған төртінші «Алтын адам».

Енді міне, төртінші Алтын адамды да баба дала қойнауынан қазып алдық. Төрт құбылаң тең болсын дейтін қазақтың төрт торабындағы осы «Алтын киімді адамдар». Ата тарихтың жаңа парағы іспетті. Қарағанды облысына қарасты Талды-2 қорымындағы қазба жұмыстары кезінде табылған «Алтын адам » - бұған дейінгі олжалардың ішіндегі ең сүбелісі деуге лайықты.

Қ.Аманжолов атындағы елді мекеннен бұдан екі жарым жыл бұрын өмір сүрген сақ жауынгерінің алтынмен апталған мүсінін кезіктірген археологтардың қазба жұмыстары үлкен жаңалықтың жаршысына айналып, қазақ даласы тағы да бір тарихи жәдігермен толықты. Ұзақ жылдық тарихи – археологиялық зерттеу, қазба жұмыстары нәтижесінде қол жеткізген бұл олжаны тарихшылар сақтың қолбасшысы, жауынгердің жауынғердің моласы болуы керек деп топшылауда . Қазақстаннан табылған төртінші Алтын адам –Сақ жауынгері. Зерттеушісі археолог Арман Бейсенов. Қазақстаннан табылған төртінші Алтын адамды археолог Арман Бейсенов басқарған зерттеушілер Қарағанды облысына қарасты Талды-2 қорымында қазба жұмыстары кезінде тапқан. . Қазба жұмыстары барысында жүзге жуық белдіктің әшекейі, сегіз арыстан бейнесі, жиырмаға тарта құйма алтын, түрлі формадағы әшекейлер, айдаһар пішіні сомдалған алтындалған зат, секіруге бейімделген қабан. Елтаңбамыздағы пырақтардың бейнесіне ұқсас суреттер бедерленген жәдігермен бірге, мыңнан аса асыл моншақтар табылды. Бұл қорғанға аса беделді адамның жерленгендігі осыдан-ақ белгілі. Археолог Арман Бейсеновтың айтуынша, қорым бұған дейін әлденеше рет тонауға ұшырап, бұданда үлкен деректі дүниелер қолды болғанға ұқсайды. Төртінші Алтын адам тарих үшін аса маңызды ақпарат, ғылыми дерек. Мұндай байлық күнде кезіге бермейді, - дейді археолог. Бұл да тұтас халқымыздың, еліміздің олжасы, тарихтағы ғылыми қол жеткен құндылығымыз, тіпті әлем тарихының жаңа бір тың да сүбелі дерегі. Қазақстаннан табылған төртінші Алтын адамды сипаттасақ ол сақ жауынгері.Сақ жауынгерінің кеуде тұсы толықтай алтынмен қапталған, мұндай үрдіс күн билеушісі болғандарға жасалатын құрмет. Сондықтан бұл мола – Күн билеушісіне тұрғызылған дейді- зерттеу барысы. Тарихшылар аталмыш қорымды Патшалар даласы деп атады. Арғы ата-бабаларымыз Күнді құрмет тұтып , Тәңірдің мекені сол жақта деп түсінгенін ескерсек, археологтың айтқанының жөні де бар сияқты. Патшалар даласынан кезіккен күн билеушісі-ұлт мәдениетінің өшпес шұғыласы сияқты жарқырап тұрар күнде туды.Бұл Күн- сөнбейтін Күн. Қазақстаннан табылған «төртінші Алтын адамның» аздап өзгешелігі болғанмен, бұл еліміздің басқа аймақтарынан табылған Алтын адамдармен негізінен ұқсас.

Қорыта келгенде қазақ топырағының төрт тарабынан табылған осы ұлы бабаларымыздың есім-сойын, сол дәуірдегі лауазымын білмесекте, олардың өз замандарының көшбасшысы, қолбасы, елінің қорғаны болғанын түсінеміз.

Қазақстан жерінен табылған «Алтын киімді адамдар»- құнды жәдігерлер. «Алтын киімді адамдар»- мәдени -тарихи мұралар. «Алтын киімді адамдар»- тарихи құндылықтар. «Алтын киімді адамдар»- тарихи деректер. «Алтын киімді адамдар»- тұнып тұрған көне тарихи шежіре.«Алтын киімді адамдар»- өз дәуірінің лауазымды тарихи тұлғасы. Қазақстан жерінен табылған «Алтын киімді адамдар»- қилы тарихымыздың даңқын алысқа жеткізген асыл сүйекті бабаларымыз. Үшінші «Алтын адамның» біздің аймағымыздан табылуы туған өлкенің құнды аймақтық компоненті болып табылады.

Тhello_html_m4e1a7fb4.gifарих пәні мұғалімі: Алханова Гаухаргуль Базархановна













































Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақстан жерінен табылған «Алтын адамдар» құнды тарихи жәдігерлер."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный администратор

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 558 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.03.2016 28234
    • DOCX 63 кбайт
    • 51 скачивание
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Alkhanova Gauhargul Bazarkhanova. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Alkhanova Gauhargul Bazarkhanova
    Alkhanova Gauhargul Bazarkhanova
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 43932
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 86 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 540 человек

Курс повышения квалификации

Развитие ИКТ-компетенции обучающихся в процессе организации проектной деятельности при изучении курсов истории

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 95 человек

Курс повышения квалификации

Достижение эффективности в преподавании истории на основе осуществления положений историко-культурного стандарта

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 638 человек

Мини-курс

Управление спортивными событиями и организация деятельности в спортивной сфере

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Искусственный интеллект: тексты и креативы

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 240 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Психологические механизмы и стратегии: сохранения психологического равновесия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек